Дүниетану Пайдалы қазбалар 4сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дүниетану Пайдалы қазбалар 4сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларғапайдалы қазбалар туралы білім беру және олардың маңыздылығын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңашаруа қазақ орта мектебі









Shape1


Ашық сабақ

Тақырыбы: Пайдалы қазбалар










Өткізген: Сагинова Эльмира

















Пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы:Пайдалы қазбалар

Сабақтың мақсаты: а)Оқушыларғапайдалы қазбалар туралы білім беру және олардың

маңыздылығын түсіндіру. Қазақстанның пайдалы қазбалар картасымен

жұмыс жасауды үйрету.

ә) Табиғаттағы заттар мен құбылыстардың арасындағы қатынас түрлерін

бақылату арқылы оқушының жүйелі ойын жетілдіру, тіл

байлықтарының дамуына жағдай жасау.

б) Табиғатты қорғауға, табиғат байлықтарын үнемді, тиімді пайдалануға

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, «Пайдалы қазбалар» топтамасы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасы тексеру.

  1. «Туған өлке табиғаты. Жер бедері» бөлімін қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

  2. Тест жұмысы. «Табиғат».

1.Адамдар табиғатты қандай тәсілмен зерттеді?

а) құрту ә) оқып білу б) бақылау

2.Тарихи жерді зерттеу үшін не ұйымдастырады?

а) ғылыми экспедиция ә) ғылыми конференция б) барлау

3.Мұздықтардың 90% Жердің қай жерінде шоғырланған?

а) Арктикада ә) Антарктида б) Австралияда

4.Бағдарлау деген не?

а) көкжиек тұстары бойынша бағдарды анықтау

ә) уақытты анықтау

б) жолдың ұзындығын анықтау.

5. Құбылнаманың қай тілі оңтүстікті көрсетеді?

а) көк ә) қызыл б) жасыл

6.Көкжиекті құбылнамасыз қалай анықтауға болады?

а) Күн мен Поляр жұлдызына қарап

ә) сағатқа қарап б) ағаш пен термометрге қарап.

7.Құмырсқа илеуін тастың немесе ағаштың қай жағына орналастырады?

а) Солтүстік ә) Оңтүстік б) Шығыс

8.Көкжиектің тұстарын ненің көмегімен анықтайды?

а) сағат ә) Оңтүстіктің б) құбылнама

9.Қазақстан Республикасының аумағы қандай?

а) 2 млн.700км2 ә) 10000км2 б) 5 млн км2

10.Қазақстан Республикасының аумағының басым көпшілігін неалып жатыр?

а) таулар

ә) ойпаттар мен төбелі жазықтар

б) өзендер мен көлдер

11.Әлемдегі ең терең көл қайсысы?

а) Каспий теңізі ә) Арал теңізі б) Байкал

12.Қазақстан пайдалы қазбаның қай түрі бойынша алғашқы әлемнің он елінің қатарында тұр?

а) мұнай ә) таскөмір б) алтын

13.Қазақстан қай материкте орналасқан?

а) Оңтүстік Америка ә) Еуразия б) Австралия

14.Әлемде Қазақстан аумағы бойынша нешінші орын алады?

а) 1 ә) 10 б) 9

15.Қазақстанның қай аумағында тау жоталары орналасқан?

а) оңтүстік-шығыста ә) оңтүстік-батыста б) солтүстік батыста

Шешулері:

1-б 4-а 7-ә 10-ә 13-ә

2-а 5-ә 8-б 11-б 14-б

3-ә 6-а 9-а 12-ә 15-а

ІІІ.Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс.

а) «Пайдалы қазбалар» мәтінін оқыту. Түсінгендерін сұрау.

ә) Тақырыпқа ассоциация жасау.

мұнай

кен орындары

тау жыныстары

өндіру

Пайдалы қазбалар

газ

темір кені

адам

кенге жатпайтын пайдалы қазба

б) Кесте құрастыру.

Негізгі сөздер

Түсіндірме сөздер

1.Пайдалы қазбалар

Табиғи байлық, жер қойнауынан шахталар қазылып немесе жер ебтінен ашық әдіспен игеріледі, шаруашылықта қолданылады.

2.Кен орны

Пайдалы қазбалар көп шоғырланған және оларды игеретін жер

3.Темір кені

Құрамында металдар мен олардың қоспалары бар тау жынысы

4.Металдар

Металлургия зауыттарында темір кенінен қорыту арқылы алынады.

  1. Пайдалы қазбалардың шартты белгілерімен таныстыру.

  2. Қазақстанның пайдалы қазбалар картасымен жұмыс істеу.

  3. Дәптерге пайдалы қазбалардың шартты белгілерінің суретін салу.

Құм-... Мұнай- Әктас-

Фосфорит- Табиғи газ- Гранит-

Таскөмір- Темір кені-

Пайдалы қазбалардың қандай түрлері болады?

Сызба құрастыру.

Пайдалы қазбалар

кенді кенге жатпайтын

Пікірталас.

-Пайдалы қазбалар дегеніміз не?

-Адамдар оларды не үшін игереді?

Пікір айт.

-Өзің тұратын өңірінде қандай пайдалы қазбалар игеріледі?

-Пайдалы қазбаларды игеру жердің беткі қабатына қалай әсер етеді?

-Табиғат осындай өзгерістерге қалай жауап береді?

ІV.Сабақты бекіту. Қорытынды.

Пайдалы қазбалар

Кен орны – пайдалы қазбалар көп шоғырланған жер.

Жанғыш

Темір кені

Құрылыс

Карьер

шахта

V.Үйге тапсырма беру. Бағалау.

Мәтінді түсініп оқу.






















Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы

Жаңашаруа қазақ орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі

ІІ санатты, Сагинова Эльмира Базарбаевна












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.07.2018
663
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі