Дыбыс.Дыбыс сипаттамалары.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дыбыс.Дыбыс сипаттамалары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары 9 сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

9 сынып №31 сабақ ____________________

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дыбыстың сипаттамаларымен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.

2.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

3.Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ.Білімді жан-жақты тексеру.

ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Дыбыстың сипаттамаларымен танысамыз.


  1. Толқын дегеніміз не?

  2. Көлденең толқын қандай ортада пайда болып таралады?

  3. Толқын ұзындығы дегеніміз не?

  4. Толқын жылдамдығы дегеніміз не?

  5. Толқынның энергияны тасымалдайтынын қалай дәлелдеуге болады?

V. Жаңа материалды меңгерту:

Тербеліс жиілігі 16 Гц – тен 20000 Гц – ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін тудырады. Сондықтан мұндай толқындарды дыбыс толқындары немесе акустикалық толқындар (грек. akustikos – «дыбыс») деп атайды.

Ультрадыбыстар –жиілігі 20000 Гц – тен жоғары толқындар
Инфрадыбыстар – 16 Гц – тен төменгі толқындар.

Дыбыс сипаттамалары

  1. Дыбыстың қаттылығы

  2. Тонның биіктігі

  3. Тембр

  4. Шу

І. Дыбыстыңқаттылығы

Дыбыстың қаттылығы неге байланысы болатынын анықтау үшін камертонды пайдаланамыз.

Камертон – доға тәрізді қысқа сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады.

Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.

Дыбыс қаттылығының деңгейін өлшеу үшін өлшем бірлігі -Децибел (дБ) тағайындалады.

Децибел (дБ)- 1847-1922 жылдары өмір сүрген, телефонды ойлап тапқан американдық өнертапқыш А. Бельдің құрметіне бел (Б) деп аталатын қаттылық бірлігінің ондық үлесі, яғни

1Б = 10 дБ

ІІ.Тонның биіктігі

Дыбыс генераторындағы айнымалы кернеудің жиілігін, яғни оған сәйкес дыбыс зорайтқыш шығаратын дыбыс толқынының жиілігін өзгерту арқылы әртүрлі биіктіктегі дыбысты естуге болады. Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқынын тон деп атайды. Сондықтан көбінесе дыбыс биіктігін дыбыс тоны деп атайды.

Жиілігі аз дыбысқа төмен тон, ал жиілігі жоғарғы дыбысқа биігірек тон сәйкес келеді.

Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады.

Адам дауысын тон биіктігі бойынша бірнеше диапазонға бөледі: бас(80–150 Гц), баритон(110-149Гц),тенор(130-520Гц), дискант(260-1050Гц), колоратуралық сопрано(1400 Гц-ке дейін).

ІІІ. Дыбыстың тағы да бір маңызды сипаттамасы – оның бояуы немесе музыканттардың айтуынша тембр болып табылады.

Тембр - адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыс сапасы.

Дыбыстың тембрі бойынша кімнің сөйлеп жатқанын немесе қандай аспапта ойнпа жатқанын анықтай аламыз, яғни дыбыс тембрі бойынша дыбыс көзі анықталады.


Қоңырау
Дыбыс желбезегі
Сирена
Дыбыстың көздері Камертон (дыбыс құбылыстарын зерттеуде

өте жиі пайдаланады)

ІҮ.Шу- әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады

Жапырақтың сыбдыры, өзен суының сылдыры, құстардың дауысы, судың сәл шалпылы сияқты шулар адамға жағымды естіледі. Алайда дыбыстардың мұндай табиғи үлкен елді мекендер мен қалаларда өнеркәсіп, көлік және т.б. шулары басып тастауда.

Шудың зиянды жақтары

  • Шу деңгейінің жоғары болуы құлақтың дыбыс қабылдауын нашарлатады және оның организмнің жүйке – психологиялық әрекетіне тигізетін зияны өте зор, оның байқаусыз әсері шу ауруына әкелуі мүмкін.

  • Адамды шудың теріс ықпалынан қорғау үшін денсаулық сақтау мекемелері шудың шекті деңгейінің санитарлық нормаларын бекіткен. Осы нормаларға сәйкес шудың қаттылық деңгейі 30-40 дБ-ден артпауы тиіс.

1. Дыбыс толқындары-адамда дыбыс әсерін туғызатын тербеліс жиілігі 16 Гц-20000Гц-ке дейінгі механикалық толқындар.

2. Инфрадыбыстар-ν<16Гц

3. Ультрадыбыстар- ν>20000 Гц.

4. Дыбыс туындауының себепкері-денелердің тербелісі.

5. Әр түрлі ортадағы дыбыс жылдамдығы.

6. Музыкалық дыбыстар-камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары.

7. Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.

8. Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады.

VІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту .

  1. Дыбыс дегеніміз не?

  2. Дыбыс қалай таралады?

  3. Вакуумда дыбыс тарала ма?

  4. Дыбыс жылдамдығы таралатын ортаға байланысты ма?

  5. Ауада қандай толқын тарайды-көлденең бе, әлде бойлық па?

  6. Дыбыстың қанадй сипаттамаларын білесіңдер?

  7. Қандай дыбыстар музыкалық деп аталады?

  8. Дыбыс қаттылығы немен аныталады?

  9. Дыбыс тембрі дегенді қалай түсінесіңдер?

Деңгейліктапсырмалар

1К.

  1. Толқын ұзындығы 2 м, бөлшектердің толқындағы тербеліс периоды 0,2с. Толқын қандай жылдамдықпен тарайды?

  2. Бөлшектердің толқындары тербеліс жиілігі 0,6Гц, толқынның таралу жылдамдығы 12 м/с. Толқын ұзындығын анықтаңдар.

2К.

  1. Балықшы қалтқы 1 мин ішінде толқында 24 тербеліс жасағанын, ал көршілес толқын өркештерінің арақашықтығы 8м екендігін байқаған. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай?

  2. Толқынның таралу жылдамдығы 8 м/с, толқын ұзындығы 4 м. Бөлшектердің толқындағы тербеліс периоды қандай?

3К.

  1. Бөлшектердің тербеліс жиілігі 340 Гц, толқын ұзындығы 1 м. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай?

  2. Көршілес толқын өркештерінің арақашықтығы 3м болса, қайықтың 0,5 Гц жиілікпен тербелгендегі толқынның таралу жылдамдығы қандай?

VIІ. Үй тапсырмасын беру: §31,32 26-жаттығу (4,5).

VIІI. Бағалау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2018
508
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі