Материалдар / "Дұрыс және тиімді тамақтану - денсаулық негізі"баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Дұрыс және тиімді тамақтану - денсаулық негізі"баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндамада дұрыс тамақтану ережелері , негізгі шарттары , принциптері , гигиеналық талаптар , минералды заттар мен витаминдердің адам ағзасына пайдасы туралы жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2024
409
5 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Дұрыс және тиімді тамақтану – денсаулық негізі» баяндама

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді, деп хабарлады Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз қызметі.

Дұрыс тамақтану ережелері:

· тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.

· тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн.

· таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді.

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:

1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.

2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.

4. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.

5. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.

Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.

Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спорт пен шұғылдану, күйзеліс пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаныжас, белсенді болып жүруіңізге болады.

Тамақтану режимінің негізгі принциптері:

1. Жиілік, яғни, тамақты үнемі бір тәулік уақытында қабылдау.

2. Тәулік барысында тамақтанудың бөлшектілігі. Сау адамға үш немесе төрт фазалық тамақтану ұсынылады, атап айтсақ: таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және ұйқы алдында бір стакан айран.

3. Әрбір тамақтанған кезде дұрыс тамақтануды барынша сақтау қажет. Бұл, тамақты әрбір қабылдаған кезде азық-түліктер жинағы организмге белоктарды, майларды, көмірсуларды, сонымен қатар витаминдер мен минералды заттарды қолайлы ара қатынаста жеткізу тұрғысынан ойланып істелінуі керек.

4. Бір күнде тамақ ішу бойынша физиологиялық негізделіп бөлінуі. Төрт мезгіл тамақтану едәуір жағымды: жұмысқа дейін тоқ тамақ (күндіз дұрыс тамақтанудың жалпы калориялылығының 25-30 %), жұмыс арасындағы үзілісте жеңіл екінші таңғы ас (жалпы калориялылықтың 10-15 % ), құнарлы түскі ас (калориялылықтың 35-40 %), салыстырмалы жеңіл кешкі ас (жалпы калориялылықтың 15-20 %)

Негізгі гигиеналық талаптар:

Тамақтың құрамында ағза үшін қажетті ақуыз, май, липойд, көмірсу, минералдық зат, витамин, су жеткілікті мөлшерде және оптималдық арақатынаста болуға міндетті.

Тамақ алуан түрлі болып келуге тиіс. Оның құрамына өсімдіктен және жануарлардан алынатын сүт, ет, балық, жұмыртқа . нан көкеніс, жеміс – жидек тағы басқа азық – түліктер енуі қажет.

Тамақ сапалы болуға тиіс және құрамында зиянды қоспасы, ауру тудыратын микробтары болмауы керек .

Тамақ көлемі жағынан да каллориясы жағынан да жеткілікті болуға яғни адамның тою сезімін тудыратындай болуға тиіс.

Тамақты бір күнге дұрыстап бөлу керек. Тамақты үнемі белгілі бір сағаттарда ғана ішу керек .

Ақуыз. Адамның белокқа деген мұқтаждығы сонша, белок болмаса немесе ол жеткіліксіз болса, өсудің баяулығы, орталық нерв жүйесінің шартты рефлекстік қызметінің әлсіреуі және т. б. сияқты ағзаның тіршілік қызметінде елеулі кемшілік тудыруы мүмкін. Ас қорыту шырындарының әсері мен ішек – қарын жолында белоктар едәуір қарапайым бөлшектерге – амин қышқылдарынан жаңа, қажетті және сол ағзаға тән белоктар пайда болады. Белоктың құрылымы мен маңызы оған енетін амин қышқылдарына байланысты. Белоктар ет, балық, сүт, жұмыртқаның ағы, сүзбе, бұршақтық өсімдіктердің дәнінде т.б. болады.

Майлар мен липоидтар – организмнің қалыпты тіршілік қызметі үшін қажетті органикалық қосындылар тобы.

Майлар – мектеп оқушысы тамағының қажетті құрамдас бөлігі. Майлардың құндылығы сонда: оардың құрамында А, Д, Е витвминдері болады, шағындап пайдаланғанның өзінде майлар ағзаға көп мөлшерде энергия береді.

Липоидтар— мектеп оқушысы арганизмнің қалыпты тіршілік қызметі мен өсуіне қажетті, жануарлар мен өсімдіктерден алынған май тәрізді органикалық зат.

Витаминдер (латынша Vita-өмір)- түрлі химиялық құрылымдағы органикалық заттар. Витаминдер ағзаның қалыпты тіршілік қызметі мен дамуы үшін өте үлкен маңызға ие, организмнің ауруларға төзімділігін арттырады.Организмнің витаминдері қажет етуі адамның өсу, даму кезеңінде, ауыр дене және ой жұмысы кезінде, сондай-ақ ауырып қалған жағдайда арта түседі.

Ұзақ уақыт бойы тамақта қандай да бір витаминдердің болмауынан мектеп оқушысында дімкәстық пайда болады, ол авитаминоз деп аталады. Жиі кездесетіндей, ішетін тамақтың құрамындағы витаминдердің мөлшері жеткіліксіз болғанда гиповитоминоз басталады.

А витамині (ретинол) жануарлардан алынған тазық-түлік құрамында болады.Өсімдіктерден алынған азық-түліктерде ол гидролизденгенде ретинолға айналатын каротин провитамині түрінде кездеседі. Көкөністер мен жемістерді тамақ істеуге дайындаған кезде каротин жақы сақталады.

Д витамині – ультра күлгін сәуле түсірген жағдайда стериндерден пайда болады. Организмде Д витамині күн радиациясы көбейген жаз айларында артады.

Д витамині балықтар мен сүтқоректілердің бауырында, жұмыртқаның сарысында, жазғы сүт пен сары майда мол болады. Қыс мезгілінде жануарлардан алынған азық-түлік құрамындағы Д витамині күрт азайып кетелді.

К тобы витаминдері-қан кетудің кейбір түрлерінің алдын алу қабілетіне ие. К тобы витаминдерінің организмге келуі жеткіліксіз болғанда ерекше заттың қан кету мен қан құйылуда қанның қалыпты ұюы үшін қажетті протомбиннің пайда болуына нұқсан келеді.

В тобы витаминдері- В1 витамині (тимин) көмірсудың алмасуына әкеледі.В2 (рибофлавин )-клеткалардың тыныс алуын қамтамасыз ететін және көмірсулардың алмасуына қатысатын ферменттердің құрамдас бөлігі.

РР витамині (никотамид)организмнің тотықандыру-қалпына келтіру процестеріне қатысады.

С витамині (аскорбин қышқылыы) глюкозадан синтетикалық жолмен алынады. Аскорбин қышқылы ішекке оңай және тез сіңіп, қанға барады.

Минералдық заттардың белок, май, көмірсудан айырмашылығы – органикалық емес қоректік заттар қатарына жататындығы.

Су әрбір тірі клетка мен ұлпаның құрамына енеді. Барлық физикалық– химиялық және физиологиялық процестер:тамақтық заттарды сорып алу мен сіңіру, организмде қоректік осмотикалық қысымды қалпында ұстап тұру, ассимиляция мен диссимиляция тек сумен ғана жүзеге асады. Су зиянды және керексіз заттарды бөліп шығару, жылу түзу және жылу беру процестерін реттеу тәрізді басқа да маңызды процестер үшін қажет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!