Материалдар / Достық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Достық

Материал туралы қысқаша түсінік
– Қандай сөз құрадың? – Дос деген кім? – Достар туралы не айта аласың? – Достарың кімдер? – Олармен бос уақытыңды бірге өткізесің бе? – Достықтың қандай бағалы қасиеттерін білесің? – Ендеше бүгінгі сабақта өтетін тақырыбымыз қандай болады? Сөзді тауып, тақырыпты ашады. (Менің достарым) Дос, достық дегеніміз адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты, бір-біріне деген сүйіспеншілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2023
354
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімнің аты-жөні: Кожамуратова Г.Д.

Сыныбы: 3 сынып

4 сынып

Пәні:       Дүниетану

Тақырыбы:    Менің достарым

 Мен және менің достарым.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: 2.3.5.3 Достығының маңыздылығын түсіндіру.


Сабақтың мақсаты: жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау. Адам мен қоғам арасындағы байланысты анықтап қорытынды жасау.

 Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: 2.1.1.2 мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы

әдеп нормаларын түсіндіру


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.

Ұйымдастыру кезеңі

- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар достарына  арнап  бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)

Үй жұмысын тексеру кезеңі

  • Оқушылардың дәптерлерін жинап алып, екінші дәптерлерін тарату. Алған бағаларын хабарлау.

Мұғалімнің түсіндіруі

Ребусты шеш.



Қандай сөз құрадың? – Дос деген кім?

Достар туралы не айта аласың? – Достарың кімдер?

Олармен бос уақытыңды бірге өткізесің бе?

Достықтың қандай бағалы қасиеттерін білесің?

Ендеше бүгінгі сабақта өтетін тақырыбымыз қандай болады?

Сөзді тауып, тақырыпты ашады. (Менің достарым)

Дос, достық дегеніміз адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты, бір-біріне деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезімін айтамыз.

Достар бір-бірін ренжітпейді, керісінше нағыз достар бір-бірін құрметтейді, сыйлайды, кешірімді болады.

Достық сезім тек қана адамдар арасында емес, ел мен елдің арасында да болады. Мысалы, біздің Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен қандай достық қарым-қатынаста?








Өзіндік жұмыс

«Достық үйінің» макетін құрастыр



Керекті сөздер: сыйлық, ашу, бақыт, сыйластық, махаббат, қуаныш, бейбітшілік, білімсіздік.







Сергіту сәті

Достар бірге жүреміз,

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз!

Бірге ойнаймыз, күлеміз.


Мұғалімнің түсіндіруі

«Ашық микрофон» әдісі арқылы жүзеге асады.

Суреттерге қара. Сұраққа жауап бер:

Балалар бір-бірімен кездескенде қандай сөздер айтты? – Досыңның туған күніне не сыйлар едің?

Досыңа қандай тілек айтасың?

Балалар Арманның үйінде қандай ойын ойнады?

Ойынның қандай түрі ұлдарды, қыздарды қызықтырады?

Достық – екі адам арасындағы ортақ ойлары мен істерінде

ұқсастық байланысы бар қасиет.






















Өзіндік жұмыс

Саралау тәсілі: «Тапсырма» әдісі арқылы жүргізіледі. Кейбір оқушыға:

Өз достарыңның нені жақсы көретіні, мінез-құлқы туралы әңгімелеп жазу.

 

Мұғалімнің түсіндіруі

Ребусты шеш.


Жетекші сұрақтар:

Балалар, сендер достық деген сөзге қалай түсінік бересіңдер?
а) - Сенің досың кім?
ә) - Сен ол туралы әңгімелеп бер бізге.

б) - Достық тек адамдар арасында ғана бола ма?

в) Сендер мына мақалды қалай түсінесіңдер: «Көп ақшаң болғанша, көп досын болсын».

1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Шын досты қалай білуге болады?

3. Өзіңнің  досың  туралы  не  айтасың?

4. Дос  болу үшін адам қандай болуы қажет?






















«Достық туралы мақал -мәтелдер

 1. Шын дос үшін қалайда,

Тік қатерге басыңды.

Айыра біл алайда,

Досыңменен қасыңды.

2. Аққуды атпа,

Досыңда сатпа.

3. Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

4. Досың мың болса да – аз,

Дұшпаның біреу болса да – көп.

5. Жүз  теңгең болғанша,

    Жүз  досың  болсын.

6. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.

7. Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.


Сергіту сәті

Достар бірге жүреміз,

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз!

Бірге ойнаймыз, күлеміз.


Өзіндік жұмыс

Екі дос ертегісі

Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде  қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол ­– өзімнің өмірім.  Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, – дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, – дейді.

Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, – екі көзіңді ойып аламын.

–  Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, – дейді.

Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.



Мұғалімнің түсіндіруі

1. Екі жауынгер қалай дос болыпты?

2. Қазақ жауынгері досын тұтқыннан құтқару үшін не деді?

3. Қолбасы оны қалай сынамақ болды?

4. Бұлар қалай достасты?

Жаңа сабақта меңгергендерін тексеру кезеңі

- Үлестірме-таратпа материалдарымен жұмыс

Оқушылардың жұмысын тексеру. Өз бағаларын 2 жұлдыз 1 тілек арқылы білдіреді.

Бекіту кезеңі

«Т кестесі»

Әр сынып кестені толтырып, оқып шығады.

Неі үйрендің?

Нені үйренгің келеді?

 

 

 

Үйге тапсырма беру кезеңі

  • Қоғамдық орындарда үнемі өзің көрсететін сыпайылық әдебі туралы әңгімелеуге дайындал.

  • Үй жұмысын түсіндіру, күнделіктеріне жаздырту

  • Қоғамдық орындарда үнемі өзің көрсететін сыпайылық әдебі туралы әңгімелеуге дайындал.

  • Үй жұмысын түсіндіру, күнделіктеріне жаздырту түсіндіру, күнделіктеріне жаздырту

Бағалау кезеңі

  • Әр топты 2 жұлдыз, 1 тілек әдісі арқылы бағалау.

 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!