Дос болайық бәріміз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дос болайық бәріміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды дос сөзінің мағынасымен толық түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

«Күншуақ» бөбекжай балабақшасы»

жеке меншік мекемесінің әдіскері

____________А.Ә. Жақсылықова






«Дос болайық бәріміз!»







Тәрбиеші: Берікбосынова Н.О









Таушық ауылы

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Өзін – өзі тану

Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»

Мақсаты: Достық туралы ұғымындарын кеңейту. Достарға деген қарым- қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір – біріне көмек көрсету және қамқор, тату болуға үйрету.

Әдісі: Әңгімелеу, сұрақ – жауап,

Шығармашылық жұмыс:

Көрнекі құралдар: Презентация

Қос тілділік: Дос – друг. Достық – Дружба. Адал – верный.

Сабақтың барысы: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен Берікбосынова Н. О. «Алпамыс» тобының тәрбиешісімін. Бүгінгі оқу қызметін сендермен бірге көңілді өткіземін деп сенемін. Қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді «Дос болайық бәріміз» атты оқу қызметінің шаттық шеңберіне шақырамын.

Шаттық шеңбері: Ән саламыз күнде біз,

Шаттық толы іргеміз

Біз мәңгіге достармыз

Біз мәңгіге біргеміз.

Тыныштық сәті:

Денелеріңді түзу, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып, еркін отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар. Қәзір біз үлкен баққа серуенге шығамыз. Көзімізді жұмып, елестетиік. Күн сәулесі жарқыраған үлкен бақтың ішінде келе жатқандаймыз. Бір сәтке тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әдемілігін, әсемдігін сезініңіз. Қызылды - жасылды әдемі , хош исі аңқыған гүлдерді иіскеп, хош исін жұтыңыз. Ары қарай жүре беріңіз. Құстардың неше түрлі адемі құлаққа жағымды үні, әуені, жапырақтардың сыбдыры. Әдемі көбелектердің ұшқаны. Табиғаттың осындай кереметін сезініңіз. Өзіңіздің әр қашан бақытты екеніңізді сезініңіз. Айналадағы табиғат әсемдігіне бір қараңызда, келген жолыңызбен кейін қайтыныз. Көзіңізді ашып, жай ғана жымиып күлімсіреңіздер.

Әңгімелесу сәті:

-Қазір жылдың қай мезгілі ?

-Қыс мезгілі.

-Бір аптада неше күн бар?

- Бір аптада жеті күн бар

-Біз балабақшаға неше күн келеміз?

- Балабақшаға бес кун келеміз.

-Достық - дегенді қалай түсінесіңдер?

- Достардың бір - бірін жақсы түсінгені, бірге жүргенді

Мәтінмен жұмыс.

«Адал дос» әңгімесі.

Талдау сұрақтары:

-Балалар бейне көрніс не туралы?

-Қай баланы ісіне қарап нағыз дос деп атаймыз?

- Сендер олардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Жаңа ақпарат:

ДShape1 остықтың екі түрі болады. Біріншісі – адал достық. Екіншісі – алдамшы достық.

Адал дос - уәдесіне берік , қолынан келген көмегін аямайтын, әр қашан қасыңнан табыла білетін, қашанда саған тілекші, көмекші, қамқор болып жүретін .

ДОС – деген сөзді естігенде ойларыңа қандай сөздер келеді. Адал, мейірімді, қайырымды, шыншыл, қамқор, ұқыпты.

Дос –друг. Достар – друзья. Достық – дружба. Адал – верный.

Ойын: « Досыңды - дауысынан таны»

Ойын шарты: Бір бала ортаға шығарылып, көзі байланады. Артынан бір бала келіп «Досым мен кіммін» деп айтады. Оның кім екенін дауысынан ажыратып, табуы керек.

Ұжымдық жұмыс: «Достық шеңбері»

Шарты: Түрлі- түсті бояуға, өз алақандарын баса отырып, күннің шуағын жасау.

Мақсаты: Өз ойларын, тілектерін жеткізе білу.

Сергіту сәті: Ойын «Ренжістік, достастық»

-«Ренжістік» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрылыңдар.

-«Достастық» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрыласыңдар. /3 рет/

Пікір алмасу: Сендерге татуласқан ұнадыма . ренжіскен ұнадыма.

Татуласқанда не сездіңдер. Қуаныш, бақыт

Ренжіскенде не сездіңдер. Уайым, қайғы.

Қорытындылау:

-Бүгінгі оқу қызметінде кімдер туралы айттық?

-ҰОҚ сендерге ұнадыма?

-Дос деп кімді айтамыз?

-Ең қымбат сезімдердің бірі – достық. Ең игі қасиеттердің бірі – достаса білу. Достықтың күші – бірлікте, кепілі – татулықта. Әр қашан бірге дос болайық, тату болайық.

Осымен бүгінгі ашық оқу қызметі аяқталды.

Барлықтарың жақсы қатыстыңдар, сендерге көптен – көп рахмет.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2021
393
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі