Тақырыбы: « Достық және Махаббат »
Сабақтың мақсаты: Оқушылар байында қарым- қатынастың қолайлы дағдыларын қалыптастыру. Достық пен махаббат ұғымдарына түсінік беру. Достық деген мағынаны байқау, өздерінің сезім білдіруге үйрету. Махаббат сезімі туралы пікір алмасу.
Міндеттері:
1. Қарым-қатынастың эмоциялық , этикалық аспектілерін ашу.
2. Тақырыпқа пікірталас жүргізу арқылы өз ойларын ашық айтуға , жеткізе білуге дағдыландыру.
3. Топта жұмыс істеу арқылы меңгерген ақпараттарын қажеттілігіне жарата білуге үйрету.
4. Мәнерлеп оқу арқылы махаббат, достық жайлы өлеңдердің мазмұнын ашу.
Бағалау: Эссе, мұғалімнің бақылауы.
Сабақта қолданылатын стратегиялар:
-
Дискуссия;
-
Дөңгелек стол;
-
Топтық жұмыс;
-
Бір-бірімен пікірлесу;
-
Ортақ қорытынды шығару;
-
Венн диограммасы;
-
Жаттығулар қолдану.
Көрнекілер: Қағаз парақтары, қалам, бор, фламастер, нақыл сөздер, тақырыпқа арналған кітаптар, плакаттар.
Сабақ барысы:
І .Сәлемдесу.
1. Оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі ( жасыл қол – құшақтасып амандасу, сары қол – арқамен амандасу, қызыл қол – қолмен амандасу )
-
Жиналған топтар жеке отырады. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырады. Келесіде мұғалім оқушыларға бір парақ қағаз алып, оған көгершіннің не аққудың сүретін салуды ұсынады.
-
Аққу – ақтың, пәктіктің шынайы махаббаттың, нәзік сезімнің белгісі. Аққуды таңдаған оқушылар нәзік жанды, шынайы махаббатқа берік адамдар. Ал көгершін – достықтың белгісі, сондықтан көгершінді таңдаған оқушылар достыққа берік адамдар , олар нағыз сатпайтын , сенімді достар. Оқушыларды екі топқа бөлу, Эмблемаларын тарату.
ІІ . Кел ойланайық, пікірлесейік ( жаңа тақырыпқа шығу ) Достық ұғымы.
Енді , балалар, мына өлеңді тыңдап көрейік.
Дос көп еді жүректін сыр ақтарып,
Жандарынан тұратын шуақ тамып.
Домбырамның үні де естіледі,
Достарымның сырлары сияқтанып.
Дос жүрегі қашанда аңсағаным,
Соларменен қосылып ән саламын.
Ақ пейілді аңсаған достарымды,
Құанышпен күлімдеп қарсы аламын.
Көңіл – дария, толқыған асылдарым,
Сендер менің жылдарым, ғасырларым.
Тіршіліктің тұздығы – достық екен,
Достарымнан ештеңе жасырмадым.
Шын достықтың оттары жалындайды,
Дос қамалдар ешқашан алынбайды,
Дос көңілдер есепке бағымбайды,
Дос жүректер өсекке бағымбайды.
Күн шығады дүниені нұрландырып,
Достар әні өшпейтін бір мәңгілік.
Дос көңілі сияқты шашырайды.
Күннің өзі көктегі тұрған күліп.
-
Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Шын досты қалай білуге болады?
-
Дос қандай мінезімен, қасиеттермен белгіленеді?
-
Дос – ол шыншыл, қиын кезде көмекке келуге дайын тұратын жақын тұтар адам.
-
Дос ең жақын, сенің жан дүниеңді түсіне білетін, сенімен бірге қуанатын, күйзелетін, шындықты бетке айтатын жақын адам.
Достық туралы қандай нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді білесіңдер? - ............................
« Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар », « Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды » дегенді қалай түсінесіңдер?- ...............................................................................
« Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.», « Досың мың болса да – аз, дұшпаның біреу болса да – көп », « Досыңменен дос болғанға шаттан, дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан », « Ақылсыз достан, ақалды дұшпан артық ». ( пікір алмасу)
Дос деген ассоциация құру
Бірге болады( қамқоршы)
Адал Сырыңды айтатын жақын
адам
![]()
Қиын кезде көмектесуге
дайын
ДОС Шыншыл
Ақыл-кеңес
береді,шындықты
Сенімен бірге қуана алады бетке айтады
( жанашыр)
Ешқашан сатпайды
Сендердің ең жақын, сенімді достарың кім? - .............................( оқушылар өз достарына мінездеме береді)
Ал , сонымен, оқушылар достыққа қалай жетуге болады?, Достары көп болу үшін адам қандай болу керек? - адал, ұқыпты, шыншыл, қайырымды, мейірімді, жанашыр, қамқоршы болу керек. Ол үшін адам өзін-өзі тәрбиелеуі керек емес пе?
Адамдар тек қана бір-бірімен дос болып қана қоймады, қоршаған ортамен, жануарлармен, құстармен, кітаппен де дос бола алады екен.
ІІІ . Махаббат ұғымы. Ой толғаныс.
Махаббат деген не, қандай сезім, махаббат түрлері, достық пен махаббаттың айырмашылықтары. Махаббат құдіреті неде?
Махаббаттың түрлері
Отбасыңа деген махаббат
(ата-анаға)
Отанға , туған өлкеңе деген
махаббат
Өзге жанға деген махаббат
Қыз , жігіт арасындағы
махаббат
Табиғатқа деген махаббат
Махаббат
қандай
болады?
Өнерге деген махаббат
![]()
![]()
![]()
![]()
Ұстазға деген
махаббат
Жануарға деген махаббат
Махаббат деген ұлы сезім.Махаббатсыз өмір сүру оңай ма? « Махаббат – өмір мағынасы » дегенді қалай түсінесіңдер?
ІV. Келесі тапсырма – бір шумақ өлең шығару. Аққулар- махаббат туралы, көгершіндер – достық туралы.
V. Достық пен махаббаттың, айырмашылығы және ұқсастығы туралы Венн диограммасын құрастыру.
Ортақ
-
Өзге жанның ішкі дүниесін, сезімін сезіну.
-
Қиындықта көмек көрсете білу.
-
Қуаныш пен қиыншылықты бірге болісу.
-
Адал болу, бірін-бірі құрметтеу.
-
Адал болу.
-
Сыйлау.
-
Жауапкершілікті сезіну.
-
Көмектесу.
-
Өзге жанды сүю.
-
Оны өмір бойы сыйлау, ащысын да тұщысын да бірге бөлісу.
-
Адал болу.
-
Ортақ. Жауапкершілікті сезіну.
-
Отбасын құру.
-
Өмір мағынасын бірге түсіну.
VІ. Қорытындылау. Сонымен өзіңді қолайлы жағдайда сезіну үшін өзгелермен жақсы қарым-қатынаста болу керек, ол өз қолыңда. Демек сезімді де, өзіңді де тәрбиелеуің керек. Ол адам баласының адамгершілік, рухани байлығына байланысты. Достық сезім махаббатқа да ұласып кетуі мүмкін. Махаббатта адал болу керек, шынайы болу керек.
Сабақтың соңында барлық оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып күнге жапсырады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Достық және махаббат

шағым қалдыра аласыз