Дүниетану 1сынып. Бағдарлауды үйренеміз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дүниетану 1сынып. Бағдарлауды үйренеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа бағдарлама бойынша жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.Сиранов атындағы орта мектеп





Ашық сабақ тақырыбы:

«Ойын және мінез. М дыбысы мен әрпі»







Сыныбы: МАД

Мектепалды даярлық сыныбы тәрбиешісі:

Каражанова Әйгерім Абайқызы





























2017-2018 оқу жылы



18 ҰОҚ

Бекітемін:___________К.Умбетова

ТАҚЫРЫБЫ: Ойын жəне мінез.

М дыбысы мен əрпі.

Мектеп/МДҰ: М.Сиранов о/м

Күні: 29.11.2017

Педагогтің аты-жөні: Каражанова Әйгерім

Сынып/топ: МАД


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар

саны:

ҰОҚ-нің оқу мақсаттары

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу

ретін анықтау.

0.2.1.1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

0.2.1.2. Берілген мысалдар арқылы М дыбысын ажыратады, М

əрпінің баспа түрін табады.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне

төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Сөздегі дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстыларды

ажыратады.

М дыбысы – дауыссыз дыбыс, м дыбысының айтылуын

дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі м

дыбысының орнын ажыратады. М əрпінің баспа түрін жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сұраққа жауап беріп, берілген суретті мазмұндайды.

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан

жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне

төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

М дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы м

дыбысының орнын ажыратады.

Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы,

сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады.

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

М дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша сөйлем құрастырады. М əрпін ұқсатып заттарды табады.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде

қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Балалар суреттегі қай баланың қылығы ұнайды?

Өткен ҰОҚ

алған білім

Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Дыбыстарды ажыратады.

Сөйлем түлерін қолданады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі

көңіл күй орнату.


0–2мин.





II. Өмірлік

тəжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

Балалар ортаға тұрып өлең жолдарын қимылмен

қайталайды.


Біз əдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Үлкенге де –«сіз»

Кішіге де – «сіз»

Бас иеміз біз!

Педагог айнаны көрсетіп, балаларға сұрақ қояды.


Балалар біз айнаны не үшін қолданамыз?

Ал айнаға қарап өзімізді қарайықшы!

Балалар айнаға қарап шаштарын, киімдерін

түзетеді. Айнаға күлімсіреп қарайды. Əдемілік

туралы əңгімелеседі.










Айна


III. ҰОҚ-нің тақырыбы

бойынша жұмыс

6 – 25 минут

Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма

Балалар суреттегі балалардың іс-əрекетін

əңгімелейді.


1.Балалар суреттегі қай баланың қылығы

ұнайды?


Балалар өз ойларын білдіреді.

Педагог Қ. Мырза Əли немесе кез келген

ақынның əдептілік-əдемілік тақырыбындағы бір

өлеңін мəнерлеп оқиды. Балалар түсінгендерін

əңгімелейді. Педагог балаларға əдептілік туралы

қысқаша түсіндіреді.

Балалар өз мінездері туралы əңгімелейді.


2-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтайды. Педагог

оқиды, балалар тиісті сөзді тауып, сөйлемді

толықтырады. Мысалы: Жерге қоқыс тастауға

болмайды. Дөрекі ойнауға болмайды.


Балаларға болады, болмайды сөздерінің

мағынасын түсіндіреді.


«Болады, болмайды!» дидактикалық ойын.


Ойын шарты: педагог ортада тұрған балаға

сөйлем айтады, сөйлем соңын балалар болады,

болмайды сөздерімен жалғастырып айтады.


Қателескен жағдайда, келесі бала жалғастырады.

Нан қоқымын шашуға ... .

Қатты дауыстап сөйлеуге ... .

Үлкенге сəлемдесуге ... .

Кіші балаларды ренжітуге ... .

Досына көмектесуге ... .

Топта жүгіруге ... .

Апайды тыңдауға ... .

Ойын осылай жалғаса береді.

3-тапсырма. Мысық, құлын, лақ сөздеріне

дыбыстық талдау жасатады.


(Ұ) Сергіту сəті

Бала, бала, баламыз,

Біз айнаға қараймыз.

Шашымызды тараймыз,

Əп-əдемі боламыз!


4-тапсырма. М дыбысын педагог 3-4 қайталап

айтады.


Балалар қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?

Балалар М дыбысын қайталап айтады.


Ерін бір-біріне қатты тиеді. Тіл дауыс

қуысында еркін жатады. «М» дыбысы кішкене

тілдің төмен түсіп, демнің мұрын арқылы

шығуынан жасалады.


М –үнді дауыссыз дыбыс.


Түйенің суретіне қарап, м дыбысына ұқсайтын

дене мүшесін атайды. Түйенің өркеші м

дыбысына ұқсайтынын табады.


Педагог түйе жануары туралы əңгімелейді. М

əрпін көрсетіп, қасына түйенің өркешінің суретін

қояды. Балалар ұқсастығын табады.


5-тапсырма. Ж. Əбдірашовтың өлеңін педагог

мəнерлеп оқиды.


М-ның сырын көр ұғып,

Əріп екен бұл қандай?

Екі оқушы жолығып,

Қол алысып тұрғандай.


Өлеңді мазмұндайды. Педагог екі баланы ортаға

шақырып өлең мазмұнындағыдай тұрғызады.

Екі бала қол алысып тұрғандағы бейнесі неге

ұқсайды? (М əрпіне).


6-тапсырма

«М» əрпі мүсінін қалай түзеді?

М əрпінің алғашқы бейнесі неге ұқсайды?

Педагог балаларға партада қалай отыру керек-

тігін түсіндіреді.

«М» əрпінің баспа түрін жазады.

Əліппе-дəптер.

















































М əрпі

жазылған

плакат.










Əліппе-дəптер.























Əліппе-дəптер.






IV. ҰОҚ-нің

қорытындысы.

Рефлексия.

26–30 минут

Педагог балалардың үлгерім деңгейін талқылап,

оқу қызметін қорытындылайды.

Белсенді жəне тапсырманы дұрыс орындаған

балаларды мадақтайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білімдерін смайлик

арқылы бағалайды.

Əліппе-дəптер





19 ҰОҚ

Бекітемін:___________К.Умбетова

4-тарау. Менің айналамды не қоршап

тұр?

ТАҚЫРЫБЫ: Сүйкімді жануарларым.

Қ дыбысы мен əрпі

Мектеп/МДҰ: М.Сиранов о/м

Күні: 30.11.2017

Педагогтің аты-жөні: Каражанова Әйгерім

Сынып/топ: МАД


Қатысқандар саны:25

Қатыспағандар

саны:25

ҰОҚ-нің оқу мақсаттары

0.1.1.1. Сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып, дұрыс

дыбыстау.

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу

ретін анықтау.

0.2.1.2. Суреттер бойынша тапсырмадағы сұрақтарға жауап беріп,

əңгіме құрастыру.

0.3.3.1. Жазу жолына Қ əрпінің элементтерін жазу.

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп шағын əңгіме

құрастырады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады.

Қ дыбысы – дауыссыз дыбыс, қ дыбысының айтылуын дұрыс

дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі қ дыбысының орнын ажыратады.

Қ əрпінің баспа түрін жазу жолына жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Тыңдалған өлең жолдарын мазмұндап, ішінен М дыбысы естілген

сөздерді табады. Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың

түрлерін ажыратып, дыбыстық талдау жасай алады.

Қ дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы қ

дыбысының орнын ажыратады. Жазу жолына əріп элеменін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Суреттен қ əрпі бар заттардың атауын атайды. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Қ дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады. Сөз, сөйлем сызбасын құрастырады.

Қ əрпін бейнелейді.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Суреттер бойынша сөйлем құрастырады. Сөйлемдегі сөздер

санын ажыратып, буынға бөледі.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Лақ, қозы, құлын.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде

қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Саған саған төл ұнайды?

Өткен ҰОҚ

алған білім

Сөздерге дыбыстық талдау жасатып,

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі

көңіл күй орнату.


0–2мин.




II. Өмірлік

тəжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып,

жақсы тілек тілейді:

Балаларға бір-бірінің қолдарынан ұстап тұрып,

əсемдікке байланысты тілек айтуларын өтінеді.

Мысалы: Айна, сен сұлусың!

Марат, сен сымбаттысың!

Ғалия, сенің көйлегің əдемі!

Педагог балалардың қолына бірдей пішінді

домалақ айна таратып береді.

Балалар айнаға қарап тұрып, өздерінің

əдеміліктерін айтып жеткізеді.


III. ҰОҚ-нің тақырыбы

бойынша жұмыс

6 – 25 минут

(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма. Балалар суреттегі төлдердің іс-

əрекетін əңгімелейді. Төлдер туралы əңгіме

жүргізіледі. Балалар өз ойларын білдіреді.

2-тапсырма. Жануарлардың құлақтарының

суреттерін салады. Құлақ сөзін буынға бөлдіреді,

оған дыбыстық талдау жасатады.

Балалар қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?

Балалар Қ дыбысын қайталап айтады.

Қ дыбысының дауыссыз айтқан кезде ерін

ашылып,тілдің ұшы астыңғы тістің түбіне тиеді.

Қ – қатаң, дауыссыз дыбыс.

3-тапсырма. Жаңылтпашты жаттайды.

Балалар Қ дыбысымен танысады.

(Ұ) Сергіту сəті.

Балалар өлең жолдарын қимылмен қайталайды.

Қояным тұршы

Бетіңді жушы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы!

Енді алға адымдап жүрші!

4-тапсырма. Ермексаздан Қ əрпін мүсіндетеді.

5-тапсырма. Сурет бойынша сұраққа жауап

береді, əңгіме құрастырады. Күшік пен мысыққа

ат қояды. Мысалы: Мойнақ, Ақмоншақ.

Жұмыс дəптеріндегі тапсырманы орындатады.

Енді балалар қарындашпен бастырып жазады.

Əліппе-дəптер












Қ əрпінің баспа

түрі жазылған

плакат.









Əліппе-дəптер.

IV. ҰОҚ-нің

қорытындысы.

Рефлексия.

26–30 минут

Педагог балалардың белсенділігін талқылай

отырып өз білімдерін бағалауын өтінеді.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Смайлик арқылы бағалайды.

Əліппе-дəптер.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
582
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі