ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ИДЕЯСЫ
Жақсы көрші туралы тәмсіл
Бір күні серуендеп жүріп, аяқ астында жатқан жапыраққа көзім түсті. Жапырақ жартылай солып қалғанмен, одан жағымды хош иіс шығып тұр. Мен оны жерден көтеріп алып құмарланып иіскедім.
- Сенің хош иісің мұрнымды жарды, раушангүлдің жапырағысың ба?, -деп сұрадым жапырақтан.
- Жоқ, бірақ мен біраз уақыт раушангүлдердің арасында болдым. Содан болар менен хош иістің аңқып тұрғаны, - деп жауап берді жапырақ.
Т.Барро
Инклюзивті білім беру туралы түсінік
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру қарқынды дамып келеді. Оқудағы қиындықтары бар әр баланы жалпы білім беру процесіне қосу, бірлесіп оқытудың вариативтік модельдерін іске асыру, қоғамға кірігу мақсатында әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан бейімдеу – инклюзивті білім берудің негізгі мақсаттары болып табылады.
Республикада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды (бұдан әрі – ЕБҚ) жалпы білім беру процесіне қосудың өзекті мәселелерін айқындау XX ғасырдың 90-жылдарында басталды. 2000 жылдан бастап Қазақстанда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға қатысты жалпы білім беру саясатында жаңа бағдарлар қалыптастырылуда, балаларды әлеуметтендірудің, тәрбиелеудің, білім берудің, қолдаудың және бейімдеудің оңтайлы жолдарын белсенді түрде іздестіру жүргізілуде.
Баланың ерекше білім алу қажеттіліктерінің себептері: сенсорлық, физикалық, интеллектуалдық және эмоционалды факторлардың болуы мүмкін. Олар мектеп бағдарламасына сәйкес ілгерілеуге қол жеткізуден, олардың мәдениеттеріне сәйкес физикалық және әлеуметтік дағдыларды игеруден, сондай-ақ соған сәйкес өзін-өзі бағалауды қалыптастырудағы қиындықтардан көрінеді [3].
Инклюзивті білім беру жалпы білім беру кеңістігінде ерекше білім беруді қажеттіліктері бар балаларды оқыту дегенді білдіреді. Алайда, бұл қарапайым мектепте ерекше білім беруді қажет ететін оқушының анықтамасы ғана емес, керісінше, бұл бейімделген оқу жоспарын, бейімделген оқыту әдістерін, бағалаудың түрлендірілген әдістерін және қолжетімділікті қамтитын бірқатар арнайы жағдайды жасау болып табылады. Мұның барлығы инклюзивті сыныпта жұмыс істейтін мұғалімнің қолдауын қажет етеді. Осылайша, инклюзивті білім беру - бұл көп компонентті стратегия немесе мега-стратегия болуы мүмкін.
Инклюзивті білім беру идеясы негізі екі факторға негізделеді.
Біріншіден, егер инклюзивті білім беру тиісті деңгейде ұйымдастырылса, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білімді меңгеруін, әлеуметтік дағдыларды дамытуын және өзін-өзі бағалауын жетілдіруін қамтамасыз етуге болады.
Екіншіден, қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың басқа құрдастарымен бірге оқу тең құқылы екендігі жалпығы бірдей қабылданғандығы болып табылады.
Кейбір деректерде инклюзивті білім беру идеясының негізіне келесідей үшінші факторды жатқызады, яғни ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арнайы мектептерде оқыту үшін тасымалды ұйымдастыру және тұратын орынның қажеттілігін ескерген жағдайды, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды басқа құрдастарымен бірге оқыту экономикалық тұрғыдан тиімді болып табылады.
Инклюзия – білім беру жүйесінің тұтас алғандағы барлық бағытының қызметін ұйымдастырудағы пәнаралық ықпалдастықты көрсететін ұзақ мерзімді саясат. Инклюзия білім беру процесінің барлық субъектілеріне қатысты, яғни білім берудегі қажеттіліктері жоғары балалар, оардың ата-аналары, сондай-ақ осындай балалардың құрдастары, басқаша айтқанда қалыпты білім алушылармен олардың ата-аналары, әкімшілік, педагогтер, басқада арнайы мамандар, қосымша білім беру құрылымына ықпал етеді.
Жалпы әлемдік қоғамдастық инклюзивті білім беру ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен олардың әлеуметтенуіне, қоғамда өзінің орнын нық табуға қолдау көрсетуде мейілінше ізгілікті бағыты ретінде мойындалған, сол себепті де әлемдік және отандық білім беру саясатындағы жетекші стратегиялардың бірі болып табылады.
Инклюзивті білім беру идеясының дамуында бірнеше маңызды оқиғалар бар. Осындай оқиғалардың бірі және инклюзивті беру философиясының мәнін ашатын Скандинавия елдері осыдан 40 жылдай бұрын басшылыққа ала бастаған «нормалау» принципі. Бұл мүгедектігі бар адамдарға "күнделікті өмір сүруге және қарапайым қоғамдағы өмір сүру жағдайларына мейілінше жақын өмір сүруге" мүмкіндік беретін процесс осылай анықталды [4].
1960-1970 жылдары АҚШ-та орын алған оқиғалар инклюзивті білім берудің дамуына жаңаша серпін берген болатын. Бұл оқиғалардың біріншісі - нәсілдік теңдікті жақтайтын азаматтық құқықтық қозғалыстың орын алуынан басталса, екіншісі, 1975 жылы мүгедектігі бар балаларды «ең аз шектеулі ортада» оқыту талабын қамтитын мүгедек балаларға білім беру заңның қабылдануы болды.
Инклюзивті білім беру мәселесінің әрі қарай дамуына ықпал еткен тағы бір оқиға 1994 жылы Испанияның Саламанка қаласында өткен 92 үкімет пен 25 халықаралық ұйым өкілдерінің кездесуі болатын. Кездесуде «Саламанка декларациясы» қабылданды және бұл құжат халықаралық қоғамдастықтың сапалы білімнің барлығына бірдей қолжетімді болуын қамтамасыз етуді қолдайтынын көрсетеді. Декларация келесі ережелерді қамтиды:
- «білім беру саласында ерекше қажеттіліктері бар балалар қарапайым мектептерде оқуға қол жеткізе алуы керек, олардың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында бірінші кезекте балаларға бағытталған педагогикалық әдістер негізінде жағдай жасалуы керек»;
- «осындай инклюзивті бағыттағы қарапайым мектептер балаларға қатысты дискриминациялық көзқарастармен күресудің, қауымдастықтарда қолайлы жағдай жасаудың, инклюзивті қоғам құрудың және сапалы білімнің барлығына бірдей қолжетімділігін қамтамасыз етудің ең тиімді құралы болып табылады».
Декларация барлық елдердің үкіметтерін «басқаша әрекет етуге ешқандай себеп болмаса, барлық балаларды қарапайым мектептерде білім алуға жағдай жасап, инклюзивті білім беру принципін заң немесе ереже ретінде қабылдауға» шақырды [5].
2006 жылдың 13 желтоқсанда Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 61-сессиясында «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенцияны мақұлдады (Мүдектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы ҚР Заңы 20.02.2015. №288-V-ҚРЗ). Бұл құжатта Конвенцияны мақұлдауға қатысушы мемлекеттердің инклюзивті білім беруге қатысты елеулі міндеттемелері көрсетілді [6].
Инклюзивті білім беру «білімнің барлығына қолжетімділігі» парадигмасының құрамдас бөлігі ретінде ойластырылған және бұл барлық балалардың зияткерлік немесе физикалық қабілеттеріне, мәдени, әлеуметтік, этникалық, нәсілдік, діни көзқарастарына қарамастан, жалпы білім беретін мектепке барып, құрдастарымен бірге оқу мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз ететін тәсілі ретінде қарастырылады [7].
Демек, инкюзивті білім беру оқушылардың білім берудегі әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздеп, білім беру ұйымының миссиясының ауқымын кеңейтуді болжайды.
Әлемдік қоғамдастық инклюзивті білім беру ұғымын жан-жақты тақылайды, яғни инклюзивті білім беру - бұл барлығына сапалы, икемді, жеке дараландырылған, дискриминацияланбаған білім беру ретінде сипаттайды. ЮНЕСКО инклюзивті білім беруді «барлық оқушылардың оқуға, мәдени қызметке және қоғам өміріне қатысу ауқымын кеңейту, сондай-ақ білім беру жүйесінде олардың алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, әлеуметтік оқшаулану ауқымын азайту және одан шығып қалуына жол бермеуге бағытталған процесс» деп түсіндіреді [8].
ДСҰ сәйкес «инклюзивті білім беру - барлық білім алушылардың негізгі білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыратын сапалы білім алу құқығына негізделуі» делінген [9].
Баршаға арналған білім беру жөніндегі Дүниежүзілік декларацияда (Джомтьен, Таиланд, 1990 ж.) инклюзивті білім беру - барлық балалар, жастар мен ересектер үшін білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Бұл көптеген адамдардың білім беру мүмкіндіктеріне қол жеткізуде кездесетін кедергілерді жеңуге қажетті ресурстарды анықтап, оның алдын алу үшін қажетті жағдайларды жүзеге асыру дегенді білдіреді [10].
Германия, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, Швеция заңнамасында "инклюзивті білім беру"терминінің ресми анықтамасы жоқ. Швецияда, атап айтқанда, білім беру жүйесі "Барлығына арналған мектеп" қағидаты бойынша жұмыс істейді және оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балалар басқа балалардан ерекшеленетін жеке топ ретінде қарастырылмайды [11].
Қазіргі халықаралық қауымдастықта жаңа мәдени норма – адамдар арасындағы ерекшеліктерді құрметтеу және адамның өзіндік дербестік құқығын, қоғамда оның белгілі бір тұлғалық ерекшеліктерін, оның ішінде білім алудағы ерекшеліктерін мойындау және ескеру нормалары қалыптасты. Сондықтан инклюзивті білім беру білім алушылардың алуан түрлі ерекшеліктерін, оқу процесіндегі әртүрлі мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін танып қабылдаудан басталады.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген коғамдык катынастың әртурлі модельдерің қарастырылуын тұжырымдай отырып, отандык авторлар А.Е Думбаев және Т.В. Попова келесі тұжырым жасайды: діни, медициналык, оңалту жэне экономикалык модельдер аталған адамда белгілі бұзылудың болуын, шектелгенін немесе болмағанына тірек жасайды. Мысалы, діни модель мүгедектердің әлеуметтік бейімделуге адамгершілік негіздемесі бойынша қабілетсіз екендіктеріне назар аудартса («құдай жазасы»), классикалық медициналық модель – денінің сау еместігіне, экономикалық модель - экономикалык еңбекке жарамсыздығына, функционалды (оңалту) модель – кең мағынадағы қабілетсіздігіне назар аудартты. Осыған байланысты мүгедектіктің аталған модельдері мүгедектік және оған элеуметтік қатынас, мүгедектік саласы бойынша ұлттық элеуметтік саяси тұжырымдардың құрылуына ықпал еткен мүгедектікті талдаудың парадигмасының «ескі» түрінде жатады. Бұл тұжырымдар мүгедектер үшін жеке әлеуметтік қуыстарды ғана жасап, олардың әлеуметке толықтай кірігуін ойластырмады, бұл қоғамның дені сау мүшелері мен мүгедектердің арасындағы қатынаста кедергілердің пайда болуына, мүгедектердің әлеуметтік-кәсіби мінез-құлығының енжарлығына, еңбек нарығындағы олардың әлеуетінің темендеуіне ықпал етті. Бұл модельдерге негізделген мүгедектік саясат мүгедектің «медициналық» моделіне сәйкестендірілген. Авторлардың толық сипаттаған мүгедектіктің элеуметтік модельдері, мүгедектік идеяларын бірте-бірте қайта мағыналау үдерісін, стереотипті туғырлардан бас тартуды, мүгедектерді әлеуметке өзіндік күш-жігері мен өзіндік қатынасы есебінен оңтайлы бейімдеу мүмкіндігін қарастыруға бағытталған ұмтылысты көрсетеді. Медициналык және әлеуметік модельдердің айырым белгілері кестеде керсетілген.
Инклюзивті білім беру туралы осында түсінік көптеген әлем елдерінде білім беруде ерекше қажеттіліктері бар білім алушыларды оқыту мен оларға педагогикалық қолдау көрсетудің әлуметтік-педагогикалық моделін қалыптастырды. Бұл қазақстандық білім беру жүйесінде әлі де болса сақталып келе жатқан медициналық немесе дефектологиялық модельден түбегейлі ерекшеленеді (1-кесте) [12].
1-кесте. Медициналык және әлеуметік модельдердің айырым белгілері
|
МЕДИЦИНАЛЫҚ МОДЕЛЬ |
ӘЛЕУМЕТТІК МОДЕЛЬ |
|
Бала мінсіз емес |
Әрбір бала құнды, қалай бар, солай қабылданады |
|
Диагноз |
Бала өзі және оны қоршаған орта анықтайтын күшті жақтар мен қажеттіліктер |
|
Жапсырмаларды ілу |
Кедергілерді анықтау және мәселені шешу |
|
Бұзылу орталық назарда болады |
Нәтижеге бағытталған іс-шараларды өткізу |
|
Қажеттіліктерді бағалау, мониторинг, бұзылу терапиясы |
Қосымша ресурстарды пайдаланумен стандартты қызметке қолжетіділік |
|
Оқшаулану(сегрегация) және кеке ерекше қажеттерді ұсыну |
Мамандар мен ата-аналарды дайындау |
|
Тұлғааралық қатынас қажеттіліктері назарға алынбайды |
Өзара ерекшеленетін адамдар арасында қарым-қатынасты орнату |
|
Қалыпты жағдайда немесе соған жақын келетін жағдайды қалпына келтіру, олай болмаған жағдайда өмір бойы ауруханада (интернатта және т.б.)дәрігер бақылауында болу |
Айырмашылық қабылданады.Әрбір баланы «Кіріктіру» |
|
Қоғам өзгеріссіз қалады |
Қауымдастық дамиды |
Әлеуметтік модель қоғамдағы мүгедектерге қатысты қалыптасқан ауру, еңбекке жарамсыздық стереотиптерін жойып, әлеуметтік үндестікте дамуына ықпал етеді деп күтіледі. Сонымен қатар, бұл - мемлекеттік саясаттың жүйелі шараларын талап ететін ұзақ үдеріс. Қазіргі уакытта мүгедектіктің әлеуметтік моделі олардың бұзылған элеуметтік байланыстарын қайта келтіруді қарастыратын бірқатар халықаралық құжаттарда көрініс тапқан. Мүгедектерге медициналық жәрдеммен қатар, олардың тең құкылы мүмкіндіктерін қамтамасыз ету және барлығына қоғамдық ортаның қолжетімділігін жасау шаралары маңызды рөлге ие болып отыр. Білім беруде оның инклюзивті түрі басымдық алды: мүгедектер «арнайы қажеттіліктері бар» адамдар ретінде қарастырыла бастайды
Әлеуметтік-педагогикалық модельді енгізу ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың сапалы білім алу құқықығын қамтамасыз етуді және білім беру жүйесінің өзінде өзгерістерді талап етеді. Демек, білім беру жүйесі барлық білім алушыны кемсітпей және төмендетпей оқытудың мүмкіндігін және тең құқығын қамтамасыз етуге икемді болуы тиіс [12].
Мектеп оқу процесінде әрдайым белгілі бір себептерге байланысты оқуда қиындықтарға тап болған балалар және олардың ерекше білім беру қажеттіліктері бар екенін біліп, оқу процесінде қанағаттандырылуы керек екенін қабылдауы керек.
Инклюзивті білім беру келесі қағидаттарды негізге алады:
-
Адам құндылығы оның қабілетіне және жетістіктеріне ғана тәуелді емес;
-
Әр адам ойлауға және сезінуге қабілетті;
-
Әр адам басқамен қарым-қатынас жасауға және өзінің пікірін басқалардың білуіне құқылы;
-
Нағыз білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады;
-
Барлық адамдар бірін-бірі қажет етеді;
-
Барлық адамдар құрдастарының достығын және қолдауын қажет етеді;
-
Барлық оқушылар өздерінің қолынан келмейтін нәрседе емес, өзі жақсы түсінетін және қолынан келетін нәрселерде табысқа тезірек қол жеткізе алады.
-
Адам бойындағы ерекшелік оның өмірінің барлық қырларын күшейтеді. Бұл қағидат адамның қоғамда өзіндік орны бар екендігін және оның қоғамға қосатын өзіндік үлесі бар екенін қабылдауды қамтиды.
Мектеп оқу процесінде қандайда бір себептерге байланысты оқуда қиындықтары бар балалардың болатынын және олардың нәтижесін – ерекше қажеттілік ретінде қабылдауы қажет.
Жалпы ойымызды түйіндей келе, инклюзивті білім беру идеясы барлық балалар денсаулығына немесе ерекше білім беру қажеттіліктеріне қарамастан, мектеп өмірінің белсенді қатысушысы және мектеп қоғамдастығының маңызды мүшелері болып табылады. Мектептегі инклюзивті білім беру практикасын іске асырудың маңызды шарттары оқушылар арасындағы өзара іс-әрекетті ұйымдастыру және құрдастарымен қарым-қатынаста проблемалары бар оқушыларды қолдау болып табылады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері
Ерекше білім беру қажеттіліктері – әрбір оқушының оқуда табысқа жетуі үшін психологиялық-педагогикалық әдістермен жүзеге асырылатын білім беру процесіндегі көмек пен қызметке деген қажеттіліктер.
Инклюзивтілік принципіне негізделген жалпы білім беруді дамыту білім берудегі құндылық бағдарлардың өзгеруін болжайды. Инклюзивті білім беру құндылықтарына орай білім беру процесінің барлық қатысушылары келесі ұстанымдарға сүйенеді:
-
мүмкіндіктердің әртүрлілігін кедергілер мен проблемалар ретінде емес, ресурстар ретінде қарастыру. Қоғамда толерантты мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуге, мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыруға және оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге арналған ресурстар. Бір оқушының қиындықтарын жеңу үшін жұмыс істеу, әдетте, басқа балаларға пайда әкеледі;
2) оқуда жоғары жетістіктері бар оқушыларға ғана емес, сыныптағы барлық оқушыларға назар аудара отырып, білім беру процесін құру;
3) ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға тек мамандар емес (логопед, арнайы педагог, психолог, жеке көмекші) білім беру процесінің барлық қатысушылары және ең алдымен, пән мұғалімі тарапынан қолдау көрсету;
4) білім беру процесінде оқушыларға көмек көрсету мәселелерін шешуде командалық тәсілді қолдану;
5) Оқушыларға қолдау көрсетуде кезінде «ен тағудан» бас тарту. Көмек «инклюзивті», «арнайы», «дағдарыстағы», «инклюзивке қосуға жататын» балаларға емес, оқушылар қауымдастығының толыққанды мүшелеріне көрсетіледі. Ен тағу – кемсітушіліктің көрінісі.
Мектеп ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыны, оның жеке қажеттіліктеріне қарай табысты оқуы үшін, барлық қажетті жағдайлармен және қызметтермен қамтамасыз етуге міндетті [14].
Халықаралық қауымдастық әр адам үшін сапалы білім беруді қамтамасыз етудің шарты ретінде мыналарды атайды:
- оқушылардың мүмкіндіктерінің алуан түрлілігін қабылдайтын мұғалім;
- білім беру мазмұнын оқушының қажеттіліктерін ескере отырып бейімдеу;
- білім алушылардың әртүрлі мүмкіндіктеріне бағытталған оқыту процесін ұйымдастырудың түрлі формаларын, оқытудың вариативті әдістері мен тәсілдерін қолдану;
- оқушылардың жетістіктерін бағалаудың әртүрлі әдістерін қолдану;
- мамандардың көмегі;
- жеке сабақтарды өткізуге жағдай жасау үшін, оқу-әдістемелік материалдармен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
- барлық деңгейде (орталық, аймақтық, мектеп) ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру процесін басқару.
Ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ) – дүниежүзілік қоғамдастықтың көптеген елдерінде кең тараған ұғым, өйткені инклюзивті білім беру қағидаттарына сәйкес ол мектепке әр оқушының табысты оқуы үшін жағдай жасауға көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда ЕББҚ бар балаларға «денсаулығына байланысты білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтарға тап болған және арнайы, жалпы білім беретін оқу жоспарлары мен қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын қажет ететін» балалар жатады [15].
ЭЫДҰ елдерінде (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) "ерекше білім беру қажеттіліктері" термині дене бітімі, психикалық ерекшеліктері, қабылдауы мен мінез-құлқы бұзылған балаларға, созылмалы аурулары бар балаларға, ауруханада немесе үйде ұзақ уақыт емделіп жүрген балаларға, эмоционалдық проблемалары бар балаларға, тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, зорлық-зомбылық көрген балаларға, әскери жанжалдар аймақтарынан шыққан балаларға, босқындар мен қоныс аударған адамдарға қолданылады. Бұл терминдерді дарынды балаларға қатысты да қолдануға болады, өйткені бұл балалардың да ерекше қажеттілігі бар – талантты дамыту және жеке қасиеттерін ашу [16].
Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде арнайы білім беру қажеттіліктерінің келесі анықтамасын қолдану ұсынылады – бұл оқушылардың психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және басқа көмекке деген қажеттіліктері, онсыз сапалы білім алу мүмкін емес.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды келесі топтарға бөледі:
1-топ. Психофизикалық дамуы бұзылған балалар: есту, көру, зият, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген (ақыл-ойдың артта қалуы) және эмоционалды-еріктік бұзылулары бар балалар.
2-топ. Оқуда ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары бар балалар.
Ерекше қиындықтар интеллектісі бұзылмаған оқушыларда байқалады және жеке оқу дағдыларын меңгеруде көрінеді: жазу, оқу немесе санау (дисграфия, дислексия, дискалькулия және т.б.). Бұл қиындықтар, әдетте, уақытша болып табылады және оларға мамандардың көмегі болған жағдайда жеңуге болады. Мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар дамудың ерекше проблемаларына байланысты болуы мүмкін (гипербелсенділік пен назардың тапшылығы синдромы, аутизм спектрінің өрескел емес бұзылуы және т.б.), сондай-ақ қолайсыз психологиялық факторлар (отбасындағы тәрбиенің бұзылуы, ата-ана мен бала, отбасы ішілік қарым-қатынастар) бұл құрдастарымен және мұғалімдермен қарым-қатынастың әртүрлі қиындықтарына әкеледі (ұялшақтық, енжарлық, оқшаулау немесе жанжал, тілазарлық, агрессивтілік).
3-топ
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ЕББҚ түрлері (ерекше білімді қажет ететін балалар туралы ақпарат)

шағым қалдыра аласыз