Материалдар / Ежелгі Түрік жазуы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ежелгі Түрік жазуы

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныптарда Түріктер тақырыбын өткенде мұғалімдерге дайын сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қырқүйек 2019
424
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

Мектеп: №148 орта мектеп

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні: Құлтаева Ақмарал Мадиярқызы

Сынып

Қатысқандар Қатыспағандар


Сабақтың тақырыбы:


Ежелгі Түрік жазуы

Оқу мақсаты


6.2.3.1. Көне түркі жазуының маңызын түсіндіру


Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың басым көпшілігі

1.Көне Түркі жазуының шығу тарихын біледі.

2.Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын анықтайды

Барлық оқушылар

1. Көне заманның танымал ескерткіштері мен жәдігерлері туралы әңгімелеу

Кейбір оқушылар

1.Түркі жазуының таралу аймақтарын картадан көрсетеді.

Бағалау критерийі

  1. Көне Түркі жазуы туралы біледі

2.Түркі жазуының тарихтағы маңызын сипаттайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

1.Көне Түркі жазуының шығу тарихы туралы сұрақтарға жауап береді.

2. Көне Түркі жазуы тақырыбы бойынша топтық талдау жасайды.

3.Түркі жазуының таралу аймақтарын картадан көрсетеді.

4.Деректермен танысып әңгіме құрайды.


Негізгі сөздер мен тіркестер.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: Орхон-Енисей, « тарақ таңбалар» «жебе таңбалар», «ай таңбалар».


Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер

1.Қазіргі қазақтардың ата-бабалары пайдаланған жазудың ежелгі үлгілері қалай аталады?

2.Түркі жазуын ашып,зерттеген кім?

3.Құлпытас орнатылды қай жылы?

Құндылықтарға баулу

Азаматтық жауапкершілік.Құрмет.Ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыс

Дүние жүзі тарихы. Әдебиет.

Алдыңғы білім

Түрік қағанаты

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрі

Ресурстар

Сабақтың басы

4минут

Ұжымдық жұмыс-«Сұрақты қағып ал» әдісі

Шарты: Көне Түркі жазуының шығу тарихын атайды

1. «Руна жазулары ұғымы қандай мағына береді?

2. Орхон-Енисей ескерткіштерінен қандай мәліметтер алдыңыз?

3. Неліктен зерттеушілерді түркі жазулары қызықтырады?

Бағалау. Mадақтау арқылы



Сабақтың ортасы


32

Тапсырма 1. Жеке жұмыс.« Бұрыштар» тәсілі:

Шарты:Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын анықтайды

1.Қазіргі қазақтардың ата-бабалары пайдаланған жазудың ежелгі үлгілері қалай аталады?

2.Түркі жазуын ашып,зерттеген кім?

3.Құлпытас орнатылды қай жылы? т.б


Бағалау. «Стикер» арқылы бағалау


Тапсырма 2. Топтық жұмыс - . «Джигсо» әдісі.

1-қадам: мәтінмен жұмыс

2-қадам: «Сарапшы топ»

3-қадам: «Бастапқы топ»

Шарты: 1. Көне заманның танымал ескерткіштері мен жәдігерлері туралы әңгімелейді

Мәтінмен жұмыс

1.Түрік Елінің жиһангер қолбасшысы Күлтегін — көшпелілер тарихында ең көрнекті көсем, баһадүр тұлғалардың бірі. Ол атақты Мөде, Аттила, Шыңғыс қағандармен парапар, тіпті өзі қаған аталмағанымен күллі көшпелі этностарды көк байрақтың астына біріктіруші, Ұлы Түрік қағанатының сабақтастығын, əскер жорығын, дəстүрлі заңын жалғастыра білген кемеңгер ер, дара тұлға. Оның қолбасшылық дарыны мен əскери қабілетіне, жеке басының ерлігіне төтеп берген адам баласы ол заманда болған емес.Күлтегін жырының басты идеясы — түркі халқын ауызбірлікте болуға, салт-дəстүрін берік ұстауға, сыртқы жауға қарсы тұруға шақырады. Елге тірік болған даңқты қолбасшы Күлтегін түркі халқының жауынгерлік рухын асқақтатты. Тастағы жазуда Күлтегін бейнесі теңдесі жоқ батыр, əйгілі қолбасшы есебінде көрсетіледі.Түріктер тəуелсіз мемлекетін сақтап қалу жəне оны дамыту үшін атадан жеткен асыл мұра — жерді көзінің қарашығындай сақтады. Отанға деген сүйіспеншілік Күлтегін жазба ескерткішінде де анық сипатталған. Сондықтан орталық Өтүкен түріктер ұғымында қасиетті деп саналған .

2.Бз.д. ІІІ ғасырда ғұн мемлекетінің басшысы Мөде Тəңірқұт: «Жер — мемлекеттің негізі», — деп келер ұрпаққа Мəңгілік өсиет қалдырды . Жер мəселесі бүгінгі ХХІ ғасырда да ең өткір проблема болып саналады. Түріктер үшін ең асыл мұра ол — жер болып саналып, олар халқына пана болатын қасиеттіЖерұйық іздеген. Күлтегін жазуларын оқи отырып, байырғы түркі өркениетінің экономикалық, геосаяси, əлеуметтік, дүниетанымдық құндылықтарын, мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатында қастерленген ұстанымдарын қаз-қалпында тануға болады .731 жылы Күлтегін қайтыс болады .

3.Батырдың қайтыс болғанын естіп, оның қазасына дүниенің төрт бұрышынан көңіл айтуға елдер мен мемлекеттерден елшілер келеді.Білге қаған Күлтегіннің қайтыс болғанын хабарлап, арнайы киелі орын құрылысын тұрғызатын шеберлер мен бəдізшілерді жіберуін өтініп, Тан империясынан көмек сұрайды. Ол туралы Күлтегін ескерткішінің мəтінінде Білге қағанның атынан «Менің сөзімді қайтармады (сындырмады). Табғач қаған (император) Орда бедерлеушісін (шеберін) жіберді», — деген мəлімет қалған .Қытай империясының тарапынан жіберілген елшілердің құрамында Орхон өзені жағалауынан тамаша монумент тұрғызған шеберлер болды. Бітік тастағы жазуларда Күлтегінді жерлеу рəсімі ежгей-тегжейлі сипаталды. Бұдан біз VIII ғасырдағы халықаралық қарым-қатынастар деңгейінің қаншалықты жоғары болғандығын көреміз.

4.Түрік тайпаларының біріктіріп, мемлекетке айналдырудағы ұлы жорықтарда қаһармандық істерімен атағы жайылған Күлтегін батырдың зор жетістіктерін туған ағасы Білге қаған інісін мəңгі есте қалдыру үшін арнайы өзі дайындатқан зəулім қабырға тасқа көне түрік бітіктің таңба-əрпімен жазу жазып, тарихи дерек ретінде, баласы Иоллығ-тегінге жаздырып, келер ұрпаққа өсиет етіп қалдырды. Күлтегін бітік тасына мəңгі жазуды қашап жазған адам əрбір сөзге, сөйлемге көп мағынаны сыйғызып жіберіп отырған. Барлық оқиғалар шындық тұрғысынан табиғи таза қалпында айтылған. Бұл адамгершілікке негізделген дала өркениетінің жəне байырғы түріктердің философиялық дүниетаным жүйесінің ерекшелігі болып табылады.Осының бəрінен бүгінгі күнде біз сол заманда Ұлы Далада түріктердің бейбітшілік орнатып, сана-сезімдеріндегі асқақ мемлекетшілдік идеологиясының қалыптасқандығына көзімізді жеткіземіз.Күлтегіннің құрметіне қойылған Мəңгі тас тек түрік халықтарының ғана емес, бүкіл адамзаттың баға жетпес тарихи мұрасы болып табылады


Бағалау. Өзін- өзі бағалау- «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы


Тапсырма 3. Жұптық жұмыс–«Картамен жұмыс»


Шарты: 1Түркі жазуының таралу аймақтарын картадан көрсетеді


Бағалау.Өзін-өзі бағалау - дайын үлгі арқылы


Тапсырма 4. Жеке жұмыс

«Еркін әңгіме» Әңгіме құрау








Бағалау. Мұғалімнің мадақтауы





Бағалау парақтары




Үлестірме қағаздар


Стикер











Оқулық








Электронды кітапша



































































Электрондық тақта


Карта








Бағалау парақтары







суреттер



Электрондық тақта

Сабақтың соңы

4 минут



Бағалау

Рефлексия «Бағдаршам» әдісі

Бағдаршам

Саралау- cіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз. Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау- Cіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Бағалау.



«Джигсо» әдісі. Топтық жұмыс.

Бұл бойынша оқушылар өмірлік маңызы бар ақпаратты игеріп, оларды пазлдың бөлшек

тері сияқты бірге жинауға тартылады. Әр оқушы өз білімінің терең түсініп, басқаларға оны үйрету керек. Яғни әр оқушы «сарапшы» рөлінде болады деген сөз. Сонымен қатар, оқушылар құн

ды ресурс ретінде бір-бірін тыңдауды үйренеді.

Белсенді оқуды ұйымдастыру үшін жұптық жұмыс тиімді деп есептедім.


Бірлескен оқуды ұйымдастыруда топтық жұмыс сәтті шығады.


Оқушылардың қажеттілігін анықтау үшін жеке жұмыс жасау жақсы нәтиже береді.

Өзін- өзі бағалау-бағдаршам арқылы

Өзара бағалау-сыртқы бақылаушылар арқылы

Өзара бағалау- стикер арқылы





Өзара бағалау-сыртқы бақылаушылар арқылы



Мадақтау арқылы

Өзін-өзі бағалау - дайын үлгі арқылы

Cергіту жаттығуын қимылмен көрсету:


-дене қимылын жасайды


-аяқ, қолды қозғау


-жұптасады

Сабақ бойынша рефлексия

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!