|
Сабақтың
басы
|
Сәлемдесу:
Сәлем, алтын күн
нұры,
Сәлем, білімнің
шыңы.
Сәлем, достар,
сыныбым,
Шаттық толсын
жүрегім!
Біз бастаймыз бірлікте,
Жақсы күннің тірлікте.
Білім алып, ой қосып,
Жетеміз біз биікте!
«Дүкенші» әдісі
арқылы оқушылармен достық шеңберін
құру
Оқушылар сатып алушы. Сынып
жетекшісі дүкенші денсаулыққа пайдалы азық-түліктерді
таратады.
Сұрақ
жауап алаңы:
-
Таңғы асты не үшін ішу
керек?
-
Денсаулық үшін қандай тағамдар
пайдалы?
-
Қандай тағамдарда кальций бар? Ол не үшін
керек?
-
Көкөністер мен жемістерді неге көп жеу
қажет?
-
Көп тәтті жеу қандай зиян келтіруі
мүмкін?
-
Фастфудтың денсаулыққа зияны бар ма?
Неге?
Топқа
бөлу:
Назарларыңызға жемістер мен
көкеністердің суреті бар карточкалар ұсынамын. Екі карточканың
типіне қарай екі топқа бірігейік .
Сабақ тақырыбын ашатын
видео көрсету: «Дұрыс тамақтану денсаулық
кепілі» видео
|
Оқушылар азық түліктер типіне
қарай бөлек-бөлек шеңбер құрады.
Оқушылар карточкаларды таңдап
орындарына отырады
Видеоны мұқият
қарайды
|
|
Азық-түліктер
қиындысы
Жемістер
Көкеністер
https://t.me/c/1617407810/3194
|
|
Сабақтың
ортасы
|
Топтық
жұмыс
Мен дүкенші
болсам
1-Топ: «Дүкенімдегі азық
түліктер тізімі мынадай болар еді» сурет
салады
2- топ: «Мен фаст фуд жегенді
ұнатамын» фаст фудтың зияны туралы не білесің тақырыбында ашық
микрофон
Топтық жұмыста топтың барлық
мүшесі қамтылады
|
Оқушылар өздерін дүкенші
рөлінде сезініп дүкен сөресін сурет салу арқылы толықтырады
.
Фаст фуд туралы білімдерімен
бөліседі
|
|
Ақ
қағаз
Микрофон
|
|
Сабақтың
соңы
|
Кері
байланыс:
Дүкендерден аламын пайдалы
азық
Тәтті менен газдалған су
алмаймын
Тек пайдалы азықты мен
таңдаймын
Ақша шаблондарды
тарату
|
Жинаған ақшаларына не
алатындарын айтады
|
|
Ақша
шаблон
|
|
Қауіпсіздік
сабағы
10
мин
|
Төтенше қызмет
нөмірлері
Қазақстандағы төтенше
жағдайлар кезінде хабарласуға болатын негізгі
нөмірлер:
-
101 — Өрт сөндіру
қызметі
Өрт шыққан жағдайда немесе өрттен қауіп туындаса, осы нөмірге
қоңырау шалу керек.
-
102 — Полиция
қызметі
Қылмыс немесе қоғамдық тәртіп бұзушылықтар туралы хабарлау үшін
пайдаланылады.
-
103 — Жедел жәрдем
қызметі
Егер адам ауырған болса немесе жарақат алған жағдайда, осы нөмірге
қоңырау шалу керек.
-
104 — Газ
қызметі
Газ ағып жатса немесе басқа да газбен байланысты төтенше жағдайлар
болса, осы нөмірге хабарласыңыз.
Бұл нөмірлерді білген жөн,
өйткені төтенше жағдайларда уақытты жоғалтпау өте
маңызды. Әрдайым осы нөмірлерді жаттап алғаныңыз
дұрыс!
|
Оқушылар төтенше қызмет
нөмірлерінің маңыздылығын ситуациялық сұрақтарға жауап беру арқылы
түсінеді.
|
|
Презентация
|
|
Сабақтың
соңы
|
Оқушылар біз бүгін сіздермен
қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір
алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық
болады деп тілеймін .
Сабақтың басында
қолданған «Дүкенші» әдісімізбен сабағымызды
аяқтайық.
|
Жинаған азық түліктерін бір
біріне беру арқылы сабақтан алған әсерлерімен
бөліседі
|
|
Жемістер мен көкеністер
қимасы
|