Ежелгі Қытай 5-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ежелгі Қытай 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып Дүниежүзі тарихынан "Терракота әскері Ежелгі Қытай туралы қандай ақпарат береді?" тақырыбында қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Пәні:

Ежелгі дүниежүзі тарихы

Бөлім:

Ежелгі Қытай

Педагог:

Сағитжан Махаббат Қайратқызы

Күні:

28.01.2022 ж.

Сынып: 5 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Терракот әскері Ежелгі Қытай туралы қандай ақпарат береді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

5.3.1.1 ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау

Сабақтың мақсаты

Ежелгі Қытайдағы алғашқы мемлекет туралы түсінік қалыптастырады;

Цинь Шихуанди императордың қызметін сипаттайды және оның ел басқаруы туралы ой-пікір айтып, баға береді.

Құндылықтарды дарыту

Ежелгі елдердің мәдениеті мен тарихына құрметпен қарау.

Тарихи дағдыларды дарыту.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, түгелеу.

Психологиялық жағымды ахуал орнату.

Үйге берілген тапсырманы тексеру:

Оқушыларға жеке сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын тексеремін:

  1. Қандай Ежелгі Қытай ойшылдарын білесіз?

  2. Олардың қоғамдағы рөлі қандай?

  3. Конфуций деген кім? Оның өмірбаяны туралы не айта аласыз?

  4. Конфуцийдің философиялық ойы қандай? Мемлекет басшысы қандай болу керек деді?

  5. Даосизм ілімінің негізін қалаған кім?

  6. Оның мәні қандай?

  7. Шань Яннің философиялқ ойлары ғылымда қалай аталады?

  8. Легизм ілімі бойынша император елді қалай басқаруы тиіс? Оның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Ой шақыру.

Тақырыпқа көшу үшін оқушыларға Қытайдың картасын, Ұлы Қытай қорғаны мен терракоталық жауынгердің суреттерін көрсетемін.

Келесі сұрақтар қойылады:

- Бұл фотосуреттерде нені көруге болады?

- қай елдің территориясы?.

- Ұлы Қытай қорғаны туралы естідіңіздерме?

- Ал суреттегі жауынгерлер шынайы деп ойлайсыздарма?

- Осыған орай, Сіздер, бүгіңгі сабағымыз қай тақырыпқа арналады деп ойлайсыздар?

Тақырып пен оқу мақсаттарын айтып өтемін.

Амандасады

Жинақталады



Үй тапсырмасына жауап береді
















Тақырыптық суреттермен жұмыс


Оқушылар өз ойларын ортаға салады.





Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу






Бағалау парағы


















Мадақтау











Сабақтың ортасы




Оқушыларға сабақты түсіндіремін. Тақырыпты меңгеру үшін әрі қарай тапсырма беремін.


1-тапсырма. Цин Шихуанди император қызметінің оң және теріс әрекеттерін анықтаңыз.

Оң әрекеттері

Теріс әрекеттері

Құрылыс ісін, жол қатынастарын дамытты

Салықтар көбейді

Ғылыми кітаптардың сақталуына мүмкіндік жасады

Бұхара халықтың жағдайы нашарлады

Қытай жерін біріктіріп, бірыңғай ақша жүйесін енгізді

Конфуций ізбасарларын, дана ойшылдарды қудалады.


Цинь Шихуандидің оң және теріс әрекеттерін анықтап алғаннан кейін, оған 3 сөзбен мінездеме беріңіз.

1.__________________________

2.__________________________

3.__________________________


2-тапсырма. Бос ұяшық

Әулеттерге қатысты сөздерді тиісті бағандарға жікте.

Цинь әулеті

Хань әулеті



Лю Бан, Ин Чжен, Конфуцизм, Легизм, Б.з.б. 221 жыл, Б.з.б. 206 жыл, Ұлы Қытай қорғаны, Ұлы Жібек жолы



3-тапсырма. Бос орынды толтыр.

(1)........ жылы Сиань қаласының маңында тұратын бір шаруа құдық қазып, саз балшықтан жасалған көптеген бұйым тапты. Кейінірек бұл жерде археологиялық қазба жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда археологтар саздан жасалған (2)....... жауынгер мен ат мүсінін тапты. Бұл ерекше жерлеу Қытай императоры Цин Шихуанди қабірінің жанында орналасқан. Археологтар бұл олжаны (3)....... деп атады, себебі барлық мүсіндер күйдірілген сазбалшық – терракотадан жасалған.

Нұсқалары:

1) 1985 жыл, 1874 жыл, 1974 жыл.

2) 7099, 8099, 9099.

3) «қалайы әскері», «терракота әскері», «қола әскері».





Бағалау критерийі:

- Цинь Шихуанди императордың қызметін әңгімелейді

Дескриптор

1. Императордың 3-тен кем емес оң әрекетін көрсетеді;

2. Императордың 3-тен кем емес теріс әрекетін көрсетеді;

3. Императорға 3 сөзбен мінездеме береді.







Бағалау критерийі:

Цинь мен Хань әулетіне қатысты ұғымдарды ажырата алады.


Дескриптор:

Әулеттерге қатысты сөздерді тиісті ұяшықтарға жіктейді.


Бағалау критерийі:

-Терракота әскерлері туралы сипаттай алады.



Дескриптор:

Бос орындарға нұсқаларда берілген сөздердің дұрысын орналастырады.




ҚБ оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырамын


Бағалау парағына белгі салу арқылы оқушылар өзіндік бағалау жүргізеді.





Оқушылар критерийлер бойынша бірін-бірі бағалайды



Бағалау парағы


Оқулық





Үлестіпме қағаздар







































Үлестіпме қағаздар















Үлестіпме қағаздар



Сабақтың соңы






Бекіту. Сабақты тұжырымдарды ауызша айтып, оқушылардың ақиқат-жалған ақиқат/жалған екенін анықтауы арқылы бекітемін.

Ақпарат

А

Ж

Б.з.б. 221 жылы Қытай жері біртұтас мемлекетке айналды.



Конфуций мінсіз қоғамдағы адамның мінез-құлқын жасады.



Цинь Шихуанди елдің ішіндегі өзінің билігіне наразы топтан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын салдырды.



Б.з.б. 206 жылы Цинь империясының орнына Хань әулетінің билігі орнады.



Цинь Шихуанди елді өзінің сенімді өкілдері арқылы басқарды.



Кері байланыс

«Білімді кестесі». Мына сұрақтар бойынша жауап береді.

- Не білдім?

- Не білемін?

- Не білгім келеді?


Үйге: тақырыпты оқу, хронология жазу.

Сабақтың тақырыбын қорытындылау



Ақиқат-жалған екенін анықтайды.



















Кері байланыс береді.

Білімді кестесін толтырады.

мадақтау

Үлестірме қағаз








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.06.2022
656
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі