400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арнап құрылған. Мақсаты балаларды дұрыс әрі уақытылы тамақтануға дағдыландыру. Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен және менің дене мүшелерім»

Мақсаты:


1.Түзете білімділік: Бала өзінің дене мүшелерін ажырата білу. Оң жақ, сол жақ аяқтары мен қолдарын ажырата білуге үйрету. Өзі туралы түсінік қалыптастыру.


2.Түзете дамытушылық: Дене мүшелерін тану арқылы баланың өз денесін бағдарлай білуге дамыту. Сезіну, моторикасын дамыту.


3.Түзете тәрбиелік: Жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Тазалық ұстауға, өзіне-өзі қызмет көрсетуге дағдыландыру.


Сергіту сәті «Аю, аю тұршы»

Аю аю тұршы,

Бетіңді жушы,

Шашыңды арашы,

Айнаға қарашы!


Ойын:

Қараңыздаршы, Машаның тісі сарғайып, қолдары кірлеп кетіпті, себебі ол тісін, қолын көптен бері жумаған. Біз оған жууға көмектесемізбе? Тіс суреті, басына губка орнатылған щетка және губка беріледі.


«Біздің көмекшілеріміз»


  • Балалар, адамдар ұйықтағанда олардың барлық дене мүшелері демалады, оянғанда оларға, «Қайырлы таң!» деп тілек білдіру керек.

  • Қайырлы таң, көздерім, сендер ояндыңдар! (Көздерін қолдарымен басу)

  • Қайырлы таң, құлақтарым, сендер ояндыңдар!(Құлақтарын ұстау)

  • Қайырлы таң, қолдарым, сендер ояндыңдар! (Шапалақтау)

  • Қайырлы таң, аяқтарым, сендер ояндыңдар!(Топырлату)


Сәлемдесу. Педагог балаға дене мүшесі туралы түсінік береді. Баланың қаншалықты білетінін байқау үшін сұрақ қойылады.

Қане, басыңды көрсетші?

Бала басын көрсетеді.

Енді маған көзіңді көрсетші?

Көзін көрсетеді.

Құлағың ше?

Құлағын көрсетеді.

Баланың деңгейін анықтағаннан кейін дене мүшелерін нұсқау арқылы көрсетіледі.(бас,көз, мұрын, қол, аяқ).


І бағыт:

Балаға дене мүшелері бар заттық суреттер ұсынылады. Суреттен дене мүшелердің атын атауын немесе көрсетуін сұрайды (көру арқылы).



І бағыт:

Ойын. «Сөздердің дұрыс бұрыстығын тап, суреттерді сәйкестендір».

Баспен иіскейді

Құлақпен жейді

Көзбен ұстайды

Мұрынмен көреді

Ауызбен ойлайды

Тіспен естиді

Қолмен жүреді

Аяқпен шайнайды


ІІІ бағыт: Ойын:  «Былай істе»

Мақсаты: дене мүшелерін көрсетуге және қимылын жасауға үйрету.

  • Немен иіскеуге болатынын көрсет.

Гүлді(иіссуды...) иіске.

  • Немен тыңдауға болатынын көрсет.

Сағаттың тықылын (судың сылдырын, қағаздың сыбдырын...) тыңда.

  • Немен алуға болатынын көрсет.

Гүлді (орамалды, кітапты...) ал.

  • Допты немен ұруға болатынын көрсет.

Допты қолмен ұр.

Допты аяқпен теп.

  • Немен тістеуге болатынын көрсет.

Кәмпиттен (тоқаштан, алмадан...) бір тісте.

  • Немен көруге болатынын көрсет.

Үстелге (терезеге, қуыршаққа...) қара.


Қорытынды:

Ұсақ қол маторикасын дамыту: Балаға ермексазбен адамның бейнесін жасау үйретіледі.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.10.2020
944
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12