Материалдар / Ежелгі қазақ мәдениеті мен өркениеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ежелгі қазақ мәдениеті мен өркениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздармен оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2018
3808
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырып: «Ежелгі қазақ мәдениеті мен өркениеті, қазақ мәдениетінің бастаулары»

Тема:

Сабақтың түрі: теория

Вид урока


Сабақтың типі: аралас

Тип урока:


Сағат саны: 2

Количество часов:


Сабақтың өтетін орны:

Место проведения урока:


Білім алушы білу керек:

Обучающийся должен знать:

  • мәдениеттің түрі және барысы жайлы анықтама бере алу;

  • мәдениеттің қызмет атқару саласы жөнінде;

  • мәдениет және өркениет білімі туралы меңгеру;

  • ежелгі қауымдық құрылыс мәдениеті туралы білуі қажет


Білім алушы игере білу керек:

Обучающийся должен уметь:

  • «Мәдениетті адам қандай?» деген сұрақ бойынша өз ойын жеткізу

  • мәдениет-қоғам-адам жайында өзара байланыс сипаттамасын бере алу;


Оқытушыға арналған әдебиеттер:

Литература для преподавателя


Н.Ә.Назарбаев «На пороге XX века» Алматы: Өнер, 1996ж.

Т.Габитов Культурология Алматы: Раритет 2005ж.

В. Тимошинов Культурология (Казахстан, Евразия, Восток, Запад) Алматы, 1997ж.

К. Шакарим Родословная тюрков, киргизов, казахов и ханская династия. А.,1990ж.

Т.Х.Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Қүлсариева «Мәдениеттану» Раритет., 2009ж.

Ө.С.Төкенов «Мәдениеттану» А., 2006ж.

Білім алушыға арналған әдебиеттер

Литература для обучающихся:

Н.Ә.Назарбаев «На пороге XX века» Алматы: Өнер, 1996ж.

Т.Габитов Культурология Алматы: Раритет 2005ж.

В. Тимошинов Культурология (Казахстан, Евразия, Восток, Запад) Алматы, 1997ж.

К. Шакарим Родословная тюрков, киргизов, казахов и ханская династия. А.,1990ж.

Т.Х.Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Қүлсариева «Мәдениеттану» Раритет., 2009ж.

Ө.С.Төкенов «Мәдениеттану» А., 2006ж




Теориялық сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Методическая разработка теоретического занятия


Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специальность:


Сабақтың типі: аралас

Тип занятия:


Өткізу әдісі: дәріс сабақ

Методика проведения:


Сағат саны: 2

Количество часов:


Сабақтың өтетін орны:

Место проведения занятия:


Сабақтың тақырыбы: ««Ежелгі қазақ мәдениеті мен өркениеті, қазақ мәдениетінің бастаулары»»

Тема урока:


Сабақтың мақсаты: оқушыларға ежелгі қазақ мәдениеті мен өркениеті, қазақ мәдениетінің бастаулары туралы жан жақты мағлұмат беру;

Цель занятия:


Сабақтың міндеттері:

Задачи занятия:

Білімділік: оқушыларды қазақ мәдениетінің бастаулары – андронов, сақ тайпаларының мәдениетімен, Ұлы Жібек жолы және қалалық мәдениеттің дамуымен таныстыру;

Образовательная:


Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау, өз ойын ашық жеткізе білу қабілеттерін дамыту.

Развивающая:


Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу;

Воспитательная:


Сабақтың жабдықтары: Оқулықтар, дәріс материалдары

Оснащение занятия:

Пәнаралық байланыс: тарих

Межпредметная связь:


Пәнішілік байланыс:

Внутрипредметная связь:









Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы

Технологическая карта конструирования этапов теоретического занятия



Сабақ бөлімдерінің атауы

Название раздела занятия

Уақыт тәртібі

Временной режим


1

Ұйымдастыру кезеңі

Организационная часть


2 минуты


2

Оқытушының кіріспе сөзі

Целевая установка занятия


3 минуты


3

Білімнің негізін өзектілей (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру

Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме


25 минут



4

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Изложение нового материала


40 минут


5

Жаңа тақырыпты бекіту

Закрепление новой темы


10 минут


6

Баға қою

Выставление оценок


5 минут


7

Үй тапсырмасы

Домашнее задание


5 минут



Теориялық сабақтың барысы

Ход теоретического занятия


І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Амандасу.

2.Оқушыларды түгендеу.

Организационная часть.

Оқытушының кіріспе сөзі. – сабақтың түрін, тақырыбын, мақсатын, міндетін айтып, түсіндіру.

Целевая установка занятия. (обзор темы и цели занятия)

ІІ. Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру.

Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме:

Ауызша сұрау


1. Ежелгі славяндар мәдениеті – орыс мәдениетінің қайнар көзі

2. Орта ғасырлардағы орыс мәдениетінің дамуы

3. Қазіргі заманғы орыс мәдениеті


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Изложение нового материала.

1. Қола дәуіріндегі Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың мәдениеті

2. Сақ тайпаларының мәдениеті

3. Ұлы Жібек жолы және қалалық мәдениеттің дамуы


1. Б.з.д. II мыңжылдықта Еуразия даласында қола ойлап табылды. Казакстан аумағын қола дәуірінде мекендеген тайпалардың археологиялық ескерткіштері жалпы атаумен Андронов мәдениеті деп аталады. Өйткені, алғашқы қазылып алынған ескерткіштер Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Ан­дроново селосының жанынан табылуына байланысты Андронов мәдениеті деген атау берілген. Онда 1913 жылы Б.Андрианов археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген. Анд­ронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағы болды. Андроновшылар - бұл тегі жағынан туысқан, антропологиялық, лингвистикалық құрылымы мен шаруашылық-мәдени өмірі бойынша жақын тайпалар. Археологиялық мәліметтер негіздегеніндей, Андронов тайпаларының басым бөлігі отырықшылық өмір салтын кешкен. Олардың қалашықтары өзен жағалауларын, кең жайылған шалғындарды бойлай орналасқан. Андроновшы­лар бақташылығы сәл басымдау малшылықпен және егіншілікпен айналысқан. Андронов мәдениетінің белгісі ретінде мәйітті бүгілген күйінде бір жақ жанымен, тақта тастардан құралған «сандық тасқа» немесе тік бұрышты қима шұңқырларға жатқызылатын өзіндік жерлеу салты қалыптасқан. Адам жерленгеннен кейін әртүрлі пішін үйлесімінде -тікбұрышты, домалақ, сопақ нысанда немесе үйілген қорған тәрізді, тас дуалдар түріндегі молалық құрылыстар тұрғызылған. Кейде мәйітті өртеп жіберген.

Андронов мәдениетінің келесі бір ерекше белгісі қолмен иленіп жасалған ыдыс-аяқтар. Мұның алдыңғы дөңгелек түпті ыдыстардан айырмашыпығы жайпақ түпті болып келіп, ою-өрнектері тарақ тісті немесе тегіс соғылған геометриялық өрнекпен жасалынған. Сайып келгенде, Андронов мәдениетін металдан жасалған бұйымдарды әшекейлеудің өзгеше түрі ерекшелейді. Бұларға бір жарым айналымға оралған, алтын жапырақшалардан жасалған сырғалар баскиімдер мен киімдерді «көзәйнек тәріздес» және «табан» түріндегі салпыншақтармен безендіру және ұштары ширатылып бұралған білезіктер жатады.

Аңдронов мәдениеті мынадай үш кезеңге бөлінеді: ерте қола - б.д.д. XVIII-ХVІ ғасырлар, орта қола - б.д.д. XV-XII ғасырлар, соңғы қола - б.д.д. XII-VІІI ғасырлар аралығын қамтиды.

Орталық Қазақстанда Андронов мәдениетінің 30-дан астам мекені, 150-ден аса моласы табылды. Мұның ерте кезеңі - Нұра өзені алқабынан табылғандықтан «нуралық кезең» деп аталған. Орта кезеңі - Атасу өзені алқабындағы молалар тобы бойынша атасулық кезең деп аталады. Соңғы кезеңі - беғазы-дәндібайлық кезең деп аталады. Бұл кезеңге Қарағандыға жақын Дәндібай ауылынан және Солтүстік Балқаш тұсындағы Беғазы сайынан табылған ескерткіштер жүйесі кіреді. Солтүстік Қазақстанда Ботай ауданындағы ерте қола ескерткіштері табылды. Сол уақыттарда тұрақты елді мекендер пайда бола бастады. Оларды қалалардың алғашқы бастауы болды деп санауға толық негіз бар. Қола дәуіріндегі Қазақстан аумағында болған Арқайым, Кент және басқа да қоныстарды алғашқы қалалардың үлгісі ретінде алуға болады. Олар өзіне тән қарапайым сәулеттік құрылымдарымен ерекшеленді: қорғаныс құрылысы, сумен жабдықтау жүйесі, ғибадатханасы, дамыған кәсібі болды. Евразия даласында қола ғасырының (б.з.д. XVIII—XVI ғ.) көпке белгілі бірден-бір археологиялық ескерткіш-бекініс Арқайым елді мекені болып табылады.

Арқайым - бұл бекініс әрі сарай, шеберхана әрі тұрғын жай орталығы болған. Оның үстінен қарағандағы көрінісі шеңбер түрінде көрінеді, олардың ажыратылған бөлігі - бұл қаланың басты қақпасы. Үлкен шеңбердің ішінде тағы бір шеңбер орналасқан. Ескерткіштің жалпы ауданы 20 мың шаршы метрді құрайды. Қазіргі жер беткейінде айналма ор, оның артынан екі шеңберлі топырақты жалдар, орталық алаң іздері қалған. Жалдар - бұл шымнан, өнделмеген бөренелерден және ағаштардан қаланған бекініс қабырғаларының қалдықтары. Әрбір шеңбердің ішінде бөренелерден салынған тұрғын үйлер орналасқан. Аулалар мен үйлердің шаруашылық қоныстарында - ошақтар, құдықтар, шұңқырлар, металлургиялық пештер тұр. Қоныстың барлық аумағынан 60 тұрғын жай, керамикадан, сүйек пен тастан жасалған бұйымдар топтамасы, металдан жасалған еңбек құралдары және кен өндіру ісіне қатысты заттар табылған.

Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау мен Жетісудағы Таңбалыда жартастарға қашалып салынған суреттер (петроглифтер) шоғыры табылды. Жартастарға жануарлардың, басы күн бейнесіндегі адамдардың, күйме-арбалардың кескіндері қашап салынған. Мәселен, Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 170 км жердегі Таңбалы аңғарында тұрған андроновшылардың құдайлары бейнеленген көріністер берілген. Мұнда эпикалық қаһармандар садақ тартқан күйі күймелерде шауып келе жатқан әрекеттері, түйелер жегілген арбалар көші, ғұрыптық билерді билеу көріністері суреттелген. Ғибадатхананың басты бейнелері - қарапайым жандардан жоғары тұрған «Күн басты бейне», олардың бастары күн нұрын бейнелейтін бедерлі дөңгелектермен қоршалған. «Күн басты бейнені» билеп жүрген адамдар айнала қоршауға алған. Таңбалы петроглифтері әлемнің мәдени құндылықтарының қатарына енгізіліп, ЮНЕСКО ұйымының қорғауына алынған.

Орта қола ескерткіштеріне, сондай-ақ Жетісудағы Қарақұдық моласы, Қаратау өлкесіндегі Таутары моласы жатады. Аралға жақын Сырдарияның төменгі ағысынан соңғы қола дәуірінің бірегей ескерткіші - Түгіскен кесенесін атауға болады.

Қола дәуірінде қолөнер, тоқымашылық дамыды. Қолмен жасалатын қыш ыдыстар таспалық техникамен жасалып, қалыпқа салынып пішінделген; ыдыстар жылтыратылып, өрнектелді және күйдірілді. Қару жарақ дайындау ісі де жақсы дамыды. Жебелердің доғал және жапырақ тәріздес болып келетін ұштары, найза, балта ұштары қоладан жасалды, қола қанжарлар кең тарады.

Андроновтықтар аспанға, күнге, қасиетті отқа табынған, о дүниелік өмірге сенген, оларда ата-баба аруағына табыну болған. Ас беру, құрбандық шалу дәстүрлері қалыптасып, басты құрбандыққа жылқы шалынған. Тыйым салу әдет-ғұрпы мен діни наным-сенімдері де айтарлықтай дамыды.

2. Сақтар көшпенділердің жоғары деңгейде дамыған өркениетін қалыптастырды. Сақтар адамзат қоғамы үшін аса маңызды мәдени құндылықтар қалдырды. Сақ тайпаларының мәдени ошақтары Қазақ жерінің барлық аймақтарында қалыптасқан. Сақ қорымдарының шоғыры Сырдария, Іле, Талас, Шу, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын өзендерінің аңғарларынан, Кеген мен Нарынқол алқаптарынан табылған. Мысалы, Іленің сол жағалауындағы Жуантөбе кесенесі 300 қорғаннан, Талас өзені жағасындағы Берікқара 500 қорғаннан тұрады. Іленің оң жағалауындағы әйгілі Бесшатыр қорымы 31 қорғаннан тұрады, олардың арасынан диаметрі 104 м және биіктігі 17 м болатын Үлкен Бесшатыр қорғаны ерекше көзге түседі. Оның үйіндісі кесілген конус нысаны тәріздес, жайпақ төбесінің диаметрі 32 м құрайды.

Бұл дәуірдің аса құнды ескерткіші - Іле Алатауының етегіндегі Апматыдан 50 км шығысқа қарай орналасқан Есік қорғаны болып табылады. Ол 40 астам қорғаннан тұратын Есік қорымына кіреді. Оны археологтар 1969 жылы ашты. Диаметрі 60 м және биіктігі 7 м асатын ол қорғаннан б.з.б. IV ғасыр аяғы мен III ғасырға жататын «Алтын адамның» моласы табылды. Антропологтардың анықтауы бойынша Есік қорғанына жерленген адамның жасы 17-18 шамасындағы жауынгер, ал тегі бойынша саққа жатады. Ол мол алтынмен өрнектелген салтанатты киім киген. Басында әртүрлі өлшемдегі алтын жапырақшалармен әшекейленген сүйір, биіктігі - 65-70 см баскиімі бар. Баскиімі барлығы 150-ге жуық әшекеймен өрнектелген. Әшекейлер барыстың, таутекенің, арқардың, жылқының, құстардың бейнесінде жасалған. Баскиімнің алдыңғы бөлігін киік мүйізді, қанатты екі аттың бейнесі өрнектеп тұр. Жауынгердің сыртқы киімі шекпен мен шалбардан тұрады. Шекпенді үш мыңға жуық алтын заттар әшекейлесе, ал барлық киімінде, баскиімі мен аяқкиіміндегі алтын әшекейлер мен жапырақшалар төрт мындай болады. «Алтын адам» бойынша археолог К.Ақышев зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ол «Алтын адамды» шошақ бөрікті сақтарға жатқызады. Есік қорғанынан табылған заттардың ішінен сына жазуына ұқсас 26 белгіден тұратын екі жол жазуы бар күміс тостаған табылған. «Есік жазуы» алфавиттік жазуға ұқсас болып келеді. Бұл жазудың сырын ашу бағытында лингвист ғалымдар тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Бұл жазудың мағынасы туралы түркітанушы ғалым Алтай Аманжолов мынандай нұсқаны ұсынады: «Аға саған бұл ошақ! Бөтен ел адамы тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол болғай!» Бұл жазба дерегі аса құнды мәдени ескерткіштердің қатарына жатады. Бұл нұсқаға қарағанда сактардың түркі тілдес болғаны айқындалады. Ал, күміс тостағандағы жазулар көне түркі жазуының сақ дәуірінде пайда болған деген тұжырымға жетелейді.

Сақ дәуірінің ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан табылды. Мәселен, Орталық Қазақстандағы сол кезеңнің мәдениеті Тасмола мекеніндегі аса ірі археологиялық ескерткіштер орны бойынша тасмолалық деген атау алды. Оны басқаларының ішінен бөлектеуге ескерткіштерінің ерекше түрі - «мұртты қорғандар», «тас тізбекті қорғандар» негіз болды. Ал, Арал маңындағы ескерткіштері ішінде Шірік-рабат қалашығының орны мен Баланды кесенесін ерекше атап көрсетуге болады. Грек географы Страбонның мәліметтері бойынша Шірік-рабат апасиак сақтарының орталығы болған. Оның орны қазіргі Қызылорда қаласынан оңтүстік батысқа қарай 300 км жерде орналасқан. Қалашық орнынан табылған саздан жасалған ыдыстар, темір қылыш, қоладан жасалған жебенің ұштары археологтардың есебі бой­ынша б.з.д. V-IV ғасырларға жатады.

1997 жылы Қазақстанмен шектес Ал­тай өлкесінің Локоть деген елді мекеннің аумағынан сақ дәуіріне жататын «Алтайдың алтын адамы» табылған. Ол Есіктен табылған «Алтын адамға» өте ұқсас, киімі алтын әшекейлермен безендірілген. Алтын әшекейлердің саны 1800 ден астам. Бұл адамның б.з.д. V-IV ғ. жататыны дәлелденді. 1999 жылы Батыс Қазақстан өңірінде Аралтөбе қорымынан сақ заманында өмір сүрген ер адам мен әйел адамның мүрдесі табылды. Олардың да киімдері алтын әшекейлермен өрнектелген.

Сақ дәуірінен бүгінгі күнге жеткен аса құнды ескерткіштер Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылды. Берел қорымынан да патшалар әулетіне жататын еркек пен әйелдің мумияланған мүрделерінің қалдығы табылған. Сонымен бірге, қорымда ат-әбзелдері алтын бұйымдармен өрнектелеген он екі аттың мүрделері сақталған. Бұл аттар әлеуметтік ортадағы беделді адамдар үшін құрбандыққа шалынған болса керек. Ат-әбзелдері мен басқа да бүйымдар аңдық стильде әшекейленген. Ал, 2003 жылы Шығыс Қазақстандағы Шілікті қорымында ұзақ жылдар бойы жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде сактарға жататын тағы бір «Алтын адам» табылды. Бұл «Алтын адам» да сақ патшаларының бірі екені дәлелденді. Қазба жұмыстары барысында қорымнан 500 ден астам алтыннан жасалған «аң стиліндегі» әшекей бұйымдар алынды. Сақ дәуіріне жататын бұйымдар мен ескерткіштердің көпшілігі өте сапалы алтыннан жасалған. Бұл сақтарда алтын өндіру ісі мен зергерлік өнердің биік деңгейде болғанын дәлелдесе керек.

Б.з.д. VII-VI ғасырларда қалыптасып, Сібір, Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Еуропаның оңтүстігіндегі тайпалар арасына таралған «аң стилі» сақ өнеріндегі айрықша белгі болды. Бұл белгі киім-кешекті, ыдыс-аяқты, қару-жарақты, тұрмыстық бұйымдарды әшекейлеген сан алуан аңдар мен жануарлардың бейнелері еді. Олар жай ғана бейнеленіп қойған жоқ, жоғары эстетикалық талғаммен әшекейленген. Сақтардың материалдық мәдениетінің көптеген элементтері қазіргі халықтардың игілігіне айналды. Сақтардан ұзын шалбарлар мен қысқа шекпендер мұраға қалып, одан қазіргі ерлер мен әйелдер киімдерінің негізін құрайтын шалбар мен қамзол келіп шықты. Сақтардан жұмсақ былғары етіктер мен шошақ төбелі киіз бас киімдерінен - қазақ «қалпағының» қазіргі нұсқасы да таралады.

3. Ұлы Жібек жолы б.з.д. II ғасырдан б.з. XVI ғасырына дейін Шығыс пен Ба­тыс өркениеттерін байланыстыратын күре тамыр ретінде қызмет етті. Ол Қытайдан басталып, Орталық және Алдыңғы Азияға, одан әрі Еуропаға, ал деректер тілімен айтқанда, «түріктерден гректерге» жалғасып жатты. Жол Қытайдың орталық аудандарынан бастау алатын еді. Оның жолы Қазақстан жерінде Шаш, Исфиджаб, Тараз, Құлан, Мерке, Аспара, Қордай, Кастек, Алматы, Талхиз, Қоялықтан, Есік өзені жағалауымен, одан әрі Шелек, Кеген, Іле, Көксу, Қаратал, Лепсі, Арыс алқаптарынан Сырдария бойындағы Сауран, Сығанақ, Жент, Янгикент, Созақ қалалары арқылы Жезді, Нұраға өтті. Бұл жол өз қызметін тек партугалдық саяхатшы Васко да Гама Европадан Азияға ететін, (Африканы айналып Лиссабоннан Индияға) теңіз жолын ашқаннан кейін тоқтатты.

Ұлы Жібек жолы Қазақтанның оңтүстігі мен Жетісуда қалалардың дамып, қала мәдениетінің гүлденуіне әсер етті. Сырдария, Талас, Шу, Іле өзендерінің алқаптарындағы Испиджаб, Отырар, Тараз, Сығанақ, Янгикент, Суяб, Қойлық, Мерке, Құлан сияқты тағы басқа да қалалар мәдениет, сауда және әкімшілік орталықтары болды. Бұл қалалар отырықшы-егінші алқаптары мен көшпелі далалық аймақтар арасындағы, Ұлы Жібек жолы бойымен Шығыс пен Батыс елдерін жалғастыратын көпір рөлін атқарды. Олар VI-Х ғасырларда егіншілік пен қолөнершілердің қоныстары негізінде, билеушілер ордасының жанында, тұрақты қыстау орындарында пайда болған еді. Қалаларда қолөнершілер, саудагерлер, егіншілер тұрды, базарлар, ғибадат ету орындары, моншалар сияқты қоғамдық ғимараттар салынып, теңге басылып шығарылды. Орта ғасырлық Қазақстан қалаларына тән жергілікті түркістандық құрылыс дәстүрі қалыптасты. Тараз маңындағы Бабаәже қатын (Х-ХІ ғ.) кесенесі орта ғасырлық сәулет өнерінің маңызды ескерткіші болып табылады. Кейінірек оның жанына Айша бибі (XI-XII ғ.) және Тараздың өзінде Қарахан кесенелері сияқты сәулет ғимараттары салынды.


ІV. Жаңа тақырыпты бекіту. Бекіту сұрақтары, тапсырмалары.

Закрепление новой темы. Вопросы, задания для закрепления.

1. Қола дәуірінде Қазақстанды қандай тайпалар мекендеді?

2. Андронов мәдениеті қандай кезеңдерге бөлінеді?

3. Қазақстанда андронов мәдениетінің қандай ескерткіштері бар?

4. Андроновтықтардың діни наным-сенімдері қандай болды?

5. Сақ тайпаларының ең әйгілі тарихи ескерткіші «Алтын адам» қашан табылды?

6. Сақтардың бейнелеу өнеріндегі қалыптасқан өзіндік стильдері қалай аталады?

7. Ұлы Жібек жолы неліктен «Ұлы» деп аталады?

8. Ұлы Жібек жолы Қазақстандағы қандай қалалар арқылы өтті?

9. Ортағасырлық қазақстан қалаларындағы сәулет ескерткіштерінің ішіндегі ең танымалдарына қандай ескерткіштер жатады?


V. Баға қою

Выставление оценок

_________________________________________________________________________

VІ. Үй тапсырмасы.

1. Лекцияны оқу және мазмұндау

2. «Аң стилі» тақырыбына баяндама әзірлеу


Домашнее задание.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!