|
Ұйымдастыру кезеңі (7
мин)
|
- Сәлеметсіңдер ме
балалар!
Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын
жақсы көңіл-күймен сергіп
алайық!
Ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыру
Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
Миға
шабуыл
Дұрыс тамақтану дегеніміз не?
Оны қалай түсінесіңдер?
|
Оқушылар мұғаліммен
амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша
орындарына отырады.
|
презентация
|
|
Сабақ басы (13
мин)
|
Келтірілетін құнды
мәліметтер:
-
Тамақтану
тәртібі
-
Тамақтанудың негізгі
ережелері
-
Тамақтанудың
принциптері
-
Тамақ ішу
тәртібі.
Балалар мен жасөспірімді дұрыс
тамақтандыру олардың денсалығын нығайтып, дене және ой қабілетінің
дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін
арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни
жеткіліксіз болса, организмде метаболизм , зат алмасу бұзылып, оның
айналадағы ортаның зиянды әсеріне әне әртүрлі жұқпалы ауруларға
қарсы тұрарлық қабілеті
төмендейді.
|
Оқушылар пайдалы
мәліметтерді оқып біледі
|
презентация
|
|
Ортасы (20
мин)
|
Сұраққа жауап
беріңдер:
Сен салауатты өмір салтын ұстанасың
ба?
Ас – адамның
арқауы
-
Тиімді тамақтанудың денсаулық үшін маңызы
зор
-
Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсының
орны бөлек
-
Сонымен қатар жеміс – жидектерді көбірек
жеген жөн. Олардың құрамында дәрумендер өте
көп
Дұрыс тамақтану
ережесі
-
Майлы тағамдарды көп
пайдаланбаңыз
-
Тым ащы және тұзды тағамдардан сақтаныңыз.
Тәтті көп жеуге болмайды
-
Күніне үш рет бір уақытта
тамақтаныңыз
-
Тым ыстық немесе тым суық тамақтан тіс эмалі
бұзылады
Жасөспірім жастағы балалардың рационынан
алынып тасталуы қажет тағамдар
-
Шала қуырылған
ет
-
Газдалған сусындар, тәтті
тағамдар
-
Қыша, сірке суы қосылағн ет
тағамдары
-
Энергетикалық
сусындар
Дұрыс тамақтану не үшін
қажет?
Суретте көрсетілген қай жолды
таңдайсыңдар?

Есте
сақта
-
Тамақтанар алдында қолды жақсылап жуу
керек
-
Тойып тамақтануға
болмайды
-
Тамақ құнарлы болуы
тиіс
-
Бәрін араластырып, қомағайлықпен тамақтануға
болмайды.
Дұрыс тамақтанбаудың
әсері.....
Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса
организмде зат алмасу бұзылып, иммундық жүйесі
әлсірейді.
Тапсырма: Суреттен пайдалы
тағамдарды табыңдар

Тамақтану
мәдениеті
Тамақтану мәдениеті дегеніміз – бір қалыпты
тамақтану, тағамдардың әртүрлі болуы, қай кезде және қандай
мөлшерде ішіп жей білу.
|
Сұраққа жауап
береді
Оқушылар берілген ақпараттарды
оқып еске сақтайды
Суреттегі екі жолдың ішінен
дұрыс жолды таңдайды
Оқушылар ережелермен танысып,
естерінде сақтайды
Суреттегі тағамдардың ішінен
пайдалы тағамдарды іріктеп
алады
|
Презентация
Бейнеролик
Интернет
желісі
Нақыл
сөздер
Интерактивті
тақта
|
|
Соңы
|
Қорытынды
Ас - адамның арқауы
Аспен күш артады
Тағам іш жағымды
Тазартар жаңынды
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
Кері
байланыс
Кері
байланыс
«3
Қ»
Қызық
Қиын
Құнды
Оқушылар сабақтан
алған әсерлерімен «3
Қ» стратегиясы арқылы
бөліседі
|
Сабақтан алған әсерлерімен
бөліседі
|
презентация
|