Материалдар / "Екі жұлдыз" сазды сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Екі жұлдыз" сазды сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымның саз жетекшілеріне арналған сайыс сценариі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Маусым 2018
366
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балдырған» бөбекжайы

«Екі жұлдыз»

Сазды сайысы



Өткізген: Музыка жетекшісі:Саймова А.Н.









2017 - 2018 оқу жылы

Көрнекілігі: Шарлар,гүлдер,әуен жазылған үнтаспа т.б.

Мақсаты: Балалардың ән айтуға деген қабілеттерін,шығармашылығын дамыту.

Өткізілу барысы: Ортада «Екі жұлдыз» әуені ойналады,ортаға жүргізуші шығады.

Жүргізуші:

Көңілің көкке өрлеп тасқаныңда,

Күй шалқып,ән қалқиды аспаныңда.

Әсері әуеніңнің әуелетіп,

Өнерге болсын дейміз жақа мына.

Жүргізуші:Қайырлы күн аяулы да,ардақты,қымбатты да сымбатты ата –аналар,тәрбиешілер,балалар.Бүгінгі өткізілгел отырған «Екі жұлдыз» сазды сайысымызға қош келдіңіздер.

Армысың бөбекжайымның қауымдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Нұрын төгіп,мерейленіп,күн қарайды күлімдеп,

Бақ ішінде музыкадан күй төгілді дірілдеп,

Шаттық жыры жүрегімді көкірегімді кернейді,

Көңіл құсы шарықтайды күнге қарай өрлейді.

Аралаймын гүл бақшаны тамашаға тоймаймын,

Толқындаймын,тасқындаймын,толғанамын ойлаймын.

Ой шыңынан құлпырады асыл сөздің бұлағы,

Жыр тыңдайды түрленеді,бар жанымның құлағы, -деп ақындарымыз жырлағандай бүгінгі сазды сайысымызға қатысушыларымызды таныстырып ортаға шақырайын.

Жүргізуші:

1.Ортаға «Айгөлек» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Расиханы анасы Гүлнармен шақырамыз.

2.Ортаға «Айгөлек» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Маликаны ағасы Бақтиярмен шақырамыз.

3.Ортаға «Айгөлек» ІІ кіші тобының тәрбиеленушісі Таһминаны ағасы Бекарыспен шақырамыз.

4.Ортаға «Айгөлек» ІІ кіші тобының тәрбиеленушісі Мөлдірді анасы Армидамен шақырамыз.

5.Ортаға «Айгөлек» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Ернұрды анасы Күміс апамен шақырамыз.

6.Ортаға «Айгөлек» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Әскерді анасы Римамен шақырамыз.

Жүргізуші:

Болмасын деп ешкімнің өкпе назы,

Бағалайтын әсем дауыс,әсем сазды.

Бізбен бірге осы сайысты бағалайтын,

Алдарыңызда сіздердің әділ-қазы.

Жүргізуші:1.Бөбекжайымыздың директоры :Айгалиева Л.А.

2.Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі:Жакашев Ерхат Кадырбекович.

3.Мәдениет үйінің бұлбұл әншісі:Ахметова Бибигуль Урынгалиевна

Сөз кезегі бөбекжайымыздың директоры Айгалиева Л.А. беріледі.

Екі жұлдыз сазды сайысымыз бірнеше кезеңдерден тұрады,сол кезеңдерімен таныстырып өтейін.

1.музыкалық сәлемдесу.

2.дыбысы бойынша таны.

3.әуенді тап.

4.әнді суретте.

5.екі жұлдыз.

Бишілерде көп өнер,

Билейді биді мәнерлеп.

Ұл қыздар биін көріңдер,

Өнерге баға беріңдер.

Ортада «Айгөлек» аралас тобының биін тамашалаңыздар.

Би:

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Сіздер үшін осы сайыс ашылады

Сіздер үшін әншілер сайысады.

Сазды сайысымыздың 1 кезеңі музыкалық сәлемдесуден бастасақ.

Ортаға 1 жұпты шақырамыз.

Ортаға 2 жұпты шақырамыз.

Ортаға 3 жұпты шақырамыз.

Ортаға 4 жұпты шақырамыз.

Ортаға 5 жұпты шақырамыз.

Ортаға 6 жұпты шақырамыз.

Қазылар алқасына сөз берейік.Бірінші кезеңнің қорытындысын сұраймыз.

Сазды сайысымыздың 2 кезеңі дыбысы бойынша таны.

(алдымен қатысушыларымыз музыкалық аспаптың дыбысын естиді және сол дыбысқа сәйкес аспаптың суреті салынған карточканы көтереді.)

Ортаға 1 жұпты шақырамыз.

Ортаға 2 жұпты шақырамыз.

Ортаға 3 жұпты шақырамыз.

Ортаға 4 жұпты шақырамыз.

Ортаға 5 жұпты шақырамыз.

Ортаға 6 жұпты шақырамыз.

Қазылар алқасына сөз берейік.Екінші кезеңнің қорытындысын сұраймыз.

Сазды сайысымыздың 3 кезеңі әуенді тап .

(қатысушыларымыз әннің үзіндісін тыңдайды ким бірінші тапса сол жұпқа бал беріледі.)

Ортаға 6 жұпта қатысады.

Қазылар алқасына сөз берейік.Үшінші кезеңнің қорытындысын сұраймыз.

Сазды сайысымыздың 4 кезеңі әнді суретте .

(әр қатысушы жұпқа әннің атауы жазылған карточка беріледі.карточкадағы әннің мазмұнын суреттейді.Әділқазылар суреттеуі бойынша әнді табуы керек. тыңдайды ким бірінші тапса сол жұпқа бал беріледі.)

Ортаға 6 жұпта қатысады.

Қазылар алқасына сөз берейік.Төртінші кезеңнің қорытындысын сұраймыз.

Сазды сайысымыздың 5 кезеңі екі жұлдыз деп аталады.

( бұл кезеңде әр жұп 1 әнді дуэт болып орындауы керек )

Біздің халық өнерге мол, бай тегі

Әнші деп те, күйші деп те айт оны

Әнге сенің қаншы икемің бар екен

Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді? 

деп, алғашқы ән кезегіне жол береміз. Қабыл алыңыздар, алдарыңызда   « » әнімен

Ортаға 1 жұп шығады.

жүргізуші: Жез таңдай күміс көмей  Малика   қыз

                       Сайысқа баптап қосқан дүлдүліміз

                      Балалықтың балдәуренін өткізуде

                     Бақыт,шаттық,қуаныш тілейміз біз,- Малика мен ағасының            орындауында  «»  әнін     қабыл алыңыздар!

Ортаға 2 жұп шығады.

Жүргізуші:Дауысың қандай сырлы еді

Табиғатты тыңдатқан

Көркің қандай нұрлы еді

Таң шолпанмен астасқан

деп тамаша өнер көрсеткен әншілермізге қошеметтеп, қол соғып қояйық.

Жүргізуші:Әндер, әндер! Ұш әуемде

Ұш көгімде, күллі әлем

Көктем келсе гүл боп елге

Менде бүгін түрленем деп,   

ның «» әнін   қабыл алыңыздар!

Ортаға 3 жұп шығады.

Ал қазылар алқасы                     

Ортаға назар салыңдар

Мөлдір шығып келеді

Қол соғып қарсы алыңдар, сахнада Мөлдір мен анасының орындауында «» әнімен қарсы алыңыздар.

Ортаға 4 жұп шығады.

Жүргізуші: «Бап шаппайды, бақ шабады» деп бағын сынауға келген Ернұрды анасымен ортаға шақырамыз 

        Ортаға 5 жұп шығады.


1-жүргізуші: Жақсы әнші өнеге

                       Сегіз қырлы бір сырлы

                    Өнерді үйрен бір бірлеп

                    Әнде шырқа, би билеп

                   Халық айтса біледі

                  Талаптыға нұр жауар

                  Өнерлі өрге жүзеді

                  Таланттылар құр қалма дей отыра сахнаға Әскерді анасымен ортаға шағырамыз

Ортаға 6 жұп шығады.

«Әннің де естісі бар, есері бар

Тыңдаушының құлағын тесері бар»

дегендей меніңше , бұл ән де жақсы орындалды. Олай болса кезекті біздің қымбатты да асыл әділ қазыларымызға берсек.Бесінші кезеңнің қорытындысын сұраймыз.

Біздің бөбекжай қыздары өнері асқан

Билейді мың бұралып бала жастан

Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз

Ортаға шығыңдаршы тартынбастан

Барлық кезеңдердің қорытындысы дайын болғанша бөбекжайымыздың өнерлі балаларының өнерін тамашалағыздар.

Би: «»

Әділқазы қонаққа сөз береміз.

Жүргізуші: Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздың алдағы уақытта көптеген байқаулардың лауреаттары атанып, талғампаздығымен, орындаушылық шеберлігімен үлкен табыстарға жетуіне сенім мол.

Жүргізуші: Көңілдің ақ тілегін қол етеміз

Тілектермен нығайсын мерекеміз

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс

Осымен аяқталды «Екі жұлдыз».

1-жүргізуші:Екі жұлдыз сазды сайысымызды аяқтай отырып,

«Өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзімен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді.

2-жүргізуші: Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, ұстаздар және келіп тамашалап, өз командаларыңызға жанкүйер болып келген көрермендер сіздерге де алғысымды білдіргім келеді.

Соғыңында «Екі жұлдыз» әні орындалады.

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!