Дыбыстардың үндесуі. 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дыбыстардың үндесуі. 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ беретін және өзін-өзі тану пәнінен беретін мұғалімдерге көмегі тиеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ тілі

38

Сабақтың тақырыбы Дыбыстардың үндесуі

Күні:

СЫНЫП: 3

Сабақ

мақсаты

3.2.4.1 өз бетінше мəтіннің тақырыбын жəне мұғалімнің көмегімен негізгі ойдыанықтау;

3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтапайту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл);

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық жəнестилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

  • сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтады;

мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;;

Оқушылардың көбі:

  • мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;

  • қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айта алады;қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айта алады;

жіберілген орфографиялық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;

Оқушылардың кейбірі:

- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;

  • сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтай отырып айта алады:сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтай отырып айта алады:

жіберілген орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетіп, шапшаң жазады;

Бағалау критерийі

- өз бетінше мәтіннің тақырыбын қояды, негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтайды;

- сөзде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтады;

- жіберілген орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен табады, түзетеді.

Сабақтың басы басталуы 2 минут

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындығын тексеру

Жоспарланған

уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Үй тапсырмасы 7 минут

Жұмыс дәптердегі шығармашылық тапсырма.


Парталас досымен уақытты тиімді пайдалану туралы сауалнама жүргізеді. Сұрақты жалғастырып жазады.Бір-бірін тексереді

Үшінші тұрған «Шығармашылық тапсырма», дөңгелегі тиісті каранашпен боятылады.


Сабақтың ортасы 15 минут


5-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Мұғалім өлеңді оқиды. Топтық жұмыс ұйымдастырылады.

Оқушыларға өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, пікірлерін айту ұсынылады.

  • Өлеңде қандай бала суреттелген деп ойлайсың?

Ол жексенбі күні неліктен ауырып қалмады? Ойыңды бөліс.

Кейіпкер туралы өз пікіріңді айт.(Ұ; Ө; Қ) Сөздікпен жұмыс.

  • Өлеңдегі қарамен жазылған сөздерге назар аудар. Олардың айтылуы мен жазылуын салыстыр.

«Дүйсенбі», «сейсенбі», «сәрсенбі», «бейсенбі», «сенбі», «жексенбі» сөздерінің айтылуы мен жазылуын салыстыр және жаз.

Оқушылар топта өлеңде қандай бала суреттелгенін айтып, өз ойларымен бөліседі. Өлең кейіпкері туралы өз пікірлерін айтып, сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.

Әр топ стикерлерге кейіпкер туралы көзқарастарын жазып, постер құрастырады.



Сергіту сәті

2 минут

«Күн, жер, су» ойыны.


«Күн» дегенде қолдарын жоғары көтеріп, күнді бейнелейді.

«Жер» дегенде бір орында тұрып, аяқтарын кезек-кезек қозғайды.

«Су» дегенде қолдарымен толқынды бейнелейді.


10 минут

(Т, Ж; Ұ) 6-жаттығу. Кестемен жұмыс.

Ұл бала

Қыз бала

Дүйсенбек

Жұмагүл

Дүйсенбек, Жұмагүл деп ат қою себебі неде деп ойлайсың?

Әр топтан бір оқушыдан шығып, ат қоюдың себебін, нақты дәлелдемелер келтіріп, айтады. Топта жазған адам аттарының қатесіз жазылуына мән береді, өзара тексереді. Қате болса түзетеді.

(Ө; Ж; Қ) Шығармашылық үзіліс, 8-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап. (Шешуі: аптаның жеті күні).

(Ж, Ж) Саралау. «Қате болса, тауып көр» әдісі..

Маханбет, түнеугүні, жексембі, бүрсікүні, бейсенбі, жаздыгүні, күздігүні, қыстыкүні, Қартпағамбет, Сәндігүл.

Оқушылар топқа бөлініп, кестені берілген үлгіге сүйеніп толықтырады. Топта идея алмасып, ой бөліседі.

Оқушылар сызбадағы апта күндерін атап, сол күндері не істегенің әңгімелейді. Өзара бағалау.

Оқушылар тапсырманы жұпта орындап, бірін-бірі тексереді, қатесін түзетеді.

Кесте

Сабақтың соңы Минут 3 минут

Ашық микрофон

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

  • Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дәптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады.

Тақырып бойынша түйген білімдерін айтады.

Бірінші тұрған «Сауатты жазу», екінші тұрған «Көркем жазу», дөңгелектері тиісті каранашпен бояйды.

Микрофон

1 мин Үйге тапсырма: 7-жаттығу




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2018
4256
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі