Материалдар / «Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіндіру. Денсаулықты нығайтуға көмектесетін пайдалы тағамдар жайлы білім беру. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2024
100
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Бекітемін:


Күні

25.11.2024

Сынып жетекші:


Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

12-САБАҚ

3- сыныптар: «Төтенше жағдай туындаған кезде жедел қызметтерге қоңырау шалу скриптері»


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіндіру.

Денсаулықты нығайтуға көмектесетін пайдалы тағамдар жайлы білім беру. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу

Қауіпсіздік мақсаты

Қоңырау скриптерін, шұғыл қызмет диспетчеріне телефон соғу жағдайын ұйымдастыруды үйрету.


Құндылықтарды дарыту

Дұрыс тамақтану – адамның өзін жақсы сезінуі мен өмір сапасын жақсартудың маңызды құндылығы. Ол тек денсаулық емес, болашаққа деген жауапкершілік.

Дәйексөз

«Әділетте берік болсаң аяғың таймайды

Сабақтың барысы



Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі


Сәлемдесу.

Әнұранды орындау.


Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Сұрақтар:


1. Дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесіңдер?


2. Қандай тағамдар денсаулыққа пайдалы деп ойлайсыңдар?



Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді



Оушылар екі топқа бөлінеді.

1-топ «Алғырлар»

2- топ «Тапқырлар»



Балалар бірге айтатын ұран:

"Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі,

Деніміз сау болсын деп, тамақ ішу сәніміз!"


Жаңа сабақ



Дұрыс тамақтану бұл әртүрлі және құнарлы тағамдарды мөлшерімен пайдалану.


Дұрыс тамақтану адамның иммунитетін нығайтады, ақыл-ой қабілетін арттырады және денсаулықты сақтайды.


Дұрыс және зиянды тағамдар:


Пайдалы тағамдар: көкөністер, жемістер, сүт өнімдері, ботқалар, ет, жаңғақтар.


Зиянды тағамдар: чипсы, тәтті газдалған сусындар, фастфуд, тәттілердің шамадан тыс мөлшері.












1 топ –пайдалы тағамдарды жазады.


2 топ – зиянды тағамдарды жазады.


Сабақтың ортасы


Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Дұрыс тамақтану ережелері:

Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады;

Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн;

Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азай

.

1 топ. "Түстерге сәйкес тамақ жинау"

Қажетті заттар: түрлі-түсті карталар немесе тағамдардың суреттері.

Ойын барысы:


1. Әр түске сай келетін пайдалы тағамдарды атаңыз (мысалы, жасыл – брокколи, қызыл – қызанақ).

2. Қатысушылар берілген уақыт ішінде осы түстерге сәйкес тағамдарды жинауы тиіс.


2 топ . "Дұрыс мәзір құрастыру"


Қажетті заттар: тағамдардың суреттері немесе атаулары жазылған қағаздар.


Ойын барысы:

1. Қатысушыларға таңғы ас, түскі ас, кешкі ас мәзірін дұрыс құрастыруды тапсырыңыз.

2. Әр тағамның пайдалы жақтарын талқылаңыз

Нақыл сөздер



Қауіпсіз

дік

10 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин)

2.Мақсат қою. Тақырыпты анықтау. Бейнежазбаны қарау.

Бейнежазбадан не түсіндіңдер?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайық.

Біз бүгін шұғыл қызмет өкілдерімен дұрыс сөйлесуді үйренеміз.

3. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау

Өткен сынып сағатында біз төтенше қызметке телефон соғуды үйрендік.

Адам науқастанып қалса, қандай нөмірге телефон шаламыз? Бұзақыларға тап болса ше? Өртті байқаса ше? Үйде газ иісін сезгенде ше?

-Егер қобалжығаннан қажетті нөмірді ұмытып қалса, бұл жағдайда не істеу керек? Кез келген құтқару қызметін шақыру нөмірі қандай?

4.Негізгі бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері (6 минут).

Егер сен құтқару қызметтерінің нөмірлерін білсең, өзіңе де айналаңдағы басқа адамдарға да көмектесе аласың (Скрипт – бұл телефонмен сөйлесудің нақты скриптері, әрекет жоспары). Қызмет нөміріне хабарласып, диспетчер сұрақтарына дұрыс және нақты жауап беру керек.


Қорытынды.


Рефлексия (2минут).

Бүгінгі сабақтан не білдің?

Төтенше жағдай кезінде адам өмірін құтқару неге байланысты?

Өзіңді 112 қызметінің диспетчері деп ойла. Қорқып, көмек сұраған балаға қандай сұрақтар қояр едің?


Жұптық жұмыс.

Үлестірме карточкамен жұмыс. Тапсырма:

Іс-қимыл жоспарын қарап шығыңдар. Артығын сызып, іс-әрекет реттілігін сол жағындағы торкөздерге белгіле. Карточка үлгісі:

5

Диспетчердің барлық сұрақтарына жауап беру.

1

Тиісті төтенше қызмет нөмірін теру.

3

Нақты мекенжайды айту.

4

Не болғанын анық және нақты айту.

2

Өзіңнің атыңды, тегіңді және телефон нөміріңді айту.


https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS- IEuEG9KjOrJzvPM&index=5

Сабақтың соңы


Оқушылардан бүгінгі сабақта не үйренгендерін сұрау.


Дұрыс тамақтанудың адам өміріндегі маңыздылығын тағы бір рет еске салу.

Сабақтан алған әсерлерін айтады.

Үй тапсырмасы.

Жемістер мен көкөністер суретін салып келу






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!