Материалдар / дуалды оқыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

дуалды оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
дуалды оқыту жүйесіне көшу тиімділігі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2019
444
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы мемлекеттік бизнес колледжіАрнайы пәндер оқытушысыЖақсылық Элеонора



ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУДА ТИІМДІЛІГІҚазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі. Қазақстанның инновациялық болашағы еңбек ресурстары сапасына сай тікелей байланысты болғандықтан түбегейлі жаңа әдіс және технология қажеттілігі туралы мәселеге Елбасы аса назар аударды. Елбасының тапсырмасы бойынша Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту үдірісі басталды. Мамандарды даярлау жүйесінде оқытудың дуалдық жүйесін енгізу тапсырылды.Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз-теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Ол алғаш Германияда пайда болып негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. Дуалды оқыту жүйесі қазіргі дүние жүзілік тәжірибеде бар дүние. Оның жарқын мысалдарының бірі-германиядағы кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық жүйесі. Мұнда оқушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.Дуальды жүйемен оқытудың жетістігі көп.Біріншіден, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен тығыз байланыста болған оқушы жұмыс берушінің барлық талаптарын игеріп, меңгерген жұмысшы маман боладыъЕкіншіден, жақсы білімді, болашақ жұмысшы маман психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделген дайын маман болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай алады. Теория мен тәжірибені меңгеріп, бекітілген жұмысқа деген жауапкершілік сезімі жоғарылайды. Өндірісте болғандықтан ұжыммен жұмыс жүргізеді және өндірістегі жұмыстарға бейімделеді. Үшіншіден, «тәжірибеден теорияға» принципімен жұмыс жүреді, оқушы теориялық, яғни текстпен айтудан гөрі, өндірістегі жағдаяттарға сәйкес жұмыс жүргізеді. Теориядағы қиындық келетін терминдер мен есептерді тәжірибе жүзінде шешеді.Төртіншіден, жұмыс берушінің оқушыға берген бағасы дайындалған маманның біліктілігімен байқалады. Алғашқы күннен бастап ұзақ уақыт өндірісте жұмысшы болған оқушы, өзінің білім мен ынтасын көрсетеді. Бесінші, оқытушы тек қана теорияны ғана меңгермей, өндірістегі соңғы жаңалықтарды біліп, заманауи талаптарды меңгереді.Алтыншы, бюджеттік шығын азаяды, себебі оқуға кеткен шығынның біраз бөлігі өндірісте болғандықтан оқушы оны күнделікті көріп, игереді.Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы дуальды оқыту технологиясы енгізіліп, жүзеге асқан кезде қол жеткізетін нәтижелер.Еліміздегі кәсіби-техникалық білім беру жүйесі ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Өйткені, экономиканың қарқынды дамуымен кәсіби-техникалық маман иелеріне сұраныс та күн санап артуда. Соған орай, теориядан гөрі тәжірибеге басымдық берілетін дуальдық жүйені енгізу халықты жұмыспен қамту проблемасын шешудің бірден-бір тиімді жолы екендігі анық.Дуалды білім беру жүйесін енгізу кезінде колледждердің қызмет саласы мен құзыреттілігіне мыналарды жатқызуға болады:-оқу мекемесінің нормативтік – құқықтық, кадрлық, материалдық – техникалық базасына талдау жасау;-әлеуметтік тапсырысты меңгеру және оқу мекемесінің қызметін еңбек нарығының сұраныстарына қайта бағдарлау;-маркетингтік зерттеулер нәтижелері бойынша дуалды білім беру жүйесінің даму перспективаларын игеру;-мамандар дайындауда жұмыс беруші – кәсіпорындармен құқықтық, қаржылық, оқу – әдістемелік мәселелер бойынша келісім шарт міндеттемелерін жасау;- басқару механизмдерін бейімдеу және оқу – практикалық сабақтар мен өндірістік практиканы жүзеге асыру бойынша бірігіп жоспарлау.- еңбек нарығы жағдайларына оқу мекемесінің оқу – тәрбие, оқу – өндірістік Дуальдық оқыту жүйесі элементтерін енгізудің мақсаттары:Колледж ұжымының мақсаты:1. Дүние жүзілік білім кеңестігіне теңестірілетін техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді жүйесін жасақтау;2. Жұмыс беруші талабына сай оқу жоспарларын және оқу бағдарламаларын жасау; 3. Еңбек нарығындағы сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау; 4. Оқу орнының оқу-материалдық базасын заман талабына сай жаңа техникалық, технологиялық лабораториялық жабдықтармен қамту5. Оқытушылардың біліктілігін арттыру үшін өндіріске енгізіліп жатырған жаңа технологиялырмен және жабдықтармен таныстырып отыру мақсатында өндірісте тағылымдамадан өткізу;6. Әлеуметтік серіктестермен байланыста оқушыларды өндірісте тәжірибеден өткізу және бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігіне ие болу.Әлеуметтік серіктестіктің мақсаты:1. Оқу орнына қандай және қанша маман дайындау туралы ақпарат беру;2. Оқу орнына маман дайындауға өз талаптарын қою;3. Оқу орнымен бірлестікте оқу-материалдық құжаттарды дайындауға қатысу;4. Оқушыларды оқу және өндірістік тәжірибеден ақылы өткізу мүмкіндігін қарастыру, шешу;5. Оқушыларды оқу және өндірістік тәжірибеден өткізуге жағдай жасау;6. Оқу орнын бітірушілерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту;Оқушының мақсаты:1. Теориялық білім мен тәжірибе арасындағы алшақтықты жойып, кәсіби құзіретке негізделген білім алу;2. Өндірісте оқу және өндірістік тәжірибеден ақылы өту мүмкіндігін алу;3. Колледж бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болу.Қорыта келгенде, егер дуальдық жүйемен оқыту әдістемесі жетілдіріліп, заңды түрде күшіне енгізілсе, жақсы нәтиже береді деп есептеймін:1. Дуалдық жүйе - оқытудың дәстүрлі түрлері мен әдістерінің негізгі кемшілігін, яғни теория мен тәжірибенің арасындағы алшақтықты жояды;2. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері бітіруші түлектерін кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру үшін жұмыстанады;3. Жұмыс берушімен тығыз байланыста жұмыс жасайтын оқу орны болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескеріп отырады;4. Әлеуметтік серіктестіктер өндіріс талабына сай, білім алушыға қойылатын біліктілік талаптарды дайындауға, кәсіптіки стандарттарды, дуальдық оқыту жүйесі бойынша өзгеретін модульдық бағдарламаны, оқу бағдарламасын дайындауға және оқытушыларды тағылымдамадан өткізуге қатысады;5. Әлеуметтік серіктестіктер мамандар дайындау бойынша мемлекеттік тапсырманы қалыптастыруға қатысады;6. Оқушының кәсіби дайындық деңгейін бағалау және біліктілікті тағайындау үшін құзырлы мамандар мемлекеттік емтихан комиссиясы мүшесі ретінде қатысады;7. Білім алушы дуальдық жүйемен оқыту нәтижесінде белгілі құзіреттерді меңгерген кәсіби дағдыға ие болады;8. Оқу орнын бітіруші жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.Қорыта айтқанда, кадр мәселесін шешуде, маман тапшылығын жоюда дуалды жүйенің пайдасы зор. Бұл жүйе жұмыссыздықты азайтып, халықтың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл, шын мәнінде, заман талабынан туындаған оңтайлы шешім.Қолданылған әдебиеттер:1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы2.Қазақстан республикасының «Білім туралы»Заңы3. «Дуалды оқыту жүйесі: кәсіби біліктілікті арттырудың жаңа мүмкіндігі»

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!