Дыбыс қалай пайда болады? 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дыбыс қалай пайда болады? 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3 а

Күні: 21.04.20

Мектеп: № 3

Машықкердің аты-жөні: Муканова А.Д

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Дыбыс қалай пайда болады?

Оқу мақсаты

3.5.3.1 дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

- қандай заттардың дыбыс шығаратынын біледі.

Көптеген оқушылар:

- дыбыстың қалай таралатынын түсінеді.

- дыбыстың таралуына ортаның әсерін түсінеді.

Кейбір оқушылар:

- дыбыстың қалай пайда болатынын мысал келтіріп сипаттайды.

- дыбыс шығаратын құралдарды қолда бар ресурстан жасайды

Бағалау критерийі

- қандай заттардың дыбыс шығаратынын біледі.

- дыбыстың қалай таралатынын түсінеді.

- дыбыстың таралуына ортаның әсерін түсінеді

- дыбыстың қалай пайда болатынын мысал келтіріп сипаттай алады.

- дыбыс шығаратын құралдарды қолда бар ресурстан жасай алады

Тілдік мақсат

Тербеліс

Құндылықтар

Шығармашылық, креативті ойлауды дамыту, өзара қарым-қатынас жасау, қоршаған ортаны тану

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек, дүниетану.

Алдыңғы меңгерілген білім

Дыбыс, табиғи және жасанды дыбыс, дыбыстың барлық бағытта таралуы, дыбыс көздері

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Кіріспе тапсырма. Жедел жауап.

- Қандай заттар дыбыс шығара алады?

- Зат дыбысты қалай шығарады?

- Дыбысты қаттырақ шығару үшін не істеу керек?

Дыбыстарды тыңдау.

Жабайы жануарлар, музыкалық аспаптар, ысқырық, қоңырау дыбыстары.

  • Қандай дыбысты естідіңдер?

  • Дыбысты кім/не шығарды?

  • Бұл дыбыстарды қандай белгілері бойынша бөлуге болады? (Табиғи және жасанды, қатты және бәсең.)

  • Қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер?

  • Неге адамдар дыбыс шығаратын құралдарды, мысалы, ысқырықты ойлап тапты? (Ескерту немесе назар аудару үшін)

ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы.






Аудиотаспа


https://zvukipro.com/


https://wav-library.net/

Сабақтың ортасы

25 минут


Дыбыс қалай таралады?

Оқулықтағы суретпен жұмыс. Сипаттау.

- Дыбыс қандай денелер арқылы таралады?

Жер қатты дене. Су сұйық дене. Фонендоскоп қатты дене.

- Дыбыстар осы орталарда бірдей тарала ма?

Дыбыс ауаға қарағанда, жер (қатты дене) арқылы тез таралады. Дыбыс суда жақсы естіледі. Дыбыс қатты дене арқылы таралғанда қатты естіледі.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Жоғары – төмен.

Масалар мен зауза қоңыздар ұшқан кезде дыбыс шығарады. Бұл дыбыс олардың қанатының қозғалысынан пайда болады. Олардың дыбысы қалай ерекшеленеді? Оның қанат қозғалысының жиілігіне қатысы бар ма? Болса, қандай?


Егер зат белгілі бір жиілікте қозғалысқа түссе, мұндай қозғалысты тербеліс деп атайды. Егер тербелісі жиі болса, дыбыс жоғары болады.

Сергіту сәті.

Ойын: Әр түрлі жануарлардың, заттардың дыбысын табады.

Зерттеу жұмысы.

Оқушыларды үш топқа бөлу.

Әр топ музыкалық аспаптардың біреуін, яғни гитара, сыбызғы, ксилофон жасайды.

Зерттеу жүргізу бойынша нұсқаулық:

1-топ. Гитара жасау.

  • ұзындықтары әртүрлі бірнеше резеңкелер (кеңселік) дайындау;

  • қораптың қарама-қарсы екі қабырғасын ішке қарай бүктеу;

  • бүктелген қабырғаларды қысатындай етіп, қорапқа резеңкелерді кигізу;

  • резеңкелердің әрқайсысын шерту және олар шығаратын дыбыстарды салыстыру;

  • резеңкелерді түрлі күшпен шерту және дыбыс қаттылығын салыстыру.

2-топ. Сыбызғы жасау.

  • Түтікшелерді бір-бірінен 1 см-ге қысқа бола­тындай етіп, қию;

  • түтікшелерді біртіндеп қысқару ретіне қарай бір қатарға орналастырып, скотчпен бекіту;

  • сыбызғыны ерінге тақап, үрлеу;

  • түрлі күшпен үрлеу және дыбыс қаттылығын са­лыстыру;

  • дыбыстарды түтікшенің ұзындығымен салыстыру;

  • сыбызғының дыбысын әртүрлі қашықтықта тыңдап көру.

3-топ Ксилофон жасайды.

  • Бірдей бөтелкелерді бір қатарға қою;

  • бөтелкелерге түрлі мөлшерде су құю;

  • қарындашпен бөтелкелердің шетін дыбыс шығатындай етіп шерту;

  • шығатын дыбыстарды құйылған судың мөлшерімен салыстыру;

  • бөтелкелерді түрлі күшпен ұрып көру және дыбыстардың қаттылығын салыстыру;

  • ксилофонның дыбысын әртүрлі қашықтықта са­лыстырып көру

Қорытындылау. Практикалық жұмыс барысын сипаттау.

Мұғалімнің кері байланысы.

Ойлан.

- Ғарышта дыбыс естіле ме?

- Ғарышта не бар?

- Ғарышта ауа бар ма?

- Дыбыс естілуі үшін орта қажет (мысалы қатты, сұйық немесе газ тәрізді). Ғарышта ондай орта болмағандықтан, дыбыс естілмейді.

Сен білесің бе?

Кім театрға барып көрді? Оның залын сипаттау. Қабырғасы мен төбесінің пішіні көрермен залына дыбыстың біркелкі таралуын қамтамасыз етеді. Соның арқасында адамдар залдың қай жерінде отырса да, әртістердің даусы мен музыкалық аспаптардың әуенін жақсы ести алады.

Есте сақта!

Нені есте сақтау керек?

Еститін дыбыстың көбі ауаның қозғалысы болып табылады. Дыбысты тербелістегі дене шығарады. Осы тербеліс ауа арқылы басқа денелерге таралады.

Бекіту тапсырмасы:

Тест. Сілтеме арқылы кіріп, тестті орындау



https://cloud.mail.ru /public/EjbJ/ y252vjenL
















https://www. youtube.com/ watch?v= g2wpt-_zSOQ








Қорап, кеңселік резеңкелер;














Коктейль түтікшелері (7-10 дана), скотч, қайшы












Бірнеше пластик бөтелке































https://daryn.online/ test/1364-dybys-qalay-payda-bolady-

Сабақтың соңы

5 минут


Рефлексия.

Сабақта алған білімін, көңіл күйін, өзінің белсенділігін түрлі дыбыстар шығарып бағалау (топ, жұп, жеке орындау)

Үйге тапсырма:

Шығармашылық тапсырма. Дыбысты бәсеңдететін құрылғы ойлап табу және суретін салу.





Іс-тәжірибе жетекшісі: Калкенова Б.Ж

Сынып жетекшісі: Батырханова Г.А

Машықкер: Муканова А.Д

Баға:





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2020
7573
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі