Материалдар / Екі жұлдыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Екі жұлдыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Екі жұлдыз байқауының сценариймен бөліскім келді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2018
553
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жүргізушілер шығып

1-жүрг. Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар!


2-жүрг. Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,

Ол өзіңнің орындалған арманың.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиеті бас иелік мәңгілік!


1- жүрг. Бибізада, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!


2 жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

3-сынып оқушысы Кәдіржан Саяжанның орындауында
«Ардақты менің ұстазым!» әнін қабыл алыңыздар.


1- жүрг Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишісін ортаға шақырамыз.

ИСПАН БИІ 3-сынып оқушысы Түйтенова Жанерке



 2- Жүргізуші:

«Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.

Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,

Ұстаздың алып жүрген атын еркін

Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,

Жүректің алғысы мен рақметін.

«Ұстаз» туралы Мәнерлеп оқу

Оқитын 3-сынып оқушысы: Айтуған Аймира



1-Жүргізуші:

Мұғалім, ғазиз мұғалім-

Төгілген арай, шуағым

Арманым қонса, қолыма,

Арқаң деп сенің ұғамын

Мұғалім, ғазиз мұғалім

- Сарқылса мәңгі бұлағым

Ұланың бүгін тойыңда

Арнайды саған бұл әнін.


Ән «Ұстазым » орындайтын 3-сынып оқушысы Жаңбырбай Альбина


2 - Жүргізуші:

Қадіріңді кезінде

Білмепті ғой ұланың.

Қазір әрбір сөзіңе,

Елеңдейді құлағым.

Бірдей етіп ұстадың.

Демей бізге бөтенсің.

Кейде акылын ұстаздың,

Сағынады екенсің.

Сол ұстазға жаны нұр,

Демек үлкен адаммын.

Есейсек де бәрі бір,

Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.


«Екі жұлдыз» байқауы (ұстаз бен шәкірт)


1-жүргізуші: Армысыздар құрметті  өнер сүйер қауым. Ұстаздар оқушылар және ауыл тұрғындары. Ұстаздар мерекесіне орай ұстаздар мен оқушылар арасында  өткізілгелі отырған
«Екі жұлдыз» атты өнер байқауына қош келдіңіздер. Бүгінгі алдарыңызда сайысқа түскелі отырған  6-жұбымыз бар. Олай болса сахна сыртында жүректері лүпілдеп, үкілері үлпілдеп тұрған өнерпаз дүлділдерімізге  сәттілік тілей отырып, бүгінгі байқауымызды ашық деп жариялаймыз!

2 –жүргізуші: Қазақтың қасиетті даласында

Думанда ауыл аймақ арасында

Қызықтап көрермендер жиналыпты

Қошемет көрсетуге баласына - дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі байқауға қатысушы жұптарымызды ортаға шақырайық

1-жұп Досмағамбетова Құралай Сейітқалиқызы және 9 сынып оқушысы Әбдіқалық Бекзат

2-жұп Жолдыбаева Гүлжанат Фазылбековна және 11 сынып оқушысы Кәдіржан Дидар

3-жұп Абдирова Меңзада Турегельдиевна және 5 сынып оқушысы Мұханбетжанова Назерке

4-жұп Қосанова Мөлдір Тілеужанқызы және 10 сынып оқушысы Абдіқалы Нұрбақыт

5-жұп Ағылшын тілі пәні мұғалімі Серікбаева Айдана және 11 сынып оқушысы Қартбай Гүлмира


6-жұп


1-жүргізуші: Енді осы өнерпаздарымыздың өнерлерін бағалаушы  әділқазы алқасының мүшелерімен таныс болайық.

1.

2.

3.





Байқаудың қазылар алқасына

Бағалау өлшемдері

1

2

3

4

5






1

Сырт келбеті, киім кию үлгісі











2

Шығармашылық,

ән таңдау деңгейі;











3

Әнді орындау шеберлігі











4

Қорытынды баға












2-жүргізуші: Орындаушы жұптармен таныс болсақ,біз алғашқы жұпты шақырғанша байқауға қатысушы сайыскерлерімізді қошеметпен өз кезектері келгенше шығарып салайық.
Достық жасасыншы мәңгілік
Достықты жүрейік тек ән қылып
Татулық пен достық біздің Отанды
Жарастырсын бейбітшілік сән құрып
Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз.

Барша Ұлағатты ұстаздарымызға мерекелік ән шашу арнаймыз. 6-сынып оқушысы Мұханбетжан Айкөркемнің орындауында «Ұстаздар» әнін қабыл алыңыздар. Қабыл алыңыздар!

1 жүргізуші:

Келесі кезекте №1 жұп – қазақи қалып бойында мүсінделген, тіл табыса білетін кісіңменен, асықпай қадам тастап, жүретін әсем асқақ Досмағамбетова Құралай Сейітқалиқызымен талапты, талантты, бала болса да ісіне жауапты, сыныптың мақтанышы Абдіқалық Бекзатты «Әпке» әнімен ортаға шақырамыз.

2 жүргізуші:

Ортаға №2 жұп – айтқан сөзі шынайы, мінезі сыпайы, сөзі алтын, көңілі жарқын Умарова Гүлден Сандибаевна мен cүйікті де, сүйкімді, білгір де білімді оқушымыз Баубек Айкөркемді «Аяулы ана» әнімен сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз. 

1 жүргізуші:

Келесі кезекте №3 жұп – ісіне сөзі сай, ішкі дүниесі керемет бай, әдемі киім киісі, сыпайы жүріс-тұрысы, ашуы еш білінбейтін, ұстаздардың көңілін жақсы істермен тарта алатын,  атқарар ісіне жанын салатын Жолдыбаева Гүлжанат Фазылбековна мен 11 сынып белсендісі, мектебіміздің талантты әншісі Кәдіржан Дидарды «» ду шапалақпен ортаға шақырайық





1 жүргізуші:

Сахна төріне №4 жұп – салтанатты сәні бар, адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар, ұстаздарды құрметтей білетін, қоғамдық істерде белсеніп  жүретін Абдирова Меңзада апай мен оның ботадай көзі, тәп-тәтті сөзі бар Мұханбетжан Назеркені «Тойға тілек» әнімен ортаға құрметпен шақырамыз. 

2 жүргізуші:

Келесі кезекте №5 жұп — өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ұстаздарға әрқашан мейірімді дос болуға жарайтын,  қалаған ісіне шын беріле істей білетін, үлкен мен кішіні бірдей сыйлап жүретін Қосанова Мөлдір Тілеужанқызы мен спорт десе жанын беретін, «Аке -ана» әнімен ортаға ду шапалақпен шақырамыз

1 жүргізуші:

Ортаға №6 жұп – ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ,  асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, ибалы жүзді, ниеті ізгі Айдана Серікбаева мен мөлдір шықтай жаудыраған жанары, таудай болған ниеті мен талабы, сыныптастар сенімін ақтай аламын, бүгінгі сайысқа бар күшімді саламын деп келген Қартбай Гүлмираны «Жан гүлім» әнімен сахна төріне құрметпен, қошеметтеп шақыралық



2 жүргізуші:

Бүгінгі «Екі жұлдыз» ән байқауының қатысушыларын марапаттау рәсімін мектебіміздің ________________ береміз.




 Екі жұлдыз» байқауына қатысушыларды марапаттау.

  1. «Жарасымды жұп»

  2. «Ең үздік дауыс»

  3. «Күміс көмей»

  4. «Ең әдемі жұп»

  5. «Көрермендер көзайымы»

  6. «Сүйкімді жұп»







2 жүргізуші:

Осындай той қазақта бола берсін,

Көңілдерге жақсылық тола берсін.

Бақ-береке, дәулет, табыс, денсаулық

Әр отбасына молымен қона берсін!



1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар! Осымен бүкіл әлемді аралап, Қазақстанды жағалап, халықтың жүрегін жаралап келген «Екі жұлдыз» байқауы да өз мәресіне жетті. Біздің мақсат – бірін төрден, енді бірін өрден көрсету емес, осындай өнерпаздарымыздың өнерлерін мына сіздерге паш ету. Өнерлеріңіз өрге жүзсін дей келе барлығымызды келе жатқан мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтап, қоштасамыз.

Құрметті қатысушылар «Екі жұлдыз» гимнін бәріміз бірге шырқайық!





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!