Тақырып:
«Доссыз өмір – тұзсыз
ас»
Мақсаты: «Дос» - деген сөздің мағынасын ашу, «Достық»
туралы ұғымдарын кеңейту, зерделеу қабілетін дамыту, жолдастық,
достық қатынастарды әділетті, ақыл – парасатпен адал болуға,
шыншылдыққа, көпшілікке тәрбиелеу.
Білімділік: Оқушының сөздік қорын
молайту, тілін дамыту, ой-қиялын, шығармашылығын дамыту
Дамытушылық: оқушының логикаға, шапшаңдыққа, тез сөйлеуге
үйрету.
Тәрбиелік: Адам еңбегін бағалай білуге
үйрету, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, газет
материалдары, көрме, шар ішіне жасырылған ситуациялық сұрақтар,
«балық аулау» ойыны.
Сабақтын
барысы:
(Асхат, Саягуль, Нурия,
Жалгас. «Достық»)
Достық деген – өмірдің бір
үлесі
Достық деген – қиындықтың тірегі.
Шырайлы шуақ шашқан күндей болар
Адал болса саған деген жүрегі. (Нурия)
Досың сенің ақ жүректі асыл жан
Әр кездерде табылатын қасыңнан.
Досыңды аялай біл бірге жүрген
Сыйласатын шын көңілмен жасыңнан. (Асхат)
Досым бар мен сенетін адал маған
Мен оған шын көңілмен сыр ақтарған.
Өзім ғана сезіп білем адалдығын
Жақсылық қасиетін жырлап бағам. (Саягуль)
Достарым «ДОСТЫҚ» сөзін бағалаңдар
Бұл сөзден ұға білсең от жалындар.
Қапы қалмай, сол отты сөндіріп алмай
Адалдықты жастай берік сақтаңыздар.
(Жалгас)
Жадыра: Адам үшін ата-анадан кейінгі
ең жақын – абзал дос. Жақсы – адам жанынан шуақ іздеп, достық шын
көңілмен ұсынатын адамдар көп болмақ. «Доссыз өмір – тұл», «Достық
– таусылмас қазына»- деп халық бекер айтпаған. Адам ес біліп етек
жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос
іздейтіні анық. Сондықтан да бүгін достық жайлы әңгімелеспек үшін
сабағымыздың тақырыбын «Достықсыз өмір – тұзсыз ас» деп
алдық.
Біздің сабағымыз бірнеше
бөлектерден тұрады.
-
Командаларды
таныстыру.
-
Тақырыпты ашу
сұрақтары.
-
«Аққуды атпайды, Достықты
сатпайды».
-
Мақалды
жалғастыр.
-
Ситуациялық
сұрақтар.
-
«Тілек
шоғы».
-
Командаларды
таныстыру.
Бүгінгі тәрбие сабағымызда 3
топқа бөліп жұмыс жасады.
1 – топ «Бірлік» команда
капитаны Асхат деген жігіт;
2 – топ «Сыйластық» команда капитаны Еркебұлан деген жігіт,
3 – топ «Достық» команда капитаны Думан деген жігіттерді қарсы
алайық!
-
Тақырыпты ашу
сұрақтары
1. Дос деген кім? (жауап)
2. Достық дегенді қалай түсінеміз не?
(жауап)
3. Досың бар ма? Ол кім?
4. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
5. Достық жасқа байланысты ма?
6. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
7. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
8. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?
9. Дос қандай болу керек?
Жадыры: Олай болса «ДОС» күншуағын
құрастырайық.
3. «Аққуды
атпайды,
Достықты
сатпайды»
Осындай мақал жазылған. Енді
осы сөздің сырына үңіліп көрейікші. Аққу-деген киелі құс және
сұлулық символы. Өмірде жұптарыңыз жазылмасын, көлде жүзген екі
аққудай болып мәңгі өмір сүріңдер деп айтады. Сонда аққулар
бір-бірінен айырылмайдтын және бірінен айырылса өмір сүре
алмайды.
Ал достықты сатпау деген
не? (Сұрақ
қойылды).( Қиындыққа ,жамандыққа
қалдырмау. Досы үшін өзінің басын қатерге тосу. Досын
құтқару-достық өлкесінің заңы болса
керек.)
4. Мақалды
жалғастыр
1. «Кемшіліксіз.... іздеген
адам.... қалады».
2. «Дұшпан.... айтады, дос.... айтады».
3. «Жаңылмайтын... жоқ, сүрінбейтін тұяқ.......».
4. «.... жаңасы жақсы,... көнесі жақсы.».
5. «.......... ақшаң болғанша, көп досың...».
6. «Досы көппен....,
Досы жоқпен...».
7. «Досы..., өзі де жақсы».
8. «.... басқа қарайды,
... аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз.... ақылды дұшпан....».
10. « Досың мың....,
... біреу болса да көп».
11. «... адам тамыры жоқ... тең»
12. «... дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
... дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».
Жауаптары
1. «Кемшіліксіз дос іздеген
адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
10. «Досың мың болса да - аз,
Дұшпаның біреу болса да - көп».
11. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»
12. «Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетіңді қайтарар».
5. Ситуациялық
сұрақтар.
1. Екеуің жан доссыңдар және
тағы да бір достарың бар, үшеуің сырт көзге қарағанда қызығарлықтай
достарсыңдар. Бірақ та сен онымен көп жағдайда келіспей қаласың, ал
сенің жан досың онымен жақсы сыйласады. Сен қайсысын таңдар
едің?
2. Сенің досың жаман қылық
көрсетіп, сол үшін жұрт алдында сөгіс естіді. Бұл жағдайда сен
құрбыңыздікі дұрыс болмаса да, оның көңіліне қарап, оны жақтайсың
ба?
3. Сен физикадан есеп шығарып
келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап,
өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5»
деген баға алды. Сен бұдан қалай шығасың?
4. Мектепке кешігіп бара жатырсың. Уақыт таяп қалды. Кенеттен
құрбың қоңырау шалып, қатты ауырып жатқандығын айтып, дәрі алып
келуін өтінеді. Бұл жағдайда қандай әрекет жасар едің?
5. Саған ата- анаң үй тапсырмасын орындау керектігін ескертті
немесе сұрап тексереді. Кенеттен жан досың қоңырау шалып, оған бір
топ балалар тиісіп жатқандығын айтып, келуін өтінеді. Бұл жағдайда
не істер едің?
6. Сен мектепте кезекшісің. Сыныптасыңның сөмкесінен ақша жоғалды,
оны сенен көреді. Бұл жағдайдан қалай
шығасың?
6. «Тілек
шоғы».
Ал ендеше достық адамдар
арасында ғана емес ұлттар арасында, мемлекеттер арасында да достық
болады. Біз Қазақстан дүние жүзі елдерімен достық қарым - қатынас
орнатудамыз.
- Біздің еліміз қандай мемлекет?
- Тәуелсіз мемлекет.
Біз тәуелсіздігімізді қашан
алдық?
1991ж. 16 желтоқсан.
Биыл тәуелсіздігімізге қанша жыл толғалы отыр?
- 22 жыл толды.
Тәуелсіздік алғаннан бері Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың дана
басшылығының арқасында бүкіл әлемге танылдық. Тәуелсіздік оңай
келген жоқ. Бірлігіміздің, достығымыздың арқасында жеттік. Біз
қазір бірлігі жарасқан елміз. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан
республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп
тілек айтамыз.
Олай болса, балалар, сендерде қолдарында гүлдер бар. Жапырақтарға
ата-аналарына, достарына, Отанымызға арналған тілектерді жазындар,
сосын тақтаға жабыстырасындар.
Сонымен, балалар, біздің ашық
тәрбие сағатымыз аяқталды. Сендерге тек қана адал, таза, ақ ниетті
достарың көп болсын деп тілеймін.
СҰРАНЫС БЕРУ
ҮЛГІСІ
Облыс, аудан, село
(ауыл)атауы
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Қызылжар ауданы, Бескөл
ауылы
|
Білім беру мекеменің
атауы
|
«Парасат»
мектеп-лицейі
|
Байқау мен номинацияның
атауы
|
Сынып
сағаты
|
Педагогтер үшін: тегі,
аты-жөні, лауаз
|
Асылбекова Динара Казбековна,
«Парасат» мектеп-лицейі,
мұғалім
|
Телефон,
e-mail
|
87772806448, dkazbekovna@inbox.ru
|
3x4
фото
|
|