400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дүние бөліктері мен материктерді игеру және зерттеу тарихы. Мұхиттарды зерттеу тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүние бөліктері мен материктерді игеру және зерттеу тарихы. Мұхиттарды зерттеу тарихы тақырыбындағы ашық сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім

5.1В Адам. Жер. Ғалам

Педагогтың аты-жөні

Несипбекова Г.Б.

А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясы

Күні

12.10.2021

Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Дүние бөліктері мен материктерді игеру және зерттеу тарихы. Мұхиттарды зерттеу тарихы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.6.1 материктер мен дүние бөліктерін игеру және зерттеу тарихын сипаттау

5.2.6.2 мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау



Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар:

  • Материктердің зерттелу тарихы мен зерттеушілерді біледі;

  • Барлық материктер мен мұхиттарды жатқа біледі

Оқушылардың кейбір бөлігі:

  • Картадан зерттеушілердің жолын көрсете алады

Кейбір оқушылар:

  • Материктерді және мұхиттардың тарихын зерттеген саяхатшыларды жіктейді және оларға салыстырмалы талдау жасайды;


Бағалау критерииі

  1. Материктер мен дүние бөліктерінің игерілуі зерттеу тарихы жайлы түсінік қалыптасады.

  2. Материктер мен мұхит зерттеушілері саяхатының маңызын түсінеді,зерттеу аймақтарын талдайды.

  3. Барлық зерттеушілер туралы өз ойын нақтылайды.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу).

Үй тапсырмасын тексеру:

Топтастыру.

Топтарға «Карта», «Глобус» және «Атлас» атауларын беру

Әр топтың басшысын тағайындау

Әр топ өздері аталған атаулар: карта, глобус, атластың не екенін және оның қашан пайда болуы туралы қысқаша айтады.

Өткен тақырыпты меңгере отырып жаңа тақырыптқа қадам басу үшін «Досыңмен ақылдас» техникасын қолданып, оқушылар жұптаса жұмыс жасайды.

- Әр топтан екі оқушы шақырып, оларға тапсырма береді

  • Алдымызда тұрған картадан карта масштабын көрсетіңіз және масштаб деген не екенін түсіндіріңіз

  • Алдымызда тұрған картаның тақырыбы қандай және карта тағы қандай тақырыптарда жасалынуы мүмкін?

  • Алдымызда тұрған картаның қамту аумағы қандай және қамту аумағы бойынша карталар қандай түрлерге бөлінеді?

Дескриптор слайдта көрсетіледі


Тапсырма 1.«Суреттер көрсетілім » әдісі. Зерттеушілер, д.ж мұхит бөліктері сурет көрсетілімі

  • Суретте не көрсетілген?
    Бүгінгі сабағымыздың тақырыбымыз не туралы деп болжайсыздар?

Жаңа тақырыптың мазмұны ашылады.

Топқа бөліну және топпен бірлесіп жауап беру


топ жетекшілері топтың атауы нені білдіретінін түсіндіреді





Топтан екі оқушы шығып берілген сұраққа жауап береді



Суреттерге қарай отырып, жаңа тақырыпты анықтайды

Қол шапалақ


Бағалаушы стикерлер




Тақта

Карта

Слайд






Таратпа материал







Слайд

суреттер

Ортасы

Мұғалім слайд бойынша жаңа сабақты түсіндіреді

Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн.км-ге тең. Ол материктер мен мұхиттарға бөлінген. Құрлықты құрайтын материктер мен аралдар үлесіне шамамен 149,1 млн км немесе бүкіл Жер бетінің 29,2%-ы келеді.
Жер шарында барлығы алты материк бар. Материктер қалыптасуы мен қазіргі табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктеріне топтастырылып, мынадай тәртіппен қарастырылады: Еуразия (54 млн км астам), Солтүстік Америка (24,2 млн км), Оңтүстік Америка (18,3 млн км), Африка (30,3 млн км), Аустралия мен Мұхит аралдары (9,0 млн км-ге жуық), Антарктика (14 млн км).

Құрлық материктерге бөлінумен қатар, дүние бөліктеріне де жіктеледі. Дүние бөліктері дегеніміз құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар. Дүние бөліктері де алтау: Еуропа, Азия, Африка, («Ескі дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа Дүние»).
Жер шарының аса ірі материгі Еуразияны ежелгі грек географтары екі дүние бөлігіне ажыратқан. Бұл дүние бөліктері Месопотамияны мекендеген ежелгі халықтар – финикиялықтардың «эреб»-батыс, «асу»-шығыс деген сөздерінің негізінде Еуропа және Азия деп аталған. Кейінірек ашылған Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері табиғат жағдайларының айырмашылықтарына қарамастан, біртұтас Америка дүние бөлігіне біріктірілген. Дүние бөліктерінің құрамына көршілес жатқан аралдар да енеді.
Дүниежүзілік мұхит. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы 361 млн км, бұл Жер беті ауданының 71%-ын құрайды. Ол материктер арқылы төрт мұхит айдынына бөлінеді: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттары.
Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы (11 022м). Мұхиттар құрлықтың бөліктерімен тығыз байланыста бола отырып, ондағы табиғат жағдайларының қалыптасуына зор ықпал жасайды.


2-тапсырма

Топтық тапсырма

Әр топқа қағаздан қиылған екі материктен және бір мұхиттан беріледі. Олар өзара ақылдаса отырып, тақтадағы бос қағазға материктер мен мұхиттарды орналастырады. Картада қай мұхиттың жоқ екенін табады және бірінші тапқан топ сол мұхитты картаға орналастырады.


Бағалау критериі

дескриптор

Оқушы материктердің орналасу орнын біледі

Берілген материктер мен мұхиттарды өз орнына орналастырады

Оқушы мұхиттардың картадағы орнын біледі

Материктер мен мұхиттардың жер көлемін атай алады

Топтар өзара бағалау жүргізеді



3-тапсырма Топтық тапсырма

«Ең ерекше» ойыны

Оқушылар тақтада берілген кестеге материктер мен мұхиттардың атын стикермен көрсетеді

ЕРЕКШЕЛІГІ

АТАУЫ

Ең үлкен материк


Ең үлкен мұхит


Ең ыстық материк


Ең суық мұхит


Ең ылғалды материк


Ең терең мұхит


Ең құрғақ материк




Өзара бағалау ( дескриптор бойынша)


Бағалау критериі

Дескриптор

Материктер мен мұхиттарға қатысты қызықты мәліметтерді біледі


Ең үлкен материк – Еуразия

Ең үлкен мұхит – Тынық

Ең ыстық материк – Африка

Ең суық мұхит – Солтүстік Мұзды мұхиты

Ең ылғалды материк – Оңтүстік Америка

Ең терең мұхит – Тынық мұхиты

Ең құрғақ материк - Австралия


Ал жер бетін зерттеу ерте кезден-ақ қызық болған.

Ерте замандағы зерттеушілерге шамалы тоқталып, содан кейін Васко да Гама, Марко Поло, Х.Колумб. А.Веспучи, Ф.Магеллан, Джеймс Кук зерттеулеріне слайдтан зерттеу жолдарын көрсете отырып тоқталып кетеді.

Американы 1492 жылы Х.Колумб ашты

Австралияны 1606 жылы Билли Янг ашты

Антарктиданы 1820 жылы Беллинсгаузен мен Лазарев ашты.



4-тапсырма. Қорытындылау тапсырмасы

«Кім? Қашан? Қайда?» топтық ойын

Берілген кесте бойынша әр топ 3 зерттеушінің жұмысын жазу және ауызша айту

Кім зерттеді

Қашан зерттеді

Қай жерді зерттеді










Топтар өзара бағалау жүргізеді

Бағалау кретерийлері

Дескриптор

  • Материктер мен дүние бөліктерінің игерілуі зерттеу тарихы жайлы түсінік қалыптасады.





  • Зерттеушілерді танып біледі.


  • Зерттеушілердің зерттеу объектілерін анықтайды.

  • Материктер мен мұхит зерттеушілері саяхатының маңызын түсінеді,зерттеу аймақтарын талдайды

  • Саяхатшылардың еңбегін біледі


  • Саяхатшылардың жүріп өткен жолдарына талдау жасайды.



Мұғалім айтқан тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі








Слайд бойынша берілген

сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады







Топ мүшелері кезекпен шығып, материктер мен мұхиттарды өз орындарын тауып, орналастырады

Топ мүшелері бір-бірін бағалайды













Берілген кестеге дұрыс жауап жазылған стикерді жапсырады



Топ мүшелері бір-бірін бағалайды





























5-сыныпқа арналған оқулық.







Карталар,

суреттер.

Слайд



















Таратпа материалдар

слайд




















Слайд











































Слайд таратпа материалдар

Сабақтың соңы


Рефлексия «3-2-1»

  • Маған қызықты болған 3 ақпарат

  • Мені таң қалдырған 2 ақпарат

  • Мен түсінбей қалған 1 мәселе

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Рефлексия парағы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
2 қаңтар
873
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі