Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Дүние жүзінің саяси картасы»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
І-Бөлім. Дүние жүзінің жалпы сипаттамасы.
Тақырып: 1.1. Дүние жүзінің саяси картасы.
Жоспар:
-
Қазіргі дүниежүзінің саяси картасы.
-
Қазіргі дүние елдерінің көп түрлілігі.
-
Халықаралық қатынастардың дүние жүзінің саяси картасына әсері.
1. Қазіргі дүниежүзінің саяси картасы. Дүние жүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орны, саяси – әкімшілік құрылымы бейнеледі. Сонымен қатар саяси картада басты саяси – географиялық өзгерістер: жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесінің ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т.б. көрініс табады. Дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын саласы зерттейді. Мазмұны жағынан бір қарағанда қарапайым болып көрінетін саяси картада, әдетте, мемлекеттер мен олардың шекаралары, әкімшілік – аумақтық жіктелуі, астанасы мен ірі қалалары бейнеленеді. Мұның негізінде дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы мен басқару үлгілерінің таралу заңдылықтарына, мемлекеттер арасындағы өзара қарым – қатынастарға, сондай – ақ мемлекеттік шекараларды анықтау мен халықтың қоныстануына байланысты болатын аумақтық қақтығыстарға қатысты күрделі мәселелер жатыр. Дүние жүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске түсуде. Оған әрі түрлі факторлар ықпал етеді.
2. Қазіргі дүние елдерінің көп түрлілігі. Біз өмір сүріп отырған дүние шекаралармен бөлшектенген. Олар біртіндеп көбейіп, күрделіленіп келеді. Бұл орайда мемлекетаралық шекаралар ғана айтылып отырған жоқ, бір елдің жекелеген аудандары арасындағы, сондай – ақ ұлттары әр түрлі адамдар мекендейтін, әр түрлі діндер мен наным – сенімдерді ұстанатындар қоныстанған аумақтар арасындағы – шекаралар анықтала түсуде. Дүние жүзінің жекелеген елдері мен аймақтардағы, әсіресе “ өршіме өңірлер” пайда болып жатқан жерлердегі саяси жағдай шапшаң өзгеруде.
Мұның себебі көбіне саяси күштердің орналасуынан, бұқаралық қоғамдық саяси қозғалыстардың, этностық процестердің географиясындағы өзгерістерден. Саяси факторлар табиғи ортаның жай – күйіне, экономиканың дамуы мен орналсауына, адамдардың өмірі мен қарекетіне, халықаралық экономикалық қарым – қатынасқа ықпал етіп отыр. Осы мәселелердің бәрі саяси географияның назарында, ол қоғамдық өмірдің саяси өресінің аумақтық аспектілерін зерттейді.
Қазіргі саяси географияда нақты бір елдерге арналған зерттеулер негізгі орын алады. Жекелеген аумақтар арасындағы әлеуметтік кереғарлықтар анықталуда, саяси партиялардың ықпалының географиясы зерттеледі, әкімшілік – аймақтық бөлінісі талданады.
Дүние жүзінің саяси географиясында саяси күштер мен оқиғалардың халықаралық еңбек бөлінісінің дамуына, жекелеген мемлекеттердің экономикалық күш – қуатының арақатынасына, дүниежүзілік экономикадағы өзгерістерге, әскери базалардың орналастырылуына және т.б. әсер – ықпалы секілді мәселелерге барынша назар аударылады. Мысалы, қазіргі дүние жүзінде саяси климаттың “ жылынуы” Шығыс пен Батыс арасындағы экономикалық және мәдени байланыстардың едәуір ұлғаюына, әзірше алғашқы әскери базалардың жойылуына және т.б. жеткізді.
3.Халықаралық қатынастардың дүние жүзінің саяси картасына әсері.
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін бірқатар социалистік мемлекеттердің құрылуы,орталық жүйенің күйреуі және азаттық алған ондаған елдердің пайда болуы,блоктарға қосылмау қозғалысының өсуі секілді маңызды процестер дүние жүзінің саяси картасына өзгерістер енгізді. Бірақ Шығыс пен Батыстың ғаламдық тайталасы, олардың арасындағы «қырғиқабақ соғыс» бүкіл соғыстан кейінгі кезеңнің негізгі мазмұнына айналды. Көптеген әскери саяси одақтар, олардың ішінде Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы мен Варшава Шарты Ұйымы дүниеге келді. Жер шарының әр түрлі бөліктерінде жүздеген әскери базалар құрылып, оқтын оқтын жергілікті соғыстар туып отырды. Дүние жүзінің саяси картасында көптеген халықаралық шиеленіс ошақтары, аймақтық жанжалдар пайда болды. Парсы шығанағы ауданын қоса алғанда Таяу Шығыс бүкіл соғыстан кейінгі кезеңдегі «жанжалды аймақ» болып отыр. Бұл мәдениетпен діннің өте күрделі шиеленісі тарихи қалыптасқан, планетамыздың ең жұқарған жүйке жүйесі. Мұнда Араб елдері мен Израильдің ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа мемлекеттердің де мүдделері қақтығысқан. Халықаралық қатынастардың қазіргі кезеңі және дүние жүзінің саяси картасы. 80-жылдардың екінші жартысында халықаралық қатынастарда егесуден өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа көшу орын ала бастады. Сенімсіздіктің, күдікшілдік пен ашкөздіктің орнына тату көршілік қатынастар орнықты, мұның Кеңес Одағы мен АҚШ арасындағы, Еуропа, Азия Тынық мұхит аймағы, басқа аймақтағы елдер арасындағы қарым қатынастарға қатысы бар. 1990 жылы Германияның бірігуі, нақты қарусызданудың басталуы, Варшава Шарты Ұйымының тарауы және НАТО-ның негізінен саяси одаққа айналуы секілді маңызды процестер мен құбылыстар дүние жүзінің саяси картасынан көрініс тапты. Көптеген аймақтық жанжалдардың қиын түйіндерін саяси құралдармен шешудің сәті түсе бастады. Орталық Америкадағы, Латын Америкадағы, Оңтүстік Шығыс Азиядағы осындай жанжалдар келіссөздер жолымен шешілді. Осының нәтижесінде халықаралық шиеленіс бәсеңдеп, әлемде тыныштық пен қауіпсіздік орнай бастады. Штаб Пәтері Нью Йоркте орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымы шиеленісті бәсеңдетуде маңызды рөл атқарды. 1993 жылдың басында бұл ұйымға 180 мемлекет мүше болды.
Бақылау сұрақтары:
-
ҚР басқару формасы мен әкімшілік құрылысы қандай.
-
Басқару формасының түрлері қандай?
-
Конституциялық монархия абсалютті ионархиядан немен ерекшеленеді?
-
Қазақстан егеменді тәуелсіз, зайырлы, демократиялы мемлекет деген нені білдіреді?
-
Қазақстанның әлемдегі орны қандай деп бағалайсыз?
-
Қазақстанның шетелдермен саяси, экономикалық қарым-қатынасы жайлы не айтасыз?
-
ХХ ғ. Саяси картада кандай өзгерістер болады?
-
Елдерді топтастыру.
-
Экономикасы дамыған және дамушы елдер.
-
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі әлемнің саяси картасы.
-
Халықаралық қатынастардың қазіргі кездегі жағдайы.
-
Мемлекетті басқарудың түрлері мен формалары.
Тест. «География»
Дүние жүзінің саяси картасы. Тарихи географиялық аймақтар
1. Дүниежүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді географияның қай саласы зерттейді?А) экономикалық география В) әлеуметтік география
С) саяси география Д) физикалық география
Е) жалпы география
2. Тарихта «Африка жылы» деген атқа ие болған 1960 ж. Африканың қанша елі тәуелсіздігін жариялады?
А) 15 В) 20 С) 21 Д) 16 Е) 14
3. Мемлекеттік басқару формасы нешеге бөлінеді?
А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5 Е) 6
4. Дүниежүзінде қазіргі кезде қанша монархия бар?
А) 13 В) 12 С) 20 Д) 29 Е) 31
5. Унитарлы мемлекеттер қатарына қай елдер кіреді?
А) АҚШ, Аргентина, Бразилия В) Бруней, Сауд Арабиясы С) Бельгия, Нидерланд, Норвегия Д) Италия, Франция, Жапония Е) Африка, Кувейт, Бахрейн
6. БҰҰ қай жылы құрылды?
А) 1919 ж В) 1939 ж С) 1945 ж Д) 1946 ж Е) 1964 ж
7. Қазақстан қай жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) мүше болды?
А) 2009 ж В) 2010 ж С) 2011 ж Д) 2006 ж Е) 2004 ж
8. Тарихи – географиялық аймақтар нешеге бөлінеді
А) 13 В) 14 С) 15 Д) 16 Е) 17
9. Әлемнің «көп полюстілігі» туралы тұжырым жасап, әлемнің геосаяси үлгісін ұсынған кім?
А)С.Коэн В) Ф.Ратцель С) Л.Гумилев Д) П.Кюри Е) Л.Штихруде
10. Қай жылы Қытай Халық Республикасы құрылды?
А) 1945 ж В) 1946 ж С) 1947 ж Д) 1948 ж Е) 1949 ж
11. Африка жылы болып есептелетін жыл
А) 1950 В) 1957 С) 1960 Д) 1962 Е) 1965
12. Жаңа индустриялық елдер
А) Тайланд, Мьянма, Гонконг В) Иран, Ауғанстан, Пәкістан
С) Чили, Колумбия, Мексика Д) Малайзия, Индонезия, Үндістан
Е)Корея, Сингапур, Тайвань
13. Конституциялық монархиялар
А) Малайзия, Сауд, Аравиясы В) Румыния, Финляндия С) Испания, Непал Д) Франция, Ирландия
Е) Марокко, Мавритания
14. Дүние жүзілік саяси картасының өзгеруіне әсер ететін фактор?
А) климаттың жылынуы; В) мемлекеттердің ыдырауы мен бірігуі;
С) мемлекеттегі экологиялық проблеманың шиеленісуі; Д) елдегі халық санының шектен тыс артуы;
Е) мемлекеттердегі демографиялық проблемалар;
15.16 елі Тәуелсіздігін алған «Африка жылы» -
А) 1917 ж; В) 1990 ж; С) 1960 ж; Д) 2000 ж; Е) 1970 ж.
Тест кілті
-
С
9
А
Д
10
Е
А
11
С
Д
12
В
Д
13
С
С
14
В
В
15
С
Д