400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Дуальды оқытудың ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Дуальды оқытудың ерекшелігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дуальды оқытудың ерекшелігі.

С.Өтебаев атындағы ЖМГТК-дің жоғары санатты

оқу өндірістік шебері Жұмашева С.Б.

Дуальды оқыту жүйесі дегеніміз- теорияны өндіріспен ұштастыра оқытатын оқыту технологиясы.

Ол алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды.Дуальды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген.Яғни, дуальды оқыту жүйесі

- бүгін таңда дүниежүзінің көптеген алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің тәжірибесінде бар оқыту технологиясы.

Оның жарқын мысалдарының бірі ретінде Германиядағы кәсіптік- техникалық білім беруге даярлаудың дуальдық жүйесін атап өтуге болады. Мұнда студенттер уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп, өндірістен қол үзбей оқыйды,тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.

Дуальды оқыту әдісінің тағы бір ерекшелігі- еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар, жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттырады.

Жастардың табысты еңбек етуі төмендегі факторлармен тығыз байланысты: --біріншіден, бүгін білім алу көзі кеңейіп, өзбетімен оқыймын деушілерге мол мүмкіндік туып отыр;

-екіншіден, білім әлемінде өз жолын тауып, өздігінен білім алуға ұмтылыс жасау;

- үшіншіден, адамның өзіндік қызығушылығы, түрлі мотивтері болуы;

---төртіншіден, жұмыс істейтін орында оның үнемі даму үстінде болуына жағдай жасауы.

Дуальды оқыту жүйесінің мақсаты- кәсіптік техникалық- оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа иновациялық- технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.

Кәзіргі кезде әлемде оқытудың дуальды жүйесі техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардығ оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау кәзіргі кезде білім берудің дуальды жүйесі деген атпен белгілі. Тағыда мысал ретінде Германия мемілекетіндегі оқу үрдісін алайық. Онда оқушыларға кәсіптік білім беруді насихаттау жұмыстары 5- сыныптан, яғни оқушылар бастауыш сыныпты аяқтаған соң-ақ жүргізіле бастайды екен.5-сынып оқушылары арнайы орталықтарда мамандардан түрлі кәсіп бойынша дәрістер тыңдайды, сонымен қатар олар оқу шеберханаларында болып, өндіріс шеберлерінің көмегімен әр түрлі заттар жасайды. Бұл тәсілде балаларды жас кезінен еңбекке баулып, олардың келешек мамандығын таңдауына толықтай көмек береді. Бізде мамандықтардың үгіт- насихат жұмыстары тек 9-шы мен 11- сыныптан бастап жүргізіледі.Менің ойымша , бұл баланың мамандық таңдауда қателеспеуіне тым кеш.Бұл ретте Германия мемілекетіндегі адамдарды жұмыспен қамту агенттігінің жұмысы жүйелі де жақсы жолға қойылғанын ерекше аитуға болады. Агенттік қайта даярлау, еңбек нарығына сай білім беру бағытында көп шаруа тындыруда. Адамдар Агенттіктен елдің қай қаласында,қандай мекемеде өзіне қолайлы жұмыс табылатынын біле алады. Егер мамандығың сәйкес келмесе, қосымша қысқа курстардан білім алып шығуына көмек беріледі. Мектеп оқушылары сол агенттік мамандардың көмегімен болашақ мамандығы бойынша толық ақпараттар ала алады.Сондықтан бүгінгідей дүние жүзін жаулаған экономикалық дағдарыс заманында Германияда жұмыссыздар тым аз. Әсіресе, жастар жұмыспен толық қамтылған .Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандардың тапшылығы ерекше орын алуда.Қалыптасқан жағдайдығ негізгі себепшісі- білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі, өндірісті білікті мамандармен қамтамасыз ету- жетімтікке қол жеткізудің кепілі. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыруды жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды.

Кәсіби білім жүйесі алдындағы мақсат- еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеументтік және оңтайлы кадрларды даярлау.Осыған байланысты, қойылған басты міндет- мемілекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын облыстық кәсіпорындармен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету кетек.Дуальды жүйемен оқытудың жетістігі көп.Біріншіден, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен тығыз байланыста болған оқушы жұмыс берушінің барлық талаптарын игеріп, меңгерген жұмысшы маман болады.

Екіншіден, терең білімді, болашақ жұмысшы маман психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделген дайын маман болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай алады. Теория мен тәжірибені меңгеріп, бекітілген жұмысқа деген жауапкершілік сезімі жоғарлайды.Өндірісте болғандықтан,ұжыммен жұмыс жүргізеді және өндірістегі жұмыстарға бейімделеді.

Үшіншіден,«тәжірибеден-теорияға» принципімен жұмыс істейді,оқушы теориялық,яғни мәтіннен айтудан гөрі,өндірістегі жағдаяттарға сәйкес жұмыс жүргізеді. Теориядағы қиындық келетін терминдер мен есептерді тәжірибе жүзінде шешеді.

Төртіншіден,жұмыс берушінің студентке берген бағасы дайындалған маманның біліктілігінен байқалады.Алғашқы күннен бастап, ұзақ уақыт өндірісте жұмысшы болған студент ,өзінің білім мен ынтасын көрсетеді.

Бесіншіден, оқушы тек теорияны меңгеріп қана қоймай,өндірістегі соңғы жаңалықтарды біліп, заманауи талаптарды меңгереді.

Алтыншыдан, бюджедтік шығын азаяды, себебі теорияға кеткен шығынның біраз бөлігі өндіріске бағытталатындықтан, оқушы күнделікті өмірде біраз ширығып, өндірістік тәжірибесін байыта түседі.

Өкінішке орай,жоғарыда аталған мәселелердің барлығы – дуальды оқыту технологиясы енгізіліп, жүзеге асқан кезде ғана қол жеткізілетін нәтижелер.

Дуальдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктілер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің -- білім, ғылым, өндірістің өзара байланысын,өзара әсерін,өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз.

Дуальды жүйенің негізі - болашақ жас маманды оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Сонымен қатар,түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішін жақсарту. Дуальды жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды. Өйткені, теория мен тәжірибені ұштастыру нәтижесінде, білім алушы оқу бағдарламасын жақсы меңгереді. Нағыз дайын маман ретінде жұмыс берушілердің сұранысы мен талаптарына сай кәсіптік-техникалық кадрлар даярлайтын болады. Дуальды жүйені оқу үрдісіне енгізу мақсатында елімізде әлемнің жетекші кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерімен ынтымақтастық дамытылып жатыр.

Жоғарыда айтқанымдай, дуальды оқыту жүйесі студенттер үшін өте тиімді.

Бір жағынан оқысақ, екінші , жағынан өндірістік тәжірибеден өтеміз. Бізге керектісі тәжірибе, мұнда көп нәрсе үйренеміз.

Сонымен қатар, колледжіде «Атырау сауда», «ESS» «Ассорти » «Керемет» «Дарын » лицйейімен,мекемелермен ,өндірістерімен келісім-шарт жасалынып, олардың тәжірибе мен оқу үрдісін байланыстыруға мүмкіндік жасалған.

Дуальды оқыту жүйесі елімізде бес жылдан бері қолданылып келеді. Бұл, әсіресе, техникалық мамандарды даярлауда өз жемісін беріп отыр. Өзі таңдаған мамандығын теория жүзінде оқыған студент, сол сәтте өндіріс орнынан тәжірибе арқылы оның қыр-сырын меңгереді. Дуальды жүйе Германия,Австрия,Дания,Нидерланды және Швейцария сынды дүниежүзінің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінде жақсы жолға қойылған. Ал, өкінішке орай, Қазақстанда колледждерге тәжірибе ретінде ғана енгізілуде. Оған екі мыңнан аса кәсіпорын тартылған.

Өндіріс орындарында студенттер білімдерін тереңдете алады. Бұл жүйеге қызығушылық танытып жатқан кәсіпкерлер жыл санап артып келеді.Өйткені, техникалық маман тапшылығы кез-келген зауытта сезіліп отыр. Осы техникалық маман тапшылығын жоюды өзім білім беріп жүрген колледж басшылары жүйелі жолға қойып үлгерді десем, артық айтқаным емес.

Қолданылған әдебиеттер:

1. ҚАЗАҚСТАН Республикасының білім беруді дамытыдың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы

2. «ТжКБ жүйесіне халықаралық тәжірибелерге негізделген оқытудың дуальды жүйесін енгізу перспективасы»

3. Өндірістік оқу сабақтарын дуальды оқыту жүйесінде қолдану.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31 желтоқсан
166
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі