жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Егеменді болмай –ел болмас, Тәуелсіз болмай –жер болмас» сценарий
«Егеменді болмай –ел болмас, Тәуелсіз болмай –жер болмас»
атты әдеби-сазды кеш
С Ц Е Н А Р И Й І
2018-2019 оқу жылы
«Егеменді болмай –ел болмас, Тәуелсіз болмай –жер болмас»
атты әдеби-сазды кеш
С Ц Е Н А Р И Й І
Сценарий мақсаты:
1986
жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл
- әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш
рет бас көтеріп демократия жолында
құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері
жайында түсінік бере отырып, жастардың
алаңға не себепті, қандай мақсатпен
шыққандығын жете түсіндіру.
Сценарий тәрбиелігі:
Өз Отанына, туған жеріне деген
сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна
тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай
білуге патриоттық сезімге
тәрбиелеу.
Сценарий дамытушылығы:
Әрбір
жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін,
ойын айта білу қабілетін
дамыту.
Сценарий көрнекіліктері: Қайрат
Рысқұлбеков,
Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев,
Ләззат Асанова суреттері.
«
Егеменді
болмай –ел болмас, Тәуелсіз болмай –жер
болмас»
атты плакат. Желтоқсан тақырыбындағы
топтардың қабырға газеттері және
буклеттер.
(фан фар)
/Алғы
сөз - сахна артынан/
Армысыздар
құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар,
оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан
мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің
ерен ісімен, кешегі дүниені дүр
сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен
келген тарихымызда алтын әріптері мен
жазылып Тәуелсіздік тойы. Ендеше
сіздердің назарларыңызға «Егеменді
болмай –ел болмас, Тәуелсіз болмай –жер
болмас»
атты әдеби-сазды кешімізді ұсынамыз.
Хабарлаусыз қазақ биі
(сахнаға
5 оқушы шығады)
1-оқушы
Қайсар
Шайқалмасын
ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін
Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде
қалықтасын,
Қазағымның қастерлі -
Әнұраны!
Желтоқсанда Алматыда,
ақ қарда,
Алма бақтар ак қырауға
батқанда,
Күңірене күн күркіреп
тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты
шатқалдан.
2-оқушы:
Ерасыл
Желтоқсанда
шындық жырын шырқаймын деп шарқ
ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ
деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы
жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын,
айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды
қаусырған
Намысыңды жықпай өттің
нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз
қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар
даусыңнан.
Өсер
елдің қай сәтте де бірлік болмақ
қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның
мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер
намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда
еңкеюге тиісті емес жалауы!
3-оқушы:
Гулжанар
Қазір
бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі
қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы
желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында
бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз
көтерілістің бірі.
4-оқушы:
Дильназ
Енді
міне, осы Желтоқсан көтерілісіне
қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз
үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған
тәуелсіздікке қол жеткізді.
5-оқушы: Заманбек
Жас
арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды
ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы
өмір қайыстырған халқымның,
Қара
тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да –
Желтоқсан.
Намысымның
шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір
сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің
ұраны да - Желтоқсан,
Жаңа күннің
шуағы да – Желтоқсан.
ХОР:
Қайсар: Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры
Талипова Нұрсәуле Жандарбекқызына беріледі
1-оқушы: Заманбек
16 желтоқсан – тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,
Желбіресін көк туы- нағыз көркі жерімнің!
Мәңгі болсын, баянды болсын
27 жыл ғұмырың!
Құтты болсын, мықты болсын
Тәуелсіздік тұғырың!
2-оқушы: Ерасыл
Тәуелсіздік – бұл менің Парасатым,
Күншілмен де тіл тауып жарасатын.
Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен,
Қазақтың шығаратын Алаш атын.
3-оқушы: Гулжанар
Тәуелсіздік оңайлықпен
келмейді,
Бізге оны ешкім аяп
бермейді.
Тәуелсіздік –
Қайрат, Ляззат, Ерболдың,
Тас
көшеде тас-талқан боп өлгені.
4-оқушы:
Қайсар
Алаңға
шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың
өрімдей қарусыз жастарына солдаттар
мен милиция қызметкері қарсы қойылды.
Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты,
түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира
сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан
тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.
5-оқушы:
Дильназ
Орыны
ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер
ағалардың жолын қусын.
1минут
үнсіздікпен еске алайық,
Аруақ
ағалардың ырза болсын. /1
минут үнсіздік (секунд дауысы)/
1-оқушы: Қайсар
Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.
2-оқушы: Гулжанар
Тұрса
да биік өр басын,
Қазаққа бақыт
орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан
желі болмасын!
Күн кешіп лапылдаған
жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның
аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба
дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар
бастарын.
3-оқушы:Дильназ
Қуан далам! Қуанатын күн бүгін .
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін ,
Тіл туралы Заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін .
Қуан далам ,қуанатын күн бүгін.
4-оқушы: Заманбек
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық ?
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ
тілі жасау керек мәңгілік!
5-оқушы:
Ән
«Жаса қазақстан»
«Біз кімбіз?»( таңбалау)
Қ – Біз тәуелсіз елдің болашағымыз
А -Біз ел қорғаушымыз
З – Біз өз Отанымыздың патриотымыз.
А-Біз заңдарды қорғайтын ұландармыз
Қ-Біз болашаққа сеніммен қараймыз
С-Біз өз жолын анықтай алатын азаматпыз
Т-Біз егемен елдің ұланымыз
А- Біз білімге, адамгершілікке құштармыз
Н- Біз салауатты өмір салтын сақтаймыз
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
БИ:
Аружан: Ұлттық киіммен
Қазақстан – Республикам менің!
1-оқушы: Қайсар
Мен
қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен
қазақпын, тірегімін жерімнің
Ұланымын
туын көкке көтерген,
Ертеңімін
Егеменді елімнің.
2-оқушы: Гулжанар
Менің
елім - Қазақстан Отаным!
Жырлар жазып,
өзіңді әнге қосамын.
Мәңгілікке
қымбаттысың туған ел.
Арта берсін,
абыройың, атағың
3-оқушы: Ерасыл
Азат
өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл
елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата
бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын,
Қазақстан - Гүлстан!
4-оқушы: Дильназ
Күй,
сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын
тыным алмай, жанып - күйіп
Өмірдің
сырын ашып жүрегіме
Музаның
әміріне басымды иіп.
5-оқушы:
Заманбек
Алайық
ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған
ой - қиялды қалың күйік
Шерттіріп
құнарлырақ домбыраға
Тербеліп
ырғағына тамылжиық
Оркестр:
1-оқушы: Ерасыл
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
2-оқушы:
Гулжанар
Таулы
орман, жасыл жайлау көлім менің
3-оқушы:Қайсар
Бүгінде
бар әлемге даңқың жетті
4-оқушы:Дильназ
Тәуелсіз
Қазақстан – елім менің
5-оқушы:Заманбек
ӘН: «Атамекен»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген