Материалдар / Е есебі Мен енгізілген өзгерістің тиімді екенін қалай түсінемін?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Е есебі Мен енгізілген өзгерістің тиімді екенін қалай түсінемін?

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2018
627
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Төкенова Ұлту Орынғалиевна Мұғалім портфолиосы

I деңгей

Шымкент қаласы 2015 жыл

Е есебі

Мен енгізілген өзгерістің тиімді екенін қалай түсінемін?

«Барлық нәрсені біліп, талдау жасай білу аз. Сонымен қатар, соған байланысты сауатты қадам жасай білу керек».

Марк Туллий Цицерон

Іс-әрекеттегі зерттеу үдерісімде мектебім туралы барлық нәрсені біліп, таңдадым және соған байланысты жасаған қадамым сауатты болды ма, яғни енгізген өзгерістерімнің мектепке аз болса да пайдасы тиді ме? Мектеп базасында жүзеге асырылатын іс-әрекеттегі зерттеу үдерісі арқылы практик-мамандар мектеп проблемаларын қарастырып, оларға жан-жақты жауап беру мүмкіндігіне ие болады. Бұл- «мектептегі шара» немесе «мектеп туралы ақпарат» қана емес, ол ең алдымен мектеп үшін жүргізілетін зерттеу шарасы.(МАН 48 бет). Бұл жерде мен Сенеканың «Өзгелерді үйрете жүріп, өзіміз де үйренеміз» деген ұлағатты сөздерін айта кетуді жөн көрдім. Себебі, «мектептегі тәжірибе» кезеңінде өзің дербес ойланасың, ізденесің, жан-тәніңмен беріліп еңбектенесің, сонда ғана І бетпе-бет болған теориялық біліміңнің іс-тәжірибеде жемісін, нәтижесін көре бастайсың. Бұны I бетпе-бет кезеңінде нұсқаулықтағы кейбір терең тақырыптардың тәжірибе кезеңінде бірден түсінікті болуынан байқадым. Өзің істеп көрмегеніңше түсінбейсің дегеннің дәлелі болып тұр. «Бұл өмірдің мәні - сіз бенен біз емес пе» деген Бөлтірік шешеннің сөзін бір жерден оқып толқып қалдым. Шынында да бұл тәжірибені өзімді қолдап жүрген Т1, Т2 тәлім алушыларым мен әдістемеміздегі мұғалімдер болмаса, басқа да әріптестерім болмаса, қалай іске асырар едім. Барлығы да коучинг сессиясынан көрген әдіс-тәсілдерін өз сабақтарында қолданып, белсенділік танытып жатты. «Білім - бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді» деген А.Байтұрсыновтың ұлағатты сөзі бізге қазіргі заман мұғалімдеріне де арналып тұрғандай. Өйткені басқаларды үйрету үшін өзің көп білетін, қолыңда құралың болуы қажет. Деңгейлік бағдарламадағы жеті модульдің ішінде ең кең тараған, өріс алып шыңдалған модульдердің бірі бұл - сын тұрғысынан ойлау модулі. Менің даму жоспарымда жеті модульді кіріктіру барысында басымдық танытқан модуль - осы сын тұрғысынан ойлау болды. Өйткені бұл модуль оқушылардың да мұғалімдердің де сын тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді деп нұсқаулықта берілгендей сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылар ой қозғай отырып, өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген-білгенін талдап, жүйелеп, салыстырып, реттеп, сұрыптап, тұжырым жасап отырады. Оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Талданатын ойлар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен ЖАДА аясында қарастырылғандықтан білімді ұғынатын болады. (Л.Выготский). Тәлімгерлік үдерісіндегі тәлім алушылардың алған білімі мен білігінің сыныпта астасуын көру мақсатымен Т2- нің 9»ә» сыныбындағы геометрия сабағына ендім. 1- сабақ «Шеңберге іштей және сырттай сызылған көп бұрыштардың аудандары» тақырыбында болды. Алдымен сыныпта жағымды ахуал орнатты. 1- қатар ішкі, 2- қатар сыртқы шеңбер құрып, жұптасып, бір-біріне тілек айтты. Геометриялық фигураларды таңдап алу арқылы топқа бөлінді. Оқушылар үй жұмысын тақтадағы дұрыс нұсқасымен сағат тілі бағытымен көрші топтар арқылы жүзеге асырды, бірін-бірі бағалады. Жаңа сабақтың тақырып аясын ашу үшін тақтаға дөңес дұрыс көпбұрыштың суреті және «Брусчатканың» суреті ілінді. «Мына суреттердің сыры неде? Сурет бойынша өз ойларың қандай?» деген сұрақтар берді. Оқушылар дөңес көпбұрыш пен дұрыс көпбұрыштың суреттерін салыстыра отырып «мына көпбұрыштың барлық бұрыштары мен қабырғаларының ұзындықтары тең сияқты» дей келе тақырыпты ашты. «Мына сурет жайлы не айтасыңдар?» дегенде біреуі бұл - мектептің алдындағы брусчаткаға ұқсайды десе, бірі бұнда шеңбердің ішіне дұрыс көпбұрыштың сызылып тұрғаны жайлы айтты. Осылайша оқушылар жаңа тақырыпты тапты. Сұраққа жауап іздеу, салыстыру арқылы баланың сын тұрғысынан ойлауы артқанына көзім жетті. Жаңа тақырыпты «Жигсо» әдісі бойынша меңгертті. Әр топтың тұсына жаңа тақырыптан үзінді ілінді. Балалар өздеріне тиесілі мәтіннен ең маңызды деген тұстарын есте сақтап, қалуы керек. Мұндағы мақсаты Шанк пен Цилмерман айтқандай оқу барысында балаларға еркіндік бере отырып, өз бетінше жұмыс істеуге, өзіндік ой пікір қалыптастыруға үйрету деп түсіндім. Мұндағы негізгі ұстаным - әр бала өзіне жауапкршілікті сезініп, басқа топқа барғанда ұялмайтындай етіп, тақырыптың түйінді жерлерін ұмытпастай етіп көкейіне тоқып алады және өзге топқа түсіндіргенде одан да көп нәрсені ұғынып, санасында жатталып қалады. Сыныпта барлық оқушы осы жауапкершілікті сезінеді. Выгодскийдің айтқанындай, оқуда сөз негізгі рөл атқаратынына көзім жетті. Топқа бөлінгенде уақытты тиімді пайдаланбады, үздік оқушылар көбірек белсенділік танытып, «Жигсо» әдісі барысында мұғалімнің өзі түсіндіріп кететін тұстары болды. Постерге қарағанда қиялға ерік бермеуін ескеріп өтейін. Сергіту сәтінде онға дейінгі сандарды өрнектеді. А деңгейінің есептерін шығарды, тапсырманы алдымен жеке орындап, қателерін екеу ара қайта талқылады. Мұнда олар бір-біріне үйрете отырып, үйренді. Соңынан дұрыс нұсқамен тексеріп шықты. Кері байланыс парағына оқушылар сабақтан алған әсерлері, ұнаған әдістері, қызықты тұстары, ұсыныстары жайлы жазған. Ішінде бір оқушы маған «алгебра сабағы геометрияға қарағанда көбірек ұнайды, себебі геометриялық есептер мен үшін қиындау» деп жазыпты. Сабақтан соң тәлім алушымен бірге бүгінгі сабақты талқыладық. Жоғарыда өзіме белгілеп кеткен кемшіл тұстары мен жетістіктерін атап өттім. Оқушының үні ескерілді. Жаңа тақырыпты қорытындылау мақсатында оқушыларға дөңес және дұрыс көпбұрыштарды, Венн диаграммасын толтыруды өтіндім. Барлығы топта талқылап, дұрысын тақтаға әр топтан шығып жазды. Сабақ соңында мұғалім маған үлгерімі едәуір жақсы баланың жан-тәнімен барын сала түсіндіргенін байқағанын айтып, топқа бөлу тиімділігіне тағы да көз жеткіздім деді.

2-сабақ. «Есептер шығару».

Оқушыларға қасындағы сыныптасына өз есімінің синонимдерін тауып сипаттау арқылы сыныпта жағымды ахуал орнады. Оқушылар «Атом, молекулалар» әдісі арқылы топқа бөлінді. Топтарға бөлініп, топ мүшелерін сайлады. Үй тапсырмасының дұрыс нұсқасын интербелсенді тақтада көрсетті, оқушылар сағат тілі бағытымен жұпталып, салыстыру арқылы тексерді, өзара бағалады. Өткен тақырып бойынша теориялық сұрақтарды «Веер» әдісі арқылы қайталатты. Оқушылар «Веер» жасап, сол параққа осы тараудан 3 сұрақ жазды. Оны келесі топқа сағат тілі бағытымен ауыстырды, ол сұрақтарға келесі топ мүшелері жауап жазды, тағы да ауысып келесі топ толықтырды. Өз топтарынан айналып келгенше осылай жалғаса беруі керек еді, бірақ екі топтан кейін дұрыс нақты жауап бергендерді әр топтан оқытты. Бұл жерде оқушыда зерде теориясы бойынша өзінің жауабы арқылы басқа балалар қалай жауап береді деген ой қалыптасты деп ойладым. Математикалық диктант алды. Әр оқушы жеке жұмыс жасады, тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырып, өзара бағалады. Барыстың (1971) сыныпта қанша тіл қолданылса, оқушылар оқуына соншалықты әсер етеді дегендей мұндағы мақсаты оқушылар өз ойларын анық білдіретіндей еркін атмосфера қалыптастыру болды деп ойлаймын. Әдетте, оқушылар тек дұрыс жауаптарын салыстырып, тексеретін еді, ал мұнда талқылау барысында өз ойларын түйінді, еркін жеткізуге бағыттадым деді. Т2 сұхбатында А деңгейінен қалған есептерді, В деңгейі есептерінің жартысын топтарға бөліп беру арқылы шығартты. Оқушылар тақырыпты әр түрлі әдіс- тәсілдермен жақсы түсінгені есептер шығару барысында байқалды. Алдымен әр оқушы жеке орындап, қателерін екеу ара жұптасып талқылап, кейін топта талқылады, дұрыс нұсқасын тақтаға шығып түсіндірді. Оқушыларды сергіту сәтінде билетті де, «Ротация» әдісі арқылы сабақты қорытындылады. Әр топ өздерінің плакаттарына төрт сұрақ немесе есеп жазды. Ең соңында қай топтың дұрыс жауаптары көп, қай топта аз екендігі байқалды. Бұл жерде айта кететін бір жайт, оқушылар сабаққа түгел араласты. Және де мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара бірлескен әрекеттің құрылымы көрініс тапты. Сабақ барысында оқушылардың әлеуметтік белсенділігі арта түсті.

Сабақтың қай тұстары ұтымды болды? Ұсынысыңыз?

Оқушылардың таласа-тармаса стикерлерін жабыстырып, өз тобымен ойларын бөлісуге асыққан сәттерін өз біліміне өзінің сыни қарауына жетелейтін сәтті қадамдары деп есептедім. Сабақ соңында тәлім алушыммен сабақты талқыладым. Оқушылардың жауаптарын оқып шықтық. Оқушының маған «Ротация әдісі ұнады, өйткені біз бұл жерде басқа топтармен жарыстық, сол үшін есептерде бәріміз ат салыстық» деп жазыпты.

Сәтті тұстары: Веер әдісіндегі зерде теориясының орын алуы, математикалық диктанттағы жұптық жұмыс, Ротация әдісіндегі бірлескен әрекетіндегі оқушылардың белсенділік танытқандары болды. Бұл жерде оқушылар зерттеушілік әңгіме жүргізе отырып, мәселені шешуде бірлескен түсінік қалыптастырады және идеялармен бөлісіп бірін-бірі тыңдауды, бағалауды үйренді.

Сәтсіз тұстары: Әдіс-тәсілдерді пайдалануда уақытты тиімді пайдаланбауы, кейбір оқушылардың енжарлық танытуы.

3 -сабақ. «Кез келген көпбұрыштың ауданы». Сабақ жағымды ахуал орнатудан басталады. Оқушылар бір-бірінің бойындағы 3 жақсы қасиетті айтады. «Осы мақтау сөздер өздеріңе ұнайды ма?» деп сұрай отырып, әркім өз-өзін мақтай отырып, арқаларын қағады. Бұл әдіс оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, бойларында өздеріне деген сенімділікті күшейткені көрініп тұрады. Формулаларды сәйкестендендіру арқылы топқа бөлді. Бұл сәтті болды деп ойладым. Әр топтың оқушылары топта 1,2,3 деп санап, 1,2 нөмердегілер тақтаға шығып, осы оқушылармен «Өрмекші торын» құру арқылы үй тапсырмасын еске түсірді. Бұл қызықты әрі оқушылар уақытты тиімді пайдалануға, өз оқуына және сыныптастарының оқуына жауапкершілікпен қарауды үйренеді, өзі сұрақ қоя білуге үйренеді. Жаңа тақырыпты сұрақ қою әдісі арқылы меңгертті.


«Өрмекші торы» әдісі

Алдымен тақырыпты оқушыларға оқытты. Оқылған мәтін бойынша топтар бір-біріне әр деңгейлі сұрақтар қойды. Алдымен оқушылар бастады: 1. Фигураның ауданы қандай шама? 2. Суретте ішкі аймақ және сыртқы аймақтарын көрсет. 3. Ішкі аймағы дегеніміз не? 4. Сыртқы аймағы дегеніміз не? 5. Көпбұрышты фигура ауданын қалай табамыз? 6. Неліктен көпбұрышты фигураның ауданын табу үшін оның бөліктерінің ауданын білуіміз қажет? 7.Тең фигуралардың ауданы тең болатындығын қалай дәлелдейсіз? Мысалда көрсет. Жоғары және төменгі деңгейлі сұрақтар арқылы тақырыпты меңгертті. Бұл өте сәтті өтті. Себебі, сұрақ қою және қайта сұрақ қою әдісінде оқушылар өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгереді. Тақырыпты қалай меңгергенін білу үшін есептер шығарылады. Сергіту сәтінде өлең шумағын әр топ әр түрлі жанрда орындағандары қызықты өтті. Аудандарды табуға арналған қызықты есептерді «Ғажайыптар алаңы»на нөмірлеген, оқушылар өздерінің нөміріне сәйкес есепті алды. Әркім жеке орындап болған соң үстіңгі қабатын бір жерден қырқып, жауаптарын топпен сәйкестендіру арқылы жауаптарын топпен тапты. Бұл өте сәтті өтті, себебі әрі қызықты әрі оқушылардың танымдық, шығармашылық

Қызықты тапсырмалар орындау сәті «Ғажайыптар алаңы»

Барлық есепті уақытында үлгерген 1 топ ұтты. Оқушылар бір-біріне көмектесіп жатты, мұғалімнен көмек болды, бұл жерде ЖАДА орын алды. Мұғалім оқушыларды тапсырмаларды біртіндеп аяқтауға итермелеп, «көпіршелер» тұрғызды. Сабақты «Кір жуатын жіп» әдісімен қорытындылады. Әр топ түсті қағаздардан әр түрлі бас киім, жейде, шалбар, юбка, аяқ-киімдердің үлгісін қырқып, оларға тақырып бойынша алған білімдерін рет-ретімен жазды. Ақ қағаздан жасалған жіпке стикерлермен жайды. Бұл өте сәтті өтті. Себебі, оқушылар мұны қызығушылықпен орындады және алған білімдерін, яғни көпбұрышты фигураның ауданын табу алгоритмін қадамдап жазды. Оқушылар алдыңғы сабақтардай емес, топтық жұмыстарда болсын, жұптық жұмыстарда болсын барлығы ат салысып отырды. Тақырыпты бейнелегенде ерік беріліп, сөздік қорлары да молая бастаған. Осыған дейін үндемей отыратын оқушылар да тақырыпқа өз үлестерін қосып жатыр. Мұғалім уақытын тиімді пайдалана білді. Бұдан тәлім алушымның білімді беруді әр түрлі әдістермен анық, нақты бергенін байқадым. Сабақтан кейінгі сұхбатта ол топтық жұмыс оқушылардың жекелеген мүмкіндіктерін аша білгені, кейбір оқушылардың бұрын байқалмаған танымдық қабілеттерінің артқанын айтты.

4-сабақ. «Бізді қоршаған әлемдегі көпбұрыштар».

Алдымен оқушылар бір-біріне «Өмірлік мәні бар тірек сөздер» айту арқылы жағымды ахуал орнатты. Оқушылар қорапшадан сөздерді таңдап алу арқылы 4 топқа бөлінді: «Көктем», «Наурыз», «Мереке», «Қуаныш» топтары. Бұл оқушылардың көңіл-күйлеріне дөп келгендей. Үй жұмысы жұпта талқыланып, кейін тақтадағы дұрыс нұсқамен салыстырып, тексерілді. Осы зерттеу барысындағы жұптық жұмыстардың көптеп жүргізілуі ұнады. Өйткені әңгіме жүргізе отырып, бір-бірінен үйренеді, бағалауды үйренеді. Бұл тақырып стандарт бойынша қосылған жаңа тақырып болғандықтан оқулықта жоқ, яғни оқушыларды шығармашылыққа өздерінің ізденуіне бағытталған. 1- топ осы тақырып бойынша түрлі көпбұрыштардың суреттерін плакаттарға өз қолдарымен әсем етіп безендіріпті. Осы жұмыстары арқылы олар өздерінің осы тақырып бойынша біраз нәрсе білетіндіктерін жеткізген. 2- топ «Бізді қоршаған әлемдегі көпбұрыштар» тақырыбына өте керемет презентация дайындаған. Бұл жерде брусчатка, араның ұясы, балықтың, тасбақаның, қардың құрылымы, сонымен бірге АҚШ-тағы Пентагонның пішіні бесбұрыш түрінде екендігіне дейін көрсетілген. Оқушылар бұдан өте көп керемет әсер алды, танымдық ой-өрістері кеңейді, бұны олар өздерінің кері байланыстарында көрсеткен. 3- топ

мектебіміз айналамыздағы көпбұрыштар бойынша өз зерттеулерін жүргізген. Онда олар мектептің алдына төселген брусчаткадан 8-бұрышты беседкаға қанша дана кететінін тапқан. Ол үшін брусчатканың ауданын есептеп 8-бұрыштың ауданын соған бөлу арқылы есептеп шығарған.


Ұлттық қолөнеріміздегі көпбұрыштар

4-топ «Ұлттық қолөнеріміздегі көпбұрыштар» тақырыбы бойынша зерттеу

Бір құрақ көрпешеге, кесе қапқа кететін көпбұрыштардың ауданын есептеу арқылы неше метр мата кететінін Н деген оқушы есептеген. Бұл жерде шаршыға іштей сызылған шеңбердің ауданын есептеу формуласынан пайдаланған. Бұл жұмыстарға қарап отырып қуандым, себебі біз мұғалімдерден талап етіліп отырғанының өзі осы емес пе? Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Қолдана білетін адамдарда байқалатын жоспарлауға дайындығы, икемділік, табандылық (Барон, 1987) сапаларын осы оқушылардың бойынан көргендей болдым. Осы шеңберге іштей және сырттай сызылған көпбұрыштар тарауын «карта» ойыны арқылы қорытындылады. Мұнда карта беттеріне ақ қағаздар жабыстырылған.

«Карта ойыны» әдісі «Блоб ағашы»

Мұғалім оқушыларға таратып берді. Әр топ 5 сұрақ, 5 картаға сол сұрақтардың жауабын 5 картаға жазып дайындады. Мұғалім қайтадан араластырып, 4 топқа бөлді. Әр топ өздерінде бар сұрақтарға әуелі өздерінен, кейін басқа топтан жауаптарын ізделі. Сұрағы мен жауабын сәйкестендіріп картаны жабады. Осылайша ең соңында бір ала қарға қалған топ ұтады. Әрі сәйкестендіру тапсырмасы орындалды. Ойын арқылы оқушылардың танымдық қабілеттері артып, сабаққа енжар қарайтын оқушылардың өздері де белсене араласты. «Блоб ағашына» өздерінің көпбұрыштар тарауы бойынша білімдерін белгіледі. Оқушылар ойланып, әркім өз деңгейін бөліп жатты. Бұл жерде шын мәнісінде өзін-өзі бағалау жүріп жатты. Бүгінгі сабақты бағдаршам арқылы бағалады. Жасыл – толық түсіндім, сары- әлі де түсінуім қажет, қызыл- түсінбедім дегенді білдіреді. Деңгейлік курсты оқымастан алдын «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» модулі математика сабағына қолдануға қолайсыз деп ойлаушы едім. Мектебімізде осы стратегия бойынша ақылы курс келгенде де осы оймен оқымаған едім, енді курстан кейін сыни ойлау модулінің мұғалім шеберлігіне де, оқушыны ынталандыруға да әсері мол екенін мойындап, осы курсқа келгеніме өте қатты қуандым. Бұл сабақтарды бақылай келе мұғалімнің әр түрлі әдістерді сабақтарда тиімді қолдану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырғаны байқалып тұрды. Оқушының тағылымы, көзқарасы, болжауы қалыптасты, өзіне деген, өзгеге деген сенімі артты. Әр сабақ жайында өзінің ой пікірін кері байланыс арқылы жеткізуге үйренеді. Оқушылар оқытудың нақты критерилеріне, мақсаттарына сәйкес өзіне де, өзгеге де баға қоюды үйренді. Критерилер мұғалімнің оқушыдан не күтетінін айқындаса, ал оқушыларды өз жұмыстарының осы критерилерге сәйкестігі туралы сыни ойлануға итермелейді. Коучинг сабақтарында алған идеяларды тәлім алушым өз сабақтарына кіріктіре отырып, табысты оқытуға қол жеткізді деп ойлаймын. Сабақтарын шеберлікпен ұйымдастыра отырып, оқушыларды сыни ойлауға, шығармашылыққа баулыды, танымдық қабілеттерін арттырды. Топтық жұмыста оқушылардың оқшауланбай жұмыс істеуін қадағалады. Белсенді оқушылар білімі төмен оқушыларды оқыта отырып, өздері осы тақырыптарды жетік меңгерді және де осы оқушылар тақырыпты оқу пирамидасындағы пайыздық көрсеткішке сай 90 пайыз меңгерді деген ой түйдім. Жаңа технологияны меңгеру - мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани – азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі білім саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, құзіретті маман болу мүмкін емес. «Адам ұстаздан үйреніп, шәкіртімен өседі». Болашақта шәкірттерім мені өсіретіндей, асқақтататындай білім беру - менің ең басты мақсатым.






























Тексерілді

Директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары:___________ Х.Б.Изетова

Қысқа мерзімді жоспар

Пән мұғалімі: Мусралиева Ж

Сыныбы: 9 «Ә»

Пәні: Геометрия

Мерзімі:17.09.2015ж

Сабақтың тақырыбы:Дұрыс көпбұрыштар. Шеңберге іштей және сырттай сызылған дұрыс көпбұрыштардың аудандары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дұрыс көпбұрыщтар жайлы түсінік беру, шеңберге іштей және сырттай сызылған дұрыс п бұрыштың ауданын табу формулалары туралы түсінік беру, жұппен және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер: Оқушылар жұппен және топпен жұмыс жасай алады, шеңберге іштей және сырттай сызылған дұрыс п бұрыштың ауданының формулаларын жатка біледі,бұл формулаларды шеңберге іштей және сырттай сызылған дұрыс үшбұрыш,төртбұрыш және алтыбұрыш үшін қорытып шығара біледі, А тобының есептерін шығара алады.

Сабақта қолданылатын әдістер: Топтық жұмыс,жұптық жұмыс, «Суреттер сыры»,«ЖИГСО», «Венн диаграммасы» әдістері


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқыту үшін бағалау

Ресурстар,

құралдар,

көрнекіліктер

Кіріспе

8 минут

1.Сыныпта.жағымды ахуал орнату

1 минут


2.Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы

4 топқа бөлемін.

2 минут


3.№223,225. Интербелсендіі тақтаға үй тапсырмасының дұрыс нұсқасын беремін

2 минут


4.«Суреттер сыры» әдісін пайдалана отырып, сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты ашамын.

3 минут

Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер құрып,жұптасып бір-біріне тілек айтады.


1-топ үшбұрыш,2-топ төртбұрыш, 3-топ бесбұрыш,4-топ алтыбұрыш.



Оқушылар жұпта дұрыс нұсқамен есептерді салыстыру арқылы тексереді. Бірін-бірі бағалайды.


Оқушылар суреттерді салыстыру, талдау арқылы сұрақтарға топ бойынша жауап береді.









Өзара бағалау




Топ басшы ұпай беріп бағалайды









АКТ, геометриялық фигуралар,

бағалау парағы, суреттер


Жаңа сабақтың таныстырылымы

21 минут


5.Оқушыларға жаңа тақырыпты үш бөлімге бөліп,үш топқа беріп, «ЖИГСО» әдісі бойынша меңгертемін.

18 минут



6.Жаңа тақырыпты теориялық толықтырамын

2 минут



7.Сергіту сәті

1 минут

Әр топ өз тақырыптары бойынша түсінгендерін,ойларын топ ішінде талқылап,топтан спикер шығып, постерлерін қорғайды.Қорғаған постерлерлеріне басқа топтар баға беріп отырады.






Бастарымен онға дейінгі сандарды өрнектейді

«Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы топтар бірін-бірі бағалайды

Стикер,АКТ,флипчарт,маркер,қайшы,желім,түсті қағаздар,оқулық

.

Жаңа материалды қолдану.

11 минут

8.Есептер шығару А деңгейі: №233 – 1 топка, №235 – 2 топка, №237 – 3 топка, №238 - 4 топқа. Топ басшысына есептердің шешімдерінің дұрыс нұсқасын беремін.

11 минут

Алдымен жеке орындап, қателерін екеуара қайта талқылайды, әр топ өз есептерін тақтаға жазып қорғайды, басқа топтағылар ол есептерді дәптерге жазып алады. Топ басшылары бағалап отырады.



Топ басшылары

ұпай беріп бағалайды

Оқулық,

АКТ,бағалау парағы,

Қорытынды

5 мин

9.Венн диаграммасы арқылы қорытындылау

3 минут


10.Оқушыларға кері байланыс парағын беремін.

1. Сабақтан алған әсеріңіз 2..Бүгінгі сабақтағы сізге ұнаған әдіс тәсілдер

3.Сабақтағы ең қызықты тұстар

4.Ұсынысыңыз

2 минут

11.Үйге тапсырма № 234 2), №236§14.

Дөңес және дұрыс көпбұрышты Венн диаграммасына салады.


Оқушы ойын, өз пікірін білдіреді.





Күнделікке жазып алу

Топ басшы ұпай береді


Пікір алу,өзін-өзі реттеу

Бағалау парағы,кері байланыс парағы




Тексерілді

Директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары:___________ Х.Б.Изетова

Қысқа мерзімді жоспар


Пән мұғалімі:Мусралиева Ж

Сыныбы: 9 «Ә»

Пәні: Геометрия

Мерзімі: 18.03.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дұрыс п бұрыштың формулаларын есептер шығаруда қолдана алуға үйрету, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Күтілетін нәтижелер: Оқушылар өз бетінше дұрыс көпбұрыштың ауданын таба алады. Топ ішінде жеке,жұппен және бірлесіп жұмыс атқаруға дағдыланады.

Сабақта қолданылатын әдістер:, Топтық және жұптық жұмыс, «Веер» , «Математикалық диктант», «Ротация» әдістері.



Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқыту үшін бағалау

Ресурстар,

құралдар,

көрнекіліктер

Кіріспе

15 минут







Үй тапсырмасын тексеру


1.Жағымды ахуал орнату.

Оқушыларға шаттық шеңберін құрдыру.

1 минут.


2. Оқушыларды «Атом,молекула» әдісі бойынша топқа бөлемін.

2 минут


3.№234,№236 Интербелсенді тақтада үй тапсырмасына берілген есептердің дұрыс нұсқасын көрсетемін.

2 минут



4.Оқушыларға өткен тақырыпты «Веер» әдісімен қайталатамын.

5 минут



5.Математикалық диктант алу

5 минут

Оқушылар қасындағы сыныптастарына өз есімдерінің синонимдерін тауып сипаттайды.



Оқушылар 4 топқа бөлінеді




Оқушылар жұптасып, дұрыс нұсқамен есептерді салыстыру арқылы тексереді. Бірін-бірі бағалайды.




Әр топ параққа өткен тақырып бойынша үш сұрақтан жазады. Топтар парақтарды алмасып, жауап береді.




Жеке жұмыс жасалады.Дәптерге жазбаша орындайды. Интербелсенді тақтадағы жауаптармен салыстырып,

жұпта бағалайды










Өзара бағалау





«Басбармақ» арқылы бағалау



Өзара бағалау








Стикер, АКТ











АКТ

Негізгі бөлім.

15 мин

5.Есептер шығару: А деңгейінің , В деңгейінің жартысы №239 – 1 топка, №241– 2 топка, №243 – 3 топка, № 244. Топ басшысына есептердің шешімдерінің дұрыс нұсқасын беремін.

13 минут

6.Сергіту сәті «Көңілді күн» биі.

2 минут

Алдымен жеке орындап, қателерін екеуара қайта талқылайды, әр топ өз есептерін тақтаға жазып қорғайды, басқа топтағылар ол есептерді дәптерге жазып алады. Топ басшылары бағалап отырады.



Оқушылар интербелсенді тақтаға қарап билейді

Формативті бағалау.






Оқулық,

бағалау парағы

Қорытынды

15 мин

8.«Ротация» әдісі арқылы қорытындылаймын.

12 минут.



9. Рефлексия

3 минут.



10.Үйге тапсырма: № 240, № 242 §14

Әр топ өздерінің плакаттарына төрт сұрақ не есеп жазады, сағат тілімен ауыса отырып, өз түстерімен жауап жазады, тақтада дұрыс жауаппен тексеріледі.


  • Бүгінгі сабақтан не үйрендіңіз?

  • Сабақтың қай тұстары ұтымды болды?

  • Ұсынысыңыз

Күнделікке жазып алу

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Флипчарт, бағалау парағы, маркерлер, стикер


Кері байланыс парағы









Тексерілді

Директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары:___________ Х.Б.Изетова

Қысқа мерзімді жоспар


Пән мұғалімі: Мусралиева Ж

Сыныбы: 9"Ә"

Пәні: Геометрия

Мерзімі: 01.04.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Кез келген көпбұрышты фигураның ауданы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға кез келген көпбұрышты фигураның ауданын, ауданның қасиеттерін негізге ала отырып табуды үйрету, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер: Оқушылар кез келген көпбұрышты фигураның ауданын бөліктерге бөлу және тең фигуралардың аудандарының қасиеттерін ескере отырып, таба алады,

топпен жұмыс істеуге дағдыланады, қызықты есептер шығару арқылы танымдық қабілеттерін арттырады..

Сабақта қолданылатын әдістер: «Өрмекші торы»,«Аялдама», «Ғажайыптар алаңы» , «Кір жаятын жіп», « БББ» әдістері


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқыту үшін бағалау

Ресурстар,

құралдар,

көрнекіліктер

Кіріспе

5 минут


1.Жағымды ахуал орнату. Тренинг

1 минут.




2.Формулаларды сәйкестендіру арқылы бөлу.

1 минут.

3.«Өрмекші торы» әдісі арқылы үй жұмысын еске түсіру.

3 минут.

Оқушылар бір-бірінің бойындағы 3 жақсы қасиетті нақты айтады. «Осы мақтау сөздер өзіңе ұнайды ма?» деп сұраймыз. «Иә»- деп жауап бергенде,«Жарайсың!...» деп өзінің арқасын қағып қояды


Оқушылар 4 топқа бөлінеді.


Топтар 1,2,3,..7 деп санап, 1,2 нөмердегі оқушылар тақтаға шығады. Бір - біріне тоқу жібін лақтырып, бесбұрыш торын құра отырып,сұрақ қояды, жауап береді









Смайликтер арқылы бағалау








Смайликтер, тоқу жібі

Негізгі бөлім

35 минут

4. «Аялдама» әдісі бойынша жаңа тақырыпты меңгерту

10 минут


5.Есептер шығару: В деңгейі жартысы № 245 – 1 топка, № 247– 2 топка, №249 – 3 топка, № 250. Топ басшысына есептердің шешімдерінің дұрыс нұсқасын беремін.

8 минут



5.Сергіту сәті

Өлең шумағын 4 топ 4 түрлі жанрда айтады..

2 минут

Бөлім бойынша әр топ бір сұрақтың аясын толықтырады.




Алдымен жеке орындап, қателерін екеуара қайта талқылайды, әр топ өз есептерін тақтаға жазып қорғайды, басқа топтағылар ол есептерді дәптерге жазып алады. Топ басшылары бағалап отырады.




1-мәнерлеп оқу

2-әнімен айту

3-қарасөзбен айту

4-рэп жанры

бойынша

«Екі жұлдыз,бір тілек»


Топ басшы ұпаймен бағалайды

Оқулық.,стикерлер




Оқулық


6. «Ғажайыптар алаңы» ойыны арқылы қызықты есептер шығарту.

15 минут

Жеке және топтық жұмыс, оқушылар есепті жеке шығарады, топ ішінде бірлесе отырып, оны жауабымен сәйкестендіреді.

Қолдарына берілген критерий бойынша өз-өзін бағалайды.

«Ғажайыптар апаңы» дөңгелектері, қызықты есептер парақшалары

Қорытынды

5 минут


7.«Кір жаятын жіп» әдісімен қорытындылау

3 минут




8.Кері байланыс

2 минут



7.Үйге № 246, №248 есептерді шығарып келу.





Оқушылар түсті қағаздардан әр түрлі бас киім, жейде, юбка, шалбар, аяқ киімдердің үлгісін қырқып, оларға тақырып бойынша алған білімдерін рет-ретімен жазады, ақ қағаздан жасалған жіпке стикерлермен жаяды.


"Білемін",

"Білдім",

"Білгім келеді". Сабақ барысында,сабақ соңында толтырады


Үйге берілген тапсырманы күнделікке жазып алады.



Өзін-өзі бағалау




Өзін-өзі реттеу

Түрлі-түсті қағаздар, қайшы, стикер, желім



Флипчарт, маркер









Тексерілді

Директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары:___________ Х.Б.Изетова

Қысқа мерзімді жоспар

Пән мұғалімі: Мусралиева Ж.

Сыныбы: 9"Ә"

Пәні: Геометрия

Мерзімі: 02.04.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Бізді қоршаған әлемдегі көпбұрыштар.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бізді қоршаған әлемдегі көпбұрыштарды айқындап,оларды өмірде қолдануға үйрету,пәндегі және өмірдегі көпбұрыштардың арасындағы байланысты көрсету, жеке,жұппен және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту

Күтілетін нәтижелер: Оқушылар бізді қоршаған әлемдегі көпбұрыштарды анықтай алады, ұлттық қолөнеріміздегі көпбұрыштарды анықтап,қолдана алады.

Сабақта қолданылатын әдістер: Шығармашылық жұмыстар,,«Блоб ағашы», «Бағдаршам» әдісі, «Карта» ойыны.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқыту үшін бағалау

Ресурстар,

құралдар,

көрнекіліктер

Кіріспе

5 мин








1.Жағымды ахуал орнату.Тренинг. «Өмірлік мәні бар тілек сөздер»

2 минут


2.Оқушыларды наурыз мерекесіне байланысты сөздер арқылы топқа бөлемін.

1 минут





3.№ 246, № 248 Интербелсенді тақтада үй тапсырмасына берілген есептердің дұрыс нұсқасын көрсетемін.

2 минут






Оқушылар бір-біріне тілек сөздер айтады.




Оқушылар қорапшадан сөздерді таңдап алу арқылы 4-топқа бөлінеді:

1-топ көктем

2-топ наурыз

3-топ мереке

4-топ қуаныш


Оқушылар жұпта дұрыс нұсқамен есептерді салыстыру арқылы тексереді. Тексеру сағат тілімен алмастыра,бір-бірімен дәптерлерін алмасып,жұмыстарын тексереді. Бірін-бірі бағалайды.












Өзара бағалау





Қорапша







Бағалау парағы


Жаңа сабақтың таныстырылымы

13 мин

4. Шығармашылық жұмыс

Жаңа тақырып бойынша оқушылар өздерінің ізденуге берілген жұмыстарын қорғайды

13 минут




1-топ «Араның ұяшығы» тақырыбы бойынша зерттеу жұмысы

2-топ Мектебіміз айналасындағы іштей және сырттай сызылған көпбұрыштарды зерттеу

3-топ Слайд дайындау


4-топ «Ұлттық қолөнеріміздегі көпбұрыштар» тақырыбы бойынша іздену



Топтар бірін-бірі «күн»-өте жақсы ,

«ай»-жақсы

«бұлт»-қанағаттанарлық

белгісімен бағалайды


АКТ, стикер

Негізгі бөлім.

14 мин

Есептер шығару: С деңгейінің есептері: № 252,254,256,258 есептер топтарға берілді.

12 минут





7. Сергіту сәті

Би «Жұмыр қылыш»

2 минут




Алдымен жеке орындап, қателерін екеуара қайта талқылайды, әр топ өз есептерін тақтаға жазып қорғайды, басқа топтағылар ол есептерді дәптерге жазып алады. Топ басшылары бағалап отырады.




Оқушылар интербелсенді тақтаға қарап билейді.






Формативті бағалау









Оқулық







АКТ

Қорытынды

13 мин

8. «Карта» ойыны арқылы « Шеңберге іштей және сырттай сызылған көпбұрыштар» тарауын қорытындылаймын

10 минут








9.Оқушыларға «Блоб ағашы» парағын тарқатып беремін.

2 минут


10.Рефлексия

«Бағдаршам» арқылы бүгінгі сабақты түсіну деңгейі анықталады

1 минут


11.Үйге тапсырма № 255 , № 256 §20


Әр топ карта бетіндегі ақ қағазға 5-еуіне сұрақ, 5-еуіне жауап тарын жазады, барлығын мұғалім жинап, араластырып топ басшыларына таратып береді, бір алты қарға соның ішінде кетеді. Әрбір топ өздерінде бар сұрақ жауапты сәйкестендіріп картаны жабады, жоқтарын басқа топтардан іздейді. Осылайша барлығы жабылып біткенде алты қарға кімде қалса сол топ ұтылады. Қай топта көп карта жабылса, сол топ көп ұпай жинайды.


Әр оқушы «Көпбұрыштар» тақырыбы бойынша өз білімін бағалайды.


Қызыл-мүлде түсінбедім

Сары-тағы да қосымша түсінік қажет

Жасыл-түсіндім



Күнделікке жазып алу

Топты бағалау










Өзін-өзі бағалау


Өзін-өзі реттеу

Бетіне ақ қағаздар жабыстырылған карталар








«Блов ағашы», стикерлер


«Бағдаршам»

карталары




«Бекітемін»

Сыныбы: 9 «Ә» Мектеп директоры:

Пәні: Геометрия _______________ Қаппарова А.С.

Пән мұғалімі: Мусралиева Ж

Орта мерзімді жоспар


Тараудың жалпы оқу мақсаты:

Күні

Р/с

Сабақ

тақырыбы

Оқудың негізгі

мақсаты

Оқу нәтижелері

Белсенді оқытуда

қолданылатын әдіс-

тәсілдер


Бағалау, соның

ішінде оқыту

үшін бағалау


Барлық оқушылармен

жұмыс (тапсырмалар)Топт

Негізгі дерек

көздер, ресурстар

17.03.15



1

Шенберге іштей

және сырттай

сызылған

көпбұрыштардың

аудандары

Оқушыларға дұрыс көпбұрыщтар жайлы түсінік беру, шеңберге іштей және сырттай сызылған дұрыс п бұрыштың ауданын табу формулалары туралы түсінік беру, жұппен және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.




Күтілетін нәтижелер: Оқушылар жұппен және топпен жұмыс жасай алады, шеңберге іштей және сырттай сызылған дұрыс п бұрыштың ауданының формулаларын жатка біледі,бұл формулаларды шеңберге іштей және сырттай сызылған дұрыс үшбұрыш,төртбұрыш және алтыбұрыш үшін қорытып шығара біледі, А тобының есептерін шығара алады.



«Суреттер сыры»,

«Жигсо»,

«Венн диаграммасы»

әдістері

Өзара бағалау


Топ басшы ұпай беріп

бағалайды


Мақтау, мадақтау

«Екі жұлдыз,бір

тілек»


Топ басшылары

формативті

бағалайды


Пікір алу, өзін-өзі

реттеу


Топтық жұмыс,

жұптық жұмыс,

жеке жұмыс







АКТ, геометриялық фигуралар,

бағалау парағы, суреттер,

стикер, АКТ, флипчарт, маркер, қайшы, желім, түсті қағаздар, оқулық, кері байланыс парағы

18.03.15

2

Есептер шығару


. Оқушыларға дұрыс п бұрыштың формулаларын есептер шығаруда қолдана алуға үйрету, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.







Оқушылар өз бетінше дұрыс көпбұрыштың ауданын таба алады. Топ ішінде жеке,жұппен және бірлесіп жұмыс атқаруға дағдыланады.


Математикалық

диктант,

« Веер»,

«Ротация»

әдістері.

Өзара бағалау

«Басбармақ» арқылы бағалау

Формативті бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек»




Топтық жұмыс,

жұптық жұмыс,

жеке жұмыс



Стикер, АКТ, оқулық,

флипчарт, бағалау парағы, маркерлер, стикер

кері байланыс парағы







01.04.15

3

Кез келген көпбұрыштың

ауданы

Оқушыларға кез келген көпбұрышты фигураның ауданын, ауданның қасиеттерін негізге ала отырып табуды үйрету, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,

қызықты есептер шығару арқылы танымдық қабілеттерін арттыру




Оқушылар кез келген көпбұрышты фигураның ауданын бөліктерге бөлу және тең фигуралардың аудандарының қасиеттерін ескере отырып, таба алады,

топпен жұмыс істеуге дағдыланады.


«Өрмекші торы»,

«Аялдама», «Ғажайыптар

алаңы» ,

«Кір жаятын

жіп»,

« БББ» әдістері

Смайликтер арқылы бағалау, «Екі жұлдыз,бір тілек», Қолдарына берілген критерий бойынша өз-өзін бағалайды. Өзін-өзі бағалау,

өзін-өзі реттеу


Топтық жұмыс,

жұптық жұмыс,

жеке жұмыс



Смайликтер, тоқу жібі, оқулық,, стикерлер

«Ғажайыптар апаңы» дөңгелектері, қызықты есептер парақшалары, ,түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, флипчарт, маркер.

02.04.15

4

Бізді

қоршаған

әлемдегі

көпбұрыштар

Оқушыларға бізді қоршаған әлемдегі көпбұрыштарды айқындап,оларды өмірде қолдануға үйрету,пәндегі және өмірдегі көпбұрыштардың арасындағы байланысты көрсету, жеке,жұппен және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту



Оқушылар бізді қоршаған әлемдегі көпбұрыштарды анықтай алады, ұлттық қолөнеріміздегі көпбұрыштарды анықтап,қолдана алады.



Шығармашылық жұмыстар,

,«Блоб ағашы», «Бағдаршам»

әдісі,

«Карта» ойыны


Өзін-өзі бағалау




Өзін-өзі реттеу

Топтық жұмыс,

жұптық жұмыс,

жеке жұмыс




Қорапша, Бағалау парағы, АКТ, стикер

Бетіне ақ қағаздар жабыстырылған карталар

«Блов ағашы», стикерлер, «Бағдаршам»

карталары



































9 "Ә" сынып оқушыларынан геометрия пәні бойынша алынған бақылау жұмысының мониторингі



Барлығы

Жазғаны

"5"

"4"

"3"

"2"

Орта балл

Үлгерімі

Сапасы

Тәжірибе басында

30

28

4

7

14

2

3.4

89.3

39.3

III тоқсан қорытынды бақылау

30

27

4

8

13

2

3.5

92.6

44.4


























































































































































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!