Материалдар / Дыбыстың клиникада пайдалану әдістерінің физикалық негізі. Ультрадыбыс және оның ме
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дыбыстың клиникада пайдалану әдістерінің физикалық негізі. Ультрадыбыс және оның ме

Материал туралы қысқаша түсінік
Ультрадыбыс (лат. ultra – шектен тыс, үстінде және дыбыс) – адам құлағына естілмейтін жиілігі 20 кГц-тен жоғары серпімді толқындар. Ультрадыбысты жануарлар (жарғанаттар, балықтар, жәндіктер) қабылдай алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2018
4178
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚО, Түркістан қаласы


«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі,

Физика пәнінің оқытушысы Рысбекова Гулмира Шамшидинканкызы




Сабақтың тақырыбы: Дыбыстың клиникада пайдалану әдістерінің физикалық негізі.

Ультрадыбыс және оның медицинада пайдаланылуы.

.Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ

Уақыты: 180 мин

Сабақтың педагогикалық мақсаты:

  • Ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім берудің сапасын арттыру;

  • Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы кәсіптік шеберліктерін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету;

  • Интерактивті тақтаны қолдану арқылы студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын арттыру;

  • Пәнаралық және пәнішілік байланысты тереңдету;

  • Мамандығына деген қызығушылығын ояту.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  • Дыбыстың клиникада пайдалану әдістерінің физикалық негіздерін жете түсіндіру;

  • Ультрадыбыс және оның медицинада пайдаланылуы ;

  • Ғылыммен техниканың соңғы жаңалықтарымен таныстыру;

  • Жаңа заман талабына сай технологиялармен жұмыс жасай білуге үйрету.


Дамытушылық:

  • Жаңа тақырыпты меңгерту барысында жеке тұлғаның қабілетін, қызығушылығын, ынтасын дамыту;

  • Жеке тұлғаны, жалпы қабілеттерін, талдау, салыстыра білу, негізгісін ажырата білу, керек компьютерді дұрыс қолдана білуге машықтандыру.


Тәрбиелік:

  • Студенттерді колледждің техникалық құрал-жабдақтарын және дүние-мүліктерді ұқыптап ұстауға үйрету;

  • Шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге қалыптастыру;

  • Ұжымдық ауызбіршілікке баулып, шағын топта жұмыс істеуге үйрету;

  • Дүниетаным шеңберін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:

  • IT ақпараттық технологиясы ;

  • Оral report (OR)-презентация;

  • Шағын топпен оқыту (SGL ).

  • MSF-3600 презентацияны бағалау;

Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:

  • MCQ (Multiple Choice Questions) – көп жауапты сұрақтар (тесттер);

  • Oral asking (OA) - ауызша сұрау;


Студент білуі керек:

- Дыбыстың физикалық мінездемесі, дыбыстың әсерлері, дыбыстық өлшеу, аудиометрия;

- Есту мүшесінің сезімталдығының деңгейін сипаттайтын түсініктер;

- Вебер Фехнер психофизикалық заңы.

- Клиникада дыбыстық зерттеулер әдістерін;

- Аускультация дыбыстық әдісін;

- Активті және пассивті акустикалық томография, акустикалық термография, фонокардиограф

  

Пәнішілік байланыс:

Адам ағзасындағы биологиялық өзгерістерді зерттеудің ең кең тараған түрі – аускультация (тыңдау) деп аталады. Аускультация үшін стетоскоп немесе фонендоскоп қолданылады. Аускультация өкпедегі шуылдар мен сырылдарды анықтауға көмектеседі.

Жүректің жұмыстық режимін анықтау үшін осы әдіске ұқсас фонокардиография әдісі қолданылады. Бұл әдістен басқа денені тікелей тоқылдату арқылы зерттеу әдісін перкуссия деп атаймыз.

Дыбыстық толқындар өз жолындағы бөгеттерге соғылу арқылы жұтылады және шағылады. Ең көп жұтатыны жұмсақ денелер, ал шағылдыратыны қатты денелер.

Дыбыс көзін ажыратқаннан кейінгі дыбыстың бірте-бірте өшу үрдісі ревеберациядеп аталады. Дыбыстың  қаттылығын өлшеу үшін дыбыс тербелістерін электр тербелістеріне айналдыратын – шуыл өлшегіштер (шумомеры) қолданылады.

Пәндер аралық байланыс :

Физика: Дыбыс туралы ұғым.
Жаратылыстағы серпінді, сығылмалы мүшенің, нәрсенің белгілі бір ортада теңселіп, қозғалуының нәтижесінде пайда болған, құлаққа естілетін әр алуан үн, сыбыс-сылдырдың бәрі - дыбыс деп аталады. Ол бізді қоршаған табиғаттан, әлеуметтік ортадан есту мүшемізге (құлақ)сезіліп, әсер етеді.Дыбыс өтетін орта – ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып пайда болуы мүмкін емес.
Дыбыс ауада таралып тербеліс тудырады. Денелердің тербелісі дыбыс туындауының себепкері болып табылады. Дыбыс толқындары – адамда дыбыс әсерін туғызатын тербеліс жиілігі 20 Гц -тен 20000 Гц- ке дейінгі механикалық толқындар

Ультрадыбыс (лат. ultra – шектен тыс, үстінде және дыбыс) – адам құлағына естілмейтін жиілігі 20 кГц-тен жоғары серпімді толқындар. Ультрадыбысты жануарлар (жарғанаттар, балықтар, жәндіктер) қабылдай алады.

Ультрадыбыстың әсері. Ультрадыбыс дегеніміз 2 х 104 нен 1013 Гц жиілік толқынды айтады. әдетте 20 КГц жиіліктегі механикалық тербелістер адам құлағымен қабылданбайды. Ол дыбыс қысымының бірлігі децибелмен өлшенеді. Ультрадыбыс табиғатта кеңінен таралған. өндірісте ол шудың қосымшасы болып, мысалы реактивті двигателдер жұмысында, газ трубалары және басқада процестерде.

Биология -



Құлақтың құрылысы

Shape2 Адам есту мүшесі арқылы коршаған ортадан әр түрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді. Дыбыстың қаттылығы дыбыстың интенсивтілігіне (дыбыс күшіне) тәуелді. Аса күшті тербелістер дыбыс ретінде қабылданбайды: олар құлакты ауыртады. Дыбыс күшінің құлақты ауыртатын шамасы ауырту түйсігінің шегі деп аталады.Әртүрлі жиіліктер үшін ауырту түйсігінің шегі түрліше болады. Дыбыс толқынының дыбыс түйсігін туғыза алатын ең төменгі күшін естілу шегі деп атайды.

Сыртқы. құлаққа құлақ қалқаны, мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.

Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Адам есінегендежұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады. Ортаңғы құлақтың қуысында бірімен-бірі буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан.. Бұл сүйекшелер ортаңғы құлақтың қуысы арқылы дыбыс толқынын өткізеді. Дабыл жарғағының тербелісі алдымен осы үш сүйекке, содан соң ішкі құлаққа беріледі. Ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосфера қысымымен бірдей. Қысым кенеттен төмендеп немесе жоғарылап кетсе, құлақ бітеліп уақытша естімей қалады (әсіресе бұл ұшқанда байқалады). Мұндай жағдайда жиі-жиі жұтыну керек. Адам жұтынғанда ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосферадағы ауа қысымымен теңеседі.

Сабақтың жабдықталуы:

Көрнекті құралдар:

    • Слайдтар;

    • Электронды оқу құралындағы көрнекі материалдар;

Үлестірме материалдар:

    • Интерактивті тақтадан тапсырмалар;

    • Компьютерден тапсырмалар;

    • Тесттер;

    • Кеспелер;

    • Сөзжұмбақ.

Техникалық оқу құралдары:

    • Компьютер;

    • Интерактивті тақта, проектор;

    • CD, DVD дискілер.

Қолданылған негізгі әдебиеттер

1. Бират Көшенов / Медициналық биофизика/ -Алматы: Қарасай, 2010ж.

2. Бират Көшенов / Медициналық биофизикадан тестілер жинағы/ – Алматы, 2010 ж.

Қосымша әдебиеттер

1. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. /Физика / Орта мектептің 10-11 сыныбына арналған

оқулық Алматы: Мектеп 2001 ж.

2. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1992 ж.

3. Көшеров Ә.Ж. /Жаттығу есептері 10-сынып /. Шымкент, 2001 ж.

WEB сайттары тізімі:

www.google.kz, www.fizica.ru, www.e-gov.kz



Сабақ жоспары мен хронокартасы

Мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі (аудитория тазалығын, сабақтың жабдықталуын, топ түгелділігін тексеріп, журнал толтыру)

1- 2 мин

2

Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлап, тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру

2-3 мин

3

Студенттердің тәжірибелік білім денгейін бақылау. Қызығушылығын ояту, ауызша сұрау арқылы студенттердің білімін бақылау.

25-35 мин

4

Тәжірибелік лабораториялық жұмысты ұйымдастыру, студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік бағдар беру

35-40 мин

5

Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы

90 мин

6

СӨЖ-ді бағалап, сабақты қорытындылау

10-15 мин

7

Үйге тапсырма

3-5 мин

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин) - Студенттерді түгелдеу, аудитория тазалығына, студенттердің сырт келбетіне көңіл бөліп, студенттердің зейінін сабаққа аудару.

2 Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (2-3 мин) – Тақырыпқа мотивациялық, сипаттама беру. Студенттерді сабақтың жоспарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

3 Студенттердің тәжірибелік білім деңгейін бақылау (25-35 мин) – Қызығушылығын ояту. Тәжірибелік тақырып бойынша ауызша сұрау арқылы студенттердің білімін бақылау

1) Студенттерден тақырып бойынша дайындап келген презентацияларын қорғауын сұрау.

Зерттелетін тақырыптары:

1. Музыкалық дыбыстар «Жас қыран»

2. Медициналық дыбыстар «Денсаулық сақшылары»

3. Физикалық дыбыстар «Зерттеушілер»

4. Есту мүшесінің сезімталдығы « Абзал жандар»

1-Тапсырма Сұрақтар:



1. Жазық далада жаңғырық шығуы мүмкін бе?

(Жауабы: Жоқ, дыбысты шағылдыратын зат жоқ)



2. Неге шәйнек қайнар алдында шуылдайды және неге суы аз болғанда қаттырақ шу шығады?

(Жауабы: Алдымен бу көпіршіктері түбінде пайда болады, сосын суық қабатына көтеріледі.

Бұл жерде бу конденсацияланады да көпіршік жарылады. Көп көпіршіктердің дауысы шу

сияқты естіледі. Қайнаған судың дауысы шәйнектің бетіндегі ауа резонансын тудырады.)



3. Неге күндізге қарағанда дауыс түнде қаттырақ шығады?

(Жауабы: Түнде дыбыс таралып кететін ауа конвекциясының ағыны аз болады. )



4. Неге жанып жатқан ағаш отыннан сыртылдап ұшқын ұшады?

(Жауабы: Ағашта ауа қызған кезде кеңейеді де, ағашты жарып шығады осыдан ұшқын шығады. )



5. Үкі – түн құсы. Оның дауысы түнгі орманда жоғалып кетпей, алысқа дейін естіледі. Бұны қалай түсінуге болады?

( Жауабы: Үкінің дауысының жиілігі төмен және салыстырмалы түрде толқын ұзындығы үлкен болады. Сонымен қоса оның дауысы үлкен энергияға ие.)



6. Көшпенділер жау әскерінің жақындағанын қайдан біліп отырған.

( Жауабы: Жер үлкен арақашықтықта дыбыстарды жеткізеді. Адамдар жерге жатып дыбыстарды тыңдаған. Көптеген әскердің дауысы гуіл болып алысқа естіледі.)

4.Тәжірибелік, лабораториялық жұмысты көрсетіп, СӨЖ-ді ұйымдастыру (35-40 мин)



АShape3 дам құлағының дыбысты қабылдау қабілетін анықтайтын әдісті аудиометрия деп, құрылғыны аудиометр деп атайды. Дыбыстың ауырту мен естілу шегінің арасын естілу аймағы дейді.



Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық тексеру (сканерлеу) үшін пайдаланылады. Сүйек, май және бұлшық еттер ультрадыбысты түрліше шағылдырады. Электр импульстеріне түрлендірілген бұл шағылған толқындар экранда кескін береді.

Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат адамның денесіндегі әртүрлі ауытқулар — қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады.

Ультрадыбыстың көмегімен тастар ұнтакталады, металдарды және аса қатты материалдарды кесу және дәнекерлеу жүзеге асырылады.

Алайда ультрадыбысты адамның ұзақ уақыт бойы қабылдауы жүйке жүйесіне әсер етеді, қанның құрамының, сапасының және қысымының өзгеруін, бас ауруын тудырады, құлақ та естімей қалуы мүмкін.

Shape4

5. Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы (90 мин)

Сабақтың тақырыбы алдын ала оқушыларға беріп жіберілгендіктен, жаңа сабақты оқушылар слайдтарға қарап өздері түсіндіріп шығады.

- тапсырмаларды орындау үшін, қажетті құрал – жабдықтар т.б. беріледі.

- әр топқа өзіндік жұмысқа бөлінген уақыт пен жұмыс көлемі хабарланады.


1 тапсырма: Анықтама бер

Перкуссия

Аускультация

Фонокардиография



 






2 тапсырма:

Сәйкес жауаптарды бос ұяшықтарға орналастырыңыз


  1. Перкуссия әдісін ойлап тапқан дәрігер.

  1. Плессиметр

  1. Перкуссия кезінде қолданылатын резина балға.


  1. Аунбруггер

  1. Аускультация әдісін ұсынған дәрігер.


  1. Фонокардиограф

  1. Перкуссия, аускультация, фонокардиография медицинада қандай мақсатта қолданылады.


Лаэннекс





Анықтамалар:



Дұрыс жауаптың эталоны:

  1. Перкуссия әдісін ойлап тапқан дәрігер.

  1. Аунбруггер


  1. Перкуссия кезінде қолданылатын резина балға.


  1. Плессиметр


  1. Аускультация әдісін ұсынған дәрігер.


  1. Лаэннекс


  1. Перкуссия, аускультация, фонокардиография медицинада қандай мақсатта қолданылады.


  1. Диагностика


  1. Жүрек дыбысын жазып алуда қолданылатын құрал.


  1. Фонокардиограф









3 тапсырма:

 


1 Кеспе

  • Перкуссия дегеніміз не және оны кім ашқан?

  • ФКГ-нің І тонының тербеліс жиілігі неше Гц?











2 Кеспе

Аускультация недегіміз не және оны кім ашқан?

  • Жүрек д ыбысын жазып алу әдісінде қоданылатын құралды қалай атайды?











3 Кеспе

  • Фонокардиография дегеніміз не?

  • Күшейген дыбыс қандай түтік арқылы дәрігердің құлағына жетеді?











4 Кеспе

  • Аускультация қай жылы ашылды?

  • Фонокардиографтың құрылымы қандай?










5 Кеспе

  • Фонографияның аса кең тараған әдістерінің бірі?

  • Қалыпты фонографияда жүректің неше жолдарын тіркейді?










Жауаптары:

1 карточка

  1. Перкуссия - (лат. percussio - ұрғылау) ішкі мүшенің тұсына келіп ұрғылап одан шыққан дыбысқа талдау жасап, диагностика мақсатында колданылатын әдіс. Перкуссия әдісін 1761 жылы Аунбруггер деген дәрігер ұсынған.

  2. ФКГ-ң І тонының тербеліс жиілігі 70-150 Гц

 

2 карточка

  1. Аускультация - (лат. auscultation -таңдау) адам ағзасының ішкі мүшелерінің физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес шығарылатын дыбыстарды тыңдау әдісі, оны 1816 жылы француз дәрігері Рене Лаэннек ұсынған.

  2. Фонокардиограф.

 

3 карточка

  1. Фонокардиография-жүрек дыбысын жазып алу әдісі.

  2. Күшейген дыбыс Т резина түтігі арқылы дәрігердің құлағына жетеді.

 

4 карточка

  1. Аускультация 1816 жылы ашылды.

  2. Жүрек дыбысын жазып алу үшін қолданылатын құралды фонокардиограф дейді. Ол дыбыс қабылдағыш 1 микрофонна, 2 күшейткіштен, 3 қайтымды байланыстағы реттеуші электрондық сүзгі жүйесінен және 4 тіркеуіштен тұрады.

 

5 карточка

  1. Фонокардиография

  2. Қалыпты фонокардиографияда жүректің І және ІІ тондарын тіркейді.


1. Ультрадыбыс деп - / жиілігі 20000 Герцтен жоғары және адам құлағына естілмейтін

толкындарды айтады. /

2. Шу деп - / бір уакытта әртүрлі жиілікпен және амплитудамен таралатын дыбыс

толкындарын айтады. /

3. Дыбыс деп - / жиілігі 20—20000 Герц арасында серпімді ортада таралған және есту

сезімін туғызатын механикалық толкынды айтады. /

4. Ультрадыбыс деп - / жиілігі 20000 Герцтен жоғары және адам құла-ғына естілмейтін

толкындарды айтады. /

5. Инфрадыбыс деп - / жиілігі 0—20 Герц арасында таралып және адамның есту мүшесімен

кабылданбайтын механикалықтолқындарды атайды. /

6. Тон деп - / уакыт арасында жиілігі және амплитудасы тұрақты немесе белгілі бір

зандылықпен өзгеретін дыбыстарды айтады. /

7. Физикалық сипаттарын объективті сипаттар деп - / оған жиілігі, гармониялық

спектрі және интенсивтілігі жатады; /

8. Физиологиялық сипаттарын субъективті сипаттар деп - / кейде есту сезімі деп те

атайды. Оған дыбыстың жоғарылығы, тембрі және қаттылығы жатады. /


4 тапсырма. Тест



1-вариант

1. Жиілігі 20-2000 Герц арасында серпімді ортада таралып,есту сезімін туғызатын

механикалық толқынды –

А) инфрадыбыс

В) дыбыс

С) ультрадыбыс

Д) тон

Е) шу

2. Жиілігі 0-ден 20- Герцке дейін таралып,адамның есту мүшесімен

қабылданбайтын механикалық толқынды -

А) инфрадыбыс

В) дыбыс

С) ультрадыбыс

Д) тон

Е) шу

3. Уақыт аралығында жиілігі мен амплитудасы тұрақты немесе белгілі бір

заңдылықпен өзгеретін дыбысты -

А) инфрадыбыс

В) дыбыс

С) ультрадыбыс

Д) тон

Е) шу

4. Бір уақытта әртүрлі жиілікпен және амплитудамен таралатын механикалық

толқынды -

А) инфрадыбыс

В) дыбыс

С) ультрадыбыс

Д) тон

Е) шу

5. Толқынның таралу бағытына көлденең орналасқан беттен уақыт бірлігінде өтетін

энергия ағынын –

А) дыбыстың қаттылығы

В) дыбыстың тембрі

С) дыбыстың жоғарылығы

Д) дыбыстың интенсивтілігі немесе толқын ағынының тығыздығы

Е) тон және шу

6. Ультрадыбысты алу әдісі мынаған негізделген -

А) термоэлектрлік эффектіге

В) пьезоэлектрлік эффектіге

С) термоэлектрондық эмиссияға

Д) фотоэлектрлік эффектіге

Е) тура электрлік эффектіге

7. Ультрадыбыстық локация мынаған негізделген –

А) пьезоэлектрлік эффектіге

В) уьтрадыбыстың шағылуына

С) ультрадыбыстың дифракциясына

Д) ультрадыбыстың жұтылуына

Е) дыбыс толқынының дифракциясына

8. Ультрадыбыс деп, тербеліс жиілігі

А) 16Гц-20 кГц аралығындағы толқынды айтамыз

В) 20кГц-тен жоғары болатын толқынды айтамыз

С) 20кГц-тен төмен болатын толқынды айтамыз

Д) 16Гц-тен төмен болатын толқындарды айтамыз

Е) 16-200 Гц аралығындағы толқындарды айтамыз



9. Ультрадыбыстық локацияны медицинада

А) көздің көру қабілетін анықтау үшін қолданады

В) жүректің параметрлерін анықтау үшін қолданады.

С) ағза ішіндегі мүшелердің орнын, өлшемдерін анықтау үшін қолданады

Д) қанның қантамырлар бойымен қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін қолданады

Е) тыныс алу жиілігін және тыныс алу көлемін анықтау үшін қолданады

10. Доплер эффектісі медицинада не үшін қолданылады

А) адам құлағының дыбысты қабылдау шегін анықтау үшін

В) қан қысымын өлшеу үшін

С) қантамырлар бойымен қанның қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін

Д) қанның минуттық көлемін анықтау үшін

Е) қанның соққылық көлемін анықтау үшін

2-вариант

1. Толқынның таралу бағытына көлденең орналасқан беттен уақыт бірлігінде өтетін

энергия ағынын –

А) дыбыстың қаттылығы

В) дыбыстың тембрі

С) дыбыстың жоғарылығы

Д) дыбыстың интенсивтілігі немесе толқын ағынының тығыздығы

Е) тон және шу

2. Ультрадыбысты алу әдісі мынаған негізделген -

А) термоэлектрлік эффектіге

В) пьезоэлектрлік эффектіге

С) термоэлектрондық эмиссияға

Д) фотоэлектрлік эффектіге

Е) тура электрлік эффектіге

3. Ультрадыбыстық локация мынаған негізделген –

А) пьезоэлектрлік эффектіге

В) уьтрадыбыстың шағылуына

С) ультрадыбыстың дифракциясына

Д) ультрадыбыстың жұтылуына

Е) дыбыс толқынының дифракциясына

4. Ультрадыбыстық локацияны медицинада

А) көздің көру қабілетін анықтау үшін қолданады

В) жүректің параметрлерін анықтау үшін қолданады.

С) ағза ішіндегі мүшелердің орнын, өлшемдерін анықтау үшін қолданады

Д) қанның қантамырлар бойымен қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін қолданады

Е) тыныс алу жиілігін және тыныс алу көлемін анықтау үшін қолданады

5. Уақыт аралығында жиілігі мен амплитудасы тұрақты немесе белгілі бір

заңдылықпен өзгеретін дыбысты -

А) инфрадыбыс

В) дыбыс

С) ультрадыбыс

Д) тон

Е) шу

6. Бір уақытта әртүрлі жиілікпен және амплитудамен таралатын механикалық

толқынды -

А) инфрадыбыс

В) дыбыс

С) ультрадыбыс

Д) тон

Е) шу

7. Жиілігі 20-2000 Герц арасында серпімді ортада таралып,есту сезімін туғызатын

механикалық толқынды –

А) инфрадыбыс

В) дыбыс

С) ультрадыбыс

Д) тон

Е) шу

8. Жиілігі 0-ден 20- Герцке дейін таралып,адамның есту мүшесімен

қабылданбайтын механикалық толқынды -

А) инфрадыбыс

В) дыбыс

С) ультрадыбыс

Д) тон

Е) шу

9. Доплер эффектісі медицинада не үшін қолданылады

А) адам құлағының дыбысты қабылдау шегін анықтау үшін

В) қан қысымын өлшеу үшін

С) қантамырлар бойымен қанның қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін

Д) қанның минуттық көлемін анықтау үшін

Е) қанның соққылық көлемін анықтау үшін

10. Ультрадыбыс деп, тербеліс жиілігі

А) 16Гц-20 кГц аралығындағы толқынды айтамыз

В) 20кГц-тен жоғары болатын толқынды айтамыз

С) 20кГц-тен төмен болатын толқынды айтамыз

Д) 16Гц-тен төмен болатын толқындарды айтамыз

Е) 16-200 Гц аралығындағы толқындарды айтамыз



Тесттің дұрыс эталоны

І нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

сұрақ

в

а

д

е

д

в

в

в

с

в



І нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

сұрақ

д

в

в

с

д

е

в

а

с

в

Бағалау критерий

10-9=5

8-7=4

6-5=3

5 =2

6. Сабақты қортындылау (5 мин) - Студенттердің алған білімін қысқаша түсіндіру арқылы қорытындылау.

/ Студенттердің алған білімін интерактивті тақтада арнайы дайындалған слайдты ашып көрсете отырып қорытындылау/.

7. Үйге тапсырма беру (5 мин) - Студенттерге жаңа тақырыптан өзіндік дайындалуға сұрақтар және тапсырмалар беру.

Тақырыбы: Тамырлар бойымен қан қозғалысының гемодинамикалық заңдылықтары.

Өзіндік дайындалу үшін сұрақтар:

  1. Гемодинамика дегеніміз не?

  2. Гидродинамика заңдарын

  3. Гидродинамика заңдарын

  4. Қанның реологиялық қасиеттері

  5. Қанның қан тамырлар бойымен қозғалысы

  6. Жылдамдық векторының өрісі дегеніміз не?

  7. Тұтқыр сұйықтың қозғалысы

  8. Ньютондық сұйық дегеніміз не?

  9. Ламинарлық және турбуленттік ағыстар дегеніміз не?



Қолданылған негізгі әдебиеттер

1. Бират Көшенов / Медициналық биофизика/ -Алматы: Қарасай, 2010ж.

2. Бират Көшенов / Медициналық биофизикадан тестілер жинағы/ – Алматы, 2010 ж.

Қосымша әдебиеттер

1. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. /Физика / Орта мектептің 10-11 сыныбына арналған

оқулық Алматы: Мектеп 2001 ж.

2. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1992 ж.

3. Көшеров Ә.Ж. /Жаттығу есептері 10-сынып /. Шымкент, 2001 ж.

WEB сайттары тізімі: www.google.kz, www.fizica.ru, www.e-gov.kz














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!