Дүниетану 17 сабақ Адамның өміріне климаттың әсері қандай? 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дүниетану 17 сабақ Адамның өміріне климаттың әсері қандай? 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниетану Адамның өміріне климаттың әсері қандай?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы


Пәні:

Дүниетану

Бөлім:

Табиғат құбылыстары

Педагогтің аты-жөні:

Л.Бнектасова

Күні:

15.01.2025ж

Сынып: 3 « »

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

17 Адамның өміріне климаттың әсері қандай?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

4.2.2.1 адамзат дамуына климаттың әсерін талдау

4.2.3.1 өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекетін талдау

Сабақтың мақсаты:

- адамзат дамуына климаттың әсерін талдай алады:

- өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекетін талдап айтады.

Құндылықты дарыту

Ашықтық, еңбек пен шығармашылық, ынтымақтастық

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері:

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

10 мин

І. Психологиялық дайындық

Қал қалай?

Осылай! (Бас бармағын көтереді).Жүріс қалай?

Осылай! (Алақанда екі саусақпен«адымдайдыы»).

Жүгіріс ше?

Осылай! (Қолдарын шынтағынан бүгіп, жүгіргендегідей етіп қозғалтады).Түнгі ұйқы?

Осылай! (Қолдарын бетінің астына салып, бастарын түсіреді).Аласың ба?

-Осылай! (Қолдарымен қармайтын əрекеттер жасайды). Бергенде ше?

– Осылай! (Қолдарымен бір затты беріп тұрғандай қозғалтады).Ойын қалай?

 Осылай! (Езулерін ауаға толтырып, оларды алақандарымен ұрады).Ұрысқанда?

Осылай! (Саусағымен көршісін қорқытады)ІІ.Үй тапсырмасын Өткенді қайталау.

ІІ. Ой қозғау

Қандай сөз жасырынып тұр? Оның арасынан тақырыпқа байланысты сөзді тауып оқы.

КМЖЛҰАИХУМИЫАТНТ (Климат)

Сабақ тақырыбы мен мақсаты хабарланады.



















Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады.




От шашу

Жарайсыңдар!

Тамаша!






Слайд 1















Слайд 2



Ортасы

25 мин

Жаңа сабақ

Адамның өміріне климаттың әсері қандай? «Климат» гректің «клима» – көлбеу деген сөзінен шыққан. Климат күн сәулесінің Жер бетіне көлбеу түсуіне байланысты қалыптасады. Көлбеу түсетін сәулелерге қарағанда тік түсетін сәулелер ыстығырақ болады. Олар ауаны қыздыру арқылы Жер бетін жылдамырақ жылытады. Экваторға жақындаған сайын күн сәулесінің жер бетіне түсу бұрышы да ұлғаятындықтан ауа температурасы да жоғарылай береді. Климат адамның сыртқы түріне ғана емес, оның кәсібіне, баспанасы мен өмір салтына да әсер етеді.Адамзаттың тарихынан мысалдар қарастырайық. Жер бетінде алғашқы адамдар пайда болғанда климат жылы болған. Адамдар саналуан жеміс-жидектер өсетін ағаштардың ортасында тіршілік еткен. Жан-жануарлар да көп болған. Адамға жылы киім мен баспана қажет болмаған. Алайда шамамен жүз мың жыл бұрын мұз басу дәуірі басталған. Солтүстіктен жылжыған алып мұз қабаты бүкіл жер бетін жапқан. Міне осы кезеңде адам баласы жан сақтаудың қамын жасаған.Шамамен 13 мың жылдай уақыт бұрын алып мұз қабаты еріген. Соған қарай адам баласы да табиғи ортадағы өзгерістерге бейімделіп өмір сүре бастады. Осыдан шамамен үш мың жылдай уақыт бұрын Ұлы Далада климат өзгеріп, құрғақшылық орнаған. Жауын-шашын азайып, күн ысыған. Бүгінде климаттың адамға тигізетін ықпалы ерте кездердегідей аса күшті емес. Дегенмен қазірдің өзінде адамның өмірі көп жағдайда ауа райы мен климатқа тәуелді.

Есіңе түсір.

Картамен жұмыс. Климат деген не?Жер бетінде климаттың қандай түрлері болатынын картаға қарап айтып бер.Қазақстан қандай климаттық белдеулерге орналасқан?

Ойланайық! Күн сәулесі Жер бетінің қай бөлігін көбірек қыздырады? Оны климатқа әсері барма?

Суреттерге қараңдар. Климат адамның сыртқы келбетіне қалай әсер етеді? Сұрақтар мен тапсырмалар. Суреттерге қара. Мұз басу дәуірі адам өміріне қандай өзгерістер әкелді?

1-тапсырма Өзіндік жұмыс. Адамның климат жылынғаннан кейінгі ойлап тапқан құралдарын ата.

Мұағлімнің көмегімен орындайды.

2-тапсырма.Зертте

Климаттың өзгеруіне байланысты біздің бабаларымыздың қандай шаруашылық түрлерімен айналысқанын есіңе түсір.Адамдардың өмір салтына,тұрмысына бұл кәсіптің қалай әсер еткені туралы әңгімеле.

3-тапсырма. Жұптық жұмыс Адам еңбегінің түрлерін климат жағдайымен салыстыр

Жұбының көмегімен адам еңбегінің түрлерін климат жағдайымен салыстырады

4-тапсырма. Топтық жұмыс

Сурет бойынша әр ұлттың үйі қандай климаттық белдеулерге сәйкес келетінін анықта.


Адамның өміріне климаттың әсері қандай екенін әңгімелейді.






Климаттың адамзат дамуына әсерін талдап айтады.





Еліміздің ауыл шаруашылығына әсерін айтады.







Климат деген не екенін айтады?


Жер бетінде климаттың қандай түрлері болатынын картаға қарап айтып береді.




Күн сәулесі Жер бетінің қай бөлігін көбірек қыздыратынын, климатқа қандай әсері бар екенін айтады. Сурет бойынша әңгімелейді.



Өз бетімен тапсырманы орындайды.


Климаттың өзгеруіне байланысты біздің бабаларымыздың қандай шаруашылық түрлерімен айналысқанын естеріне түсіріп айтады.



Топпен тапсырманы орындайды.


















Дескриптор:

-зерттеу негізінде өз өңірінде табиғи апаттар туындаумалдығын болжайды; (1б)

-климаттың адамзат дамуына әсерін талдайды;(1б)

-нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды.(1б)

Дескриптор:

- Жер бетінде климаттың қандай түрлері болатынын картаға қарап айтып береді;(1б)

-Сұрақтарға жауап береді.(1б)

Дескриптор:

- Адамның климат жылынғаннан кейінгі ойлап тапқан құралдарын атайды.(1б)

Дескриптор:

- бабаларымыздың қандай шаруашылық түрлерімен айналысқанын айтады;(1б)

- Адамдардың өмір салтына,тұрмысына бұл кәсіптің қалай әсер еткені туралы әңгімелейді.(1б)


Дескриптор:

Адам еңбегінің түрлерін климат жағдайымен салыстырады.(1б)

Дескриптор:

Сурет бойынша әр ұлттың үйі қандай климаттық белдеулерге сәйкес келетінін анықтайды.(1б)


Слайд 3

Суреттер









Шежіре ағашы











Слайд 4








Карта





Слайд 5












Суреттер

Слайд 6





Слайд 7






Слайд 8








Слайд 9


Соңы

10 мин

Сабақты бекіту. «Қоржын» ойыны арқылы

Үйге тапсырма

Рефлексия:

Picture 2

Бағалау



Бүгінгі сабақта алған білімдері бойынша рефлексия жасайды.




Оқушылар 1-10 балдық жүйемен бағаланады.

Слайд 10









Слайд 11














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2025
295
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі