2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Екі шеңбердің өзара орналасуы

Екі шеңбердің өзара орналасуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Екі шеңбердің өзара орналасуын еркінигере білу.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақ №

Мектеп: «Қараменді батыр ауылының негізгі орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Ахметова Г.М.

Сынып: 7 «А»

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Сабақтың тақырыбы

Екі шеңбердің өзара орналасуы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.2.12 түзу мен шеңбердің, екі шеңбердің өзара орналасу жағдайларын талдау;

Сабақтың мақсаты:

Екі шеңбердің өзара орналасуы туралы біледі және оның  қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады; Екі шеңбердің өзара орналасу жағдайларын біледі;

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

5

минут

Ұйымдастыру сәті

Үй жұмысын тексеру

Оқушылар бүгінгі сабағымыз өзінше ерекше, жаңартылған бағдаралама бойынша “Төңкерілген сынып” деп аталады. Сабағымызды бастамас бұрын, ұл қыз болып отырмыз. Енді осы отырған жерден тұрып, сол орында оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріңізге тілек тілеңіздер сағат тілі бағыты бойынша.


Интербелсенді тақтадан кроссворд беріледі. Оқушыларға алдын-ала дайындалған сұрақтарды кезекпен оқып отырады.

Психологиялық ахуалға берілген крассвордты шешеді.



Оқушылар бір-бірімізді “шапалақ әдісі”

Психологиялық ахуал.


Негізгі бөлім Тақырыпты ашу

13

минут

Жарайсыздар оқушылар! Өте белсенді қатыстыңыздар.

Енді оқушылар мен сіздерге кеше BilimLand бағдарламасы бойынша тапсырмалар бердім. Үйге берген тапсырмаларды қаншалықты түсіндіңіздер, соны интербелсенді тақтаға шығып бір оқушыдан түсіндіріп берсеңіздер.


  1. ші тапсырманы постер құрып қорғаса, 2-ші тапсырманы интербелсенді тақтада, 3-ші тапсырманы тақтада орындаймыз. Тапсырмалардың әрқайсысының сызбасын салып, шеңберлердің орналасуын жұпта талқылаңыз. Қорытынды жасаңыз.


1 тапсырма. Шеңбрлердің радиустары R1=1.2 дм, R2=2.6дм және центрлерінің арақашықтығы 3,8 дм. Екі шеңбер қалай орналасады?


2 тапсырма. Центрлес екі шеңбердің біреуінің радиусы2 см және олардың арасына рсы екі шеңберді жанайтындай етіп үшінші шеңбер орналастырылған. Үшінші шеңбердің радиусы 4 см болса, центрлес шеңбердің үлкенінің радиусын тап.



3 тапсырма. CD=7 см болатын кесінді берілген. Осы кесіндінің ұштарын центр етіп алып, радиустары 3 см екі шеңбер сал. Шеңберлері қалай орналасқан?


4 тапсырма. Қайшының сабы (саусақ кигізіп ұстайтын бөлігі) екі бірдей шеңберден тұрады (шеңберінің қалыңдығы есепке алынбайды). Бұл екі шеңбедің центрлерінің арақашықтығы 40 мм және қайшы қабына салынып тұр. Қайшының сабының радиусын тап.


Оқушылар кім жылдам тексеріп көрейік ойынның аты “ Төрт тоғыз” (5 секунд) уақыт беріледі.

9:9+99= 100


5 тапсырма. Екі шеңбер іштей жанасады. Үлкен шеңбердің радиусы 7 см, ал кіші шеңбердің радиусы одан 1 см қысқа. Центрлерінің арақашықтығын тап.


6 тапсырма. Екі шеңбер бір-бірімен жанасады. Үлкен шеңбердің радиусы 30 см, ал кіші шеңбердің радиусы 12 см. Центрлерінің арақашықтығын тап.


7 тапсырма.Ұзындығы 155,7 см болатын жерге дөңгелек базасының (центрлерінің арақашықтығы) 103,7 см болатын велосипедті қою үшін оның дөңгелегінің радиусы қанша сантиметр болуы керек?


8 тапсырма. Диаметрі 40 мм болатын магниттің жанына центрлерінің арақашықтығы 45 мм болатындай жерге диаметрі 23 мм тиын қойылды. Магнит тиынды өзіне қарай тартады, сонда тиын қанша миллиметрге жылжиды?


9 тапсырма. Диаметрі 2 м болатын дөңгелек үстелдің қасында Сәуле отыр. Ол үстелдің ортасында тұрған гүлсауытының диаметрі 10 см гүлді өзіне жақынырақ қойғысы келеді. Сәуле гүлсауытты өзіне қарай қандай қашықтыққа дейін жақындата алады?

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау



Дескриптор:

Білім алушы


-берілген шарттар бойынша циркульдің көмегімен шеңберлерді салады.


-сәйкес қорытынды жасайды.











Дескриптор:

Білім алушы

-шеібердің өзара орналасуын анықтайды.





















Дескриптор:

Білім алушы

-шеңбердің өзара орналасу қасиеттерін қолданады.


Оқушылар “Плюс- Минус- Қызықты”

әдісі

































Лайк әдісі” бойынша бағалаймыз, бұл жерде бағадаршам сияқты түстерді қолданамыз. Айырмашылығы жүрекшеде.





ОқушыBilim

Land-тен орындады



Жеке тапсырмалар

Оқулықпен жұмыс

10 минут

Енді сіздерге сергіту сәтіне “Қара жәшік” ойыны. Сөзжұмбақ, жәшікте жасырылған зат жұмбақтың жауабы болады.

Саралауға арналған қосымша деңгейлік тапсырмалар

Оқулықтан тапсырма №20.10,

20.16 есепті шығарамыз.

Дескриптор:

Білім алушы

-шеңбердің өзара орналасу қасиеттерін қолданады.

.






Жұптық тапсырмалар

Соңы

10минут


Кері байланыс

2 минут

Сабақты бекіту

Екі шеңбердің орналасуын түсіндіру.

Рефлексия «Еркін микрофон» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Үй жұмысы: №20.18,

§21Нүктелердің геометриялық орны.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


«Еркін микрофон» әдісі.




26 Мамыр 2021
1112
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі