
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадратының формулалары
______________ Күні: 30.01.19 Сынып: 9 «А» Пән: информатика
Сабақтың тақырыбы: Кестелік шамалармен жұмыс істеуге арналған алгоритмдер. Жиымдар.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың кестелік шамалармен жұмыс істеуге арналған алгоритмдермен және жиымдармен таныстыру;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, оқулық, дәптер
Сабақтың өту барысы:
1.Оқушыларды ұйымдастыру.
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.Тапсырмаларды орындау.
5.Сабақты бекіту.
6.Үйге тапсырма беру
Жаңа түсініктер:
ЭЕМ-нің көмегімен шешілетін мәселелердің көбі көлемді мәліметтерді өңдеумен байланысты. Өңдеуге қолайлы болцы үшін мәлімет көбіне кестеге түсіріледі. Кестелер сызықты және тіктөртбұрышты болады.
Кестенің әр мәніне немесе элементіне оның реттік нөмірі сәйкес келеді және керісінше, реттік нөмір берілсе, онда кестенің қай элементі туралы сөз болып отырғаны бірден-ақ түсінікті.
Сызықты кесте
1 2 3 4 5 |
2,5 1,5 -6 12 8 |
Бұл кестенің 5 элементтері бар. Кестенің бесінші элементінің мәні 8, ал үшіншісінің мәні 6, екінші элементтің мәні 1,5, ал кестенің төртінші элементінің мәні 12.
Кестені сақтағанда реттік нөмірлерді сақтаудың қажеті жоқ, нөмірлеудің басын біле отырып, санау жолымен кез келген элементті табуға болады. Бұдан басқа ең үлкен реттік нөмірді де білген дұрыс, өйткені бұл кестенің өлшемін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен егер қандай да бір шама сызықтық кесте болса, онда кестенің элементтерінің типін, оның атын, бастапқы және соңғы реттік нөмірлерін беру керек.
Алгоритмде кестелік шамалар былай сипатталады: типін көрсететін қызметші сөз (бүт, нақ, лит), содан кейін кес (кесте) қызметші сөзі, кестенің аты, мұның соңынан оның элементтерінің квадрат жақшаларға алынып, қос нүктемен бөлінген бастапқы және соңғы реттік нөмірлері тұрады.
Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Жиым деген не?
2. Жиымдар қалай сипатталады?
3. Индекс дегеніміз не?
Үйге тапсырма: § 1.15
Оқушыларды бағалау
______________ Күні: 30.01.19 Сынып: 10 «А» Пән: физика
Сабақтың
тақырыбы: Электр өрісінің потенциалы. Суперпозиция принципі.
Потенциалдар айырымы. Эквипотенциал
беттер.
Сабақтың мақсаты:
Электр өрісінің
потенциалын сипаттайтын шамалардың физикалық мағынасын түсініп,
өзара байланысын сипаттайтын формулаларды
ажырату.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап,
баяндау.
Сабақ түрі: аралас
сабақ
Сабақтың типі: ашық
сабақ
Сабаққа керекті құралдар: интерактивті тақта,
оқулық, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі
- оқушыларды
түгендеу;
- назарларын сабаққа
аудару.
ІІ. Үй
тапсырмасы.
ІІІ. Өткенге
шолу.
IV. Жаңа
сабақ.
V. Бекіту
сұрақтары.
VI. Деңгейлік
тапсырмалар.
VIІ.
Қорытындылау.
VIІІ.
Бағалау.
ІХ. Үйге
тапсырма.
ІІ. Үй
тапсырмасын тексеру сұрақтары:
- S ауданды
қиып өтетін N күш сызықтары неге тең? (N=E_n
S=EScosα)
- Гаусс теоремасы? Заңның математикалық
өрнегі?(Гаусс теоремасы: вакуумда кез келген тұйық беттен өтетін
электр өрісі кернеулік векторының ағыны сол бет ішіндегі толық
зарядқа пропорционал, N=4πkq)
- тұйық беттен
өтетін электр өрісі кернеулігінің ағыны неге тең?(N=q/(εε_0 )
)
- зарядталған шексіз жазықтықтың күш
сызықтары қандай болады?(зарядталған шексіз жазықтықтың күш
сызықтары жазықтықтан басталатын, оған перпендикуляр түзулер. Яғни,
жазықтықтың өрісі біртекті)
- зарядталған
жазықтық өрісінің кернеулігінің формуласы? (E=q/(2εε_0 S)
)
- Беттік тығыздығы дегеніміз не?
Формуласы?(Беттік тығыздығы беттің бірлік ауданына келетін зарядпен
анықталады, σ=q/S ).
ІІІ. Өткенге
шолу:
1. Электродинамика нені зерттейді?
(Электродинамика - физиканың зарядталған денелер мен бөлшектердің
арасындағы электр өрісінің заңдылықтарын және қасиеттерін
зерттейтін бөлімі).
2.
Электростатика нені зерттейтін бөлім? (Тыныштықтағы электр
зарядтарын зерттеуге арналған электродинамика бөлімі электростатика
деп аталады).
3. Кулон заңының физикалық мағынасы?
Математикалық өрнегі? (Кулон заңы: вакуумдағы қозғалмайтын екі
нүктелік зарядтың өзара әрекеттесу күші зарядтар модулінің
көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың арақашықтықтарының
көбейтіндісіне кері пропорционал, F=k (q_1*q_(2 ))/r^2
)
4. Кулон дегеніміз не? Өрнегі? (Кулон (Кл) -
бірлік уақыт ішінде өткізгіштің көлденең қимасының ауданы арқылы 1
А ток күшіне тең ток жүрген кезде өтетін заряд,
1Кл=1А*с)
5. Электр өрісінің кернеулігі дегеніміз
не?(Өрістің берілген нүктесінде орналастырылған зарядқа әсер ететін
күштің, сол зарядқа қатынасы)
6. Вакуумдегі,
диэлектриктегі, зарядталған электр өрісінің кернеулігі? ( -
вакуумде, - диэлектрикте, - зарядталған жазық өткізгіштің электр
өрісінің кернеулігі).
7. Күш
сызықтары дегеніміз не? Сызбасы? (Күш сызығы деп бағыты өріс
нүктесіндегі кернеуліктің бағытымен сәйкес келетін, осы нүктеге
жүргізілген жанаманы айтады ).
Физикалық
тұрақтылар:
- e элементар заряд неге тең?(e=1, 6*10 -
19Кл)
- k коэффициенті неге тең?(
k=9*109 〖Н∙м〗^2/〖Кл〗^2 )
- ε0 электр
тұрақтысы неге тең? (ε_0=8, 85*〖10〗^(- 12) 〖Кл〗^2/〖Н∙м〗^2 )
IV. Жаңа
сабақ
Электр өрісінің
потенциалы
Біз электр зарядының потенциалдық
энергиясының оның электр өрісіндегі орнына тәуелді болатынын
тағайындадық. Сондықтан электр өрісі нүктелерінің энергетикалық
сипаттамасын енгізген дұрыс.
Электр өрісінде
q зарядқа әрекет ететін күш q зарядтың өзіне тура пропорционал,
сондықтан заряд орын ауыстырған кездегі атқаратын өріс күштерінің
жұмысы да q зарядқа тура пропорционал,
яғни
W_B=φ_B q
φ_B
пропорционалдық коэфициенті өрістің әрбір берілген нүктесі үшін
тұрақты және өрістің осы нүктедегі энергетикалық сипаттамасы бола
алады.
Электр өрісінің берілген нүктедегі
энергетикалық сипаттамасы φ өрістің осы нүктедегі потенциалы деп
аталады. Потенциал өрістің берілген нүктесіндегі бірлік оң зарядтың
потенциалдық энергиясымен
өлшенеді:
φ_B=W_B/q.
Жұмыстың
жоғарыда келтірілген анықтамасынан электр өрісі нүктесінің
потенциалы сан мәні жағынан бірлік оң зарядты осы нүктеден
шексіздікке алып өткенде электр өрісі күштерінің атқаратын жұмысына
тең болатыны шығады.
Егер өрісті
туғызатын Q зарядтан потенциалы ізделініп отырған 1 - нүктеге
дейінгі қашықтықты r_1 деп белгілесек, онда бұл нүктедегі
потенциал
φ=Q/(4πε_0 r_1
)
болады.
Оң зарядтың
потенциалы зарядтан алыстаған кезде кемиді, ал теріс зарядтың
потенциалы, керісінше артады.
Потенциал
скаляр шама, сондықтан егер өрісті көп заряд тудырса, онда өрістің
кез келген нүктесіндегі потенциалы осы нүктеде әрбір жеке зарядтар
тудыратын потенциалдарының алгебралық қосындысына тең болады. Бұл
потенциалдың суперпозициялық қасиеті, яғни
φ=φ_1+φ_2+⋯+φ_n.
Потенциалдар
айырымы
Өріс күштерінің жұмысын потенциалдар
айырымының көмегімен өрнектеуге болады. q_сын заряды 1 - және 2 -
нүктелердің арасында орын ауыстырғанда электр өрісі күштерінің
атқаратын жұмысы мына формуламен
анықталады:
A_12=-∆W_21=-(W_2 - W_1
).
W_P шамасын оның W_B=φ_B q мәнімен
алмастырып,
A_12=-(φ_2 q_сын - φ_1 q_сын )=- q_сын (φ_2 -
φ_1 )=q_сын ∆φ
табамыз. ∆φ=φ_2
- φ_1 потенциалдар айырымының орнына траекторияның бастапқы және
соңғы нүктелеріндегі φ_1 - φ_2 потенциалдар айырымын
алсақ,
A_12=q_сын (φ_1 - φ_2
)
шығады. (φ_1 - φ_2 ) потенциалдар айырымы 1 -
және 2 - нүктелердің арасындағы кернеу деп аталады және U_12
түрінде белгіленеді. Сонымен
A_12=q_сын
U_12
Индекстерін алып
тастасақ,
A=qU
Демек, q заряд
өрістің екі нүктесінің арасында орын ауыстырғанда өріс күштерінің
жасайтын жұмысы осы нүктелер арасындағы кернеуге тура
пропорционал.
U кернеудің СИ жүйесіндегі
бірлігі:
[U]=[A/q]=1Дж/Кл=1
В.
СИ жүйесінде кернеудің бірлігі ретінде вольт
алынған (В). 1 Вольт деп 1 Кл зарядты өрістің бір нүктесінен екінші
нүктесіне орын ауыстыру үшін өріс күштері 1 Дж жұмыс атқаратын
кезде өрістің екі нүктесі арасындағы кернеуін (потенциалдар
айырымы) атайды.
Эквипотенциалдық
беттер
Барлық нүктелерінің потенциалдары бірдей
болатын бет эквипотенциал бет деп аталады (латын. экви - тең).
Эквипотенциалдық бет үшін
φ=const
қатынасы
орындалады.
Электр өрісінің кернеулік сызықтары
эквипотенциал беттерге перпендикуляр, яғни заряд эквипотенциал
бетпен орын ауыстырғанда өріс күшітерінің жұмысы нөлге
тең.
Заряд орын ауыстырған кезде атқарылатын өріс
күштерінің жұмысы тек жолдың басы мен соңындағы потенциалдардың
айырымымен ғана анықталады, сондықтан зарядтың бір
эквипотенцциалдық беттен екіншісіне өткен кездегі жұмысы жолдың
пішініне тәуелсіз және A=q(φ_1 - φ_2)
болады.
Өріс күштерінің әрекетінен оң зарядтардың
үлкен потенциалдан кіші потенциалға қарай, ал теріс зарядтардың,
керісінше кіші потенциалдан үлкен потенциалға орын ауыстыратынын
есте ұстау керек.
Өрістің
кернеулігі мен кернеуі арасындағы
байланыс
Біртекті өрістің кернеулігі мен потенциалдар
айырымы арасындағы байланысты тағайындайық. Пластиналардың
арасындағы кернеу U=φ_1 - φ_2 болсын. Сонда q_сын сынық заряды бір
пластинадан екінші пластинаға орын ауыстырғанда атқарылатын
жұмыс
〖A=q〗_сын U.
Осы жұмысты F
эдектрлік күштің d жолға көбейтіндісі түрінде де өрнектеуге болады,
яғни 〖A=Fd=q〗_сын Ed.
Соңғы екі
формуланың оң жақтарын теңестіріп,
E=U/d=((φ_1 -
φ_2 ))/d
аламыз.
Біртекті
өрістің кернеулігі сан мәні жағынан кернеулік сызығының бірлік
ұзындығына келетін потенциалдар айырымына
тең.
СИ жүйесінде кернеуліктің бірлігі ретінде
вольт бөлінген метр алынады:
[E]=[U/d]=1
В/м.
V. Бекіту
сұрақтары:
- φ өрістің потенциалы дегеніміз не?
Потенциалдың формуласы? (Электр өрісінің берілген нүктедегі
энергетикалық сипаттамасы φ өрістің осы нүктедегі потенциалы деп
аталады, φ_B=W_B/q )
- Өріс
күштерінің жасайтын жұмысы неге
тең?(A=qU)
- U кернеудің өлшем
бірлігі?([U]=[A/q]=1Дж/Кл=1)
- Вольт
дегеніміз не?( 1 Вольт деп 1 Кл зарядты өрістің бір нүктесінен
екінші нүктесіне орын ауыстыру үшін өріс күштері 1 Дж жұмыс
атқаратын кезде өрістің екі нүктесі арасындағы кернеуін
(потенциалдар айырымы) атайды).
- Эквипотенциал
беттер дегеніміз не? (Барлық нүктелерінің потенциалдары бірдей
болатын бет эквипотенциал бет деп
аталады).
- Пластиналардың арасындағы кернеу неге тең?(
U=φ_1 - φ_2)
- Біртекті өрістің кернеулігі неге тең? Өлшем
бірлігі? (E=U/d=((φ_1 - φ_2 ))/d,
В/м)
VІ. Деңгейлік
тапсырмалар:
№1.
Электр өрісінің
потенциалы үшін суперпозиция принципі неге
тең?
(φ=φ_1+φ_2+⋯+φ_n)
№2.
q электр
зарядын потенциалдар айырымы 8 В болатын нүктелер арасында алып
өткенде, электр өрісі тарапынан зарядқа әсер ететін күш 4 Дж жұмыс
атқарады. Заряд неге тең?
(A=qU, q=A/U=0.
5 Кл)
№3.
q=3*10 - 5 Кл
зарядтың кеңістіктің қайсыбір нүктесіндегі электростатикалық өрісте
W=9*10 - 3Дж потенциалдық энергиясы бар. Осы нүктеде
электростатикалық өрістің потенциалын анықтау
керек.
(φ=W/q=3*102 В
)
№4.
Өрістің екі
нүктесінің арасында шамасы 0, 012 Кл заряд орын ауыстырғанда өріс
0, 36 Дж жұмыс жасаса, өрісте сол нүктелерінің потенциалдар айырымы
неге тең?
(A=qU, U=A/q=30
Кл)
№5.
Екі
электрленген пластина кернеулігі 25*103 В/м біртекті өріс құрады.
Арақашықтығы 4 см пластиналардағы кернеуі неге тең? 6*10 - 6 Кл
зарядқа өріс қандай күшпен әрекет
етеді?
(E=U/d, U=Ed=1000 B; E=F/q; F=Eq=0, 15
H).
VIІ.
Қорытындылау.
VIІІ. Бағалау. ІХ. Үйге тапсырма: §8.
7
______________ Күні: 30.01.19 Сынып: 7 «А» Пән: алгебра
Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты .
Сабақтың мақсаттары: Екі өрнектің қосындысының квадраты және айырымының квадраты формулаларын меңгерту , есептер шығаруда формулаларды пайдаланып есептер шығару, өрнектерді түрлендіруді үйрету.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгеру, есептер шығару.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлеп - саралап оқыту, сыни тұрғыдан оқыту технологиясы
элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, тест тапсырмалары , тиісті өрнекті толтыру, қайталау сұрақтары , ауызша тапсырмалар жазылған плакаттар, Венн диаграммасы, Конверт-есептер, жалғасын тап, бағалау жетондары.
Сабақтың барысы: І кезең.Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, оқу-жабдықтарын тексеру. Оқушылардың психологиялық ахуалын көтеру. «Шаттық шеңбері» арқылы оқушылар бірі-біріне тілектер айтады.
ІІ кезең.Үй тапсырмасын сұрау. №162 №168
ІІІ кезең. Қызығушылықты ояту.
1.Сауалнама. Қайталау сұрақтары. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
2.Тиісті өрнекті толтыру.
Оқушылар тиісті өрнекті толтыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты .
ІV кезең. Мағынаны ажырату. Жаңа сабақты түсіндіру.
V кезең. Жаңа сабақ бойынша есептер. Зерттеу.
3.Ауызша тапсырмалар беру.
4.Жалғасын тап. Оқулықтан есеп шығару , материалды реттеуге, жүйелеуге берілген тапсырмалар.
5. Конверт-есептер. Жаңа білімді меңгертуге есептер. Қосымша әдебиеттер.
6. Есептер құрастыру және оны есептеу. Мысалдар мен есептерді өздігінен құрастыру және оны шығару.
VІ кезең.7. Жаңа сабақты бекіту. Екі өрнектің қосындысының квадраты және екі өрнектің айырымының квадратын Венн диаграммасымен айырмашылығы мен ұқсастығын ажырату.
VІІ кезең. Үйге тапсырма беру. №177 (5,6) №193
VІІІ кезең. Бағалау. Оқушыларды жетон арқылы бағалау.
(а+b)(а+b)=(a+b)2 (а+b)(а+b)=a2+ab+ab+b2= a2+2ab+b2
Екі өрнектің қосындысының квадраты бірінші өрнектің квадраты , екі еселенген екі өрнектің көбейтіндісі мен екінші өрнектің квадратының қосындысына тең.
І кезең.Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, оқу-жабдықтарын тексеру. Оқушылардың психологиялық ахуалын көтеру. «Шаттық шеңбері» арқылы оқушылар бір-біріне тілектер айтады.
ІІ кезең. Үй тапсырмасын сұрау. №162 №168
ІІІ кезең. Қызығушылықты ояту.
1.Сауалнама. Қайталау сұрақтары. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
1.Сауалнама.
1. а2-b2=(a-b)(a+b) (1) формуланы қорытып шығару үшін қандай ережелер мен түрлендірулер қолданылады?
2. а2-b2=(a-b)(a+b) (1) формула “оңнан солға қарай” және “солдан оңға қарай” қалай оқылады?3. а2-b2=(a-b)(a+b) (1) формуланың маңызы қандай және қалай қолданылады? Мысалдар келтіріңіз.
2.Тиісті өрнекті толтыру. 1. а2- =(a- )(a+b)
-
-b2=( -b)(a+b)
-
а2-b2=( -b)( +b)
Оқушылар тиісті өрнекті толтыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты .
ІV кезең. Мағынаны ажырату. Жаңа сабақты түсіндіру.
1-мысал:(2х+3у)2 =
2-мысал:4а2+4аb+b2 =
3-мысал:(4a2-5b3)2
=
4-мысал:0.04x4-2x2y+25y2
=
V кезең. Жаңа сабақ бойынша есептер. Зерттеу.
3. Ауызша тапсырмалар .
№176. Көпмүше түрінде жазыңдар:
-
(m-n)2 =
-
(-m-5)2 =
3)
(-m+5)2 = -
4) (5a-2b)2 =
№177.Амалдарды орындаңдар:
1)(m-1/2)2 =
2)(a-1/5)2 =
3)(x/2-y/3)2 =
4)(a/4-b/3)2 =
4.Жалғасын тап.
№186 Көбейткіштерге жіктеңдер:
1.2x2-20xy+50y2
=
2.-3a2-6ab-3b2
=
3.6n3-1.2n2+0.06n =
4.m2
-10m+25=
№187. Теңдеуді шешіңдер:
1)(x+4)2-(x-2)(x+2)=0, 8x+20=0, 8x=-20, x=-2/5
2)(2x-5)2-(2x-3)(2x+3)=0, -20x+34=06 -20x=-34, -10x=17, x=-1,7
3)(3x+5)(3x-5)-(3x-1)2=10, 6x=10+26, 6x=36, x=36:6 , x=6
4)2(2x+1)2-8(x+1)(x-1)=34, 8x=34-10, 8x=24, x=24:8, x=3
№192 Көпмүшені екінші көпмүшенің квадраты түрінде жазыңдар.
1)a10-10a5b8 +25b16
2)a6+6a 3x4+9x8
3)81a6-90a3b2c+25b4c2
4)16x2+24x3+9x4
№194 Теңсіздікті қанағаттандыратын ең кіші бүтін санды табыңдар:
1)(3x-1)2 -7< (9x+2)x+2
2)2x(8x+3)+1> (5-4x)2-1
3)(0.3x+0.2)2 +0.58x >3.9-(2-0.3x)(2+0.3x)
4)(0.2-0.8x)2 +0.16 < (0.5+0.8x)2 -0.25
5.Конверт-есептер.
Қосымша әдебиеттер. 1-бөлім
№123 Есептеңіз:68-бет (0,3)2+0,6*0,7+(0,7)2;
№221 Өрнекті ықшамдаңыз: 16а2 - 8ав + в2;
№226 Квадраттардың айырмасы қайсы көбейтіндіден көрінеді.
А) (а-в)(а-в) С) (а-в)(а+в)
В) (а+в)(а+в) Д) а2 - 2ав + в2
Е) (а-в)2
6. Есептер құрастыру және оны есептеу.
VІ кезең.7. Жаңа сабақты бекіту. Жаңа сабақ бойынша топтастыру . Венн диаграммасы
VІІ кезең. Үйге тапсырма беру. №177 (5,6), №194, № 176 /5,6,7,8/, №188
Геометриялық фигурамен формулаларды табу.
VІІІ кезең. Бағалау. Оқушыларды жетон арқылы бағалау.
______________ Күні: 30.01.19 Сынып: 8 «А» Пән: алгебра
Сабақ тақырыбы |
Квадраттық функцияның графигі мен коэффиценттерінің арасындағы байланыс |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Оқушылар: 8.3.4.1. y = ax2 + bx + c квадраттық функцияның а, b, с коэффициенттері мен оның координата жазықтығындағы графигі арасындағы байланысты орнатады. |
Сабақ мақсаттары |
|
Жетістік критерийлері |
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология: квадраттық график, квадраттық функция, x-тің екінші дәрежесі мәндерінің кестесі, x-тің квадраты (дәреже көрсеткіші), бүтін сан, коэффициент, дәреже, ең үлкен ортақ бөлгіш, x/y остері, қисық. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Бірінші, мәндер кестесін толтыру керек.
Келесіде, нүктелерді мұқият белгілей отырып қисық сызуыңыз керек.
Содан соң, графикті теңдеуді шешуге қолданыңыз.
Соңында, шешімдерді санаңыз.
Бірақ, сізде бір ғана шешім немесе шешімнің мүлде болмауы мүмкін. |
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларда өз бетімен жұмыс істеу мәдениетін дамыту, ұйымшылдыққа үйрету, бірін-бірі сыйлау. Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет. Оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу. |
Пәнаралық байланыстар |
Геометрия, физика. |
АКТ қолдану дағдылары |
Геогебра бағдарламасы, презентация. |
Бастапқы білім |
Квадрат үшмүше, квадрат теңдеуді шешу, квадраттық функцияның графигі. |
Сабақ
барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
7 минут 7 минут 3 минут 10 минут 10 минут |
Ұйымдастыру кезеңі. Үйге берілген тапсырманы талқылау, тексеру. Миға шабуыл. Өткен сабақта өтілген тақырып бойынша пысықтау сұрақтары.
(Квадраттық функция және оның графигі, 5-жаттығу);
(Квадраттық функция және оның графигі, 7-жаттығу);
(Квадраттық функция және оның графигі, 8-жаттығу);
(Квадраттық функция және оның графигі, 16-жаттығу);
(Квадраттық функция және оның графигі, 11-жаттығу) Жаңа сабақ Сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен таныстыру. Жаңа сабаққа байланысты зерттеу жұмысы. Виртуалды лаборатория – Математика – Квадраттық функцияның графигі. Оқушылар Зерттеу нәтижесі бойынша келесі кестені толтыруы керек.
Зерттеу нәтижесін талқылау.
Практикалық жұмыс орындату.
2-қосымша
Сабақты қорытындылау.
|
http://bilimland.kz/kk/home#lesson=11602
http://bilimland.kz/kk/home#lesson=9064
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 минут |
Рефлексия Үйге тапсырма беру. (Есептерді аяқтау) |
Кеспе парақ. |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|
||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
1-қосымша
Зерттеу жұмысының жауаптары
a>0 |
|||
|
c>0 |
c=0 |
c<0 |
b>0 |
|
|
|
b=0 |
|
|
|
b<0 |
|
|
|
a<0 |
|||
|
c>0 |
c=0 |
c<0 |
b>0 |
|
|
|
b=0 |
|
|
|
b<0 |
|
|
|
Практикалық жұмыс
y = ax2 + bx + c берілген функцияның графигін салып төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
-
Графигінің тармақтары қалай бағытталған (жоғары немесе төмен)? __________________________
-
Төбесінің координаталары қандай? _____________________________________________________
______________________________________________________________________
-
Ох осімен қиылыса ма? Қиылысу нүктелерінің координаталары: __________________________
______________________________________________________________________
-
Оу осімен қиылысу нүктесінің координаталары: __________________________________________
-
Симметрия осінің теңдеуі: _____________________________________________________________
-
Кему аралығы: _______________________________________________________________
Өсу аралығы: ________________________________________________________________
-
Қай аралықтарда функцияның мәні теріс? _______________________________________________
Қай аралықтарда функцияның мәні оң? _______________________________________________
Жауаптарыңыздың дұрыс-қателігін Виртуалды
______________ Күні: 30.01.19 Сынып: 3 «А» Пән: информатика
Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім: 3.3А Шығармашылық және компьютер |
Мектеп:
|
|||
Мұғалімнің аты-жөні: |
|
|||
Күні: 30.01.19 |
Қатысқан оқушылар саны: |
|
||
СЫНЫП: 3 |
Қатыспағандар: |
|
||
Сабақтың тақырыбы |
Қайталанатын үзінділер 1 нұсқа. |
|||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану 3.1.2.4 компьютерлік программаларда мәзір командаларын қолдану
|
|||
Сабақтың мақсаттары |
Оқушылар...
|
|||
Бағалау критерийлері |
- нысандарды дұрыс қиып алады; - нысандарды айналдыру кезінде редактордың мүмкіндіктерін қолданады; - өлшемін өзгерту үшін редактордың мүмкіндіктерін қолданады; - нысандармен жұмыс жасаған кезде іс әрекеттердің ретін сипаттайды. |
|||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар... Графикалық нысандардың сырт келбетін өзгертеді(нысанды қиып алу, айналдыру, өлшемін өзгерту); Нысандармен жұмыс жасау кезінде іс әрекеттерінің ретін сипаттайды. Пәндік лексика және терминалогия: графикалық элемент, айналдыру, палитра, фотосурет, қиып алу, қою, көшіру. Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер: Суретті айналдыру үшін … Суретті көрсету үшін... Үзіндіні бөліп алу үшін... Өрнектер ... тұрады Мен ... фигураларын қолдандым Мен бояу үшін ... түс тандадым |
|||
Құндылықтарды дарыту |
Өздеріне және басқаларға құрметпен қарау және жұптасып, топта жұмыс істеу, академиялық адалдық - өздігінен зерттеу, ашықтық - оқушылар өздерінің сабақ мақсаттарын айқындауы және жағдайды шеше алуы. |
|||
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану. 1 бөлім: Жаңды табиғат |
|||
АКТ қолдану дағдылары |
Вilimland интерактивті визуалды сабақтарын қолдану. |
|||
Осыған дейін меңгерілген білім |
Графикалық редакторда сурет салу дағдылары қалыптасқан. |
Жоспар |
||||
Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
||
Сабақтың басы 1-5 мин 6-7 мин |
Оқушылармен амандасып олардың сабаққа дайындығын көзбен шолу. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен. Миға шабуыл. Сабақты оюды толықтырудан бастайңыз. Оюлардың ерекшелктерін анықтауын сұраңыз. Оюлар қайталанатын элементтерден тұратынына ерекше назар аударыңыз. Суретті толықтыр
Сабақтын тақырыбы мен сабақ мақсатын оқушылар мұғаліммен біріге отырып тұжырымдайды.
|
http://bilimsite.kz/tarbie_sagaty/7645-sergitu-sati.html |
||
Сабақтың ортасы 17-18 минут 19-20 минут 21-24 минут |
Қайталанатын элементтерді айналамыздан көруге болады. Айналаны қараңыз. Ағаштардағы, жидектердегі, жемістердегі жапырақ табиғатпен жаратылған қайталанулар. Тұрғын ғимараттар, адам жасаған автомобильдер, әр түрлілігімен, қайталанатын элементтері бар. (жидектер, жемістер, ағаштар және т.б. суреттермен слайдшоу). Суреттегі қайталануларды табу.
Қайталанатын үзінділер көркем композицияның негізі болуы мүмкін. (алма ағашы бейнеленген слайдты көрсету).
Оны суретке түсіру үшін сізге тек бір алманы дайындау керек, содан кейін бірнеше көшірме жасаңыз. Жапырақтары бір кішкене жапырақтан да алынады. Бірақ жапырақтарды әр түрлі бағыттарда қалай реттеуге болады? Олар бірдей болуы керек, бірақ мүлдем бірдей заттар жасалмайды. Және бұл жағдайда олар тек бірдей болмауы керек, сонымен қатар бұтақтағы тармағына қатысты симметриялы болуы керек.
Таңдалған үзінді айналуы мүмкін немесе оның айна бейнесі (көрініс) жасалуы мүмкін. Бұл мүмкіндіктер жапырақтары әр түрлі бағыттарда қалай реттеуге болады? Суретте көрсету және айналу командаларының көмегімен бір парақта алынған жапырақтар көрсетілген. Бұл команданы таңдағанда, диалог терезесі пайда болады. (осы диалог терезесінің суреті бар слайдты көрсету). Бұл командалар суретте қалай орындалатынын қараңыз. (келесі слайд - «көрініс және айналдыру командаларын орындау мысалдары»). Күнделікті өмірде солдан оңға қарай, жоғарыдан төменге қарай көріністі қайдан білесіз? Суреттегі көрініс / айналдыру командаларына мысалдар келтіріңіз. Сергіту сәті
Қол саусақтарына арналған
жаттығулар
|
|
||
Сабақтың соңы 38-40 минут |
Бүгінгі сабақта нені үйренгенімізді талдайық:
Рефлексия Бүгінгі сабақта не үйрендік? Сіздерге не ұнады? Сіздерге не күрделі болды? Сабақта алған білімдеріңіз арқылы тағы не салааламыз |
|
||
Қосымша ақпарат |
||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс |
||
Практикалық тапсырма орындау кезіңде саралау шығармашылықтың кезеңі бойынша іске асады: тапсырмалар өсу ретінде берілген. Тапсырманы орындаған жағдайда мұғалім сұрақтар арқылы немесе нұсқау картасында қадам бойынша алгоритм қолданып қолдау көрсетеді. Оқушылардың барлығы:
Оқушылардың көбісі:
Кейбір оқушылар: Өрнектің суретін салады |
Бағалау сабақтың әр кезеңіңде жүзеге асырылады: - қиындықтарды анықтап қолдау мақсатында оқушылардың жауптарын қадағалау (жұптық жұмыс). - теориалық материалды түсіну кезеңінде интерактивті тапсырмаларды бағалау үшін қолдану; - практикалық жұмысты орындау кезіңде бағалау дескрипторлар арқылы жұптасып орындалады. - өз-өзінің жұмысын бағалау мақсатында, кері байланыс түрінде сабақтың соңында, оқушылар өз жұмыстарын бағалайды, жетістіктері мен қиындықтарын талдайды. |
Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында топтық жұмыс, сергіту сәті қарастырылған. Компьютермен жұмыс жасап отырған кезде оқушылар дене мүсіні дұрыс болуына, көзбен монитор экранының ара қашықтығына көңіл аударып, жағымсыз ситуациялар пайда болған жағдайда мұғалімге хабарлайды. Практикалық жұмыс орындаған кезде «Дүниетану» пәнімен байланысады. |

