Материалдар / Достық татулықтан басталады
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Достық татулықтан басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 4сынып оқушыларына әзірленген, Қазіргі таңда оқушылар вотцап,тикток, инстограмм желісінде көп отыратындықтан топқа да дәл осылай бөліп,татулыққа достыққа деген көзқарастарын кеңіту мақсатынды өтті. Оқушылар тез ренжісіп қалып кек сақтайтындары да болғандықтан,дос дегеніміз әртүрлі және ол нымен ренжіскен сәтте де ол сенің досың болып қалатындығына дәлелдер келтірілді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2023
265
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып психологі: Токтасынова Маншук Уалихановна

4 "В"сыныбы

Тақырыбы: «Достық -татулықтан басталады» 
Мақсаты: 
Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.
Міндеттері: 
1. Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру.

2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.

3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа  тәрбиелеу.
Түрі: аралас 
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, «Сөйлемді аяқта» тренингі, хатқа жауап беру, пікіралмасу, «Сиқырлы орындық» жаттығуы, «Ренжістік-татуластық ойыны. 


Көрнекі құралдар: Ұлы ғұламалардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, мәуелі ағаш, жүрекшелер,шар. 


Сабақтың барысы: 

Сәлемдесу. Қабырғаға жүрек,жұдырық, алақан қоямын.

Оқушы кірген бойда біреуін таңдап басады да мұғаліммен амандасады.

Топқа бөлу: 3 топ

-вот цап тобы

-Тик ток тобы


І. Ұйымдастыру кезеңі. Бір-бірімізді сыйлай білейік.

Сұрақтарға топпен постер құрастыру арқылы қорғау, өз ойларын ашық айтады.
1. Дос, достық дегенді қалай түсінеміз? 
2. Досың бар ма? Ол кім? 
3. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба? 
4. Достық жасқа байланысты ма? 
5. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма? 
6. Жақсы дос, жаман дос қандай болады? 
7. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз? 
8. Дос қандай болу керек? 

*Достық ағашын құрастыру.


ІІ.
 «Нағыз дос» атты алма ағашына, досқа тән қасиеттерді жапырақтар түрінде теріп ілу (Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді, кешірімді, төзімді, ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік, өтірікші, тәртіпсіз, мақтаншақ, жалқау) 

Достық ағашын бірлесіп балалармен құрастырамыз.
Ертегі желісін тыныштық әуенмен тыңдау, ойларын айту.

ІІІ. Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп: 
-Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, - депті. Қарт жігітке: 
-Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шықырыпты. Жігіт келген соң, қарт: 
- Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті. 
Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп: 
- «Жігіті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті. 
Мұғалім оқушылардың ол туралы пікірін білу үшін сұрақ қояды. 
-Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіңдер? 
- Адам көбіне өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. «Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық - өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі». 
ІV. «Сөйлемді аяқта» тренингі. Топтық жұмыс.
А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ... 
Ә) Сыйластық бар жерде ... 
Б) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім... 
V. Жағдаяттан шығу. Слайд арқылы 
1. Жақсы дос 
Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады. 
Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған. 
Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды. Қанат неліктен ұялды? 


2. Аңсар пен Мирас бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойна жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты... 
- Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар? 


3. Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Айбектің тобығы шығып кетіп ауруханада көп жатты... 
- Сендер Айбектің досы болсаңдар не істер едіңдер? 
4. Құрбылары Жанарға балмұздақ бергенді. 
Жанар кетті алға тез, 
Алды-артына қарамай, 
«Рахмет» - деп, жалғыз сөз 
Айтуға да жарамай! 
Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма? 

-Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді. 
5. Жанар мен Сырым шын достар деп, айтуға бола ма? 
Неліктен? Олардың достықтары қалай жалғасады, деп ойлайсыңдар? 
Балалар бір-бірімізге ренжіген сәттерде, кейде біз өте асығып жүріп бір-бірімізді түсінбей қаламыз, ізгі сөздерді айтуға үлгермей қаламыз. уақыт өткен соң түсініп, өкініп жататын кездеріміз де болады. Одан досымызды ренжітіп аламыз. Жанар «рахмет» деген сөзді, Сырым «кешір» деген сөзді айта алмады. Нағыз достар бір-бірінің көңіліне қарап, ренжітпейді, кешірімшіл болады. Достар қиын сәттерде көмекке келеді, татулықты қадір тұтады. 
Біз бір-бірімізді түсінуге тырысамыз, түсіну үшін қандай қарым-қатынаста болуға тиіспіз, қане ойын ойнап көрейік. 
VІ. Ойын: «Ренжістік, достастық» /әуенмен
Балалар, бүгін біз « Ренжістік, достастық » ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін, нағыз достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер: 
• «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер. 
• «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар. 
• « ДОСТАСТЫҚ » деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар. 
Пікір алмасу. 
- Сендерге ойын ұнады ма? 
- Татуласу ше? 
- Татуласқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар? /қуанышты, бақытты, көңілді/ 
- Ал, сендерге ренжіскен ұнады ма? 
- Ренжігенде қандай көңіл күйді сезіндіңдер? /уайымды, қайғыны, көңілсіздікті/ 
Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп болу үшін бір-бірімізбен достықта, татулықта болғанға не жетсін. 
VІІ. «Хат қоржын» (хаттарға жауап) 
Мен досыммен балыққа кетіп барамын. Ата-анамды әрі-бері күтіп, келмеген соң рұқсатсыз кете беруіме тура келеді. Бармауға да болады, бірақ дос көңілін қимадым... Сіздер маған қандай ақыл айтасыздар? 
VIІІ. «Мінездеме беру» тренингі 
Қазір мен сіздерге шар беремін. Ол шарды жарып ішіндегі досыңызға мінездеме береміз. Басыты балар олардың жақсы қасиеттерін айтайық.

 
Татулық достар арасындағы ең тамаша қасиет. Тату балалар бір – бірін ренжітпейді, тату-тәтті ойнайды, ойыншықтарымен, тәттілерімен бөліседі. Сондақтан да достық - татулықтан басталады делінеді. 
ІХ. «Сиқырлы орындық» жаттығуы. 
Ортадағы бір орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын а  й тады. 
Х. Жүректен жүрекке: 
О  қушылар шеңбер бойымен бір-біріне кезекпен достық тілектерін білдіреді. 
-Досыңа адал бол! 
Татулық тілеймін! 
-Досыңа кек сақтама! 
Кешірімді бол! 
-Достық тілеймін! 

Релаксация 
-Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Алақанмен тосып алған достық шуағының жылуын сезінейік. Өзіміздің қолымызбен жасаған достық нұры мәңгі жүрегімізде қалуы үшін жарастықты, татулықты жақтайық, әрқашан бірлікте, сыйластықпен өмір сүрейік, деп іштей қайталаймыз.Соның дәлеліндей әркім өзінің көршісінің қолын алып, ешқашан ренжіспеуге келісім берейік. Осындай ризашылықпен бұрынғы қалпымызға келеміз. 

«Достық туралы мақал -мәтелдер

 1. Шын дос үшін қалайда,

    Тік қатерге басыңды.

    Айыра біл алайда,

   Досыңменен қасыңды.

2. Аққуды атпа,

   Досыңда сатпа.

3. Досы жоқпен сырлас,

   Досы көппен сыйлас.

4. Досың мың болса да – аз,

  Дұшпаның біреу болса да – көп.

5. Жүз теңгең болғанша,

    Жүз досың  болсын.

6. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.

7. Дос басқа қарайды,

   Дұшпан аяққа қарайды.


«Досымның жүрегі» ойыны 
Үлестірілген жүрекшеге жақын отырған көршісіне жақсы қасиеттерін жазып кеудесіне жапсыру. 
Балалармен бірлесіп «Достық» хоры

Дос деген достың сөзін көтермесе, 
Саған жердің түбінен жетем десе. 
Не қылып дос атына қосылады, 
Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе. 
Нағыз дос бір-бірін жамандамас, 
Араға көп өкпе сап табандамас. 
Көңілі татулықтың шабандамас. 
Жақсының әрбір сөзін қайырмаңық, 
Жасығанда жездей боп мойымайық. 
Сыр сақтамас біреумен дос болам деп, 
Сыр ашқан досымыздан айрылмайық. - деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз, қымбатты менің бүлдіршіндерім. Досты аялайық, шынайы достықты сақтайық.

ХІ. Қорытынды: 

Бөлген 3 топ бойынша қортындылаймыз.

Яғни, вотцап,тик-ток, инстаграмм бойынша коментария жазады және достарына бөліскісі келсе ұшырады.
• Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер. 
• Досыңды алдамай, оған адал бол. 
• Досыңды қорлама. 
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл. 
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына. 
• Досыңның кемшілігін кешіре біл. 
- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатында біз «Достық» аялдамасына тоқтап, бұл аялдамада «Достық – татулықтан басталады» деген тақырыпта әңгімелесіп, қалай тату дос болу керектігін үйреніп, «татулық» ұғымы туралы түсінік алдық.
 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!