Екі жұлдыз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Екі жұлдыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Екі жұлдыз. Мектеп мұғалімі мен оқушысынан құралған жұлдызды жұп. Ән байқауы
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Екі жұлдыз» сценарийі.

Баяу музыка қосылып тұрады. Биші қыздар шығып орындарына тұрып алады.

Хабарлаусыз ЧИРЛИДЕРШАлар биі орындалады.

Жүргізуші -1-Тимур.

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Қырандай қалықтап, әсем әнмен шарықтап, Қазақстанды аралап, өнерліні жағалап «Екі жұлдыз» байқауы міне біздің де мектепке келіп жетті.

Жүргізуші-2

Қазақ халқы қашанда өнермен өнерпазға кенде болмаған ғой. Ал, ән әлеміндегі жұлдыздарымыздың орны тіптен бөлек. Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі – бағының жанып, бабының келіскені деп ұғамыз. Олай болса, бүгінгі «Екі жұлдыз» бағдарламасына қош келдіңіздер! 

Жүргізуші -1-Тимур

Ал енді, күміс көмей, жез таңдай жұлдызды жұптарды ортаға шақырайық. Хамитова Мульдир оқушысы Ұзақбай Арухан (6 ә) – «Бір үйдің баласындай»

Жүргізуші -2

Сонымен келесі жұбымыз күндей күлімдеген , айдай ажары бар аруымыз бен жұбына құт болған қошеметпен ортаға шақырамыз. Ракимгалиева Перизат оқушысы Талгатова Аягүл (9 а) – «Арманыма асығамын»

Жүргізуші -1-Тимур

Өнер десе ішкен асын жерге қоятын өнерпаз жұптарымызға қол соғып, қошеметтеріңізді көрсетіп отырыңыздар! Нигметова Айдана оқушысы Бозов Нұрдәулет (7 б) – «Класстастарым»



Жүргізуші -2

Өнерінің күшімен, микрофонның ұшымен сіздерге әсем әндерін арнайтын келесі жұбымыз: Сатқан Нурназ оқушысы Булатбек Ильяс (10 а) – «Жауап бар ма?»

Жүргізуші-1-Тимур

Қазақ қонақ келсе төрге, Әнші келсе өрге, Аққу келсе, көлге сүйреген, халық қой. Ендеше, жұптасқан аққудай келесі жұбымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Алмасова Арайлым оқушысы Орынғали Айсезім (1 б) – «Уақыт»

Жүргізуші -2 Өнер десе, қанатын өрге сүйрететін өнерпаз жұптарымызды ортаға шақырамыз. Айбулатова Лаззат оқушысы Нурмуханова Инабат (7 а) – «Барби»

Жүргізуші -1-Тимур

Өнерлі де сүйкімді жұптарымыз Қадырханова Ажар оқушысы Марат Аружан (1 а) – «Аппақ гүлдер»

Жүргізуші -2

Спорт пен өнерді қатар алып жүрген жұлдызымыз Казиуллина Жанар оқушысы Мұстафа Мәди (10 б) – «Мен емес»

Олай болса әділ сарапқа сап, өнеріңізді бағалайтын әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар!

Қазылар алқасының төрайымы Ергалиева Үміт Ильясқызы

Жас ұстаздар мектебінің жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімі Егінгалиева Айнұр Орманқызы

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Калиева Айгерім Кабидуллақызы

Қошеметтеріңіз!

Жүргізуші-1-Тимур

Екі жұлдыз байқауында қатысушылардың дауыс ырғағына сәйкес таңдалған әні, орындау шеберлігі, тақырыпты аша алуы ескеріледі.

Жүргізуші-2

Бұл байқауда әннің орындалу сапасы мен хореографиялық сүйемелдеу немесе сюжеттік қойылымның болуы, көрерменмен байланысы бағаланады.

Олай болса, қазылар алқасы әділ баға береді деген сенімдеміз.

Жүргізуші-1-Тимур

Ендеше алғашқы жұбымыз Хамитова Мөлдір оқушысы Ұзақбай Арухан (6 ә) – «Бір үйдің баласындай»

Алдарыңызда Ракимгалиева Перизат оқушысы Талгатова Аягүл (9 а) – «Арманыма асығамын»

Нигметова Айдана оқушысы Бозов Нұрдәулет (7 б) – «Класстастарым»

Сатқан Нурназ оқушысы Булатбек Ильяс (10 а) – «Жауап бар ма?»

Алмасова Арайлым оқушысы Орынғали Айсезім (1 б) – «Уақыт»

Айбулатова Лаззат оқушысы Нурмуханова Инабат (7 а) – «Барби»

Өнерлі де сүйкімді жұптарымыз Қадырханова Ажар оқушысы Марат Аружан (1 а) – «Аппақ гүлдер»

Спорт пен өнерді қатар алып жүрген жұлдызымыз Казиуллина Жанар оқушысы Мұстафа Мәди (10 б) – «Мен емес»

Жүргізуші-2

Қатысушыларымыздың дауыстары сондай тамаша, бір рухани демалып қалдық десек те болады. Қазылар алқасы қалай ойлайды, қандай нәтиже шығарады оны сәлден соң білетін боламыз. Олай болса қазылар алқасын шығарып салайық.

................................................................................................................................

Ал енді әділ-қазылар өз шешімін шығарғанша әуенді тап ойынын ойналық.

Жүргізуші-1

«Екі жұлдыз» байқауына қатысушыларды марапаттау кезегі мектеп директоры Ергалиева Үміт Илиясқызына беріледі.

Жүргізуші -2

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар! Бүкіл әлемді аралап, Қазақстанды жағалап, халықтың жүрегін жаулап келген «Екі жұлдыз» байқауы да өз мәресіне жетті. Біздің мақсат – бірін төрден, енді бірін өрден көрсету емес, осындай өнерпаздарымыздың өнерлерін мына сіздерге паш ету. Өнерлеріңіз өрге жүзсін!

Жүргізуші -1-Тимур

«Екі жұлдыз» байқауында қатысушы жұптарды алған орындарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Әр жұп жұлдыз болуға лайық, Қос жұптардың жұлдыздарын бірге жағайық.

Ортаға барлық жұптар шығып ЕКІ ЖҰЛДЫЗ әнін орындайды.



















33 жалпы орта білім беретін мектебі















«Екі жұлдыз»

байқауы

















2024-2025 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2025
99
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі