"Екі жұлдыз" сайыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Екі жұлдыз" сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшадағы тәрбиешілерге болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Екі жұлдыз» мега - байқауының сценарийі

Армысыздар, құрметті ұстаздар,балалар және қонақтар!

Қырандай қалықтап, әсем әнмен шарықтап, Қазақстанды аралап, өнерліні жағалап, алыстан ат арытып, микрофонды тоздырған «Екі жұлдыз» байқауы міне біздің де балабақшаға келіп жетті. Тәуелсізідігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған іс-шарамызды бастамас бұрын балабақша меңгерушісі Ералимова Шолпан Уба йджанқызына құттықтау сөз кезегін береміз.

Қазақ халқы қашанда өнермен өнерпазға кенде болмаған ғой. Ал, ән әлеміндегі жұлдыздарымыздың орны бөлек. Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі – бағының жанып, бабының келіскені деп ұғамыз. «Жұлдызың жансын!» - деген қазақы ақ тілекпен бастап, ақындарымыздың аузына түскен:

«Жұлдыздар жерге жақындап,

Байланып қалған сияқты.

Қаз - қатар өскен тату бақ,

Ойланып қалған сияқты».

«Көзіңнен күлкі үйірілген

Айналдым кірпігіңнен

Бір ұшқын шарпып өтті,

Сөйтті де ғашық етті!» - деген ән жолдарын бәріміз де тыңдап келеміз. Олай болса, бүгінгі «Екі жұлдыз» бағдарламасына хош келдіңіздер!

Ендеше жұптарды ортаға шақырмастан бұрын бүгін осы жұптарды номинация бойынша марапаттайтын және кімнің нағыз жұлдыз екенін шешетін адам керек емес пе? Ондай болса, ең алдымен қазылар алқасымен таныс болайық:


Домбырада ойнаса қоңыр үнімен құлақ қыршынын қандырар, микрофонмен ән салса, жастық делебеңді қоздырар, музыка маманы, қазылар алқасының мүшесі шығармашылық үйінің қызметкері ----------------------------------------------

Өлең десе ішкен асын жерге қояр поэзияға жаны жақын әпкеміз мәдениет үйінің қызметкері -------------------------------------------------------------------

«Жұлдыз » балабақшасының тәрбиешісі-------------------------------------------

Ал енді күміс көмей, жез таңдай жұлдызды жұптарды ортаға шақырайық.

Ал, жұптар бүгін жұлдыздарыңыз жана берсін дей отырып, сіздерге сәттілік тілейміз. Сіздер сахнаға шығуға дайындалғанша, бағдарламамыздың ашылу құрметіне ------------------------------------әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші

Өнер десе, қанатын өрге сүйрететін өнерпаз алғашқы жұптарымызды ортаға шақырамыз Алдарыңызда «Балдырған» тобының бүлдіршіні Амангазиева Амина мен анасы Мендиғалиева Акгүлді ортаға шақырамыз.

Жүргізуші

Сонымен келесі жұбымыз күндей күлімдеген, айдай ажары бар аруымыз бен жұбына құт болған қошеметпен ортаға шақырамыз. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын өнерпаз жұптарымызға қол соғып, қошеметтеріңізді көрсетіп отырыңыздар!

«Күншуақ» Сембай Махаббат пен әпкесі Сембай Диляраны «Қуыршағым»әнңмен қарсы аламыз.Рахмет!

Жүргізуші -1

Өнерінің күшімен, микрофонның ұшымен сіздерге әсем әндерін арнайтын келесі жұбымыз: «Балдырған» тобының бүлдіршіні -------------------- пен анасы--------------

Жүргізуші -2

Құрметті көрермендер, қадірменді қонақтар, қошемет көрсетіп, қол соғып отырсаңыздар. Талай күнгі кештерін сарп еткен, еңбектерін көрсеткелі тұрған келесі тағы бір өнерпаз жұбымыз: «Күншуақ» тобының Теляғысов Алдиыр мен әпкесі Бухарбаева Жібекті «Бейбітшілік жыры» әнімен қарсы алайық.

Жүргізуші -1

Қазақ қонақ келсе төрге,

Әнші келсе өрге,

Аққу келсе, көлге сүйреген, халық қой. Ендеше, жұптарымызға рахмет айтып,екінші кезеңге өтіп, ойынға берейік. «Әнші,биші динозавр» атты ойынға кезек береміз. Ойынға қатысып ,белсенділік танытқандарыңызға рахмет.

Жүргізуші -2

Өнерпаз боп ән айтқан,

Ән айтқанда, таңға айтқан,

Таңға айтқанда, жанды айтқан – демекші, үшінші кезеңге өтіп, «Әуенді тап» ойынына береміз.


«Екі жұлдыз» байқауына қатысушыларды марапаттау.

  1. «Бас жүлде»

  2. «Ең үздік дауыс»

  3. «Жарасымды жұп»

  4. Комедиялық жұп

  5. Лирикалық жұп

  6. Талантты жұп

  7. Биші жұп

  8. Ең әдемі жұп


Жүргізуші -2

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар! Осымен бүкіл әлемді аралап, Қазақстанды жағалап, халықтың жүрегін жаралап келген «Екі жұлдыз» байқауы да өз мәресіне жетті. Біздің мақсат – бірін төрден, енді бірін өрден көрсету емес, осындай өнерпаздарымыздың өнерлерін мына сіздерге паш ету. Өнерлеріңіз өрге жүзсін дей келе барлығымызды келе жатқан мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтап, қоштасамыз. Сіздердің құрметтерінізге «Екі жұлдыз» әні.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2512
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі