Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ежелгі Египет мәдениеті
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы:
Тема урока: Ежелгі Египет мәдениеті
Сабақтың мақсаты: Египет мәдениеті: парадигмалары, жазуы, дүниетаным мен діні, Египет пирамидалары туралы түсініктерін қалыптастыру және оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру
Цель занятия:
Сабақтың міндеттері:
Задачи занятия:
Білімділік: оқушылардың санасында мәдениеттану пәні, оның негізгі терминдері туралы ұғым қалыптастыру
Образовательная:
Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Развивающая:
Тәрбиелік: оқушыларды мәдениеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу;
Воспитательная:
Сабақтың жабдықтары: Оқулықтар, дәріс материалдары
Оснащение занятия:
Пәнаралық байланыс: тарих
Межпредметная связь:
Пәнішілік байланыс:
Внутрипредметная связь:
Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы
Технологическая карта конструирования этапов теоретического занятия
|
Сабақ бөлімдерінің атауы Название раздела занятия |
Уақыт тәртібі Временной режим |
1 |
Ұйымдастыру кезеңі Организационная часть |
2 минуты |
2 |
Оқытушының кіріспе сөзі Целевая установка занятия |
3 минуты |
3 |
Білімнің негізін өзектілей (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме |
25 минут |
4 |
Жаңа тақырыпты түсіндіру Изложение нового материала |
40 минут |
5 |
Жаңа тақырыпты бекіту Закрепление новой темы |
10 минут |
6 |
Баға қою Выставление оценок |
5 минут |
7 |
Үй тапсырмасы Домашнее задание |
5 минут |
Теориялық сабақтың барысы
Ход теоретического занятия
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Амандасу.
2.Оқушыларды түгендеу.
Организационная часть.
Оқытушының кіріспе сөзі. – сабақтың түрін, тақырыбын, мақсатын, міндетін айтып, түсіндіру.
Целевая установка занятия. (обзор темы и цели занятия)
ІІ. Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру.
А) Ауызша сұрау
1. Вавилон қаласы және Вавилония мемлекетінің дамуы
2. Ежелгі Вавилон мәдениетінің ерекшеліктері
3. «Гильгамеш туралы дастан» - шумер өркениетінің әдеби ескерткіші
В) Дәптер тексеру
С) Карточкамен жұмыс
Карточка №1
1.Ежелгі Вавилон өркениеті
2.Хаммурапи патша тұсындағы Вавилон патшалығы. Хамураппи заңдары.
Карточка №2
1.Новуходоносор патша билігі тұсындағы Вавилония патшалығы
2.«Вавилон аласапыраны» аңызының негізгі мазмұны қандай?
Карточка №3
1.«Гильгамеш туралы дастан» жайында не білесің?
2.Қосөзен жазуының ерекшеліктері неде?
Карточка №4
1.Хаммурапи заңдары
2.«Аспалы бақ» неліктен әлемнің жеті кереметінің бірі болып есептеледі?
Карточка №5
1.Ежелгі Вавилон өркениеті
2.«Гильгамеш туралы дастан» жайында не білесің?
Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме:
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Изложение нового материала.
1.Ежелгі Египет тарихынының негізгі кезеңдері
2.Ежелгі Египеттіктердің дүниетанымдары мен діни наным-сенімдері
3.Ежелгі Египет архитектурасының негізгі ескерткіштері
4.Мысыр жазуы
1.Ежелгі Египет – Африканың солтүстік-шығысында Ніл өзені бойында құрылған ертедегі мемлекет. Мысыр жерін адам баласы палеолит дәуірінен мекендей бастаған. Неолит кезеңінде климат өзгеріп, бұрынғы саванналарды құм басып, адамдар Ніл өзені бойына жинала бастады. Б.з.б. IV мыңжылдық шамасында Ніл өзені бойына жиналған тайпалар өзара араласып, Мысыр халқы қалыптасты. Қоғамның ары қарай дамуы барысында алғашқы мемлекеттік бірлестіктер пайда болды. Олардың арасынан екі мемлекет іріктеліп шығып, елдің оңтүстігінде жоғарғы Мысыр, ал солтүстігінде төменгі Мысыр патшалықтары құрылды. Б.з.б. ІІІ мыңжылдық шамасында жоғарғы Мысыр билеушісі Менес төменгі Мысырды басып алып, елді біріктірді.
Ежелгі Египет тарихын мынадай кезеңдерге бөлу қабылданған:
1) Ең ежелгі патшалық (б.з.б. 3000-2800 ж.ж.); 2) Ежелгі патшалық (б.з.б. 2800-2250 ж.ж.);
3) Орта патшалық (б.з.б. 2050-1700 ж.ж.); 4) Жаңа патшалық (б.з.б. 1580-1070 ж.ж.); 5) Кейінгі патшалық (б.з.б. 1070-332 ж.ж.); 6) Грек-рим кезеңі (б.з.б. 332 - б.з.395 ж.ж.)
2. Ежелгі Египет мәдениеті аса күрделі дүниетаным мен діни наным-сенім жүйелерімен сипатталады. Ежелгі Египет мәдениетінің ең маңызды символдары: сфинкс, перғауын, Ра және Осирис құдайлары, пирамида, анкх.
Сфинкс құпия даналықтың бейнесі ретінде – адамның басы мен арыстанның денесінен тұратын фантастикалық тіршілік иесі. Ол египеттіктер рухани және табиғи құрылым, ой және дене күшінің бірлігі деп түсінетін адам мәнінің құпиясын ашады. Тірілер патшалығы (Ра құдайы) мен өлілер патшалығы (Осирис құдайы) арасындағы делдал ретінде көрініс бере отырып, сфинкс адам өмірі өткен шақ пен болашақтың арасындағы қысқа ғана аралық екендігін меңзейді. Сфинкс құдайлық және адами жаратылыстың қасиеттерін иеленген перғауынның бейнесін білдіреді.
Ежелгі Египетте перғауын жер бетінде құдай атынан тәртіп пен әділеттілік орнататын құдайдың баласы болып есептелді. Ол жоғарғы сот, әскери қолбасшы және абыздың қызметін атқарды. Қол астындағыларға билігі шексіз болды. Перғауын қайтыс болған соң денесі Осириспен бірігіп мәңгілік өмір сүретін құдай, «Раның ұлы» деп аталды.
Египеттіктердің космологиялық түсініктері бойынша бүкіл ғаламды көгілдір лотос гүлінен пайда болған күн құдайы Ра жаратқан. Раның аузынан алғашқы құдайлар шықты, ал оның көз жасынан адамдар пайда болды. Ра жаратқан әлем үш қабаттан тұрады: аспан, жер, жер асты әлемі. Әлемдегі барлық заттар иерархиялық жүйемен жасалады және бір-бірімен үйлесімде болады. Адам құдай мен перғауын бекіткен заңдарды бұзбай, оған бағынуға тиісті. Өмір – бұл жарық пен түнектің, мейірімділік пен зұлымдықтың мәңгілік күресі.
Ежелгі египеттіктер үшін табиғат құбылыстары мен күштері әр түрлі рухтар мен құдайлардың бейнесі болып көрінді. Фетишизм, өсімдіктер мен жануарларды құдайға балау – олардың діндеріне тән өзіндік ерекшелігі. Барлық құдайлар белгілі бір жануар, құс, балық немесе жәндік бейнесінде көрініс береді. Мысалы су құдайы Себека қолтырауын түрінде, қуаныш пен көңіл көтеру құдайы Баст – мысық түрінде бейнеленеді. Діни көзқарастардың дамуының кейінгі сатысында антропоморфизация жүзеге асты, яғни құдайларға адами қасиеттер берілді. Дегенмен ескі көзқарастар толық жойылмай, жаңа ұғымдармен астасып кетті. Мәселен, Баст басы мысық, денесі әйел адам ретінде бейнеленді, ал Себека басы қолтырауын, денесі ер адам кейпінде бейнеленетін болды.
Құдайлардың киелі белгісі, олардың даналығы мен билігінің нышаны – анкх болып табылады. Ол өмірді құдай мен жерді, рухани және материалдық дүниенің қиылысу нүктесі ретінде бейнелейді. Анкх адамзат баласының мәңгілік өмір сүретіндігін білдіреді. Өлім басқа, жақсы өмірге өту деп қарастырылды. Бірақ, адам өлген кезде адам тәні мен жанының бірлігі бұзылып, жан жерасты әлеміне саяхатқа аттанып, тәннен уақытша ажырайды. Египеттіктер жан бірнеше негізден тұрады деп сенді. Оның негізгілері Ка және Ба. Ка – адамның сыңары, оның өмірлік күші. Ба адам басты құс ретінде бейнеленіп, жанның саналы бөлігін білдірді. Ка мен Ба тәнге қайта оралуы үшін оны сақтау керек болды. Бұл идея өліктерді мумиялауды тудырды. Ка мен Ба адам тәні сияқты тамақ, сусын, баспананы қажет етті және тірілер өлілердің қажеттіліктерін өтеуге тиіс деп есептелді. Осыдан барып өлілерге сыйлықтар жасау, құрбандық шалу, оларға храмдар мен молалар, алып пирамидалар тұрғызу дәстүрі қалыптасты. Бірақ кез-келген адамның тәні өлген соң мұндай құрметке ие бола берейді. О дүниеде адам жаны жоғарғы сот Осиристың алдында жауап береді. Ол адам жүрегін таразыға салады. Күнаһарларды Амамат құбыжық жейді, ал жақсы адам Иалу жұмақ бағына аттанады.
3. Мәңгі өмір идеясы, адам өмірінің жойылмайтындығы архитектуралық өнер туындыларында-пирамидаларда, храмдар мен мүсіндерде көрініс тапты.
Ең көне Египет пирамидасы - Джоссер пирамидасы болып табылады. Ол осыдан бес мың жылдай бұрын тұрғызылған. Оны жасаушы Имхотеп деген сәулетші болған. Ежелгі Египеттіктер оны тек тамаша сәулетші ғана емес, сонымен бірге дәрігер, астроном және данышпан ретінде құрметтеген. Джосер баспалдақты болып келеді, ол құмның «аспан баспалдақтары» сияқты көтеріледі. Перғауын Джосер өз мазарының «бірінің үстіне бірі қойылған орындық» сияқты аспанға өрлеуін қалады. Имхотеп бүкіл Египет тайпаларының ақсүйектерінен патшаның артықшылықтарын тас арқылы бейнелеуге тиісті мұндай құрылысты қолға алынған алғашқы сәулетші болды. Биіктігі 60 метрлік бұл пирамида жоғарылаған сайын кішірейе беретін бірнеше мастабадан (арабтың «мастаба» - орындық деген сөзі) тұрады. Джоссердің баспалдақты пирамидасы тәкаппарлық салтанаттың алғашқы талпынысын бейнеледі. Одан кейінгі пирамидалар толассыз үшкірлене беріп, жылтыр, жоғары нүктеде бір деммен табысатын қабырғалары арқылы тоқтаусыз көкке өрлей береді.
Джоссер пирамидасынан кейінгі пирамидалардың ішіндегі ең атақтысы және ең көлемдісі египеттік ІV патша әулетінен шыққан үш перғауынның Гизедегі пирамидалары. Олардың бәрінен биігі – Хеопс пирамидасы. Ол бүкіл әлемдік өнерде ұлы мақсат мейлінше дәл, айбынды, сонымен бірге мейлінше мүлтіксіз бейнеленген сәулет ескерткіші. Хеопс пирамидасының биіктігі – 147 метрге жуық, оның әрбір көлбеу бетінің ұзындығы 235 метр. Ол алып тұрған жердің көлемі 55 мың шаршы метр. Ол әрқайсысы 2,5-3 тонналық әктастардан салынған және оның құрылысына барлығы 2 300 000 блок қажет болды. Бұл блоктардың бір-біріне тығыз қиюластырғаны соншалық, тіпті олардың жігіне ине сұғу да мүмкін емес. Пирамиданың өзі 20 жыл, ал Ніл бойындағы тас таситын жол 10 жыл салынған.
Перғауын Хефреннің пирамидасы жанындағы аруақ храмының алдында басы адам, денесі арыстан болып келетін алып тіршілік иесі мүлгіген шөлде асқақтап тұр. Бұл ең үлкен сфинкс. Ол тұтас жартастан қашап салынған. Оның басы адамның басынан 30 есе үлкен, денесінің ұзындығы 57 метр. Алдыңғы аяқтары тұғырда симметриялы орналасқан.
Жаңа патшалық дәуірі – Египеттің қуат-күшінің салтанатты дәуірі болды. Бұл кезеңде пирамидалар мүлде салынбайтын болды. Пеғауындардың мазарлары «Жүз қақпалы Фивының» қарсысындағы «Патшалар алқабы» деп аталатын жерде салына бастайды.
Б.з.б. XVI ғасырдың соңында салынған атақты патша ханым Хатшепсут храмы (сәулетшісі Сенмут) сол замандағы храм құрылысының жалпы принциптері жөнінде мол түсінік береді. Храмның барлық бөліктері горизанталь білік бойымен орналастырылған. Бірінен бірі сатылап биіктей беретін үш террас өзінің созылыңқылығымен шексіздікті орнықтыруды бейнелегендей, алмасып келетін үш горизанталь құрайды. Осы террастарда су қоймалары жасалып, жағасына қалың ағаш отырғызылған. Бір храмда 200-ден аса мүсін болды, ал оның едені түгелдей алтын және күміс тақталармен қапталған. Храмның алдында сфинкстер аллеялары, перғауындардың зор мүсіндері обелискілер, пилондар (иероглифтермен безендірілген, арасынан ашық аулаға өтетін жіңішке соқпағы бар, храмға монументальды қақпа ретінде қызмет ететін биік діңгекті және жалаулы үшкір, жұп пирамидалар).
1922 жылы қарашада ағылшын археологы Г.Картер перғауын Тутанхамонның (шамамен б.з.д. 1333-1323 жылдар) мұқият жасырылған қабірін тапты. Тутанхамон өте аз уақыт патшалық құрды және өзінің даңқын шығарарлық еш нәрсе жасамай 20 жасқа жеткенде дүние салды. Оның қабірі өзіне дейінгілермен салыстырғанда қазыналары тоналмай, біздің заманымызға дейін сақталып қалған. Бірақ, тірі кезінде есімдері бүкіл дүние жүзіне тараған құдіретті перғауындардың кейінірек түк қалдырмай тоналған мазарлары бұдан да сәнді және бай болған еді.
Тутанхамон мазарынан табылған қобдишалардың біріндегі сурет арыстан аулауға шыққан, яғни жауларын қырып жатқан перғауынды күйме үстінде көрсетеді. Бірінің ішіне бірі салынған патшаны Осирис кейпінде бейнелеген қақпағы бар табытқа салған. Бұл сирек кездесетін ескерткіш – қалыңдығы 2,5-3,5 мм дейінгі алтын қаңылтырдан жасалған аса нәзік зергерлік жұмыс. Ұзындығы 1,85 метр. Патшаның лазурит қондырылған алтын маскасы да таңғажайып өнер туындысы болып табылады. Патшаның мумиясынан жүздеген сәндік бұйымдар алынды.
4. Мысыр жазуы, Египет жазуы, б.з.б. IV мыңжылдықтың орта тұсында пайда болған. Алғаш сурет-кескіндермен, иероглифтік (идеограф.) таңбалармен бейнеленді. Жазудың шапшаң жазылатын иератика (б.з.б. 3-мыңжылдық), демотика (б.з.б. 8 ғ.) атты түрлері пайда болды. Мысыр жазуында әрбір суреттің, таңбаның өзіндік мағыналары болды. Таңбалар саны 5 мыңға жуықтағанмен, колданыстағысы 700-800-ден аспады. А.Македонскийдің Мысыр жеріне жасаған жорығынан соң (б.з.б. 332 ж.) Мысыр жазуы мен грек жазуы қатар қолданылып, екі жазу аралығындағы жаңа копт жазуы дүниеге келді. Египетте 640 жылдан (ислам ді-нінің таралуынан бастап) қазіргі уақытқа дейін араб әліпбиі қолданылады. Мысыр жазуының құпиясын алғаш француз ғалымы Франсуа Шампольон ашты. Ол Розетта тасын зерттеу кезінде "Птолемей" және "Клеопатра" сөздерін оқыды. Шампольон иероглифтерді жеке сөздерді білдіреді дегенге қарсы болып, тек буынды, дыбысты таңбалауы мүмкін деген жорамал жасады. Осылайша ғалым құпиясы мен жұмбағы мол, мыңдаған жылдар бойы ұмыт қалған Мысыр жазуы арқылы ежелгі Мысыр мәдениетін әлемге әйгіледі.
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту. Бекіту сұрақтары, тапсырмалары.
Закрепление новой темы. Вопросы, задания для закрепления.
1. Ежелгі Египет тарихы қандай кезеңдерге бөлінеді?
2. Ежелгі Египет мәдениетінің ең маңызды символдарына не жатады?
3. «Сфинкс» дегеніміз не?
4. Ежелгі Египетте ел билеушілерін қалай атады?
5. «Анкх» дегеніміз не?
6. Ежелгі Египеттіктердің сенген негізгі құдайлары қалай аталады?
7. Қай пирамида ең бірінші салынған деп есептеледі?
8. Египет пирамидаларының шіндегі ең үлкені?
9. Тутанхамонның қабірін тапқан қай археолог?
10. Мысыр жазуының құпиясын алғаш ашқан қай ғалым?
V. Баға қою
Выставление оценок
_________________________________________________________________________
VІ. Үй тапсырмасы. Ғабитов Т. Мәдениеттану А, 2005 реферат .18-25 б.лекцияны оқу, мазмұндау
Домашнее задание.