Материалдар / ЕГЕР СІЗ ЖӘБІРЛЕУДІҢ/БУЛЛИНГТІҢ КУӘГЕРІ БОЛСАҢЫЗ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЕГЕР СІЗ ЖӘБІРЛЕУДІҢ/БУЛЛИНГТІҢ КУӘГЕРІ БОЛСАҢЫЗ

Материал туралы қысқаша түсінік
ЕГЕР СІЗ ЖӘБІРЛЕУДІҢ/БУЛЛИНГТІҢ КУӘГЕРІ БОЛСАҢЫЗ ережелері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2024
70
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1

ЕГЕР СІЗ ЖӘБІРЛЕУДІҢ/БУЛЛИНГТІҢ КУӘГЕРІ БОЛСАҢЫЗ





Мәселенің бар екенін мойында. Егер сен біреудің үнемі ренжігенін байқасаң, онда бәрі өздігінен шешіледі деп күтуге болмайды. Мәселені мүмкіндігінше тезірек шешуді бастау маңызды.

  1. Өзің сенетін ересек адамға оқиға туралы баянда: ата-анаң, сынып жетекшіңе, мұғалімдеріңнің біріне немесе мектеп психологіне жүгін. Егер сен оларға жүгінуге қысылсаң, онда сен оқиға туралы хат жазып, хатты сенім жәшігіне сал.

  2. Егер сен біреудің ренжіткенін көрсең, кедергі болуға тырыс. Жәбірлеу/буллинг жағдайында сен өзіңе қауіп төндірмеуің керек, бірақ егер сен жәбірлеу/буллинг жағдайына куә болсаң, онда дереу кедергі жасап, оқиғаны тоқтату маңызды. Егер сен мұны өзің жасай алмайтыныңды білсең немесе сезсең – айналаңдағы ересектердің көмегіне жүгінуің керек.

  3. Агрессорға жәбірлеудің/буллингтің жаман әрекет екенін және се оны қолдамайтыныңды түсіндір. Жәбірлеу/буллинг – бұл басқа адамның қадір-қасиетін төмендету мақсатында адам құқықтарының бұзылуы екендігін ескерту жеткілікті. Бұл үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.

  4. Буллинг құрбанына қолдау көрсет. Сыныпта болып жатқан жәбірлеу/буллинг оқиғаларына қарсы екеніңді көрсет әрі қолдамайтыныңды түсіндір.

  5. Басқаларға үлгі бол. Қазір сенің сыныбыңда мәселелер болуы мүмкін. Мысалы, балалар бір-бірімен дос болғысы әрі араласқысы келеді, бірақ оны қалай дұрыс жасау керектігін білмейді. Біреу екінші бір адамды ренжітіп көңіл көтеруге, өздері ұнатпайтын балаға қарсы бірігуді шығарған. Өзіңнің әрекетіңмен дос болу, қарым-қатынасқа түсу, жай ғана білім алу күн сайын агрессия мен жағымсыз эмоцияларға ұшырауға қарағанда әлдеқайда жақсы екенін көрсет. Ал оны тек бір-біріңе құрметпен қараған жағдайда ғана көрсете аласың.





Shape2

ЕГЕР СІЗ ЖӘБІРЛЕУДІҢ/БУЛЛИНГТІҢ

ҚҰРБАНЫ БОЛСАҢЫЗ





1.  Өзіңді жоғалтпа! Басында агрессорға мүлдем көңіл аудармауға тырыс. Бұл әрекет агрессор сенің буллингке/жәбірлеудің құрбаны болуға бейім екеніңді тексеру кезінде іске асады. Егер агрессор әрекет жасап, саған фмзикалық тұрғыда күш қолданса бұл әдіс іске аспайды.

2. Мүмкін болса, агрессордан аулақ жүруге тырыс. Агрессор әдетте саған шабуыл жасайтын, адамдар аз жүретін орындармен жүрмеуге тырыс. Ересек адамдарға, әсіресе сенімді адамдарға, мұғалімдерге жақын бол. Ересек адамдардың болуы агрессорды тоқтата алады. Егер жәбірлеу/буллинг мектепке барар жолда болса, онда мектепке баратын және үйіңе қайтатын кезде басқа жолды таңда.

3. Өзіңе ұнамайтын нәрсе туралы айт! Агрессорға «Тоқта», «Доғар», «Стоп» деген нақты сөздерді қолданып, оның әрекетінің саған ұнамайтынын жеткіз.

4. Екінші бір адамға сенің жәбірлеп жатқаны туралы ескерт, дабыл қақ. Бұл туралы өзің сенім білдіретін мұғаліміңе, ата-анаңа, мектеп директорына немесе Буллингке қарсы топ мүшесіне ескерт.

5. Сенім білдір. Есіңде сақта, буллинг – сенің кінәң емес. Көмек пен қолдауға жүгінуден қорықпа.
























Shape3

ЕГЕР СІЗ ЖӘБІРЛЕУ/БУЛЛИНГ ЖАҒДАЙЫНДА АГРЕССОР БОЛСАҢЫЗ
















  1. Тоқта және ойлан: өз әрекеттерің мен басқаларға тигізетін зардабың туралы түйсінуге тырыс.

  2. Көмек сұра: жағдайды түсіну үшін мұғаліммен, ата-анаңмен немесе сенетін ересек адаммен сөйлес.

  3. Кешірім сұра және түзел: егер сен біреуді ренжіткен болсаң, кешірім сұра және мінез-құлқыңызды жақсы жаққа өзгертуге тырыс.

  4. Өз эмоцияларыңды таны және басқаруды үйрен: осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау үшін эмоцияларыңды және мінез-құлқыңды қалай басқаруға болатындығы туралы білуге тырыс.

  5. Шешім қабылда: осы секілді оқиғаны болдырмас үшін, өзіңді қоршаған ортаға позитивті өзгерістерді енгізуге тырыс.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!