жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Достық қымбат өмірде" тренинг сабақ
ТРЕНИНГ САБАҚ
Тақырыбы: «Дос және достық»
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.
Міндеті:
1. Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру;
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.
3.Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Кіріспе әңгіме: -Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар!
Сабағымызды бастамастан бұрын тренинг ережелерімен танысайық.
І. Тренинг ережелері.
1. Бір-бірін сыйлау.
2. Көңілді болу.
3. Ұзақ уақыт сөйлемеу.
4. Бір-біріне қамқоршы болу.
Осы ережелермен келісесіздер ме?
ІІ. Қызығушылықтарын ояту
- Балалар, мына тағамды татып көріңдерші, дәмі туралы не айтар едіңдер?
( дәмсіз, тұзсыз)
- Балалар, ендеше өмірде доссыз адамды да осы тағамға ұқсатуға болады. Доссыз адамның өмірінің мәні, сәні болмайды, тағамның тұзсыз дәмі болмаған секілді.
- «Доссыз адам – тұзсыз тағам!» - деп, бекерге айтылмаған. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар? (дос, достық )
- Дұрыс балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Дос және достық»
ІІІ. Ассоциация қабылдау сезімі.
Жаңа біз сіздермен «Доссыз адам – тұзсыз тағам» дедік.
Ендеше, « ДОС » сөзіне дәм кіргізейікші, дос қандай болу керек? Дос ол кім?
- Балалар, алдымызда күннің көзі, күннің көзіне не жетіспейді?(сәулелер)
- Ал, енді бұл күннің көзін достық шуақтарымен толтырайық.
( тақтада берілген күн «ДОС» сөзіне « шуақтарын » жазу ).
ДОС: Көмектеседі, мейірімді, қайырымды, шыншыл, жанашыр, қамқоршы, ұқыпты, білімді, адал.
IV. Шаттық шеңбері.
Ендеше, бір-бірімізбен қол алыса отырып, өз ұранымызды айтайықшы.
Дос болайық бәріміз,
Жарассын достық әніміз.
Иықтасып жүрейік,
Қиындықта бәріміз. ( қимылмен көрсету )
V. Мәтінмен жұмыс. Екі дос. (Ел аузынан)
Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасшыға апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер мал мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.
Қолбасшы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.
- Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
- Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады» - деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.
- Осы әңгімеде қандай достық туралы айтылады?
(Екі жауынгердің адал достығы туралы айтылады)
VI. Дәйексөз.
- Балалар, бүгінгі тақырыбымыздың дәйексөзі «Шын дос – таусылмас қазына» осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер?
Осы жауынгерлердің достығын мысалға алуға болады.
VII. «Достық. Бірлік.» үйін салу.
- Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік. Үйді салуға бізге мақал-мәтелдер көмектеседі.
Мақал-мәтелдер
1. Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
2. Досың мың болса да – аз,
Дұшпаның біреу болса да – көп.
3. Досыңменен дос болғанға шаттан
Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.
4. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
5. Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
VIII. Социометрия әдісі.
Мақсаты: Балалардың ұжымдағы өзара қарым-қатынасын анықтау, алынған
мәліметтерді оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану, топ ішінде
психологиялық қолайлы жағдай орнату.
Нұсқау: Балалар, берілген сұрақтарға жауап жазыңдар.
1. Кіммен дос болғың келеді?
2. Партада кіммен бірге отырғың келеді?
3. Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?
IX. Достық ролигі
- Адамдар тек қана бір-бірімен дос болып қана қоймайды, қоршаған ортамен де дос болады екен. (Ролик)
X. «Қоршаған ортамен қарым-қатынас» тесті
- Қоршаған ортамен достықтарын болды ма?
№ |
Қоршаған орта
Сұрақтар
|
Достармен |
Табиғат-пен |
Құстар-мен |
Кітап-пен |
Жануар-лармен |
1 |
Сіз кіммен доссыз?
|
|
|
|
|
|
XI. Қорытынды: Балалар, қалай ойлайсыңдар
шын достық ұмытыла ма?
Эссе
1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер? Осы суреттерге өз ойларыңды жазып жеткізіңдер.
2. Жазып болдық па? Енді осы жазғандарыңды оқып беріңдер. Суреттеріңді тақтадағы достық әлеміне орналастырыңдар.
XII. Шығармашылық жұмыс. Достық гүлін жасау.
XIII. Жүректен жүрекке
- Балалар, достық шеңберін құрайық,
Дос дегенің шыр айна,
Сындырып алма абайла,
Сындырып алсан егер де,
Құрастыру оңай ма?
- Балалар сондықтан достықты ешқашан сатуға, сындыруға болмайды, достықтарыңа берік болыңдар. Бір-бірімізге жылы тілектермен, мейірімді сөздермен осы достық гүлімізді сыйлайық.
XIV. Қорытынды. Ролик дружбы.
Ашық сабағымыздың қорытындысы ретінде мен сіздерге келесі видео роликті назараларынызға ұсынамын.
"Достық қымбат өмірде"тренинг сабақ
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.
Міндеті:
1.Адам қарым-қатынастағы достық ұғымы туралы түсінік беру;
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету;
3.Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайлыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Барысы:
I. Шаттық шеңбері.
- Балалар ,бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық.Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап айтайық.«Досболайық бәріміз » әнін айтайық.
Тренинг ережелерімен таныстыру.
1. Кешікпеу.
2. Өз уақытында бастау.
3. Бір-бірін сыйлау.
4. Ұзақ уақыт сөйлемеу.
5. Көңілді болу.
Танысу тренингісі. Өз есіміңізге сын есім қосып танысайық.
II. Жаңа сабақ.
Достық қымбат өмірде
Достар әрқашан да бірге ойнап, бөлінбейді. Мүмкіндік болса бірге сабаққа дайындалады. Бірін-бірі түсінуге, кешіруге, қорғауға әзір тұрады. Досыңның көп блуы өз қолдарыңда. Егер сен барыңмен бөліссең, ренжітпесең, қателеспесең, қуантуға даяр тұрсаң, сенімен бәрі де достасқысы келеді.
III. Әңгімелесу
- Балалар, « достық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Достар қандай болу керек?
- Нағыз достар қандай болады?
- « Жалған достық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Достары көп болу үшін адам қандай болу қажет?
/ балалар өз ойларын схема арқылы жеткізеді/
Адамдар бір-біріне деген адал сенім, өзара тілеулес ортақ көзқарасы достыққа ұластырады. Достық дегеніміз адамдардың өзара жауапкершілігі, сыйластығы мен бір-біріне қамқорлығы. Достық қарым-қатынас адамдарға өз-ара сенім жүктейді. Достар бір-біріне қуанышта да қиыншылықта да қамқор болады. Достық-сыйластықтың, мейірбандықтың мөлдір көзі.
IV. Мәтінмен жұмыс.
– Енді, балалар, біз достық, өзара сыйластық құндылықтарының мағынасын кеңірек түсіну мақсатында « Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін мұқият тыңдап ертегі бойынша сұрақтарға жауап береміз.
Қарлығаш пен дәуіт./электрондық оқулық арқылы/.
Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен. Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкке барады.
Қарлығаш : «Көкек ,маған көмек бере гөр,балапандарымызды жылан жейін деп жатыр!» - дейді.
- Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, -дейді көкек. Қарлығаш ұшып қарғаға келеді.
- Қарғажан , маған көмек бере гөр.Балапандарымды жылан жегелі жатыр, - дейді жылап тұрып .
Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан:
- Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма!- дейді маңғазданып.
Қарлығаштың амалы таусылып , шырылдап ұшып келеді.
Қарлығашқа дәуіт кездеседі.
- Достым ,неге жылайсың ? –деп сұрайды ол қарлығаштан.
- Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып , ұяма өрмелеп барады.
- Олай болса , мені тезірек жеткіз, -дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады.
Қарлығаш пен дәуіт көзді ашып-жұмғанша ұяға жетеді. Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланға тап береді. Жылан сылқ етіп жерге құлап түседі. Дәуіттің ерлігіне сүйінген қарлығаш онымен айнымас дос болады.
Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін болған екен.
- Балалар, қарлығаш неге ренжіді?
- Не себепті көкек пен қарғаны достар деп атауға болмайды?
- Дәуіт пен қарлығаш қалай достасты?
/Берілген сұрақтар бойынша балалардың жауаптары тыңдалып, осының негізінде олар адамгершілік құндылықтарының мәнін ұғына түседі./
IV. Дәйек сөз.
- Енді балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйек сөзді жаттап, дәптерімізге жазып алайық.«Жүз теңгең болғанша, Жүз досың болсын »
VI. Тыныштық сәті.
- Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар.Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның жалпы қасиеттері туралы ойлаймыз. /2-3 секунд/
- Балалар , достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық.Параққа аты-жөнімізді жазып, ойлаған досымыздың есімін жазайық.
V.« Достық .Бірлік » үйін салу.
- Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек.Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.
Мақал – мәтелдер.
1. Досы көпті жау алмайды,
2. Досың көзіңде болғанша,
көңіліңде болсын
3. Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
4.Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досыңменен қасыңды.
5.Досы көппен сырлас.
Досы жоқпен сыйлас.
6.Досың мың болса да-аз,
Дұшпаның біреу болса да-көп.
7.Досыңмен дос болғанға шаттан
Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.
8.Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
9.Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
10.Өрге жүзген өнегелі ісіңмен,
Адал дос тап, тең құрбыңның ішінен.
11. Күлме досқа, келер басқа
VIII. Социметрия әдісі.
Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасты анықтау,алынған мәліметтерді оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану, топ ішінде психологиялық қолайлы жағдайын орнату.
Нұсқау: Балалар, сіздерге қазір сұрақтар қойылады. Сол сұраққа осы өз кластастарыңнан үш адам есімдерін жазасыңдар.
1.Кіммен дос болғың келеді?
2.Партада кіммен бірге отырғың келеді?
3.Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?
Х. Өміршеңдік ережесі.
Әр адамның ережесі - өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп , жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік ережелерін айтайық.
1. ЖІГЕР ДЕГЕН- МЕН
2.КҮШ ДЕГЕН- МЕН
3. МАХАББАТ ДЕГЕН –МЕН
4.КЕШІРІМ ДЕГЕН – МЕН
5.ҚҰДІРЕТ ДЕГЕН –МЕН
6.ЖАСӨСПІРІМ ДЕГЕН – МЕН
7.ЖАСТЫҚ ШАҚ ДЕГЕН-МЕН
8.ДЕНСАУЛЫҚ ДЕГЕН-МЕН
9.АДАЛДЫҚ ДЕГЕН-МЕН
10.ЖАРҚЫНДЫЛЫҚ ДЕГЕН-МЕН
11. БАР ҒАЖАЙЫП ДЕГЕН –МЕН.
ХОРМЕН: Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.
Х. Қорытынды.
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып күнге жабыстырады. Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылылық сыйлап тұр. Біз де сол сияқты достарымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлайық.
IХ. Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.
Қанатты сөз.
Құс қанатымен мықты, адам достарымен мықты.
Мұғалімдерге жүрекке жылы сөздер жазып тарату
Достық неден басталады? Психологиялық тренинг
Мақсаты: «Дос», « Достық» құндылығы туралы түсінік беру.
Міндеттері:
«Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік беру;
Достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету;
Достаса білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:
Доп, бояу,карандаш, плакат.
-
Шаттық шеңбері
Сәлеметсіңдер ме, достарым! Мен бүгін сендерді көргеніме қуаныштымын.
Сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Бәріміз қол ұстасып, шын жүректен бір-бірімізге күлкімізді сыйлайық.
Достар енді өз есімдерімізді, өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер.
Мысалы: Салмақты Сәуле,Ардақты Асқар т.б
-
Әңгімелесу
Суретке қарап әңгіме құрастырайықшы суретте кімдерді көріп тұрсындар
Достық дегенімізді қалай түсінесіздер?
Достық неден басталады?
Дос туралы өлең, мақал-мәтел білесіңдер ме?
-
Ойын « Менің досым»
Балалар мен сендерді ойын ойнауға шақырамын.Шеңберге тұрып әр бала доп «лақтырып досың қандай екенін айтады?
Сенің досың кім?
Сен кіммен достасқың келеді?
Сен досыңа не тілейсің?
Сенің досың қандай?
Сен досыңмен қалай ойнайсың?
Сенің досыңның мінезі қандай?
Досыңның сүйікті әні?
Досыңның ұнататын түсі?
Досыңның сүйікті тағамы?
Досың бос уақытта немен шұғылданады?
Досыңыздың сүйікті кітабы қандай?
Тыныштық сәт
Шығармашылық жұмыс
« Кіммен дос болғың келеді.»
« Достық неден басталады?»
Кездесу ойыны
Мақсаты: Адамның көңіл-күйі түрлі сезімдері іс жүзінде қалай көрініс беретіндігі, адам бойында көңіл-күй сезімдерін орынату.
Оқушылар сыртқы шеңбер құрайды, әр жұпқа тапсырма беріледі.
Сыйлаған гүл шоғын қабылдау кезіндегі қуаныш
Досыңызбен қоштасу кезіндегі мұң
Досыңыздың жеңісіне мақтаныш
Досынызды ренжітке сәтіңіз
Сабақты қорытындылау
Бүгін біздер достар туралы әңгімелестік. Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі,мейірімді, қамқор, қайырымды болуы керек. Сондықтанда оқушылар достықты адал сақтайық, достарымыз көп болсын деген тілекпен жүректерімізден шыққан тілекті достарымызға сыйлайық.

