400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Допты төменнен қабылдау әдісі (Волейбол)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға волейбол орнында допты төменнен қабылдау әдісін толық меңгерту, үйрету арқылы волейбол ойынына деген қызығушылықтарын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт түрі – волейбол

Жарияланды 26-12-2014, 09:12 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

Қазақ тілі 7 сынып
Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт түрі – волейбол
Мақсаты: Оқушылар спорт және волейболға қатысты ұғымдарды меңгере отырып, оларды топтық жұмыс барысында қолдану арқылы өз ойларын білдіруге, ынтымақтаса оқуға машықтанады.
Сабақ міндеттері: 1. Оқушылар өздерінде бар ақпарат ресурстарына сүйене отырып, тақырып бойынша білім - біліктілігін диалогтік оқыту арқылы жетілдіреді.
2. Оқушылардың тақырып көлемінде өз ойларын білдіру, жұптық, топтық жұмыс барысында жағдаяттық сұрақтарға бірлесе отырып шешім қабылдау, өзгенің пікірін тыңдау және өз пікірін жеткізу дағдылары дамиды.
3. Спорттың денсаулыққа пайдалы екендігіне көздерін жеткізе отырып, шыдамдылыққа, сұлулыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиеленеді.
Сабақ қадамдары: 1. Жаңа сабақты игеру;
2. Тұжырымды ой айту;
Күтілетін нәтиже: 1. Топтық жұмыс барысында оқушылар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз ойларын айта алады. Бірлесе отырып ортақ шешім қабылдайды.
2. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды.
3. Топтық жұмыс барысында оқушылардың бір - бірін оқыту дағдылары артады.
Тапсырмалар: Блум таксономиясына құрылған тапсырмалар
Түйінді идея: Нақты ойлау арқылы ой қорыту;
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Көбелек ойыны, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, миға шабуыл, ой шақыру, диалогтік оқыту, жұптық, топтық жұмыс, ой толғаныс, кері байланыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, м үлестірмелі парақша, ноутбуктер, электронды оқулық, кестелер;

Сабақ барысы
Жұмыстың түрі
Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
«Көбелек» ойыны
Таңертең көбелек оянды, тартылды,
Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алады,
Азғана айналып, барлығына күліп,
Қайта гүліне оралды.
Мақсаты: эмоциялық күйзелістерін түсіру, топта еркін ахуалды туғызу,
топтағы қарым - қатынасты жақсарту
Оқушыларды киіз үй, қамшы, домбыра тарату арқылы топқа бөлу.
Оқушылар жұппен, топпен жұмыс жасайды.
Топ басшысы және тайм - гипер, бағалаушы сайланады.
Өзін өзі бағалау әдісі бойынша әр тапсырмаға өз тобы қалыптастырушы баға береді. Сабақтың соңында жиынтық ортақ баға қойылады.
Оқушыларға бағалау парақтары таратылады.

Үй тапсырмасы
1 - тапсырма. «Миға шабуыл»
Оқушылар топпен бірге «Жеңіл атлетика» тақырыбында сызбаны толтырады.

Жаңа сабақ
Түсіну
«Ассоциативті қатар»
2 - тапсырма
Оқушылар сыни тұрғыдан ойлау тәсілін қолдана отырып, «Волейбол» деген презентацияны көрсету арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. Оқушылар презентацияны көре отырып, ондағы басты тақырып спорттың бір түрі волейбол туралы өз пікірлерін білдіреді. Жаңа сабақтың
«Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт түрі – волейбол» деген тақырыбы оқушылармен анықталады. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізіледі.
Бұл жұмыс түрінің мақсаты:
оқушы мен мұғалімге
ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.

3 - тапсырма
«Волейбол қандай ойын түрі?» деген сұрақты қоя отырып, оқушыларға кластер толтыртамын.
Толтырған кластерлерін тақтаға апарып іледі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
521
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі