Материалдар / «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»

Материал туралы қысқаша түсінік
салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»

Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс тамақтану, уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру; оқушылардың ой-өрісін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пікірталас.

Сабақтың көнекілігі: слайд

Сабақтың барысы:І. Кіріспе бөлім:

Мұғалімнің сөзі:

- Балалар, сендерге Данышпан атай хат арқылы жұмбақ жіберіпті. Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар, өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі шарамыздың да сол жұмбақтың жауабымен тығыз байланысты.
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. (денсаулық)

Адамның  ең   үлкен  байлығы – денсаулық. Ал денсаулықты, ағзаның  күшін  нығайтудың  басты кепілі – дұрыс тамақтану. Адам  ағзасы  үшін   сыртқы   ортаның   кері әсерлеріне  үнемі  қорек  тұруға  тырысады. Тамақтану – адам  ағзасы  үшін аса маңызды  қажеттілік. Біздің  денсаулығымыз  көбінесе  қалай   тамақтануымызға  байланысты.  Дұрыс тамақтану – денсаулық  негізі. Ой  еңбегіне, іс-әрекетке де күніне  көп  күш-қуат  жұмсалады.   Ол қуатты, ағзаға  қажетті  қоректік заттарды   біз  ішер  астан  аламыз. Ендеше біз бүгін сабағымызда осы тамақтану туралы сөз қозғамақпыз. Сынып сағатына қош келдіңіздер. Сынып сағатының тақырыбын қане оқып білелік.

Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі.

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Негізгі бөлім

  1. Мұғалім түсіндірмесі.

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі, яғни дұрыс тамақтанған адамның денсаулығы жақсы болады. «Ас адамның арқауы» деп халық бекер айтпаған. Дұрыс тамақтанбаған адамның көңіл-күйі, оқуға ынтасы төмендейді.

Қазір «Ашық микрофонға» шығып, өз білімімізбен бөліселік:

Дұрыс тамақтанудың жөнін білетін адамдар былай дейді:

-Дұрыс тамақтанудың екі түрлі шарты бар.Ол уақытында тамақтану және тамақты түрлендіріп жеу қажет дейді.

-Уақытында тамақтану дегенмен келісесіздер ме? Егер келіссеңіздер, неге?

-Тамақты түрлендіру қажет пе? Не үшін?

Слайдты тамашалаңыздар.



Қазір сіздер көкөністерді қаншалықты білетіндеріңіз туралы байқап көрелік:

«Көкөніс базары» ойыны.

  1. Өсімдіктер неше топқа бөлінеді? (ағаш, бұта, шөп)

  2. Көкөніс қайда? (Бақшада)

2. Балалар бақшада көкөністерді баптап өсіретін адамды кім дейміз? (Бағбан)

3. Қыс айларында көкөністерді қайда өсіреді? (жылыжайда)

4. Қияр, қызанақ неден пайда болады? (Жеміс гүлінен)

5. Көкөністерді қалай өсіреді? (Тұқымсебу)

6. Тығызоралыпөскенжапырақты не депатаймыз? (Орамжапырақ)

7. Көкөністер туралы ертегі бар ма?

8. Шикілейжеугеболатынкөкөністердіата?

9. Көкөністердіқалайкүтіпөсіреміз? (құнарлытопырақ, арапшөпжұлу, суару)

10. Көкөністердіжылдыңқаймезгіліндеотырғызады? (көктем)

11Мына өлеңде қандай көкөністердің атауы бар?

12.Әкеміз ала баспақ асырады,
Күз келсе соямын деп асығыды.
Баспағым бойын шөпке жасырады.
Еті қызыл, терісі жасыл әлі.   (Қарбыз)
13.Ашулықонақбұланық,
Тоныпшешсе, жыладық.   (Пияз)

14. Көкөністерді қай мезгілде жинап алады?

«Тамақтану бағдаршамы » ойыны: Оқушыларға қай тағам пайдалы, пайдасы аз тағамдар деген сұрақтар қойылады. Пайдалы тағам туралы айтылса, бағдаршамның жасыл түсін, келіспесе- қызыл түсін көрсетеді.

(балық, сағыз, чипсы, айран, «Кола», шоколад кәмпиттер, сәбіз, сарымсақ, торт, алма, орамжапырақ, қарақұмық)

Слайд көрсету
Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол
« Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.
- Сендер не деп айтқан болар едіңдер?

Жауап: Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықтыжоғалтуоңай, қалпынакелтіруқиын.

Есіңе сақта:

Денсаулықтың негізі - дұрыс тамақтану
1. Қолыңды сабындап жу
2. Қисаймай, түзу отыр
3. Қасықты оң қолыңмен ұста
4. Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап, газет оқыма
5. Шамадан тыс тойып ішпе
6. Нанды үзіп же
7. Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды жу.

«Тамақты шын көңілмен сүйсініп ішу керек»


«Ия, жоқ» ойынымен аяқталық.
1. Тәуліктік ас мәзірі әр түрлі болуы қажет пе? ия
2. Тәулігіне екі рет тамақтансақ жетеді? Жоқ. үш немесе төрт рет
3. Тамақтану процесі туралы диетолог дәрігерден кеңес сұрау керек? ия
4. Тамақтандыру адамның денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілеттінің дамуына мүмкіндік береді. Ия
5. Тамақтануда тазалықтың қажеті жоқ.

«Уақыт шеңбері» Тамақтану туралы ырым- тыйым, мақал- мәтелдерін оқушылар ортаға салады.


Қорытынды:

Жалпы дұрыс тамақтану деген сөзге толығырақ тоқталсақ:

  1. Уақтылы тамақтану.

Яғни тамақты белгілі бір уақытта ішуге тырысу. Мезгілсіз ішілген тамақ зиян. Мысалы ұйқыға жатар алдында тамаққа тою бұл асқазанға ауырпалық түсіреді. Және тамақ ішпей жүре беру, шала-шарпы, асығыс тамақтану. Бұлда адам денсаулығына зиянды.

  1. Тамақты дұрыс ішіп-жеу.

Тамақ жегенде дұрыс, асықпай жеу керек. Асығып, дұрыс шайнамай жеу де зиян.

  1. Пайдалы дәрумендері бар тағам, жеміс-жидектер жеу. Жеміс-жидектер адам организіміне өте пайдалы.

  2. Ет, сүт тағамдарын жеу. Бұл да адам денсаулығына пайдалы. Сонымен бірге дұрыс тамақтануға тазалық сақтау да жатады. Ас ішерде міндетті түрде қолды сабындап жуу керек. Жеміс-жидектерді жуып жеу керек.


Ас - адамның арқауы
Аспен күш артады
Тағам іш жағымды
Тазартар жаңынды,-деп сынып сағатын аяқтаймыз.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!