С.Байшев атындағы ЖОББМ
«Екі жұлдыз» мега - байқауының сценарийі
(Акт залында «Екі жұлдыз» әні)
Жүргізуші -1
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Қырандай қалықтап, әсем әнмен шарықтап, Қазақстанды аралап, өнерліні жағалап, алыстан ат арытып, микрофонды тоздырған «Екі жұлдыз» байқауы міне біздің де мектепке келіп жетті.
Қазақ халқы қашанда өнермен өнерпазға кенде болмаған ғой. Ал, ән әлеміндегі жұлдыздарымыздың орны бөлек. Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі – бағының жанып, бабының келіскені деп ұғамыз. «Жұлдызың жансын!» - деген қазақы ақ тілекпен бастап, ақындарымыздың аузына түскен:
«Жұлдыздар жерге жақындап,
Байланып қалған сияқты.
Қаз - қатар өскен тату бақ,
Ойланып қалған сияқты».
Жүргізуші -2
«Көзіңнен күлкі үйірілген
Айналдым кірпігіңнен
Бір ұшқын шарпып өтті,
Сөйтті де ғашық етті!» - деген ән жолдарын бәріміз де тыңдап келеміз. Олай болса, бүгінгі «Екі жұлдыз» бағдарламасына қош келдіңіздер!
Құрманбек ендеше жұптарды ортаға шақырмастан бұрын бүгін осы жұптарды номинация бойынша марапаттайтын және кімнің нағыз жұлдыз екенін шешетін адам керек емес пе? Ондай болса, ең алдымен қазылар алқасымен таныс болайық:
Жүргізуші -1
Өнер десе ішкен асын жерге қоятын, өнерді құрметтейтін мектебіміздің директоры, қазылар алқасының төрайымы Тасбауова Сандугаш Койшыбаевна.
Жүргізуші - 1
Домбырада ойнаса қоңыр үнімен құлақ қыршынын қандырар, жещтаңдай әнші, қазылар алқасының мүшесі, Темір қалалық клуб меңгерушісі Балмагамбетова Айгул Сагимбаевна.
Жүргізуші -2
Мектебіміздің ата – аналар комитетінің төрайымы, «Қамқоршылық» кеңесінің төрайымы, ән сүйер жан Айдосова Самал Хамитовна.
Жүргізуші -1
Микрофонмен ән салса, жастық делебеңді қоздырар, музыка маманы, Темір қалалық клуб көркемдік жетекшісі Тұрғанбай Аман Темірланұлы.
Жүргізуші -2
Әнді бар жан-тәнімен тыңдайтын, ауылымыздың жеке кәсіпкері, қазылар алқасының мүшесі Замалутдинова Розалия Римовна.
Жүргізуші -1
Ал енді күміс көмей, жез таңдай жұлдызды жұптарды ортаға шақырайық.
Бүгінгі байқаудың шарттарымен түсіндіріп өтсек:
-
Ретро әндер
-
Жаңа заманауи әндер
Жүргізуші -2
Ал, жұптар бүгін жұлдыздарыңыз жана берсін дей отырып, сіздерге сәттілік тілейміз.
Жүргізуші -1
Өнер десе, қанатын өрге сүйрететін өнерпаз алғашқы жұптарымызды ортаға шақырамыз.
Жүргізуші -2
Сонымен келесі жұбымыз күндей күлімдеген, айдай ажары бар аруымыз бен жұбына құт болған қошеметпен ортаға шақырамыз. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын өнерпаз жұптарымызға қол соғып, қошеметтеріңізді көрсетіп отырыңыздар! Рахмет!
Жүргізуші -1
Өнерінің күшімен, микрофонның ұшымен сіздерге әсем әндерін арнайтын келесі жұбымыз:
Жүргізуші -2
Құрметті көрермендер, қадірменді қонақтар, қошемет көрсетіп, қол соғып отырсаңыздар. Талай күнгі кештерін сарп еткен, еңбектерін көрсеткелі тұрған келесі тағы бір өнерпаз жұбымыз:
Жүргізуші -1
Қазақ қонақ келсе төрге,
Әнші келсе өрге,
Аққу келсе, көлге сүйреген, халық қой. Ендеше, жұптасқан аққудай келесі жұбымызды қошеметпен ортаға шақырайық.
Жүргізуші -2
Өнерпаз боп ән айтқан,
Ән айтқанда, таңға айтқан,
Таңға айтқанда, жанды айтқан – демекші, жанды дауысты келесі жұпты қарсы алыңыздар:
Жүргізуші -1
Арманнан адам арылмас,
Аңса да асып арындап
Ақшақар қыз ақ қардай
Тұрады лебі жалындап – демекші, арманның ақ құсына мінген, екеуі жұп болып жарасып тұрған, біреуі Гүлстандағы гүлдей, енді біреуі ақ сұңқарға мінгей өнерпаз жұлдыздарымыз Жарқын мен Маржанның орындауында «Бақыт таңы» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші -2
Мына киелі сахнаның орны бөлек. Мұнда кез – келген адам шыға бермейді. Тек «ұялмаған әнші болады» дегендей, халық алдына шыққанда ұялмайтын, арқасын кеңге сала білетін, өнерден хабары бар, талантты, әрі өнерпаз адамдар ғана шығады. Сондай талантты жұптарымыздың бірі:
Жүргізуші -1
Әнмен маржан өретін
Өнерін халқым көретін,
Жұптасып бізге ән айтып беретін, келесі дарынды жұбымыз:
Жүргізуші -2
Рахмет! Көрермендер ду қол шапалақ соғып, қошемет көрсетіп отырайық. Ал, келесі жұбымыз «Екі жұлдыз» деп көптен егіліп жүрген, өнердің қиыны мен қисынын көріп жүрген келесі жұбымыз:
Жүргізуші -1
Ал енді, осы «Екі жұлдыз» байқауына жасырын түрде дайындалып, байқауға қатысатындықтарын бүгін ғана жария қылған жұлдызды жұбымызды ду қол шапалақтап ортаға шақырайық!
______________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жүргізуші -2
(Көрермендер алғыс) ________________, осы өнер көрсеткен жұптарымыздың қайысы саған ұнады және неліктен?
Жүргізуші -1
Ой, ________________ маған дәл осы жұп ұнады деп бөліп жаруға болмайды ғой. Себебі, осы жобаға қатысу үшін барлық жұп біршама уақыт ішінде өздерін жақсы қырынан көрсету үшін бар күштерін салып, дайындалды емес пе? Сондықтан, әр жұп өз өнерін ортаға салып, барлығы да жақсы айтты деп ойлаймы
Жүргізуші -2
Рас айтасыз, бірін жақсы, бірін жаман деуге болмайды. Әр жұптың өзіндік кемшіліктері мен артықшылықтары бар деуге де болады. Ондай болса, осымен 1-ші бөлім аяқталды деп жариялап, Қазылар алқасының бір ауыз сөзін тыңдайық. (Қазылар алқасы өз пікірлерін айтады)
Жүргізуші -1
Қазылар алқасы, пікірлеріңізге үлкен рахмет! Сіздердің сөздеріңіз жұптарға күш береді деп үміттеміз.
Сіздер екінші турға дайындалғанша, Темір қалалық клуб көркемдік жетекшісі Тұрғанбай Аман Темірланұлының әсем әнін қабыл алыңыздар.
2-ші тур бойынша шақырамыз.
Жүргізуші -2
Осыдан екінші бөлімімізді бастайық. Жұптарды кезекпен ортаға шақыру.
«Екі жұлдыз» байқауына қатысушыларды марапаттау.
-
«Бас жүлде»
-
«Ең үздік дауыс»
-
«Жарасымды жұп»
-
Комедиялық жұп
-
Лирикалық жұп
-
Талантты жұп
-
Биші жұп
-
Ең әдемі жұп
Жүргізуші -1
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар! Осымен бүкіл әлемді аралап, Қазақстанды жағалап, халықтың жүрегін жаралап келген «Екі жұлдыз» байқауы да өз мәресіне жетті. Біздің мақсат – бірін төрден, енді бірін өрден көрсету емес, осындай өнерпаздарымыздың өнерлерін мына сіздерге паш ету. Өнерлеріңіз өрге жүзсін дей келе барлығымызды келе жатқан мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтап, қоштасамыз.
Жүргізуші -2
Осымен, көктем мерекесі алдында өткізіліп отырған «Екі жұлдыз» байқауы да өз мәресіне жетті. Жұлдызды жұптарды алған номинациялары бойынша шын жүректен құттықтап, көк аспанның төрінде жарқырап тұрар тілек айтып, алдағы көктем мейрамымен құттықтай келе «Ана» өлеңімен аяқтағым келіп отыр.
Ана
Өмірге ана – бұлақ,ана пана.
Өмірді өркендетер ана ғана,
Тудырған талай көсем, талай шешен,
Талай ер,
Талай ақын,
Талай дана.
Келтірмес адамзатқа еш жаманат,
Өзгег көрсетері - тек шапағат,
Ананың жүрегінен орын алған:
Ізгілік,
Мейірбандық
Һәм махаббат.
Ана!
Ол - біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы – Отанды да
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.
«Екі жұлдыз» байқауын бағалау парағы
|
№ |
Аты – жөні |
Орындайтын әні, пародиясы |
Ретро әндер |
Жаңа әндер |
қорытынды |
|
1 |
Кожакова Лаура Жанпейсова Дария |
«Балқадиша» «Біздің настольгия» |
|
|
|
|
2 |
Амангос Молдир Жоламанова Раяна |
«Big world» «Тойға шашу» |
|
|
|
|
3 |
Айтжанова Мадина Наушабаева Назерке |
«Қызылқұмда ауылым» «Көңілді күн» |
|
|
|
|
4 |
Сейтимова Сауле Кайхаров Зелимхан |
«Синий, синий иней» «Детство» |
|
|
|
|
5 |
Калдыгулова Айгерім Айтжанова Альмина |
«Миллион аллых роз» «Маленькая страна» |
|
|
|
|
6 |
Шаймурзина Айнұр Амангелді Ерген |
«Абзал ана» «Тик-ток» |
|
|
|
|
7 |
Акшабаева Акерке Муканов Тілеген |
«Қиялдағы ару» «Мектеп» |
|
|
|
|
8 |
Тынымжан Асылхан Шакратов Ислам |
«Жұмбақ қыз» «Жүрегім» |
|
|
|
|
9 |
Майшабай Әлжан Амангелді Ерасыл |
«Сүйіктіме» «Аягөз» |
|
|
|
|
10 |
Ақатай Думан Жанғазы Ислам |
«Той жыры» «Қайран анашым» |
|
|
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Екі жұлдыз ән байқауы сценарий күшті

шағым қалдыра аласыз