Ежелгі көшпенділердің материалдық мәдениеті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ежелгі көшпенділердің материалдық мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы Мақтарал ауданы Абай атындағы №17 жалпы орта мектебі КММ тарих пәнінің мұғалімі Туранова Куттыгыз



ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР - САПАЛЫ САБАҚ КЕПІЛІ

Қазіргі таңда әр ұстаздың  алдына қoйып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетiлдiрiп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Оқыту процесінде пайдаланылып отырған әртүрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялар өз нәтижелерін беруде. Олар баланың жеке қасиетін аша отырып, оның танымдық қабілетін  қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасап отыр. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар білім алушының  жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуына ықпал етеді. Қазіргі таңда  білім мен техниканың даму деңгейі әр оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі қашан да анық. Сондықтан білім беру барысында көптеген технологиялар қолданылады. 

Әр сабақта әдістерді түрлендіру арқылы оқушылардың қызығушылықтары арта түседі. Өз сабақтарымда үнемі «Өрмекшінің торы» ойынын, «Қапшықтағы фасоль», «Стикердегі 10 сұрақ», «Ыстық орындық», «Бес саусақ» әдістерін  қолдану барысында оқушылардың оқуға, өз білімдерін саралауға, талдауға қызығушылықтары артады.

Мысалға алатын болсақ «Бес саусақ» әдісі. Оның мақсаты: Баланың бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету

Бас бармақ – басты мәселе

Балалы үйрек – бірлесу

Ортан терек – ойлану

Шылдыр шүмек – шынайылық

Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы

Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

1. «Бас бармақ» - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2. «Балалы үйрек» - бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?

3. «Ортан терек» - ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

4. «Шылдыр шүмек» - шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5. «Кішкентай  бөбек» - көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Бұл әдіс сабақтың қорытынды бөлімінде  кері байланыс жүргізгенде тиімді. Өйткені бүгінгі жасаған жұмысына талдау жүргізеді. Келесі жолы қандай өзгеріс енгіземін деп ойланады.

Сабақ барысында әдіс-тәсілдерді пайдалану оқушының бойында өз- өзіне сенімділік ұялатады, өзге балаға қарап бой түзеуге ұмтылады, өзін-өзі бағалауы жоғарылайды,өзгені үйрете отырып, өзі көп нәрсені үйренеді, көшбасшылық қабілеттері қалыптасады.

Қазіргі заман талабына сай өсіп келе жатқан жеткіншек технологияларды кеңінен пайдалануға бейім екені баршамызға аян. Сондықтан оқушы қызығушылығын сабақтың тиімділігін арттыру үшін және жалпы болашақ қоғамға бейім құзыретті  өкілдерді тәрбиелеу үшін түрлі әдіс-тәсілдерді  қолданғанымыз жөн.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.02.2021
416
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі