"Достық қымбат өмірде" атты тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Достық қымбат өмірде" атты тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
білім алушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір- бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету. Адам арасында достық сезімдерін дамыту. Әділеттілікке, шынайлыққа, адалдыққа тәрбиелеу. тренинг элементтері аралас танымдық сағат.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психолог: М.Т. Мухаметкалиева

Тақырыбы: Достық  қымбат өмірде

Түрі:Тренинг элементтері аралас танымдық сағат
Мақсаты:білім алушылардың  арасында  жағымды  қарым-қатынас  орнату, бір-бірін  сыйлауға, адал  дос  болуға және  қоршаған  ортамен  дос болуға  үйрету.

Міндеті:

1.Адам қарым-қатынастағы  достық  ұғымы  туралы  түсінік  беру;

2. Оқушылардың  арасында  достық  сезімдерін  дамытуға  ықпал  ету;

3.Оқушыларды  сыйластыққа, әдептілікке, шынайлыққа, адалдыққа  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:интереактивті тақта, бейнетаспа, слайд, шарлар
Әдісі:Сын тұрғысынан ойлау страегиясы,сұрақ-жауап, пікір алмасу.


ӨТІЛУ БАРЫСЫ:


І. ҰЙЫМДАСТЫРУ.

1.Тәрбиелік іс шараның түрі және мақсатымен таныстыру.

2. Кіріспе сөз

Құрметті білім алушылар! Бүгінгі өткелі отырған  «Достық қымбат өмірде» атты тәрбие сағатына хош келдіңіздер! Тәрбие сағатының мақсаты білім алушылардың  арасында  жағымды  қарым-қатынас  орнату, бір-бірін  сыйлауға, адал  дос  болуға және  қоршаған  ортамен  дос болуға  үйрету.

Дос - ақылшы, көмекші, сырлас, жақын,адал, шыншыл деген ұғымды береді. Достық әрбір адамның өміріндегі ең қызықты да, қимас та, қиын кезеңде қасыңда жүретін адамның саған деген адал мінезі. Адалдықсыз достық болмайды. Ал адалдық деген - рухани тазалық. Достық - адамдардың бір - бірін жаны қалап, жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

3. Тренинг ережелерін қабылдау:

  • Шуламау;

  • Бір-бірінің пікірін сыйлау, санасу;

  • Басқаның сөзін бөлмеу;

  • Уақытты тиімді пайдалану;

  • Тренер айтқан тапсырманы орындау;

  • Белсенді болу;

  • Қатыспаймын дегеннен аулақ болу;

  • Топпен бірігіп жұмыс жасау.


ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

  1. Білім алушылар аудиториясы не дейді?

Нұсқаулық: Тақырыпты ашу сұрақтарына толыққанды жауап беру.

1) “ Дос деген кім?”

2) Достық дегенді қалай түсінеміз?

3) Нағыз  достар  қандай  болады?

4) Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

5) Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?

6) Достық жасқа байланысты ма?

7) Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

8) Досыңды неге теңер едің?

9) Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

10) « Жалған  достық»  деген  сөзді  қалай  түсінесіңдер?

11) Достары  көп  болу  үшін  адам  қандай  болу  қажет?


  1. Мақал- мәтелдермен жұмыс.

  1. Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіріп айтады

  2. Күлме досыңа, келер басыңа.

  3. Досыңа өтірік айтпа, Дұшпаныңа сырыңды айтпа.

  4. Досы жоқ адам -Тұзы жоқ тағам.

  5. Ағаш тамырымен, Адам досымен мықты.

  6. Жақсымен жүрсең, Жақсы боларсың. Жаманмен жүрсең Жын ұрып, бақсы боларсың.

  1. «Жақсы дос пен жаман дос» атты бейнероликті тамашалау.

  2. «Күн шуағы» тренингі. Бір бірінің жақсы қасиеттерін күн шуақтарына жазу.

  3. Жаттығу «Молекула»
    Жаттығу барысы

Қатысушылар атомдар секілді қозғалыста болады. Жүргізуші белгілі санды айтқанда, атомдар молекула құрайды. Мысалы, «үш» дегенде, үш адам бір-бірінің қолынан ұстасып, 3 атомнан тұратын молекула құрайды.

  1. Жағдаяттарды шешу.

  • Саған досың өкпелі.Неге екенін білмейсің.2күн болды сені көрсе қашқақтайды.Сен не істейсің?

  • Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды Қандай шешім қабылдар едің?

  • Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр.Сенің әлің жетпейді. Не істейсің?

  • Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды.Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар едің?

  • Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?

  • Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувеиріңді ұнатып қалды.Қайта-қайта оны қызықтаумен болжы.Қимас досың сұраса берер ме едің?

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.

Балалар, бүгін біздер достықты берік сақтау үшін, одан әрі нығайту үшін керекті көптеген жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіріп, жаман қасиеттерден арылуға күш салдық. Алдағы уақытта өмірімізге нәр беретін, сын сағатта қасымыздан табылатын достарымыз көбейе берсін деген тілекпен тәрбие сағатын аяқтаймыз.








































Қосымша.

Қандай ағашты таңдайсыз. (психологиялық тест)

Төменге түспей жатып мына ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне қараңыз.


Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы мына психологиялық тестпен танысыңыз. Сіз қандай екенсіз?


1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін… содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.

2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды.

3. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін.

4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті сізбен салыстыруға тұрарлық жан да… Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді.

5. Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. «Бәрін өзім жасаймын» деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз — олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз.

6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз.

7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз.

8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі «Қолдаймын» деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша байыз таппайсыз.

9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір – сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз.


"Шишки, жёлуди, орехи"

Подготовка. Игроки образуют круг, в середине которого становится водящий, а остальные, разбившись по тройкам, встают один за другим лицом к центру (первый номер - в трёх-четырёх шагах от водящего). Руководитель даёт всем играющим названия: первые в тройках "шишки", вторые "жёлуди", третьи "орехи".

Содержание игры. По сигналу водящий громко произносит, например: "Орехи". Все играющие, названные "орехами", должны поменяться местами, а водящий стремится стать на любое освободившееся место. Если ему это удаётся, то игрок, оставшийся без места, становится водящим. Если водящий скажет "жёлуди", меняются местами стоящие в тройках вторыми, если "шишки" - стоящие в тройках первыми. Когда игра освоена, водящему можно вызывать двух или даже трёх игроков в тройках, например: "шишки, орехи". Вызванные также должны поменяться местами.

Побеждают игроки, которые ни разу не были водящими.

Правила игры: 1. Вызванным запрещается оставаться на месте. 3. Игроки не могут перебегать в какую-либо другую тройку (в противном случае игрок становится водящим).



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
3758
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі