Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дулат Бабатайұлы "О, Ақтан жас, Ақтан жас" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дулат бабатайұлының шығармашылығымен тереңірек танысады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

1-сабақ


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Д. Бабатайұлы

«О, Ақтан жас, Ақтан жас»

Мектеп:

Ахмет Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:


Тамашева Жанна Аманжоловна

Сынып:

5 «Г» сыныбы




Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дулат Бабатайұлы

Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы

Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.


Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс

Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.

Жетістік критерийі

Шығарма мазмұнын түсінеді;

Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

Шығарма бойынша сұрақтар құрастырады;

Тұжырым жасайды.

Тілдік мақсаттар

Үміт арту, күрек тісін қасқайтып, жорыққа жортып терлетіп, керсеніңе бал құйып.

Құндылықтар

Сенім, бала сүю, мал жию, үміт арту.

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

https://www.youtube.com/watch?v=MhAJ2AKRgGs

Жетім балалар туралы мәлімет. Шет елдегі жетім балалар

(Жаһандықпен байланыстыру үшін)

АКТ дағдысын қолдану

Презентация

Өмірмен байланысы

Ата- ана үмітін ақтау, еңбек ету, сенімнен шығу.

Пәнаралық байланыс

Тарих

Алдыңғы білім


Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер


Дереккөздер

Қызығушылықты ояту


















Мағынаны тану




































































Рефлексия


Бағалау



Үйге тапсырма









Оқушыларды төрт түспен төрт топқа бөлу керек.

Бейнежазба арқылы Дулат Бабатайұлының өмірімен және шығармашылығымен танысады.

«Автор орындығы»


Бүгінгі сабақта Дулат Бабатайұлының «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңімен танысамыз.

Толғау дегеніміз не?

Риторикалық сұрау дегеніміз не?

Өлең кімге арналған?


«О, Ақтан жас, Ақтан жас» (тыңдау) BILIMLAND


О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сенде жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?
Жарық сәуле көре алмай,
Ел шаңына ере алмай,
Сол бойы кетер ме екенсің?
Жапанға біткен жапырақ
Жамылсан тонар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген
Сұғыңсаң тояр ма екенсің?
Күрек тісін қасқайтып
Сұлу сүйер ме екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?
Тұлпар атты жаратып,
Құйрық - жалын таратып,
Бежін ерді ерлетіп,
Жорыққа жортып, терлетіп
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Салған дағы жоғалмас
Сапы асынар ма екенсің?
Босағасын борлатқан,
Таңдайға дәмі татымас
Керегесін торлатқан,
Тегерішін манаттан,
Жібектен ызып бау таққан
Үйге кірер ме екенсің?
Тең құрбыңмен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніңе бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің.
Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі жетерсің.


«Тыңдау бұрышы» жай дауыспен оқушылар оқып шығады.

Тапсырма:

ҚБ

«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінің мәтіні беріледі.

1 топқа;

  1. Өлеңді оқып шығып, мазмұнын қара сөзбен жеткізуге тырысыңыздар; Толғау дегеніміз не?

2 топқа:

Ақтан деген кім?

Ақын Ақтан жасқа қандай үміт артады?

3 топқа:

Риторикалық сұрау дегеніміз не? Мәтіннен риторикалық сұрауларды тауып, топта талдаңдар.


4 топқа:

Жетім бала мен ақын арасындағы әңгімені елестете отырып, диалог құрастырыңдар


Барлық топтарға тапсырмалар:

Бейнежазба көрсету https://www.youtube.com/watch?v=MhAJ2AKRgGs

Жетім балалар туралы мәлімет. Шет елдегі жетім балалар


«Ақын үмітін ақтау үшін Ақтан жасқа қандай талап қояр едіңіз?» деген тақырыпта 5 минуттық эссе жазыңыз. Әр топ өз рефлексиясын оқиды.


Мұғалім оқушыларға өз кері байланысын береді, әр топтың жұмысын бағалайды.



Мұғалімге хат

---------------------------------------------------------------


Д. Бабатайұлының «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін жаттап келу.






















http://tarbie.org/load/kos/dulat_babataj_ly_o_a_tan_zhas_a_tan_zhas/67-1-0-15934




















http://bilim-all.kz/olen/2083-O-Aqtan-zhas-Aqtan-zhas


























http://bilim-all.kz/olen/1907-Kuldir-kuldir-kisinetip










Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын?

Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау

Ынталандыру, мадақтау сөздерін қолдану, жетістіктерін айту арқылы оқушылардың уәжін арттырамын..


Қалыптастыруша бағалау тапсырмаларын ұсынамын: Үзінді бойынша өз ойыңды жаз, өлең мазмұнына тезистік жоспар құр


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма?

Барлық оқушылар ОМ жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме?

Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге?

Барлық оқушылар оқу мақсатына жетті деп есептеймін. Сабақ барысында оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдылары бойынша жаттығу түрлері жүргізілді. Оқушылар 5 минуттық эссе жазуда белсенділік көрсететіп, өз айларын жазбаша жаза алды. Сабақтағы кезеңдер сақталды. Барлық оқушылардың үй тапсырмасын айту кезінде де, топтық жұмыста да өз міндеттерін мұқият орындап, бағалауға белсенді қатысып отырды.

Жалпы бағалау

Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1: Мәтінді меңгеру кезінде орындалған «Автор орындығы» әдісі сәтті өтіп, оқушылар Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы ұтымды сұрақтар қойды.

2: Жаңа тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, бейнежазба көрсетілді. Оқушылар осы бейнежазба бойынша өз ойларын жазбаша түрде жеткізе алды.

Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

2:

Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет? Жекелеген оқушылар эссе жазу кезінде грамматикалық қателерді көп жіберген. Келесі сабақта сауатты жазу бойынша жаттығу түрлерін (сөздік диктанты, көшірме диктанты) ұйымдастыру керек деп ойладым.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
4320
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12