Материалдар / ДЫБЫСТАРДЫ ҚОЮДЫҢ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ. (Семинар сабақ)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ДЫБЫСТАРДЫ ҚОЮДЫҢ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ. (Семинар сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Дыбыс қоюдың әдіс тәсілдері туралы жазылңан. осы әдістерді қолдану арқылы баланың дыбыстарын шақыруға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2023
600
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ДЫБЫСТАРДЫ ҚОЮДЫҢ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ. (Семинар сабақ)


«Саңыраулық мені өмір бойы қоршаған

ортадағы адамдардан алшақтауыма себеп болып, мені

өмір бойы қуғындаумен болды. Менің қандай да бір

зерттеушілікпен айналысуыма себеп болды.

Себебі: басқалар игерген қабілеттің менде болмауынан

көп нәрсені ізденуіме, көп нәрсемен айналысуыма

тура келді» (Константин Здуардович Целковский)..

Фонемаларды дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру қою кезеңінде негізгі үш тәсіл қолданылады.

Бірінші тәсіл, еліктеуге негізделген. Бала естуді, көруді, тактильді – тербелісті, бұлшық ет түйсігін пайдалана отырып фонеманың дыбысталуы мен артикуляциясын қабылдайды, сапалы түрде сөйлеу органдарының қажетті түрде қимылын, қажетті дыбыстарын қайталауға талаптанады. Бұл жағдайда дыбыстардың тікелей естіп қабылдау, сөйлеу қимылдарын көру арқылы қабылдау, оның ішінде өзінің /айнаға қарау көмегімен/, ішінен ауа ағынын, көмекей дірілін қолмен сезіну түрлі құралдардың көмегімен сөйлеу органдарының жұмысын бейнелеп көрсетумен толықтырылуы мүмкін.

Тиісті дыбыстарды айтуға еліктеу арқылы қол жетпеген жағдайда әуелі оның элементтерін қалыптастыруға күш салу керек. Мәселен, фонемасының «Р» дыбысының айтылуын түзеткенде тілді дұрыс формасы мен позициясын игерілетін жаттығулар жасап, содан кейін ғана оның тербелісін қалыптастыру болып табылады. Сөйлеу мүшелерінің қимыл баяулығы немесе қатар басқарылуы қиындықтары кейде дайындық артикуляциясы жаттығуларының тұтас жүйесін пайдалануға, өзіндік артикуляциялық гимнастикаға сүйенуге мәжбүр, етеді.

Екінші тәсіл құралдардың /шпатель, зондлар/ немесе саусақтың көмегімен сөйлеу органдарына механикалық ықпал жасауды көздейді. Бұл жағдайда белгілі бір бастапқы артикуляция пайдаланды, соның негізінде сөйлеу органдары механикалық жолмен баяу түрде қажетті қалыппен қозғалысқа келтіреді.

Сөйлеу органдарының белгілі бір қалыпымен немесе қимылымен байланысты гинетикалық тітіркендіргіштермен бірлесе отырып ми қабатындағы іздер жүйесі түрінде бекиді. Бұның өзі қажетті артикуляцияны кейінірек еркін және белсенді айтуға алғы шарт болып табылады.

Таза күйіндегі осы тәсілге тән нәрсе – механикалық әсердің нәтижесінде алынатын артикуляция бастапқы кезде баланың талабына сай, келмеуі мүмкін. Мәселен, қ дыбысының айтылуын механикалық тәсілмен түзету кезінде оған та-та-та буындарын айту ұсынылады және осы кезде тілдің алдындағы белгілі шпательмен басып қойылады. Та буынын ұмытпаған бала оны – тя түрінде, ал шпательмен тілді ақырын жылжытып итерген жағдайда – кя, сосын – ка түрінде бастайды.



Рисунок 3

Үшінші -  аралас тәсіл. Бұл тәсіл бойынша сөйлеу тілі механикалық ықпал жасаудың мақсаты – еліктеу және ауызша түсіндіру арқылы қажетті артикуляцияны мейілінше толық және дәл айтуға көмектесу. Бұған баланың қажетті артикуляцияны еркін меңгере алмаған жағдайда /төменгі тіс йсигматизмін түзетуді қараңыз, тілдің ұшын астыңғы тістің артқы жағына түсіріп ұстап тұру үшін зонд пайдалану мысал бола алады/.

Аталған тәсілдердің бәрінде де дыбыстардың артикуляциялық тегістігін ескеру қажет және мүкіс дыбысты түзеткенде оның тектестерінің дұрыс айтылуына сүйену керек. Мысалы, үнді дауыссыздарға еліктеу арқылы түзеткенде сәйкес ұяң дауыстыға сүйенген пайдалы. Егер қос ерінді ұяң дыбысы қалыптасқан болса ол тіл-тіс қатысында айтылатын –д дыбысын  меңгеруге көмектеседі. Ал – д дыбысын меңгеру осы әдіспен немесе механикалық жолмен тіл – таңдай түбі қатысында айтылатын – г дыбысын қалыптастыру негіз болады.

Көптеген жағдайда дыбыс туыстығын екі бағытта пайдалануға болады. Мысалы, - ш дыбысы дұрыс айтылса, ол артикуляциясы тілдің сәйкес жолымен сипатталатын –р дыбысын қалыптастыруға негіз болады. Керісінше –р дыбысы да –ш дыбысын қалыптастыруға өте қолайлы.



Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру үшін жаттығу материалын таңдаған кезде фонетикалық, талаптарды еске алу, айту қиындықтарын сатылап арттыруды сақтау керек. Сонымен қатар сөздік материалдарының /сөз, сөз тіркесі/ мәні балаға түсіну мүмкіндігінше күнделікті алынуға тиіс.

Қарапайым жаттығулардан барынша күрделі сөйлеу қызметіне біртіндеп көшу өте маңызды. Мысалы: - логопед ілесе қарапайым буындар мен сөздерді қайталаудан бастап, дауыстап оқуға заттарды атауға, суреттер бойымен  суреттерден бейнеленген қарапайым көріністерді сипаттауға, есептерге, өлеңді, жұмбақты, мақал мен мәтелді, жаңылтпашты тиісті дыбысты қатыстырып жатқа айтуға, одан әрі сұрақтарға толымды жауап беруге, суреттер сериясын әңгімелеп беруге, ақырында еркін әңгімелесуге ұмтылу керек.

Алайда есте болатын жай – түрлі дыбыстардың айтылу кемшілігін түзету қиындығының дәрежесі көбінесе бұл кемшіліктердің сипатына және бағытына және ерекшелігіне байланысты. Сондықтан дыбысты түзету ретін анықтағанда тілдің фонетикалық қалпын сипаттайтын мәліметтерге алдын-ала арнаулы сынақтарға сүйену керек, олар кемшіліктердің түзетуге икемділік дәрежесін білуге көмектеседі.

Екі немесе одан да көп дыбыстармен жұмыс істеуді жоспарлаған кезде екі түрлі талапты сақтау керек.

1-ден – мұндай жұмыс үшін сөйлеу органдарының құрылысындағы қарама-қарсы дыбыстарды алу тиіспіз. Бұл интерференция туғызуға, дыбыстарды айтуға қажетті қимылдардың өзара ықпалының біржақты тиіуне соқтыруы мүмкін. Мысалы, - с дыбысының қайталап айтылуын түзету кезінде онымен бір мезгілде қысқа – у түрінде айтылатын – л дыбысын бір қалпын ортасында науашасын қатыстырып, екіншісін түзеткенде мүлде қарама-қарсы қалпы пайда болады, үшкірленіп /азу тіспен арадағы бүйір саңылауы/.

2-ден әсіресе айтылуы алғашқы кезде үлкен энергия шығындауды қажет ететін дыбыстармен бір мезгілде жұмыс істеуден аулақ болу керек. Мысалы, тыныс органдарына елеулі түрде түзететін –ш және –р дыбыстарымен қатар жұмыс істеу тез шаршатуы мидың тыныс алуды басқаратын орталығы уақытша талдыруы мүмкін. Бұлай шаршаудың белгісі беттің қуаруы, жеңіл бас айналу, лоқсу сезімі. Жоғарыда дыбыстарды қалыптастыруды сипаттағанда кейде арнаулы артикуляциялық гимнастика керек екенін айттық. Бұндай гимнастикаға дыбыстардың дұрыс айтылуына қажетті сөйлеу қимылдарын қалыптастыратын жеке жаттығулар енгізіледі. Алайда дыбыстардың түрлі тобын қамтитын күрделі тіл кемшілігі жағдайында. Ол сөйлеу моторикасының жалпы жеткіліксіздігіне байланысты болса /мысалы дизартрияның алуан түрінде/, а артикуляциялық гимнастикаға келтірілген программа бойынша жүргізіліп сөйлеу аппаратының түрлі бұлшық ет топтары қызметіне әсер етуі тиіс. Қойылған дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңіндегі логопедиялық жұмыс дыбысты дұрыс машықтандыру кезеңіндегідей жүйемен жүргізіледі.

Дыбыс қоюдағы жұмыс тиімділігінің қажетті шартты – оның сенімді жабдықталуы. Жабдықтар ең кем дегенде мыналарды қамтиды.

  1. Оқушы мен логопедтің, сурдопедагог бетін қатар көрсете алатын үлкен айна.   2.  Шпательдер мен зондтар, тазалық құралдары.     3.  Сөзді жазып, қайталайтын магнитофон,компютер.   4.  Тыныс алуды қажет ететін дамытуға қажетті ойыншықтар альбоммен құралдар. 5.  Дыбыс айтылуын зерттеуге қажетті суреті бар альбом. 6.   Түрлі дыбыс топтарына қажетті сөйлеу материалдарымен жұмыс істеу үшін суреттер лото. 7.  Түрлі дыбыстың айтылуына бекітуге қажетті тілдің материалы бар кітап құрал. 8. Әр сыныпқа арналаған оқу материалы бар кітап.

Нақты дыбыстардың айтылу кемшіліктерін түзету тәсілдерін сипаттауға көшпестен бұрын бұл кемшіліктердің ішінде дыбыстың өзгеруінен туатындары, сонымен қатар бір дыбысты өзге дыбыспен ауыстырудан пайда болатындары бар екенін атап көрсету керек. Кемшіліктердің алғашқы – антропофоникалық, соңғысы – фонологиялық деп аталады.

Антропофоникалық кемшіліктің үлгісі – р дыбысын тамақпен айту немесе –с дыбысын тіске қысып айту бола алады. Фонологиялық  кемшіліктің мысалы –ш орнына –с алмастыру / «ескі» - ешкі/, немесе –р орнына –л / «роза» - лоза/, сонымен қатар фонологиялық кемшілік аралас дыбыс түрінде де кездеседі. Бұндай жағдайда дыбысты дұрыс айта тұрып, оларды сөйлеу кезінде шатастырып алады. Мысалы: Самат маған көрші тұрады, қате айтылуы «Шамат маған көрсі тұрады».



Сонымен қатар дыбыстың тұрақты алмастыруын түзету кезінде мынандай жағдайда ескерген жөн. Жаңа артикуляцияны меңгерген кезде біраз уақыт жаңа қойылған дыбыс пен бұрыңғы ауыстырып айтылған дыбысты сөйлегенде жиі қолданылады. Мысалы, ш дыбысы с дыбысымен алмастырылады дедік. Енді ш дыбысын дұрыс айтып үйренгенде біраз уақыт с дыбысы бар сөздерде ш дыбысы қолданылады. Сабын – шабын, қасық – қашық т.б.

Фонологиялық қателіктер уақытша сипат алуына қарамастан жазу қателіктеріне де соқтыруы мүмікн. Сондықтан фонологиялық қателікті түзету нәтижесінде бекіте отырып дефференциялық мақсатына тиісті дыбыстарды және буын мен сөздегі әріптерді салыстырып отыратын жаттығуларға көңіл бөлу керек.

Фонологиялық қателіктер уақытша сипат алуына қарамастан жазу қателіктеріне де соқтыруы мүмікн. Сондықтан фонологиялық қателікті түзету нәтижесінде бекіте отырып дефференциялық мақсатына тиісті дыбыстарды және буын мен сөздегі әріптерді салыстырып отыратын жаттығуларға көңіл бөлу керек.

Түрлі дыбыстардың айтылуы кемшіліктерін сипаттау  барысында осы кемішіліктердің пайда болуына себеп болатын оларды түзетілуіне кедергі болатын аппаратының шеткі бөліктерінің құрылысындағы кейбір аномалиялар ескертіледі.

Бірақ есте болатын жай бір жағынан айту кемшіліктері кейде сөйлеу аппаратының өте дұрыс, құрылымы бұзылған жағдайында да бола берсе, кейде сөйлеу аппаратының елеулі кемшілігіне қарамастан сөйлеу тілінің фонетикалық жағы дұрыс, дамуы жиі кездеседі. Бұл фактілер жоғарыда нерв қызметінің ерекше икемділігінің куәсі, дұрыс сөйлеу үшін сөйлеу аппаратының зор мүмкіндігі бар екенін танытады.

Шеткі сөйлеу аппаратының құрылымының анық аномалиясы жағдайында дыбыстарды дұрыс айту мүмкіндігін ескертудің маңыздылығы сонда, кейде бұл аномалияларды дыбыстың айтылу кемшіліктігін коррекциялауды қимылдататын фактор ретінде аса мән беру кездеседі.



Тек ерін, тіс, таңдай, жақ, тіл құрылысындағы ең ауыр аномалиялар болғанда ғана логопедиялық, сурдопедагогикалық жұмыстан бұрын хирургиялық операция реттеу немесе протездеу түріндегі медициналық әсерді қажет ететінін тәж көрсетуде. Бұндай әсердің қажеттігін логопед, пен дәрігер /стомотолог, отоларинголог/ бірлесіп шешеді.



 Практикалық жұмыс.

«П-Б», «Т-Д», «М-П» дыбыстарын еіктеу арқылы көрсету.

Бірінші оқушы: алдын ала «С,Ш,З» дыбыстарына артикуляциялық жаттығуларын жасату. Еліктеу арқылы қоюға үйрету. Еліктеу арқылы айталмаған жағдайда механикалық тәсілмен ықпал ету. «С» , «Ш» дыбыстарын қойып, түзеп, машықтап алған соң ажыратуға жұмыстар жасау.«С-Ш». Келесі алғанған «С-З», «З» дыбыстарымен жұмыс жасау.

Екінші оқушы: «К», «Г» жеке «К-Г» дыбыстарына артикуляциялық жаттығуларын жасату. Еліктеу арқылы қоюға үйрету. Еліктеу арқылы айталмаған жағдайда механикалық тәсілмен ықпал ету. «К», «Г» дыбыстарын қойып, түзеп, машықтап алған соң ажыратуға жұмыстар жасау. Және «Қ», «Ғ» дыбыстарын артикуляциялық жаттығулар жасатып, аралас тәсілдерді пайдалана отырып «Қ», «Ғ» дыбыстарын қойып, түзетіп,машықтап, «Қ-Ғ» дыбыстарын ажыратуға алу.

Үшінші оқушы: «Р» дыбыстарының артикуляциялық жаттығуларын орындатып болған соң дыбыстарды қою, еліктеу, механикалық тәілмен ықпал ету.

 



 

« Ш » дыбысының артикуляциясы

« С » дыбысының артикуляциясы

«С – Ш» дыбыстарын ажырату.

С – Ш дыбыстарының пішінімен жұмыс жүргізу.

1.Буындарды оқы.

Ашық буында. Жабық буында. Дауыссыз дыбыстар тіркесінде

Са – ша Ас – аш Сқа - шқа Со –шо Ус – уш Ста - шта Су –шу Ос – ош Сла - шла

Сөздерде «С – Ш» дыбыстарын ажыратып оқы. Сана –шана. Сара – шара. Самға –шамға. Ескі –ешкі

Сөйлемді оқы: Сиыр шөп жеді. Шара ағашқа шықты. Балалар ешкіге су берді. Шырша тауда өседі.

Буынұйқас

Са-са-са – би билейді жараса Ша-ша-ша Іс – іс – іс-  піседі жеміс. Балалық шақ тамаша

«Адасқан әріптер»        Өлеңдегі қатені түзеу.

Шабақ оқып, бес  алдық,                        Бөркін киіп башына, Бүгін алдық, кеше алдық.                       Үйден сықты асыға. Ілінді сортан қармаққа,                          Төбет шүйек кемірді Сортанды өзің салмақта.                        Содан күнде шемірді.

Жаңылтпаштар айту.

«Ш» ға тілің келе ме? «С» боп кете бере ме? Тілің келсе сен енді, Айта қойшы тездетіп, «Шана-сана» – дегенді. Сорпа іштік, Сорпа ыстық.

Сондықтан қорқа іштік.  

Суретке қарап, «С – Ш»дыбыстарын пайдаланып, сөйлем құра.

Shape2 Shape1

«С» дыбысы

Shape3

«З» дыбысын айтқанда дауыс бар. «З» дыбысын айтқанда тіл ұшы төменгі тіске тіреледі. Тамақ асында діріл бар.

«С» дыбысын айтқанда дауыс жоқ. «С» дыбысын айтқанда тіл ұшы төменгі тіске тіреледі.Суық ауа шығады.

«З» дыбысы

Қиын емес – бұл маған! (Өлеңді жаттап ал!).

«С-З» дыбыстарының артикуляциялық кескіні.

Shape4

« С – З» дыбыстарын ажырату.

1.Буындарда «С-З» дыбыстарын ажыратып оқы.

Ашық буында: Жабық буында: Дауысты. Дыб.Орт. СА – ЗА АС – АЗ АСА – АЗА СУ – ЗУ ӨС – ӨЗ АСЫ – АЗЫ СО –ЗУ УС – УЗ УСА - УЗА

Сөздерді дұрыс оқы. Сүт, қаз, сазан, сағыз, жүзім, сырға, қасық, зырылдауық.

Суреттерді ата. «С» дыбысы бар суретті бірінші бағанға «З» дыбысы бар суретті екінші бағанға орналастыр.

«С» дыбысы бар сурет

«З» дыбысы бар сурет





.

СҮТ САЗАН ЖҮЗІМ СЫРҒА САҒЫЗ ЗЫМЫРАН

«С- З» ДЫБЫСТАРЫН БУЫНДА , СӨЗДЕ ДҰРЫС АЙТ.


Shape6 Shape5 АҚИНА АМАН

СShape9 Shape8 Shape7 Shape10 ЕБЕТ З ЫМЫРАН

ЫРМАҚ ЕКЕТ

Сурет бойынша әңгіме.

Балаларға ат қой. Олар не істеп отыр?

Нүкте орнына керекті «С-З» дыбыстарын қойып оқы. дұрыс ажыратып оқы.

Қазақстан

Shape11

Сауысқан деген сақ болар,

Құйрық жүні ақ болар.

Жер бетіндегі жемтікке

Жалғыз жүріп, тап болар.

Қа . ақ . тан – бі . дің туған жерімі . Қа . ақ . танда пайдалы қа . балар көп. Пайдалы қа . баларды өңдейтін . ауыттар бар. Қа . ақстанда алтын, күмі . , мы . , қорға . ын ба . қа да пайдалы қазбалар көп.

Shape12 Shape13

ООООО

А

«К - Г» дыбыстарын ажырату. К және Г дыбыстарын ажырата біл. К – дыбысын айтқанда дауыс жоқ . К – дыбысын айтқанда тіл ортасы таңдайға тиеді. Г – дыбысын айтқанда дауыс бар. Г – дыбысын айтқанда тіл ортасы таңдайға тиеді. «К – Г» дыбыстарын буындарда ажыратып оқы.

Shape14 Shape18 Shape16 Shape17

УУУУУ

О

И

АА



Shape19 Shape20

К

Г



Shape24 Shape23 Shape21 Shape22

У

Е

ЕЕ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!