Материалдар / «Э э дыбысы мен әрпі»

«Э э дыбысы мен әрпі»

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ашық сабақа керек
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

7 сәбилер бақшасы



Ашық есік күніне арналған

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «Э э дыбысы мен әрпі»








Павлодар 2017 жыл










Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу

Тақырыбы: Э э дыбысы мен әрпі

Мақсаты: Э э дыбысы және әрпімен таныстыру. Құрамында Э дыбысы бар сөздерді талдау, оларды ажырата білуге, Э дыбысы жөнінде дұрыс ұғым алуға үйрету. Балалардың тілдерін дамыту, сөздерді дұрыс оқуға баулу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, сергіту.

Сөздік жұмыс: Экскаватор, элеватор, экран, электр.

Көрнекіліктер: Э әрпінің баспа түрлері, кеспе әріптер, суреттер, текшелер, айна, карточкалар.


Оқу іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Мотивациялық қызығушылық












Іздену-ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері: Музыка әуенімен балалар топқа кіріп шеңбер құрады.

-Балалардың қолдарында бір-бір гүлден алып бір-бірлеріне тілек айтып таратады. Соңында бұл гүлдер бір құшақ гүл болып апайға беріледі.

-Балалар тыңдаңдаршы біреу есік қағып тұрғандай, бұл кім болды екен? (апай есікті ашып көрсе,пошташы хат әкеледі).

-Балалар біреу бізге хат жіберіпті. Хатты ашып оқып көрейік. Балалар хаттың ішінде жұмбақ жасырынған екен. Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер сол жұмбақтың жауабын табыңдар.

Жұмбақ: Өзі тым күшті,

Жерді қазып бітті.

-Дұрыс балалар, бұл экскаватор. бүгін біз сендермен Э дыбысы және әріпі мен танысамыз.

-Э дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?

-Неліктен дауысты?

-Кәне бәріміз Э дыбысын алдымыздағы айнаға қарап, қайталап айтып, дыбыстық артикуляция жасайық.

-Э дыбысы Тіл алды езулік дауысты дыбысты белгілейтін әріп. Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында кездеспейді. Орыс тілінен енген сөздер мен халықаралық терминдерге тән дыбыс.

-Э дыбысын қандай текшемен белгілейміз?

-Э дыбысы сөздің қай жерінде айтылады екен?

- Экскаватор сөзін буынға бөліп көрейікші.

- Экскаватор сөзінде неше буын бар?

- Неше дыбыс және неше әріп бар екен?

Сергіту сәті: Енді бәріміз бір сергіп алайық.

-Бәріміз шеңберге тұрамыз.

-Таң атты, күн шықты,

- Самал жел тұрды,

-Жауын себеледі,

-Қатты бұршақ жауды,

-Күн ашылды,

-Күннің көзі жарқырады.

.-Енді келесі жаққа ауысамыз.

Дәптермен жұмыс: Жазу.

Э әрпін ауада жазу.

Дәптерімізді ашайық, 
Қолға қалам алайық. 
Жалқау болмай бәріміз, 
Әдемілеп жазайық. 

Үлгі бойынша Э дыбысының әрпін бастырып жазады.

Карточкамен жұмыс:

- Экскаватор, элеватор, экран, электр.т.б сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Ойын: «Кім жылдам».Ойынның шарты: Мына сөздерді қолданым сөйлем құра.

-Аэропорт

-Элеватор

-Электр шамы.

Қорытынды: Ойын: «Ғажайып алаң» деп аталады.

Шарты: Щеңберді айналдырып, қай суретке түссе, сол туралы қысқаша мәлімет бере алу.

-Балалар шаттық шеңберінде бір-бірлеріне деген ізгі тілектерін айтады.



-Бәрі мұқият тыңдайды.

-хат әкеледі.

-Балалар сұрақтарға жауап береді.


-Бәрі мұқият тыңдайды.


-Жұмбақты шешеді


-(Экскаватор)

-Дауысты.

Балалар айнаға қарап, артикуляциялық жаттығулар жасайды.

-Сөздің басында және ортасында.

Кеспе әріптермен сөз жазады.

Балалар қолдарын соғу арқылы екі буынға бөледі.

-Экс-ка-ва-тор, 4 буын бар.

-10 дыбыс, 10әріп.


Сергіту сәтін орындайды.









Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.





Үлгі бойынша жазады.

-1 бала тақтаға шығып

Дыбыстық талдау жасайды.

Қалғандары орындарында жасайды.


-Мен аэропортқа бардым.

-Ағам элеваторда жұмысы істейді.

Үйде электр шамы жанып тұр.



Рефлексивті-түзетушілік

Сұрақ-жауап арқылы алған білімдерін бекіту. Сабақты қортындылау.

-Бүгін қандай әріп және дыбыспен таныстық.

-Сабақ сендерге ұнады ма?

-Қандай тапсырмаларды орындадық.

Мадақтау. Жұлдызша тарату



-Э дыбысы және әріпі

-Иә, ұнады

Өзін-өзі бағалау.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Э э дыбысы мен әрпі туралы түсінді, білді.

Игеруі керек: Э дыбысының артикуляциялық ерекшеліктерін игерді.

Меңгеруі керек: Сұраққа жауап беруді, баспа түрде жазуды меңгерді.




ЖИ арқылы жасау
04 Мамыр 2018
1446
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі