Материалдар / Дүниетану пәні бойынша таңдау пәнінен күнтізбелік жоспар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дүниетану пәні бойынша таңдау пәнінен күнтізбелік жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2018
1685
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape2

Оразгалиева К.Т.

Shape3

Дүниетану
бағдарламасы
(1-4сыныптар)







Білім беру ұйымының атауы мен мекен –жайы

Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп



Бағдарлама авторының аты – жөні, лауазымы

Оразгалиева Кунайым , жоғары

білімді, бірінші санатты мұғалім



Авторлық бағдарламаның атауы

«Дүниетану » курсы бойынша өткізілетін

1-4 сыныптарға арналған бағдарлама жоспары



Авторлық бағдарламаның әзірленген жылы

2015 жыл. Қыркүйек



Авторлық бағдарламаны кім, қайда, қашан бекітті

2015 жылы. Бастауыш сынып пән бірлестігі















Алғы сөз

«Дүниетану» бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында қалыптасатын адам,табиғат және қоғам ,олардың өзара байланысы мен тәуелділігі туралы білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән.

«Дүниетану» курсының жалпы мақсаты табиғат, адам, қоғам және олардың арасындағы байланыс туралы жалпы ғылыми түсініктерін қалыптастыру.Табиғат құбылыстары мен заттардың күйі, олардың түрлері, сапасы, ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту, нақтылау. Оқушылардың экологиялық ойлауын, экологиялық мәдениетін, экологиялық көзқарасын қалыптастыру.Адамның отбасындағы, табиғаттағы және қоғамдағы қызметі туралы түсініктерін кеңейту.Оқушылардың әлеуметтік тәжірибелерін дамыту.Байқағыштық, сезіну,талдау, салыстыра алу, тұжырым жасап,қорытындылай білу қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларын толықтырып,байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.Патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Қоршаған дүниені танып біледі.Адам,табиғат және қоғам туралы білімдерінің бастапқы сатысын қорытындылайды. Алған білімін өмірде қолдана біледі.

Бұл бағдарлама дүниетану курсы бойынша 1-4 сыныптарға арналған . 1 сыныпта 33 сағат , 2,3,4 cыныптарда-34 сағаттардан. Әрбір сынып бағдарламасы төмендегідей тақырып бойынша жүзеге асады және бірнеше тараудан тұрады.


Сыныбы


Тараудың аты


Сағат саны

1-сынып


«Мен және қоршаған орта»

33 сағат

2-сынып


«Жер- біздің ортақ үйіміз»


34 сағат

3-сынып


«Адам- табиғат перзенті»

34 сағат

4-сынып


« Әлем және Қазақстан»

34 сағат












1 сынып «Мен және қоршаған орта»

Тарау тақырыптары


Сағат саны

1.

« Біз бір бірімізді қалай түсінеміз?»

5

2.

«Менің қоршаған ортам»

2

3.

«Айналадағы дүниені қалай танып білеміз?»

4

4.

«Бізді не қоршап тұр?»

3

5.

«Жыл мезгілдері»

3

6.

«Тірі табиғат»

7

7.

«Менің отбасым және достарым

8

8.

Қорытынды

1


Барлығы:

33



2 сынып «Жер- біздің ортақ үйіміз»


Тарау тақырыптары


Сағат саны

1

«Табиғат әлемі»

22

2

« Жер- біздің ортақ үйіміз»

12


Барлығы:

34



3-сынып «Адам- табиғат перзенті»


Тарау тақырыптары


Сағат саны

1

«Адам ағзасының атқаратын қызметі»

7

2

«Адам қолымен жасалатын табиғат»

8

3

«Адам және оның ішкі дүниесі»

3

4

«Адам және қоғам»

3

5

«Адам және уақыт»

4

6

«Ақпыз ,қара,сарымыз...»

4

7

«Адам және адамзат»

5


Барлығы:

34



4-сынып. « Әлем және Қазақстан»


Тарау тақырыптары.


Сағат саны

1

«Денелер және қуат күші»

3

2

«Планетадағы тіршілік»

4

3

«Экологиялық жүйе»

4

4

«Табиғаттағы зат алмасу»

5

5

«Сенің туысың және туған өлкең»

3

6

«Қазақстан-кеше ,бүгін ,ертең»

13

7

«Тәуелсіз Қазақстан»

2


Барлығы:

34





1- сынып бағдарламасы бойынша оқушылар өздерінің қоршаған ортасымен мектептің тыныс - тіршілігімен , ондағы оқушылар ережесімен ,табиғаттағы жылдың 4 мезгілімен таныса отырып айналадағы дүние , ондағы өзінің орны туралы мағлұмат алады.



2- сынып бағдарламасы оқушыға әр елдің табиғат әлемі туралы мағлұмат бере отырып, өз Отанын, елін, жерін сүюге,патриоттықа тәрбиелейді.


3 -сынып бағдарламасы балаға адам, табиғаттағы, қоғамдағы адам өмірі оның ішкі дүниесі туралы мағлұмат береді.


4- сынып бағдарламасы оқушының экологиялық білімін тереңдетуге , оны қорғау қажеттігіліне ақпарат беруге, Қазақстанның әлемдегі орнын ,оның тарихын зерделеуге , өзінің қазақ елі- Қазақстанға сүйіспеншілігін арттыруға бағыттайды.










Күнтізбелік жоспар

1-СЫНЫП «МЕН ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА»


Тақырыбы

Сағат саны

Істелетін жұмыс түрі

Бар-лы-ғы

Сынып-та

Сынып. тыс


Біз бір-бірімізді қалай түсінеміз?




Мұғаліммен және сыныптастарымен танысу.

Мектеп ережесімен танысу және оны талдау.

1

Кіріспе бөлім:Біз қалай оқимыз?

1

1

-

2-3

Мектептің әдептілік ережесі.

2

1

1

4

Оқушының күн тәртібі.

1


1

5

Сен оқушысың.

1


1


Менің қоршаған ортам

2с



Бізді қоршаған заттарды атау және олардың қасиеттері арқылы бір-бірінен ажырату.

6

Заттар және олардың белгілері.

1

1

-

7

Кім тапқыр?

1

-

1


Жыл мезгілдері

4с



Жыл мезгілдерін олардың белгілеріне қарап ажырату.

Жануарлар мен өсімдіктер тіршілігі туралы әңгімелеу

«Табиғатты бақылау» топтық және жеке жұмыс

8

Күз бояулары..

1


1

9

Қыс көріністері.

1


1

10

Ару көктемді қарсы алайық.

1


1



11



Көңілді жаз.



1



1



-


Айналадағы дүниені қалай танып-білеміз

3с



Сезім мүшелері арқылы қоршаған ортаны танып-білу.



Кітапханаға саяхат

12

Көз-адамның ең басты көмекшісі.

1

1


13

Ес және ақыл-ой –адамның көмекшілері.

1

1


14

Кітап-досың ,ақылшың.

1


1



Менің отбасым және достарым.




15

Менің отбасым .Менің атқаратын қызметтерім.


1

-

1

Өз отбасы, отбасы мүшелерінің үйдегі міндеттері ,мамандығы туралы әңгіме дайындау

Газ, су және электр қуатын пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін түсіндіру .

16

Айналамдағы заттар және үйдегі қауіпсіздік ережесі.


1

1

-


17


Доссыз өмір-тұзсыз ас.

1

1

-


Бізді не қоршап тұр

7с





Туған жерге саяхат


Ойын арқылы көшеде жүру тәртібін сақтауды үйрену.


Қатты, сұйық және газ түріндегі заттарды ,судың үш күйін мысалға келтіре отырып , ажырату.


18

Туған өлкем-қандай көркем.

1

1

19

Біз-жаяу жүргіншілерміз

1

-

1

20

Мамандық деген не?Оның түрлері.

1

1

-

21

«Неден »- «не » жасалынады?

1

1

-

22

Қоқыс қалай пайда болады,қайда жіберіледі?

1

-

1

23

Су. (судың 3 күйі)

1

-

1

24

Үйден мектепке дейінгі жол.

1

1

-


Тірі табиғат

8с




Өлі және тірі табиғатты ажырату.



Топтық талқылау:Табиғаттың әр түрлі жағдайында өзіңді қалай ұстауың керек.


Қандай жағдайда да табиғатқа зияныңды келтірмеу.


25

Тірі және өлі табиғат.

1

1

26

Өсімдіктер әлемі. Жануарлар әлемі

1

1

27

Ақ аюлар мен пингвиндер қайда өмір сүреді.

1

1

28

Құстар және олардың түрлері.

1

1

-

29

Ит-адамның досы.

1

1

-

30

Адам ағзасының құрылысы.

1

1

-

31

Тірі табиғатты қорғайық Табиғатқа топсеруен.

1

1

32

Жер –біздің ортақ үйіміз.

1

1

-


Қорытынды сабақ

1



33

Қорытынды сабақ .Ойын :«Ғажайыптар алаңы»

1

-

1



2-ШІ СЫНЫП «ЖЕР-БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ»

Тақырыбы


Бар лы ғы

Сағат саны


Істелетін жұмыс түрлері

Сы нып та

Сынып.тыс


Біздің планета

22 с




1.

Өлі және тірі табиғат әлемі.

1


1

Заттар және денелер зерделеу

2.

Заттар және денелер.

1


1

3.


Сағатсыз тәулік мезгілін қалай анықтауға болады?

1


1

Топсеруен кезінде тұсбағар мен картаны пайдалану арқылы және жергілікті жердің ерекшелігіне қарап тұсты анықтау.

Күн жүйесіндегі планеталар туралы түсінік алу.

4.

Жер пішіні.

1


1

5.

Глобус.

1

1


6.

Викторина «Қызықты география»

1

1


7.

Жұлдыздар. Планеталар.

1

1


8.

Жердің тартылыс күші.

1

1


Жердің тартылыс күшінің жер құбылыстарына тигізетін әсері

9.

Күнді неге түн алмастырады?

1

1


Күн мен түнді салыстыру.

Жердің күнді айналуы және оның күн мен түннің алмасуына тигізетін әсері.

10.

Неліктен жаз болады?

1

1


11.

Ай неге әр түрлі болады?

1

1


12.

Көзге көрінбейтін ауа

1


1

Термометр арқылы ауаның және судың температурасын өлшеу.


13.

Күн жүйесі

1

1


14.

Қазақстан картасы бойынша саяхат.

1

1



Топырақ, саз және ермексазды пайдалана отырып, жер бетін суреттеу

(модельдеу)

15.

Картадағы және глобустағы мекен-жай.

1

1


16.

Картадағы түстер нені білдіреді?

1

1


17.

Құрлықтар мен мұхиттар.

1

1


18.

Өзендер қайда ағады ? Оригами : Кеме.

1

1




Қазақстанның физикалық картасынан тауларды,суларды т.б. тауып атау.

19.

Таулар қалай пайда болды?

1

1


20.

Теңіздер мен аралдар.

1

1


21.

Теңіз тұрғындары.

1

1


22.

«Менің елім» жобасы

1

1


«Менің елім» жобасын дайындау


Жер-біздің ортақ үйімІЗ

12 с




23.

Әлемдегі тіршілік.

1


1

Экологиялық жүйе

24.

Табиғат аймақтарына саяхат.

1

1



Әр түрлі табиғат аймақтарындағы халықтардың тіршілігін , өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктерін суреттеу.

Адамның табиғат аймақтарына тигізетін әсері

Табиғат аймақтарын картадан көрсете білу.


Басқа елдердің өмірімен таныстыру.Танысып отырған елдерді картадан және глобустан тауып көрсету.

25.


Қызыл кітап.

1


1

26.


Ормандағы тіршілік.

1

1


27.


Шөлді жерлердің табиғаты.

1


1

28

Тропикалық ормандар қайда өседі.


1

1


29.

Таудағы тіршілік.


1

1




30.



Европаға саяхат.



1



1


31.


Африка және Америка елдері.

1

1


32.

Австралия.Антарктида.

1

1



Қазақстан территориясын және онымен шекаралас елдерді көрсету.

Қазақстан картасынан туған қаласын-Атырауды көрсету.


33.

Менің елім-Қазақстан.


1

1


34.

««Жер-біздің ортақ үйіміз»-

дүниежүзілік көрме» жобасы

1

1



БАРЛЫҒЫ:

34






3- ШІ СЫНЫП «АДАМ-ТАБИҒАТ ПЕРЗЕНТІ»



Тақырыбы

Бар-лы-ғы

Сағат саны

Істелетін жұмыс түрлері

Сынып.та

Сынып. тыс


Адам ағзасының атқаратын қызметі

7 с





1.

Ағза мүшелері .

1

1


Оқушылардың арасында денсау-лықты сақтау және қорғау туралы пікірталас тудыру

Алақандағы және саусақтағы сызықтар болжау,

Жүректің

Жүректің адам өміріндегі ең маңызды мүше екендігін меңгерту,

жүректі өлшеуіш құралдарымен танысу

2.

Тері және оның қызметі. Алақандағы және саусақтағы сызықтар нені білдіреді.

1

1


3

Жүрек-адам өміріндегі ең маңызды мүше

1


1

4

Тамақтану гигиенасы

1

1


5.

Темекі шегудің зияны

1

1


6.

Адамның сезім мүшелері.

1

1


7.

Пікірталас «Адам ағзасы және денсаулықты сақтау»

1

1



Адам қолымен жасалынатын табиғат

8 с




8.

Өсімдіктер мен жануарлардың адамға пайдасы.

1


1



Адам өзінің өмір сүруіне қажетті жағдайларын табиғаттан алатынын оқушыларға дәлелдету

Адамның тау жыныстарын және минералдарды пайдалануы

Табиғат құпиясын зерттеу , экологиялық жобалар дайындау

9.

Дөңгелектің пайда болуы және оның қолданылуы.

1

1


10.

Табиғаттағы су айналымы. ӨҚН Жаяу жүргіншідер қауіпсіздігі

1

1


11

Адамның тау жыныстарын және минералдарды пайдалануы.

1

1


12


Металдарды қалай өңдейді.

1

1


13

Көрінбейтін күш

1

1


14

Адамның табиғат құпиясын зерттеуі.

1


1

15

Экологиялық жоба «Жер -тіршілік планетасы »

1

1



Адам және оның ішкі дүниесі

3 с




16


Мен-жеке тұлғамын.


1

1



Адамның ішкі

дүниесінің қасиеттерін түсінуге және бағалауға арналған тапсырмаларды орындау.

17

Сезім және эмоция

1


1

18

Көңіл-күйің қалай?

1

1



Адам және қоғам

3 с









Адам және қоғам ар-ождан мен адам құқығы туралы заңды тұлғалармен кездесу

19

Түсініспеушілік неден туады?

20

Ар-ождан.

1

1


21

Адам құқығы.

1


1


Адам және уақыт

4 с




22

Алғашқы дәуір кезеңіндегі адам. Жақсылық пен жамандық.

1

1




Әр түрлі уақыттағы тарихи оқиғалард ы және тарихи тұлғалардың іс-әрекеттерін талдап, бағалау

23

Орта ғасыр кезеңіндегі өркениет

1

1


24

Жаңа дәуір кезеңіндегі техниканың дамуы

1

1


25

21 ғасыр

1

1



«Ақпыз, қара, сарымыз»

4с




26

« Алыс,алыс елдерде…»

1


1



Саяси картадан және глобустан өзімізге таныс елдерді тауып көрсету

27

Біз ұқсас емеспіз-онда тұрған не бар?

1

1


28

Әр елдің «діні» басқа...

1

1


29

«Әрбір ұлттың балалары»-сурет көрмесін ұйымдастыру

1

1




Адам және адамзат

5 с




30

Ақша деген не?.

1

1


Адамның адамзат қоғамындағы өмір сүру қағидалары


31

Неліктен әр түрлі елдер бір-біріне көмектеседі?

1

1


32

Халықтар ертегісі.

1


1

33

Адамзат тағдыры-менің тағдырым

1

1


34

«Мен және біз» жобасы

1

1




БАРЛЫҒЫ:

34






4-СЫНЫП «ӘЛЕМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН»



Тақырыбы

Барлы-ғы

Сағат саны

Оқушылармен істелетін жұмыстар

Сынып

та


Сынып. тыс.


Денелер және қуат күші

3 с




1.

Неліктен ермексаз жұмсақ, ал әйнек-қатты?

1

1


Заттарға мысал келтіру

Қатты,сұйық және газ күйіндегі заттарды салыстыру, ажырату және мінездеме беру.

2.

Қуат күші. Қуат көзі жойылса әлемде не болады?.

1


1



3.



Интеллектуалды ойын «Кім тапқыр?»



1



1


Планетаның тіршілік қабаты

4 с






4.



Планетаның тіршілік қабаты.



1



1


Тірі ағзалардың өмір сүру ортасы туралы әңгімелеу

5.


Жердегі зат алмасу.

1


1

Тірі және өлі табиғаттың байланысын еске ала отырып, зат алмасу туралы әңгімелеу

6.


Күн-қуат көзі.

1


1

Күннің тірі ағзалар үшін ең басты қуат көзі екенін түсіндіру.

7.

КВН «Жұмбақ планета»

1

1




Экологиялық жүйе 4с




8.

Табиғат және экология

Ауа.Ауаның ластануы

1

1


Экожүйе және табиғи қоғамдастық.


Адамның экожүйеге және табиғи қоғамдастыққа тигізетін әсері туралы әңгімелеу.

9.


Экожүйелердің алуан түрлілігі және ондағы тіршілік иелері. Топсеруен.

1


1

10.

Орман,тоғай,саябақ.

1

1


11.

Ойын «Не? Қайда?Қашан?»

1

1



Табиғаттағы зат алмасу

5 с




12.

Өсімдіктер және олардың қызметі.Топсеруен.

1


1

Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі ролін анықтау.

13.

Жануарлар әлемі.

1

1


Жануарлар өміріне қажетті жағдайлар туғызу үшін не істеу керектігін түсіндіру.

Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі ролін анықтау .

14.

Балықтар және олардың алуан түрлері.

1

1


15.

«Білгіштер» сайысы :«Құс атауы»

1

1


16.

« Табиғат сұлулығын сақтайық» жобасын қорғау

1


1


Сенің туысың және туған өлкең.

3 с




17.

Адамның шығу тегі. Туыстары.

1

1



Үлкендермен біріге отырып, өз отбасыңның шығу тарихын зерттеу.Жеті атасын атап, жазу.Сенің атың нені білдіреді?-талдау

18.

Менің елім-Қазақстан.

1

1


19

Өткен шаққа саяхат.Менің елімнің тарихы.

1


1



Қазақстан-кеше, бүгін , ертең. 13с




20

Қазақстанның шығу тарихы.Тас дәуірі.

1

1


Қағаздан,ермексаздан және т.б. заттардан тарихи оқиғаларды, көріністерді,тарихи және мәдени ескрткіштерді дайындау.


Жергілікті жердегі мұражайларға, көрмелерге, тарихи орындарға , ескерткіштерге топсеруенге, саяхатқа шыға отырып, туған жердің тарихы мен мәдениеті туралы мағлұмат, ақпарат (реферат,буклет)

жинап, әзірлеу.


Туған жердің тарихи, мәдени мұрағаттарын қорғау.


21

Қола дәуіріндегі қазақтар.

1

1


22

Қазақ хандығының құрылуы.

1


1

23

«Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама».

1

1


24

Бұланты шайқасы.

1

1


25

Қазақстан-Ресей империясының құрамында.

1

1


26

Ұлт-азаттық қозғалыс.

1

1


27

Алаш қозғалысы.

1

1


28

Кеңес үкіметінің орнауы.

1

1


29

Ашаршылық.

1

1


30

Тың көтеру.

1

1


31

Желтоқсан оқиғасы.

1


1

32

«Менің атам-Ұлы Отан соғысының ардагері»-суреттер көрмесі

1


1


Тәуелсіз Қазақстан

2 с




33

Қазақстан Республикасы.

1

1


Мүмкіндіктеріне қарай,ұлттық киімдердің тағамдардың, салт-дәстүрлердің элементтерін дайындау.


34

«Туған жерімнің тарихы-менің тарихым» жобасы



БАРЛЫҒЫ:

1





34

1


Дүниетану сабақтарының үлгілік жоспарлары:

Бұл үлгі жоспарлар негізінен, 1-4 сыныптарға лайықталған. Сонымен бірге өз тараптарынан толықтырып, түрлендіріп,өзі сабақ берітін балалардың мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне қарай ыңғайлап, жаңа технологиялардың элеметтерін кіргізе отырып,шығармашылықпен жетілдіріп қолданғаны дұрыс

1-сынып 13-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ес және ақыл-ой--біздің көмекшілеріміз.

Мақсаты: 1.Қоршаған дүниені толық танып-білу үшін есте

сақтаудың және ақыл-ойдың маңызын ,қызметін

айтып түсіндіру.

2. Сезім мүшелерінің дамуына ықпал ету.

3. Ақыл-ойын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: 1. Айнала қоршаған дүниені танып білуде

сақтау мен ақыл- ойдың атқаратын қызметін біледі.

2.Есте сақтау қабілетін арттыруға арналған жаттығу

жасауға үйренеді.

1.Ынтымақтастық атмосферасын құру

«Шаттық шеңберіне» тұрып , бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық!

2. Мотивациялық кезең

1. Миға шабуыл . – Балалар, мен қазір сіздердің сезім мүшелеріңіз қалай жұмыс жасайтындығын тексеремін.(тақтаға сезім мүшелері жоқ адам суреті ілінеді) Тапсырмаларды дұрыс орындаған сайын бір-бір мүшеден қосыла береді

Shape4 Shape5

  1. Көздеріңді жұмып, дыбыстың барлығын естеріңе сақтаңдар.Қандай сезім мүшелеріңіз жұмыс істеді?- Есту мүшесі-құлақ (суретін салады)

Shape6 Shape7

  1. Қолдарыңа алдарыңда жатқан мақтаны алыңыздар да ,иіскеп көріңіздер.Қай сезім мүшесі жұмыс жасады? -Мұрын ( суретін салады)

  2. Қолдарыңызға алдарыңызда жатқан парақ қағазды алып,сипап көріңіздер.Не сездіңіз,қай сезім мүшесі жұмыстанды?-Тері-сипап сезу мүшесі

  3. Алдарыңыздағы дәрумендерді ауыздарыңызға салыңыздар.Не сездіңіздер?-Дәмін сездік-Тіл дәм сезу мүшесі (ауыздың суретін салады, тіл ауызда болады)

Shape8 Shape9

  1. Жұппен жұмыс. Шашылған пазлдарды жинау.-Қандай сезім мүшесі көмектесті?

-Көз-көру мүшесі.(суретін салады)


2. Ой қозғау. –Сонымен адам қоршаған ортаны қалай танып біледі?

- Сезім мүшелері арқылы.

-Ал осы сезім мүшелері қателеседі деп ойлайсыздар ма? (оқушылар жауаптары тыңдалады)

Операциялық-орындаушылық кезең

3.Зерттеу.

  1. Тәжірибе. Суы бар стаканға қарындашты салып көрейік.

Shape10 Судағы қарындаш көзімізге қалай көрініп тұр?-Сынық сияқты, бірақ ол бүтін.

-Сонда бізді көзіміз алдап тұр ма,яғни сезім мүшесі қателесе ме?-Иә,біз осыдан 1 минут бұрын қарындаштың бүтін екенін көріп, есімізге сақтадық.Оны ешкім сындырған жоқ.

2) Салыстыру. Алыс және жақын тұрған заттарды салыстыру:

- Мына суреттегі заттарды салыстырайық.Не байқадыңыздар?

-Біз гүлдің сиырдан үлкен екенін көріп тұрмыз

-Ал,шынында қалай ойлайсыздар?-Шындығында,олай емес. Гүл –жақын, ал сиыр-алыста тұр.Сондықтан гүл үлкен болып көрінеді. Біз бұрыннан сиырдың үлкен,ал гүлдің кіші екенін білеміз.

-Балалар, бұдан қандай қорытынды шығаруға болады?-Сезім мүшелері қателесе алады.

-Сондықтан , қоршаған дүниені тек қана сезім мүшелері арқылы емес, тағы не арқылы тануға болады?-Есте сақтау,ақыл-ой арқылы.

-Оны қалай дәлелдеуге болады?(оқушылар жауабы тыңдалады)

4.Шығармашылық жұмыс. Сөйлемді аяқта

Көру мүшесі арқылы...................көреміз.

Есте сақтау арқылы.......................еске түсіреміз

Ақыл-ой арқылы.........................ойлаймыз, бір шешімге келеміз.

Сонымен, сабағымыздың тақырыбы: Ес және ақыл-ой –біздің көмекшілеріміз.

5.Сергіту сәті.

6. Рефлексия.Сұрақ-жауап:

-Балалар, сіздерге есте сақтау мен ақыл-ой не үшін керек ?

-Сабақты жақсы оқу үшін, бәрін есте сақтап , ойлану үшін.

-Ал, егер есте сақтау қабілеті төмен, ақыл-ойы дамымаған болса,ол оқушы сабақты жақсы оқи ма?-Жоқ!

-Есте сақтауды қалай жақсартуға болады,ақыл-ойдың дамуы үшін не істеу керек?

-осы сұрақтардың жауабын білгілерің келе ме?- Әрине!

Есте сақтау және ақыл-ой – оқушынын бірінші көмекшілері.Сондықтан оларды дамыту керек.

Ойлауға арналған жаттығулар ұмытшақтықпен күресуге көмектеседі. Миға да арналған жаттығулар болады .Америка ғалымдары спортпен шұғылданған адамдар ақпаратты тез есінде сақтайды, шапшаң қабылдайды деген шешімге келді.



7.Жаттығу.

Күнделікті істеп жүрген ісінді басқаша істеп қара.Мысалы:оңақайлар сол қолмен жазып қарасын.Қиын,ыңғайсыз,үйреншікті емес-бірақ басқаша .

Теңгелер. Бос уақытыңда темір теңгелерді қолыңмен ұстап қара.Көзіңді жұмып,неше теңге екенін тап.

Жіп. Кешке, қараңғы түскенде , жарықты жаппай үйдің ішінде жүріп қара.Сенің көмекші жібің –сенің есің . Көзіңді жұмып-сабынмен қолынды жу.Мүмкін сен бәрін жай істерсің , бірақ сенің миың жұмыстана бастайды .

Ереженің өзгеруі Кейде керісінше жаса : жылағың келгенде -күл,ұрысқың келгенде-жымия сал.

Дыбыссыз кино. Күнделікті көріп жүрген мультсериялдың даусын өшіріп қой.

Кейіпкерлер не туралы айтып жатырғанын ойланып көр ,тап. Дублер болып көр.

Есте сақтау . Өлен,мақал,жол белгілерін,ережелерді,жақындарыңнын туған күнін есте сақта.

Талпын. Миды жұмыс істеуге мәжбүрле . Жұмбақтың жауабын тап, ребустар мен кроссвордтар шешіп қара.



Мидың жұмысын жақсарту үшін қандай дәрумендер керек :

Мидың жұмысын жақсарту үшін Е,С,А дәрумендері керек .

Е дәрумені ми клеткаларын сақтайды, ол өсімдік майында және сүтте,жұмыртқада көкөністе , етте болады.

С дәрумені ойлау қабілетін арттырады . Ол көбіне цитрустарда ,көк шөпте, қарақатта болады.

А дәрумені көкөністе болады . Бауырда, болгар бұрышында ,сүт тағамдарында болады .Балық жеу өте пайдалы. Темір ,фосфор,калии – миға қажет.Тұз, тәттілер,спирттік сусындар ,майлы тағамдар – ми дамуына зиян келтіреді.

8.Қорытынды . Сурет бойынша жұмыс. «Пайда және зиян»

1-сынып 16-сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Айналамыздағы қоршаған заттар және

үйдегі қауіпсіздік



Мақсаты: Оқушыларға үйдегі қауіпсіздік туралы түсінік беру.

Оқушылардың танымдылығын дамыту.

Өз өмірлерін қорғауға , тапқырлыққа, жинақылыққа

тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Үйдегі қауіпті заттарға не жататынын біледі.

Қауіпсіздік жағдайларымен танысады.

Олардан сақтана білуге үйренеді.


1.Мотивациялық кезең.

Миға шабуыл. Мына шашылған сөздерден мақал құрастыр:

ҮЙІМ, ӨЗ, ТӨСЕГІМ,ӨЛЕҢ. (Өз үйім-өлең төсегім.)- оқушыларға талдату

Балалар, бүгін біздер, күнделікті өмірде болатын қауіпті жағдайларда өзімізді қалай ұстау керектігіміз туралы әңгімелейміз.Өміріміздің біраз уақытын біз үйде өткіземіз.Өз үйімізде біз ештеңеден қорықпаймыз деп ойлаймыз. Үйде немесе мектепте алаңсыз жүріп біз кейде қарапайым қауіпсіздік ережесін ұмытып жатамыз. Сіздер қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады?-Үйдегі қауіпсіздік ережесі

2. Операциялық орындаушылық кезең

Үйде бізді қандай қауіпсіздік кутуі мүмкін?Қандай ережелер тәртібін білуіміз керек, қауіпті жағдайда не істеу керек – бүгінгі сабағымызда біз осы сұрақтарға жауап іздейміз.

Үйдегі бірінші қауіпті білу үшін мына тесті орындайық:

Біз қай мүшемізбен естиміз: Біз қай мүшемізбен дәмді сеземіз:

А) тіл А) мұрын
Б) мұрын Т) тіл
О) құлақ Р) құлақ

(жауабы: құлақ-О) (жауабы: тіл-Т)

ДShape11 ұрыс жауаптардан сөз құраймыз. Қандай сөз шықты балалар?- ОТ

-От ерте кезден адамға қызмет етіп келеді: жылытады,жабайы аңдардан қорғайды,тамақ дайындауға көмектеседі. Бырақ отты дұрыс қолданбаса өртке айналады.Отпен ойнауға болмайды.

Өрт неден пайда болады ? ( оқушылар жауабы тыңдалады)

  • Электр жүйесін дұрыс жасамауынан

  • Ұмытшақтықтан

  • От ұшқындарынан

  • Тез лапылдап жанатын заттардан (жиһаз,тұс қағаз,кітаптар,киімдер)

  • Сіріңкемен ойнағаннан

  • Керосин мен бензиндерден ,газдан.

Өртке ен басты кінәлілер – адамдар.

Видеофильм көрсету. Видеофильм көру арқылы өрт кезінде өзін ұстау керектігін еске сақтау.

Shape12 -Соңымен балалар ,өрт кезінде қандай іс әрекет орындау керек ?( оқушылар жауабы тыңдалады)

-Қандай қызметке жүгінеміз : (диспетчерге телефон шалу)

Карточка тарату.

Заттар

Себеп

адам

техника

Басқа себеп

үтік




Шырша

гирляндасы




орман





Карточкамен жұмыс : өрт тудыратын заттар мен себептерін сайкестендіру.


Shape13

-Бұл заттардын бәрін не біріктіреді?- Олар газбен жұмыс істейді.

-Егер газ плитасындағы от кенет сөніп қалса , ал газ әлі де келіп тұрса – бұл өте қауіпті ! Неге деп ойлайсындар? (оқушылар жауабы тыңдалады)

1 –ден уланып қалуымыз мүмкін

2-ден асүйде жиналған газ атылуы мүмкін

Мұндай қауіп туған кезде не істеу керек?

-Үйде газдың иісін сезген кезде не істеуге болады және болмайды?

- Мастерді шақыру керек, сірінке жағуға болмайды,көршінің үйінен телефон шалу керек, терезені ашып,газ бұрандасын жабу керек.

Shape14

Есте сақта!

Өрт сөндіру қызметі -101

Газ қызметі – 104

Сергіту сәті : Ойын «Рұқсат бар-Тыйым салынады»

Рұқсат болатын іс әрекеттерге қолдарынды соғасындар, рұқсат болмаса қолдарынызды көтересіндер.

-бөлмеде жанып тұрған сіріңкені лақтыру

- үйді өрттен сақтау

-отпен ойнау

-үлкенді көмекке шақыру

-электр құралдарын желіде қалдыруға

-сулы орамал арқылы тыныс алуға

ҮЙДЕГІ СУ Үйдегі келесі қауіпсіздікті білу үшін мына жұмбақты

шешейік:

Жылт-жылт еткен, жырадан өткен.

От пен ... – тілсіз жау

-Жұмбақтың жауабында және көпнүктенің орнына қандай сөз қоямыз- СУ

Су-тіршілік көзі . Бірақ судан да қауіп туады екен.

-Үйдегі су құбыры қандай қауіп әкеледі?(оқушылар жауабы тыңдалады)

-жарылады

- су толып кетеді

-көршілерге зиян келтіреді

Сонымен отқа ,газға, суға байланысты қауіпті жағдайларды тудырмау үшін қандай шараларды есте сақтау керек.(оқушылар жауаптары тыңдалады)

ТОППЕН ЖҰМЫС:

«Қауіпсіздік белгілерін сал»

1-топ : « Абай бол-от»

2-топ: « Абай бол-газ»

3-топ: « Су-тілсіз жау»

Рефлексия -Қандай қауіпсіздік ережелерімен таныстық?

-Үйде өрт пайда болғанда, не істеу керек?

-Су құбыры жарылса қандай іс әрекет жасаймыз?

-Үйден газ иісін сезсек нені істеу және нені істемеу керек?

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА : - сурет салу.

«От -досымыз ,от- жауымыз»

-Сабақта сіздерге не ұнады?

Сабақтан қандай көңіл күйде кетесіздер?


Пәннің аты:

Дүниетану

1-сынып

21-сабақ

Мұғалім

Салива Ғ.П

Сабақтың атауы

«Неден-не жасалынады?»

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Заттарды бір-бірінен қасиеті жағынан айыра білуге үйрету. 1.Дене мен заттың тәуелділігін анықтау. 2.Дене, зат және табиғи құбылыстардың өзгеруі кезіндегі өзара байланысты анықтау.

3.Дене мен заттың қарым-қатынасы туралы өз нұсқаларын ұсыну.сақтау.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Ойын «Жанды-жансыз»

Ережесі: Жанды заттарды атағанда қол соғамыз, ал жансыз заттарды атағанда үндемеу керек: Кесе, гүл, шкаф, қайық, мысық, шарф, қыз, үй, піл, машина, балық, аквариум, ара, кітап т.б.-балалар сөзге байланысты қимылдар жасайды.

Мағынаны тану

Интерактивті тақтадан жансыз заттардың суреттері көрсетіледі.

Бұл заттарға қарап не айтуға болады?

-Бұл заттар адам қолымен жасалған.

-Дұрыс, ендеше біз бүгінгі сабағымызда жасанды заттар туралы сөз қозғаймыз.

-Біз атаған заттар неден жасалынған?-Әйнектен, ағаштан, матадан, тастан, металдан,қағаздан.

-Оны қайдан білдіңіздер?

-Ата-анамыздан, сонымен қатар қолымызбен ұстап көру арқылы да білеміз. (Мүмкін жауаптар)

-Сонымен, біз бүгінгі сабағымызда «Неден-не жасалынатыны» туралы айтамыз.

Тақырыпты ашу

Бес балада бір бешпет

Бір киініп, бір шешпек.

-Балалар, қолғап неден жасалынады?-Жүннен тоқылады.

-Сіздер қалай ойлайсыздар,қолғап неліктен жүннен тоқылады?-Себебі жүн жұмсақ, жылы,үлпілдек.

Ой сергітеді,шаршағандары

басылады

Зерттеу

Оқушылар алдына 4 ыдыс қойылады:ағаштан, металдан, қағаздан, саздан.Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табу сұралады.

Ұқсастығы: бұларға сұйық заттар құюға болады.

Айырмашылығы:олар әртүрлі заттардан жасалған-саз,ағаш, металл, қағаз.

Ой қозғау

-Бұл заттардың қайсысынан шай ішуге арналған ыдыс жасауға болады?

Оны білу үшін аталған заттардың қасиетін білуіміз керек.(оқушылар пікірлері тыңдалады)

Заттарды бір-бірлеп көрсетеміз.Нені білуіміз керек?

-Қандай ыдыс (қандай зат), ыңғайлы (жеңіл), мықты (қауіпсіз)


Топпен жұмыс

1-топ Ағаштан жасалынған ыдысты зерттеу

(ыдыстың иісі болады)

2-топ металдан жасалынған ыдысты зерттеу

(ыдыс тез ысиды)

3-топ қағаздан жасалған ыдысты зерттеу

(ыңғайсыз,тез ысиды,ериді)

4-топ саздан жасалған ыдысты зерттеу

(ыңғайлы)


Топта талқыланады,

салыстырылады,топ жетекшілері нәтижелерін айтады


Кері байланыс

-Балалар,заттарды орынды пайдалану үшін оның неден жасалғанын білу маңызды ма?

Олай болса мына кестелерді толтырамыз. Осы кесте арқылы оқушының тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтауға болады.

Оқушылар жауаптары тыңдалады.


Әрбір оқушының алдына кесте таратылып беріледі


1-сынып 28-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Құстар және олардың түрлері

Сабақтың мақсаты:

Құстардың жануарлардың маңызды тобы екендігі,жабайы және үй құстары,олардың тіршілігі,адамға пайдасы туралы түсінік беру.

Жүйелі сөйлеу қабілетін,қоршаған орта туралы түсінігін молайту арқылы дүниетанымының жан-жақты дамуын қамтамасыз ету

Құстардың адам өміріндегі маңызын дәріптеу және оларды қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,баяндау

Сабақтың типі:жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру

Қуаныш шеңбері

Оқушылармен бірге амандасып,жақсы тілек сыйлау

Қуанамын мен де, Қуанасың сен де

Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге

ІІ Психологиялық дайындық

Әңгіме жүргізу:Бірінші сынып оқушысы Айдар айналада болып жатқан өзгерістерді,табиғатты бақылағанды жақсы көреді.Брде ол хайуанаттар паркіне барды.Торда отырған алуан түрлі құстарды құстарды,олардың дауыстарын естіп,таң-тамаша болды.Кенет көлшіктің ортасында ашылып тұрған аппақ гүлге көзі түсті.Гүл көз алдында ашылып,лезде ғайып болды.Гүл дегені аққу екен.Айдардың сол күні құстардың алуан түрлі болатынына көзі жетті.

ІІІ Топтастыру

Біз қандай құстарды білеміз?

IV Жаңа сабақ

Құстардың алуан түрлілігі.

Бұл сабақта құстар туралы білімімізді толықтырамыз

-Балалар,табиғатқа бейімделуіне қарай құстарды қандай топтарға бөлдік?

1-слайд.Қыстап қалатын құстар


Оларға:қарға,сауысқан,торғай,көгершін жатады.

Бұл құстар қыста адамдар тұратын жерге жақын келеді.Өсімдіктердің тұқымын,тамақ қалдықтарын қорек етеді.Олар суыққа төзімді





2-слайд.Жыл құстары


Оларға:тырналар,қарлығаштар,бұлбұл,аққу,жабайы қаз,үйректер,қараторғайлар жатады.

Жауап:Жыл құстары көктемде біздің жерімізге ұшып келеді,күзде ұшып кетеді.Себебі суыққа төзе алмайды,қорегін таба алмайды.

3-слайд.Үй құстары

Оларға:тауық,әтеш,қаз,үйректер жатады.

Жауап:Олар өздігінен жем таба алмайды.Адамдар оларды бағып,жем беріп асырайды.Ал олар адамға жұмыртқасын,етін,мамығын береді.


4-слайд.Жыртқыш құстар


Оларға:бүркіт,жапалақ,үкі жатады.

Мұғалім:Бүгін сабамызға хат тасушы көгершін «Құс әлемінен»хат әкеліпті.Хатта мынадай сауалдар бар.Бұл сауалдарға жауап беру үшін құстар туралы алған білімдеріңді мәтіндегі ақпараттармен толықтырыңдар.

1.Құстар қалай ұшады?

2.Құстардың арасында жыртқыш құстар бар ма?

3.Жыртқыш құстар қандай?

4.Олар қандай жануарларды аулайды?

5.Түнде жемін аулайтын қандай құстар?

6.Кейбір құстар ұясын қайда салады?

7.Бозторғай қандай құс?

8.Бұлбұл ұясын қайда салады?

9.Құстар табиғат жағдайларына қалай бейімделген?

V Тыныштық сәті (видео слайд)

Бір сәт тынығып,денелеріңді бос ұстап еркін отырыңыздар.Ойларыңды әсемдікке,сұлулыққа,ізгілікке жолдаңдар.Өзіңе және айналаңа іштей игі тілек білдіріңдер.Табиғат!Сен-әлемдегі барша байлықтардың анасы,сұлулық атаулының данасысың.Сенің жұпар ауаң,әппақ қарың,мөлдір суың,жасыл кілемге көмкерілген ну қайыңды орманың көз жетпес мұнар тауларың,төсіңде ерке өскен аң мен құсың «бәрі-бәрі керемет!»Ол-сенің ғана сұлу бейнең.Осындай әсем де кең құшағыңа дүниеге келген адамзат баласы қандай бақытты!Біз де бақыттымыз!

  • Сабағымызды әрі қарай жалғастыру үшін сендерді топқа бөліп,әр топқа ат берілді.Әр топ өз аттарын қорғайды.

VI Топ аттары:

1.Қарлығаш

2.Аққу

3.Торғай

VII «Ойна да,ойлан»айдарында «Қарлығаш» тобына тапсырма: «Әуеде ұшқан бір топ қаз»деп аталады.


Қасқырдың бөлтіріктері тістері қышып қаздың етін жегісі келген екен.Аспанға қараса,бір топ қаздар айналып ұшып жүр екен.Бөлтіріктер оларға жете алмайтынын біледі.Сілекейлері ағып,қимас көңілмен қаздарды санай бастайды.Бірақ қанша санағандарымен қаздардың санына жете алмайды.Мүмкін сендер санап берерсіңдер.

(18 қаз)

«Аққу»тобына тапсырма:

Тыйым сөздердің мағынасын аш

1.Құстарды өлтіруге,ұясын бұзуға болмайды.

2.Дені сау құстарды,балапандарды үйге әкелме.

Оқушы жауабы:

1.Табиғаттың көркі-құстарды қорғауымыз керек.Құстар өсімдікті қорғайды.Сондықтан құсты өлтіруге,ұясын бұзуға болмайды.

2.Ұядан түсіп кеткен балапанды алып кетпеу керек.Ондай балапан өлмейді.Оны енесі тауып алады.

Мұғалім:Құс жұмыртқасын қолмен ұстауға болмайды,себебі құс ұясына мүлде оралмауы мүмкін.

«Торғай»тобына тапсырма

Құстарға мінездеме бер:

Бүркіт-қыран құс

Аққу-сұлу құс

Көкек-мақтаншақ құс

Тоқылдақ-орман дәрігері

Түйеқұс-үлкен құс

П ингвин-жүзгіш құс


IX Қорытынды

Табиғат біздің байлығымыз.Осы табғаттың көркі,сәні,әні болған құстард қорғайық.Ал құстар өсімдік қорғаушысы.Сол құстарға қамқор бола білейік.

Табиғат тілашарын қарасақ

Халық болжамдары:

1.Торғайлардың іс-әрекетіне қарап ауа-райының өзгеретінін білуге болады.Егер торғайлар жемге келгенде жинақы,көңілді болса күн жылы болады.Ал олардың қауырсыны үрпе-үрпе болып,өздері тынышсызданса артынша аяз болады.

2.Қарғалар үй үстіне топтасып ұшса қыс суық болады.

3.Құстар көп болса,зиянкес жәндіктер аз болады.

4.Бұлбұл үнді,жылан тілді.

5.Қысқа аяз қатер емес,аштық қатер.Құстар-достар.Қыста құсқа жақсылық жасасаң,жазда жақсылығыңды өтеп береді.



Тақырыбы: «Неден-не» жасалынады?

Мақсаты: Заттарды бір-бірінен қасиеті жағынан айыра білуге

үйрету

Нәтиже: 1. Дене мен заттың тәуелділігін анықтайды

2. Дене, зат және табиғи құбылыстардың өзгеруі

кезіндегі өзара байланысты анықтайды.

3. Дене мен заттың қарым-қатынасы туралы өз нұсқала-

рын ұсынады.


1. Мотивациялық кезең

Миға шабуыл. Ойын «Жанды- жансыз»

Ойын ережесі: жанды заттарды атағанда қол соғамыз, ал жансыз заттарды

атағанда үндемеу керек.

Кесе, гүл, шкаф, қайық, мысық, шарф, қыз, үй, піл,машина, балық, аквариум ара, кітап т.б,.-балалар сөзге байланысты қимылдар жасайды.

Интерактивті тақтада жансыз заттардың суреттері ілінеді:

-Бұл заттарға қарап не айтуға болады?

-Бұл заттар адам қолымен жасалған.

-Сонымен , біз бүгінгі сабағымызда не туралы сөз қозғаймыз?

-Жасанды заттар туралы.

2. Негізгі бөлім.

-Біз атаған заттар неден жасалынған?-Әйнектен, ағаштан,матадан, тастан,металдан,қағаздан.

-Оны қайдан білесіздер?-Көрдік,ата-анамыздан,қолымызбен ұстап көрдік.

-Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Неден-не» жасалынады?

1).Тақырыпты ашу.

Бес балада бір бешпет

Бір киініп,бір шешпек. (Жауабы: қолғап)

Балалар, қолғап неден жасалынады?-жүннен тоқылады.

-Сіздер қалай ойлайсыздар, қолғап неліктен жүннен тоқылады?


-Себебі , жүн жылы, жұмсақ, үлпілдек.

2) Зерттеу:

Оқушылар алдарына 4 ыдыс қойылады:ағаштан, қағаздан, металдан,саздан.

Олардан ұқсастығы мен айырмашылығын табу сұралады.

Ұқсастығы: бұларға сұйық заттар құюға болады.

Айырмашылығы: олар әр түрлі заттардан жасалған:ағаш,саз,металл,қағаз.

3) Ой қозғау.

Бұл заттардың қайсысынан шай ішуге арналған ыдыс жасауға болады?

Оны білу үшін аталған заттардың қасиетін білуіміз керек.(оқушылар пікірлері тыңдалады)

Заттарды бір-бірлеп көрсетеміз.Нені білуіміз керек?

-Қандай ыдыс (қандай зат), ыңғайлы (жеңіл), мықты (қауіпсіз)

4) Топпен жұмыс.

Оқушыларға № 1,2 карточкалар таратылады.Топта талданады.Түсінбегенде-

рін сұрайды.

Заттарды зерттейміз.

Жоспары:

1.Әуелі заттарды қолымызға аламыз.

2.Салыстырамыз.

3.№1,2 кестелерді толтырамыз.

4 Екі кестені салыстыра отырып, бұл денелердің қасиеттері бірдей ме, әлде әр түрлі ме ?-табамыз.

5.Топ жетекшілері нәтижелерін айтады.

Сонымен шай ішуге қандай ыдыс ыңғайлы екен?Заттардың қандай қасиетіне қарап ,ыссы шайды бұл ыдыспен ішуге болмайды деп таптық.

-ағаш ыдыстан - иісі болады

-метал ыдыстан – ыдыс тез ысиды.

-қағаздан – ыңғайсыз, тез ысиды, ериді.

5) Рефлексия

-Балалар,заттарды орынды пайдалану үшін оның неден жасалғанын білу маңызды ма? (оқушылар жауаптары тыңдалады)

Олай болса, мына кестені толтырамыз (әрбір оқушының алдына кестелер таратылып беріледі ) . Осы кесте арқылы оқушының тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтауға болады.

Дұрыс жауап-жасыл дөңгелек

Қиындық тудырса-сары дөңгелек.

Өте қиын – қызыл дөңгелек.


2-сынып 8-сабақ

Тақырыбы: Жердің тартылыс күші.

Мақсаты: Ағылшын ғалымы Исаак Ньютон және оның

Бүкіләлемдік тартылыс заңы туралы түсінік беру.

Неліктен денелер төменге құлайды-себеп-

салдарын іздестіру, қорытындылау.

Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, қызы-

ғушылығын ояту.

Ұйымдастыру.

Қайырлы таң, достым,

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі күн міне-

Жаңалыққа толсын!

1.Мотивация:

Қызығушылығын ояту: Тотықұс, жылан, маймыл және піл туралы мультфильмнен үзінді көрсете отырып, «Неліктен жаңғақ төменге құлай береді?» деген сұраққа жауап іздейміз.(оқушылар пікірлерін тыңдау)

2.Операциялық-орындаушылық кезең :

Бүкіләлемдік тартылыс заңын зерттеу:

Жоғардағы сұрақтың жауабын ағылшын ғалымы Исаак Ньютон тапқан екен.

а) И.Ньютон туралы мағлұмат беру.

Англияның кішкентай қаласында 1643жылы дүниеге келді. Ол атақты физик, математик, химик. Осы салаларда көптеген жаңалықтар ашқан адам.

ә) И. Ньютоның ашқан ұлы жаңалығы туралы мынадай аныз бар: бір күні бақшада қыдырып жүрген Ньютон алма ағашының түбіне демалуға отырады.

Ол бұрын да «өзендер неге төменге ағады» деген сұраққа жауап іздеп жүр еді

-« Метеор неге Жерге құлайды?»

-« Неліктен планетталар Күнді айнала отырып құламайды?»

Осыларды ойлап отырған кезде алма ағашынан бір алма жерге құлап түседі.

Сөйтіп ,И.Ньютон Бүкіләлемдік тартылыс күші занын ойлап тапты.

3. Рефлексия

Тақтаға үш оқушы шығады.Қолдарында бір парақ қағаз,қауырсын,оқушы сөмкесі. Мұғалім оларға осы заттарды жоғарға лақтыруды тапсырады.
Нәтижесінде барлық заттар төменге құлайды: бірінші – оқушы сөмкесі ,екінші-парақ қағаз,сонынан –қауырсын.Ол заттардын салмағына байланысты.Ерте ме , кеш пе,бәрлық заттар төменге құлайды деген шешімге келді. Бұл И.Ньютон ойлап тапқан бүкіл әлемдік тартылыс күші болып табылады.

4. Ой қозғау.

Миллиондаған адамдар алманын үзіліп жерге түскенін көрді . Тек қана Ньютон « бүл неліктен ?» деп ойланды да ,бүкіл әлемге әйгілі Заңын ашты .

-Табиғатта қандай құбылыстар тартылыс күшіне ие ? ( Мұхиттардын көтерілуі мен қайтуы , планеталарды Күнді айналуы – Күн үлкен және планеталардын бәрін өзіне тартады.

5. Іздену.

-Циолковскииге Исаак Ньютон жаналығы қалай көмектесті?

-Ракетанын космостық жылдамдығын тапты .


6.Қорытынды.

Біз бүгін әлемдегі ен үлкен жаналықтын бірі – Тартылыс заңын білдік. Ал сендер бұл сабақта өздерің қандай жаңалық аштындар.





3-сынып. Дүниетану 3-сабақ


Сабақтың тақырыбы

Жүрек -адам өміріндегі ең маңызды мүше

Жалпы мақсаты

Оқушыларға жүрек туралы, жүректің адам өмірі үшін маңыздылығына тоқтала отырып, оны сақтап, салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Жүректі күтудің ережелерін білгізе отырып, гигиеналық талаптарды сақтауға үйрету. Өз денсаулығымен бірге өзгелердің денсаулығына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері

  • Жүрек, қан айналым туралы ұғымдарымен танысады.

  • Жүректі күтудің жолдарын үйренеді.

  • Жүректің адам өміріндегі ең маңызды мүше екендігін меңгереді.
    Жүректі өлшеуіш құралдарымен танысады.

Жаңа технология

Сындарлы оқыту, Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Түрі

Аралас сабақ

Әдістері

  • Иллюстрациялық түсіндіру.

  • Репродуктивтік әдіс.

  • Зерттеу әдісі.

  • Эвристикалық әдіс.

  • Мақсатты әдіс.

Таным қызметін ұйымдастыру

  • Жекелік- танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады;

  • Жан-жақтылы-барлық оқушылар үшін жалпы міндет қойылғанда;

  • Топтық- жауап топ ішінде жинақталады;

  • Ұжымдық- ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, дамыту

Көрнекілігі





Сабақ жоспары


Интерактивті тақта, маркер, ватман, джилекс қондырғысы, бағалау парақшасы, адам макеті

Схема 1


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру

Топқа бөлу

Психологиялық дайындық.

Оқушыларды геометриялық пішіндер арқылы топқа бөлемін.

таңдағандар – лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін басқарушылық қабілеті басым жандар

таңдағандар – өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар



т аңдағандар – өте мейірімді, басқаның қайғысын да қуанышын да бөлісуге даяр тұратын жандар

Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабағымызды қалай өткіземіз?

Мұғалім: Ал, енді, сабағымызды бастаймыз.

І топ: «Артерия»

ІІ топ: «Вена»

ІІІ топ: «Қолқа»

Оқушылар қораптан геометриялық пішіндерді таңдап (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы) алып, жұмыс орындарына отырады.



Оқушылар топқа бөлініп отырады.





Оқушылар: керемет қылып өткіземіз.


Геометрия-

лық фигура-

лар
































«Білу» кезеңі Жобалау















«Ол қай мүше?»


-Оқушылар, өздерің білесіңдер адам ағзасы сыртқы, ішкі мүшелерден тұрады. Әр ағзаның өзіндік атқаратын қызметтері бар. Сол мүшелердің кез – келгенінің біреуін алып сипаттама жазыңдар.

Ал, енді балалар, менің жазған мүшемнің сипаттамасын естігілерің келе ме? Онда тыңдаңдар.

Ол мүшесіз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Ол мүше кеуде қуысының ортасынан сәл солға таман орналасқан. Оның үлкендігі адамның өз жұдырығындай ғана. Ол жақсы жетілген бұлшық еттен тұрады.

1 минутта 60 рет соғады. Бұл қай мүше?

(Интерактивті тақтадан жүректің суреті шығады.)

Олай болса, балалар біздің өтетін тақырыбымыз

«Жүрек –қан тамырлары. Қанның қызметі»

Оқушылар өздері қалаған мүшелеріне сипаттама жазып, соны қорғайды









Оқушылар

мұғалімнің сипаттаған мүшесін табады.






Интерактив

ті тақта, А4 форматтағы қағаз











Интерактив-

ті тақта, слайдтар, кесте

ІІ. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі










Таппайтын тағат,

Тығулы сағат.

- Ол не ,балалар?

Оқушылар жауабы: «Жүрек»

Ж үрек туралы не білесіңдер, қане, білетіндеріңді ортаға салыңдар.








Оқушылар жұмбақтың шешуін тауып, жүрек туралы білетіндерін топтастырады.


Жұмбақ,

ватман


«Түсіну» кезеңі



























«Қолдану»

«Сынып ішін аралау» тәсілі















«Талдау»

Эдвард де Боно «Ақылдың алты ойлау қалпағы»













Тәжірибе:

Рисунок 12







«Орнын тап» ойыны

Жүрек

Орналасқан жері:

Көкірек қуысының сол жағында орналасқан.


Жүрек жақсы жетілген қалың бұлшық еттен тұрады. Оның үлкендігі өз жұдырығындай ғана. Жүрек сол жақ қарынша, оң жақ қарынша, екі артерия және көктамырдан тұрады.




Құрылысы:





,







Қызметі

Сорап сияқты. Жүрек жиырылғанда қан күшпен қан тамырларға айдап шығарылып, солардың тарам-тарам жүйелерімен адамның барлық мүшелеріне тарайды. Қан айналым деп қанның ағзаны аралап қозғалуын айтады. Артерия, Көк тамыр, Қолқа туралы ұғымдармен таныстыру




















1)Үйден дайындап әкелген «Жүрек-қан тамырлары. Қанның қызметі» мәтінін 3 абзацқа бөліп, алдын ала А4 қағазға жазып әкеліп немесе топтарға қай абзацқа дейін оқу керектігін хабарлаймын. Әр топ өздеріне берілген абзацты оқып болғаннан кейін оларға 1-ден 3-ке дейін нөмір жазылған жетон таратамын. Сосын 1- нөмір алғандар бір топқа, 2-нөмір алғандар екінші топқа жиналады, т.с.с. Балалар оқыған мәтін бөлігін бір-біріне айтып береді. Сонда бір оқушы мәтінді толық оқымай-ақ оның мазмұнын түсініп шығатындай жағдай жасаймын.

Объект 7 Объект 11



Объект 13 Объект 14

Объект 16



Объект 15

2) -Ал оқушылар, сіздерге мына бір қондырғымен таныстырып өтейін. «Джилекс» «PASCO» ағылшын компаниясының шығарған лабораториялық құрылғысы. Онымен физикадан, химиядан, биологиядан әртүрлі лабораториялық тәжірибелерді жасауға болады. Сонымен қатар бұл құрылғымен жүректің ырғағын, оның тербелісін анықтауға болады. Қазір жай қалыптағы оқушымен, жаттығу жұмысын жасап болған кездегі оқушының жүрек тербелістерін анықтаймыз.

3) - Балалар, қазір біз мына адамның макетін құрастырамыз. Ол үшін мына партаның үстінде адам мүшелері шашылып жатыр. Соны қайтадан орындарына салып құрастырамыз. Бұл ойын қай мүше қай жерде тұратынын білуге арналған



Оқушылар интерактивті тақтадан сатылай кешенді талдау схемасына салынған түсіндірулерге назар аударады.





























Оқушылар берілген абзацты оқып, басқа әріптестеріне түсіндіріп шығады











Оқушылар «Жүректі қалай күтуге болады?» тақырыбындағы сауалға сыни көзқарастарын білдіре отырып, Жүректі күтудің ережелерін өздері шығарады.





























Оқушылар Джилекстің көмегімен өздерінің жүрек соғысының жиілігін анықтайды.













Оқушылар адам макетін құрастырып шығарды.





Интерактив-

ті тақта











































А4 форма-

тында-

ғы ақ қағаз







































Алты түсті қалпақ



















Джилекс қондырғысы



















Макет, адам-

ның ішкі ағзалары


«Ой қозғау» «Филвордты шешу»

Деңгейлік жаттығулар

СТРУЛКБАУЫРЛЫСҚЮРЖҮРЕККЛСТЛРҚАҢҚАОПРПАВЧКӨКТАМЫРДОЛРОПҚЫЗЫЛТАМЫРЬДРГПАРТЕРИЯДЩРНАВЕНҚАНЕПМҮШЕЛТОЛРКЛО

Шашылған әріптердің ішінде тұтас сөздер кездеседі. Кім көп табуға тырысады.

Тапсырма жазылған бетшелер

Сен білесің бе?

- Балалар, «Жүрек» сөзі кең ауқымды. Жүректі біз биологиялық тұрғыдан ғана емес, оны ұлттық патриоттық тұрғыдан да қарауымызға болады. Себебі, жүрегі қазақ деп соққан әр адам өз елінің патриоты болуы керек. Мысалы, қазақтың қаракөз ұл-қыздары елінің намысын қорғау үшін түрлі жарыстарға барған кезде қазақ елінің туы жоғарыдан желбірегенде қолын жүрегінің тұсына қойып, көзіне жас алып, Әнұранды шырқайды. Әнұран –халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлемхат іспеттес. 2006 ж 7.01 №112-ІІІ ҚРЗ -де Конституциялық Заңына өзгерістер енді. 11-баптың бірінші бөлігінде : «Гимнді тұрып тыңдайды» деген сөздер «Гимнді орнынан тұрып, оң қолының алақанын омырауының сол жағына қойып тыңдайды» деген сөздермен алмастырылған. Олай болса, Тәуелсіз еліміздің туын желбіретер, Әнұранның әуенімен жүректеріңнің ырғағы бірге соғар еліміздің ертеңі болыңыздар.

«Әнұран айту.»





Оқушылар әнұранды қолдарын жүрек тұсына қойып шырқайды.

Қазақстан Республика-

сының Мемлекеттік Әнұраны

«Маманмен кеңес»






«Жұптас, ойлан, бөліс»

4 жол өлең шығару

Рисунок 1



Пайдалы кеңестер. «Сен біле жүр!»












Жинақтау

Б үгінгі өтілген тақырып бойынша қорғау жұмыстар



-Ал, балалар, біздерге жоғары сыныптың биология пәні мұғалімі Майра апай қонаққа келіп отыр. Майра апай жүрек туралы тағы не қосар екен. Маманның сөзіне құлақ түрсек.


Достарыңды салауатты өмірге шақыр!

----------------------------жатпаңдар,

----------------------------қайтпаңдар.

---------------------------қолға алып,

----------------------------бастаңдар.


Жүрек – қантамыр жүйесіне пайдалы тағамдардың құрамында алма, апельсин, лимон сынды жемістер бар. Мысалы, алма қандағы гемоглобиннің құрамындағы темірдің көбеюіне қажет болса, апельсин шырынын ішу қан тамырлардың жұмысын жақсартса, цитрусты өсімдіктердің барлығы қан тамырлардың қабырғасын қатайтып, серпімділігін арттырады. Жемістерден қуат алып, жүзіміз жадырай берсін!



І топ: «Жүрек»

ІІ топ: «Қызыл тамыр»

ІІІ топ: «Көк тамыр»






Оқушылар жоғары сыныпта оқитын материалдарды қызыға тыңдады.




Оқушылар жұптаса отырып, берілген графада өлең шығарады









Оқушылар жемістердің пайдалары туралы біледі.











Үш топ өздеріне берілген тапсырманы бар ынтамен, белсенділікпен орындады.




Жүрек туралы мәлі-

меттер







Парақша










Жемістер


Рисунок 10










Ватман қағаз, маркер




Рефлексия

Рисунок 11

«БІЛІМ БАСПАЛДА

ҒЫ

Балаларға баспалдақ суреті салынған қағаз таратылып беріледі де, сол баспалдақтағы өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе, баспалдақтың ең биік жеріне күннің суретін салады. Ал егер сабақты дұрыс түсінбесе, сабақ ұнамаса, баспалдақтың төменгі жағына бұлттың суретін салады. Сабақта оқушының көңіл-күйі орташа болып, кейбір нәрселерді түсінбесе, онда баспалдақтың ортасына бір жағы ашық, бір жағы боялған бұлттың суретін салады.

Б




үгінгі сабақтың қалай өткендігі жөнінде оқушылар өз пікірлерін жазады. Кері байланыс жүргізі-

леді.

Баспалдақ суреті, бұлт-

тың, күннің, жартылай боялған бұлттың суреттері.

ІV.Үй тапсырмасы

Жүрек – қан тамырлары. Қанның қызметі ( оқып, түсініп келу)

Оқушылар үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Оқулық, күнделік.

Бағалау

Формативті бағалау.

Бүгінгі сабаққа қатысқан оқушыларды пайдалы витаминдермен бағалаймын .

«5» - апельсин - тәтті

«4» - алма – қышқыл

«3» - лимон – ащы

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы. Оқушыларды формативті бағалау.

Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды жемістермен бағалау.

Бағалау

бетшесі



3-сынып 10-сабақ

Тақырыбы:

Табиғаттағы су айналымы. ӨҚН Жаяу жүргіншідер қауіпсіздігі

Мақсаты:

Судың табиғаттағы айналымы туралы ұғым қалыптастыру.

Сілтеме:

МАН 2013 жыл, оқулық, АКТ көздері, электронды оқулық, үлестірме материалдар.

Күтілетін нәтиже:

Судың үш күйін біледі. Жаяу жүргінші және өміріне қауіпті жағдайларды ажырата біледі.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Интербелсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер, стикер, бағалау парақшалары.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Оқыту әдіс тәсілдері, бірлескен оқу, Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, көшбасшылық және АКТ-ны қолдану. Жас ерекшелікке сәйкес оқыту. Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау.

Критерийлер бойынша бағалау.

Негізгі дерек көздері:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2013 жыл, Дүниетану оқулығы «Атамұра» баспасы. Оқулық авторлары: К. Жүнісқызы, Ә. Бірмағамбетов, Қ. Аймағамбетова, И. Нұғыманов, Қ. Жүкешев,

Сабақтың барысы:

Мұғалім әрекеті, тапсырмалар

Оқушы тапсырмаларды орындайды.

Ұйымдастыру.

Психологиялық ахуал туғызу.

Шаттық шеңберін құрастыру. Жаңа топ құру. Суреттер арқылы топқа бөлінеді.

Бір-біріне сәттілік, қуаныш тілейді.

Білу.

Су туралы не білеміз? Не білгің келеді?

Бұрынғы білімді еске түсіреді. «Сусыз тіршілік жоқ» дегенді қалай түсінесің? Диалогқа түседі.


Түсіну

Жаңа материалды меңгерту.

Табиғаттағы су айналымы. ӨҚН Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі Оқылым стратегиясы. Берілген тапсырманы оқиды.

Айтылым стратегиясы. Оқушылар айтады. Тыңдайды.

Мұғалім айтады. Оқушылар тыңдайды.

Қолдану

Топпен жұмыс.

Топ арасында ЖАДА үдерісі пайда болады.

Постермен жұмыс. 1-топ. Суды неге ғажайып дейміз? Су мол жердің айырмашылығы неде?

2-топ. Адам денесіне су не үшін қажет? Адам бойындағы судың азаю салдары неге әкеліп соғады?

3-топ. Су қалай буланады? Табиғаттағы су айналымы. Қатты күйге қалай ауысады. Оған не себеп?

4-топ. Қазақстандағы шипалы су туралы.

Сергіту жаттығуы

Үйрек биімен сергіту жаттығуын жасау.

Талдау. «Ротация»

«Ротация» әдісі арқылы құрастырған постерлерін топ басшысы қорғап береді.

Жинақтау


Су бар жердегі қауіпсіздік ережесін қалай сақтауға болады? Өз ойларыңды айтыңдар. Мәнжазба жазу. Көл немесе өзен айналасындағы қауіп-қатер.

Бағалау. Жағдаяттан шығу.

Сусыз адам неге өмір сүре алмайды? Сені бір күн бойы сусыз қойсақ тек қана 1 литр ащы су болса не істер едің? Оны қалай тұщытар едің?

Қорытынды

Кері байланыс.

Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді.

Бағалау

Бағдаршам арқылы бағалайды. Өзара бағалау және өзін- өзі бағалау.

Критерийлер бойынша бағалау.

Үйге тапсырма: Тапсырманы толықтай оқу. Келесі сабақта зерттеушілік әңгімеге дайындық жасау. Сурет салу.

Жаяу жүргінші жолын не үшін пайдаланамыз? ( жазу)


Сынып

4-сынып 8-сабақ


Пәні

Дүниетану

Тақырыбы

Табиғат және экология.Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.

Мақсаты

Ауаның ластану көздері мен ластануды болдырмау туралы бастапқы көзқарас қалыптастыру, ауаның тіршілік үшін маңыздылығын ұғындыру.

Күтілетін нәтижелері

  1. Ауаны қорғау не үшін қажет екендігі туралы ұғымдары қалыптасады, таза ауаның тіршілік үшін маңыздылығын түсінеді, топпен, жұппен жұмыс істеуге, бірін-бірі тыңдай білуге үйренеді, тәжірибе жасау дағдылары артады, бірін-бірі әділ бағалауға төселеді.

Қажетті құралдар

«Дүниетану» оқулығы (авторлары Қ.А.Аймағамбетова, К.Жүнісқызы, Ә.Д.Бірмағанбетов, И.Нұғыманов, Қ.Жүкешев. Алматы «Атамұра» 2014ж), суретті таратпалар, электронды оқулық, АКТ құралдары, слайд, қызыл, сары, жасыл түсті қырлары бар кубиктер, бейнефильм, «Табиғаттың шағым кітабы», Қазақстан картасы, тәжірибе жасауға қажетті құралдар, постер, маркерлер, стикерлер, күлегіштер, жұлдызшалар, қала макеті, бағалау парағы.

Стратегиялық іс-әрекеттер

«Ой шақыру»,«Алма ағашы»әдісі, «Көбелекті бояу» ойыны, топтық, жұптық жұмыстар, АКТ, «Түрткі болу» және жабық сұрақтар, бағалау.

Негізгі идея

Таза ауаның тіршілік үшін маңыздылығын ұғыну.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Ұйымдастыру

  1. 1. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.

  2. Егер де сен күнде мектепке қуанышпен келетін болсаң, оң қолыңды көтер!

  3. Егер де сен әр адамның бойындағы адамгершілік пен адалдықты жоғары бағалайтын болсаң, сол қолыңды жоғары көтер!

  4. Егер де сен өз күшіңе сенімді болсаң, аяғыңды тарсылдат!

  5. Егер де сені өз еліңнің болашағы алаңдатса, қол шапалақта!

  6. Егер де сен өз еліңнің патриоты болсаң, бір қадам алға бас!

  7. Егер де сен еліміздің бәсекеге қабілетті ел болатынына сенімді болсаң, екі қолыңды жоғары көтер!

  8. Еліміздің болашағы - сіздердің қолдарыңызда екеніне сенімді болсаңдар, бір-біріңмен қол ұстасыңдар!

-Бүгінгі сабағымызда осылай бірлесіп, алғырлық пен жігерлік танытып, өз білімдеріңді көрсете алатындарыңызға мен сенімдімін.

Топқа бөлу.

Топ басшылары сайланып, оларға бағалау парақшалары таратылады.

-Әрбір тапсырма орындалған соң топтар орындарымен ауысып отырасыңдар.

Тапсырманың орындалу барысы кубиктер арқылы анықталады. Қызыл түс – тапсырма орындалуда, сары түс – көмек қажет, жасыл түс –тапсырма дайын екенін білдіреді.

Рисунок 2

Алтын ереже құру.

1-топ

« Ғалымдар»

тобы


2-топ «Зерттеушілер»

тобы


3-топ

«Экологтар»

тобы



Оқушылар

түрлі қимылдар

жасайды.





















Суреттер суыру арқылы 3 топқа бөлінеді:





Оқушылар алтын ереже құрастырады:

1.Бір-бірімізді тыңдау.

2.Уақытты тиімді пайдалану.

3.Ұйымшылдық-пен жұмыс жасау.

4.Әрбір пікір құнды



Білу

Өткенді қайталау.

-Табиғаттағы ең құпия, ешкімге зияны жоқ жаратылыстардың бірі-көбелек. Мұндай ғажайыпты ойлап табу мүмкін емес. Адам қарағысыз дернәсілден тап бір суретші салып қойғандай ою-өрнекті қанаттары бар сұлу жәндік шыға келеді.

«Көбелекті бояу» ойыны.

Рисунок 3






Берілген жабық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, көбелекті бояу.

1 .Судың үш түрлі күйін ата.

А)Сұйық, қатты, газ

тәрізді.

В) Мөлдір, сұйық, түссіз.

С) Ерігіш, қатты, жылы.



2.Адам сусыз қанша уақыт шыдай алады?

А) 2 апта В) 1 апта С) 1 күн


3.Табиғаттағы су айналымы қалай болады? Осы туралы әңгімелеп бер.









4.Әлемдегі ең ұзын өзен және оның ұзындығы.

А) Ертіс В)Ніл С) Ди

5.Дүние жүзіндегі ең терең көл.

А)Байкал В)Балқаш С)Алакөл

6.Бұл көлдің суы екі түрлі болып келеді. Ол қандай көл? Картадан көрсет.

А) Балқаш В) Зайсан С) Байкал

7. Ауа деген не?

А)Газдардың қоспасы

В) Жер астынан шығатын газ.

8.Ауа қоспасындағы ең көп мөлшердегі газ және оның мөлшері.

А)Оттегі В)Көмірқышқыл С)Азот

9. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты.

А)Атмосфера В)Гидросфера С)Литосфера

10.Аспан мен оның өзгерісін зерттейтін ғылым.

А. Ихтиология

В. Метеорология




Оқушылар өткен материалды еске түсіре отырып, берілген жабық сұрақтардың дұрыс жауаптарын таңдайды, бірін-бірі бағалайды.




Табиғаттағы су айналымы туралы слайд арқылы әңгімелейді.











Қазақстан картасынан Балқаш көлін көрсетеді, көл суының ерекшелігі туралы айтады.
















Түсіну және қолдану

«Ой шақыру» әдісі.

Бейнесюжетті көру.

-Не көрдіңдер?

-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ауаның ластануы. Ауаны қорғау».

Сабақ мақсатымен таныстыру.

-Бүгін біз сіздермен ауаның ластануы және оны қорғау жөнінде әңгімелеп, өз ойымызды ортаға саламыз. Біздің республикамыздың экологиялық жағдайы айтарлықтай емес, көптеген қалаларда атмосфералық ауа зиянды заттармен мөлшерден артық ластанған. Ауыз су, ауа, қажетті азық-түліктің неше түрлі улы қосылыстарымен ластануы адамдардың денсаулығына әсер ететіні белгілі. Бұл өзгерістер адамзат баласына және барлық тірі ағзаларға зиян келтіреді. Сондықтан да қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау еліміздегі ең күрделі мәселелердің бірі болып саналады.


Бейнесюжетті көріп, өз ойларын ортаға салады, пікірлеседі.

2 мин















Талдау


«Зерттеушілер» тобының тапсырмасы










«Ғалымдар» тобы


«Экологтар» тобы


Шыршаның шағымы






Өзеннің шағымы















Оттың жануына

ауа қажет пе?








Ауаның құрамындағы газдар, олардың қолданылуы

кластер





Экобасылым шығару









Тәжірибе жасау.

Топтық жұмыстар.

1-тапсырма

«Зерттеушілер» тобының тапсырмасы

1.Ауа қайда кездеседі?

Берілген жоспар бойынша тәжірибе жасау:

1.Сабын көпіршіктерін үрле. Не байқадың? Көпіршікте ауа бар ма?

2.Ыдысқа су құй. Стаканды тіке ұстап суға батырып көр. Не байқадың? Стаканға су кірді ме?

3.Мандаринді суға батырып көр. Батады ма?Енді қабығын ашып, батырып көр. Не байқадың?

4.Нәтижелерді жаз.

«Ғалымдар» тобының тапсырмасы:

1.Ауаның ластану жолдары (постерге жазу, оны қорғау).

«Экологтар» тобының тапсырмасы: «Табиғаттың шағым кітабындағы» шағымдарға жауаптар жазу.

Шыршаның шағымы

Орманның ішінде мен жалғыз қалдым. Бұрын қасымда көптеген әдемі шыршалар өсіп тұратын. Бір күні Жаңа жыл қарсаңында адамдар келіп, оларды кесіп алып кетті.

Міне, содан бері мен жалғызбын.

Өзеннің шағымы

Менің суым тұп-тұнық, мөп-мөлдір еді. Адамдар үлкен зауыт салып, лас суларын құйып жатыр. Демалыс күндері келіп, суыма шомылып, жағама қоқыстарын тастап кетеді. Балықтарым да азайып барады. Қазіргі жағдайым өте нашар.

Электронды оқулықтан «Ауаның ластану себептері» тақырыбында бейнематериал көрсету.




2-тапсырма

«Зерттеушілер» тобының тапсырмасы

*Оттың жануына ауа қажет пе?

Берілген жоспар бойынша тәжірибе жасау:

1.Бөлек ыдыстарға екі майшамды орналастыр.

2.Екі майшамды да шырпымен жақ.

3.Біреуінің үстіне стакан жауып қой.

4.Екі майшамның қайсысы бірінші сөніп қалды? Неліктен?

5.Нәтижені жаз.


«Ғалымдар» тобының тапсырмасы:

Ауаның құрамындағы газдар, олардың қолданылуы (кластер жасау) .


«Экологтар» тобының тапсырмасы:

Экобасылым шығару

Қызықты мәлімет

-Полиэтилен пакеттері мен пластик шөлмектердің шіруі үшін 500-1000 жыл уақыт қажет. Оларды өртесе, зиянды газдар бөлінеді. Сондықтан оларды қайта өңдеу қажет. Германияда қоқыстар ажыратылып, жеке-жеке 7 түрлі контейнерге бөлініп салынады.


3-тапсырма.

«Зерттеушілер» тобының тапсырмасы:

Ауа мен судың салмағы.

Берілген жоспар бойынша тәжірибе жаса:

1.Екі ыдысқа су құй.

2.Ішінде ауа бар резеңке ойыншықтарды суға батырып көр.Не байқадың?

3.Ойыншықтардың ішіндегі ауаны шығарып, суға қайта батырып көр. Ойыншықтар суға батты ма?

4.Қайсысының салмағы жеңіл: судың ба әлде ауаның ба?

5.Нәтижені жаз.

«Ғалымдар» тобының тапсырмасы:

Жұппен жұмыс жасау.

«Ойлан, тап!»

1.Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Зауыттар, фабрикалар, көліктер ластайды. Адамның, жануарлардың, өсімдіктердің тіршілігіне қажет. Көлік жолдарынан көтерілген шаң

тарайды. Өсімдік жапырақтары ұстайды. Ауаны тазартудың ең тиімді жолы .

Дұрыс нұсқаны таңдап, сұрақтарға жауап бер.

2) Ауаның не екенін көрсет.

А)түсі мен дәмі бар газдар қоспасы

В) жер астынан мұнаймен қоса шығатын газ

С) жер атмосферасын құрайтын табиғи газдар қоспасы

Д) оттегі, сутегі, көмірқышқыл газының қоспасы

3) Жер шарын зиянды сәулелерден не қорғайтынын көрсет.

А) жел В)атмосфера

С) көмірқышқыл газы Д) оттегі

4) Оттегі ауаның қанша пайызын құрайтынын көрсет.

А)21 % Б)78 % С)1 % Д)23 %

5) Атмосфералық қысым қандай құралмен өлшенетінін көрсет.

А) танометр Б)барометр

В)термометр Д)таразы

6)Ауаның қасиетін көрсет.

А)ауыр, сұр түсті В)түссіз, иіссіз

С)сұйық, иіссіз Д) дәмді, түссіз

«Экологтар» тобының тапсырмасы:

Экологиялық есептер шығару:

1.Италияда ас әзірлеу үшін жыл сайын 40 млн. құс аулайды; тағы 30 млн. ағаш бұтақтары мен бұталарға жағатын арнайы желім арқылы ауланады; 170 млн. аңшылар атып өлтіреді. Италияда жылына қанша құс өледі?

2. Аққудың басында барлық қауырсынның 1/5 бөлігі. Барлығы 25 000 қауырсын болса, аққудың басында қанша қауырсын бар?

3.Қарлығаштың ұшу жылдамдығы-150 км/сағ. 3 сағат ішінде ол қанша жол ұшады?

4.Жарқанат 6 күнде 300 шыбын жейді. Бір күнде қанша шыбын жейтінін тап.


Оқушылар берілген жоспар бойынша тәжірибе жасайды, нәтижесін жазады, жұмыстарын қорғайды.














Ауаның ластану жолдары туралы ойларын постерге жазады, оны қорғайды.





Шырша мен өзеннің шағымына жауаптарын жазады, оқып береді.
















Ауаның ластану жолдары туралы бейнематериал көреді.

Би билейді.

Музыка әуені естілгенде топтар орындарын ауыстырады.







Жоспар бойынша тәжірибе жасайды, ортақ шешімге келіп, қорытындыны жазады, өз жұмыстарын қорғайды.








Берілген ресурстарды пайдаланып, ауаның қолданылуы туралы кластер жасайды, оны қорғайды.

Плакатқа табиғатты қорғау туралы суреттер салады, ресурстарды қолданып, экопарақшалар дайындайды.




Музыка әуені естілгенде топтар орындарын ауыстырады.


Оқушылар берілген жоспар бойынша тәжірибе жасап, ауа мен судың салмағын салыстырады. Тәжірибенің нәтижесін жазып, жұмыстарын қорғайды.


Жұппен жұмыс жасайды, тест тапсырмаларын орындайды.


Жинақтау

«Түрткі болу» сұрағын қою.

-Ауаны қорғау үшін сіздер қандай үлес қоса аласыздар?

«Біз – таза қала үшін!» Макетпен жұмыс жасау.


Зиянды, улы газ бөліп шығаратын көліктерді велосипедтерге, күн сәулесімен жүретін көліктерге ауыстырады, көшелерге ағаштар отырғызады, саябақ жасайды, зауыттың түтін шығаратын трубасына сүзгіш қондырады.






Оқушылар ауаны қорғау үшін не істей алатындары туралы әңгімелейді.

Макетпен жұмыс жасайды: көшелері көліктерге толы, жасыл ағаштары аз қаланың ауасын «тазартады».





Бағалау.

Үйге тапсырма беру.

Үй тапсырмасы түсіндіріледі, жетістіктер бағаланады.

«Табиғатты аялайық!» эссе жазып келеді.

Топ басшылары-ның бағалау 

парақтары жиналады, жиынтық баға қойылады.

Рефлексия







Бейнефильм «Атамекен»


Кері байланыс

«Плюс, минус, қызықты» әдісі.

Оқушылар сабақ басында таратылған парақшаға бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы өз ойларын жазады.






«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады.
«Минус» - «Қолымнан келмей жатыр» немесе

«Түсініксіз болып тұр» деген ойларын жазады.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!