Білім беру саласы:
«Қатынас» Бөлімі: Сауат ашу
негіздері
Тақырыбы: Дыбыстық талдау.
Мақсаты: үш дыбысты сөздерге дыбыстық талдау
жасауға үйрету. Міндеттері: 1. Балалардың дауысты жəне дауыссыз
дыбыстарды анықтай алу дағдыларын бекіту. 2. Сөз құрамын анықтау,
сұраққа толық, тиянақты, нақты жауап беру дағдыларын дамыту. 3.
Ұқыпты жұмыс жасауға тəрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: № 1 жұмыс
дəптері, қоржын. Билингвалды компонент: секіртпе –
скакалка.
ҰОҚ барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі «Заттың жекеше түрін айт»
ойынын балалармен ұйымдастыру.
1.
Ұлдар – ұл.
2.
Торғайлар – ... (торғай)
3.
Көбелектер – ... (көбелек)
4.
Таулар – ... тау)
5.Жапырақтар – ... (жапырақ)
2.
Негізгі бөлім Өткен тақырыптарды қайталау. «Сұрақ-жауап» əдісі
арқылы қайталау.
1)
Дауысты дыбыстар деген не?
2)
Дауысты дыбыстар қалай белгіленеді?
3)
Дауыссыз дыбыстар деген не?
4)
Дауыссыз дыбыстар қалай белгіленеді?
5)
Буында неше дауысты дыбыс болады?
«Жалауша» дидактикалық
ойын-жаттығуы
Педагог дыбыстар айтады. Егер дыбыс дауысты
болса, балалар қызыл жалаушаны, егер дыбыс дауыссыз болса, көк
жалаушаны желбіретеді. Педагог балаларға сөзге дыбыстық талдау
жасауды түсіндіреді.
1.
Ең бірінші берілген сөзді білуіміз керек.
2.
Сөзде неше буын, неше дыбыс бар екенін анықтауымыз
керек.
3.
Сөздегі дыбыстардың дауысты, дауыссыз екенін
анықтау.
4.
Дауысты дыбыстардың жуан, немесе жіңішке екенін анықтау
керек.
5.
Дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң, үнді екенін анықтау
керек.
Педагог доп, шар сөздерінің дыбыстық сызбасын
тақтаға іледі. Екі бала тақтада доп, шар сөздеріне дыбыстық талдау
жасайды. Қалған балалар орындарында талдау жасайды, қателескендер
тақтамен тексеріп, қателерін түзейді.
– Шар
сөзін баяу айтып, сөздегі əр дыбыстық дыбысталуына назар
аударыңдар.
– Шар
сөзінде неше буын бар? – Дұрыс айтасыңдар,бір буын, өйткені бір
дауысты дыбыс бар.
– Шар
сөзінде барлығы неше дыбыс?
– Үш
дыбыс екен.
– Шшшар бірінші дыбыс қандай
дыбыс?
– Иə,
бірінші дыбыс – ш дыбысы.
– Ш
дыбысы дауысты дыбыс па, əлде дауыссыз дыбыс па?
– Ш
дыбысы – қатаң дауыссыз дыбыс, өйткені айтылғанда тек салдырдан
жасалады. – Қандай түспен белгілейміз?
– Көк
түсті дөңгелекпен белгілейміз.
Педагог екінші дыбысты айқындап шааар сөзін
оқиды.
– А
дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? – Дұрыс айтасыңдар, дауысты дыбыс.
Дауысты жуан дыбыс па, əлде жіңішке дыбыс па?
– Жуан дауысты дыбыс, өйткені [а] дыбысы айтылған
кезде тіл артқа жиырылып, үсті дөңестеледі, бұлай дауысты жуан
дыбыстар жасалады, жасалу жолына қарап дауысты жуан дыбысқа
жатқызамыз. Қызыл түсті дөңгелекпен белгілейміз. Педагог «шаррр»
сөзін үшінші дыбысты айқындап оқиды.
– Үшінші қандай дыбыс естіліп
тұр?
– Дұрыс айтасыңдар, «р» дыбысы естіліп
тұр.
– «Р»
дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? – «Р» дыбысы дауыссыз дыбыс. –
Қандай дауыссыз дыбыс қатаң дауыссыз ба, ұяң дауыссыз ба, үнді
дауыссыз ба?
– «Р»
дыбысы үнді дауыссыз дыбыс, өйткені салдырға қарағанда үн басым,
айтылу кезінде дауыс ырғағын өзгертуге келеді.
– Сызбада қандай түспен
белгілейміз?
– Көк
түсті дөңгелекпен белгілейміз.
Шар
– 1 буын, 3 дыбыс.
Осы
үлгі бойынша доп сөзіне дыбыстық талдау
жасатылады.
Д –
ұяң дауыссыз дыбыс, көк түсті дөңгелекпен
белгілейміз.
О –
жуан дауысты дыбыс, қызыл түсті дөңгелекпен
белгілейміз.
П –
қатаң дауыссыз дыбыс, көк түсті дөңгелекпен белгілейміз. Доп – 3
-дыбыс,1 буын.
Сергіту сəті
Биле, биле, балақай
Бір, екі, үш, төрт
Біз
билейміз күш көп.
Бес, алты, жеті, сегіз
Əн
менен би егіз.
Қолдармен биле, аяқты серме.
Билейік айнала, бос тұрма
қайтала!
Дəптермен жұмыс
1.
Айсұлудың ойыншықтарын ата. Дауысты дыбыстан басталатын
ойыншықтарды қызыл түсті қарындашпен, дауыссыз дыбыстан көк
қарындашпен қорша.
2.
Доп сөзінің дыбыстық талдауын анықта.
Сызықпен қос.
4.
Штрихта.
5.
Үзік сызықтарды бастыр, жалғастыр.
Педагог графикалық жұмысты бастамас бұрын үстелде
отыру ережесін естеріне түсіріп қайталайды. Дұрыс отырмаудың
денсаулыққа, адам сымбатына зиян екенін айтып өтеді. Қарындашты
қолдарына алып, алдымен ауада жаздырады.
Саусақ жаттығуы
Саусақтар шықты қыдырып,
Балетке келді жүгіріп.
Залдың шамы сөнеді,
Бишілер билеп береді.
Балет қандай тамаша!
Қол
соғайық таласа.
3.
Рефлексия. Педагог ҰОҚ-ны қорытындылайды. Балаларды мақтап, оларға
жетістікке жету үшін еңбектену керектігін айтады. Оқу қызметінің
қызықты өткенін жəне ұнағандығын сұрап білу.
– Тапсырмаларды орындау барысында қиналған сəттерің
болды ма? Қай тапсырмада?
– Егер сендерге бүгінгі тапсырмаларды орындау жеңіл
жəне қызық болса, көңілді смайлды, ал егер тапсырмаларды орындауда
қиналсаңдар жəне қызықсыз болса, көңілсіз смайлды
бояңдар.
Күтілетін нəтиже:
Жасайды: дыбыстық талдау жасайды.
Түсінеді: сөздің құрамында дауысты, дауыссыз дыбыстар
болатынын түсінеді.
Қолданады: сызбаға сəйкес сөзді анықтайды.