Материалдар / Екі таңбалы сандарды салыстыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Екі таңбалы сандарды салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Екі таңбалы сандарды салыстыру математика сабағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
548
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________ Математика


Сабақ тақырыбы:

Екі таңбалы сандарды салыстыру

Мектеп: Пухальск НМ

Күні : 23.11


Мұғалімнің есімі: Отебаева А.С.

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқиды, жазады және салыстырады;

20 көлемінде сандардың разрядтық құрамын талдайды.

Күнделікті өмірде қолдана алады.





Қиянат жасамау

Әрқашан көмектесу, топпен жұмыс істеу

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:



Құндылығы:

Қасиеттері:

Ресурстар:

0-ден 20-ға дейінгі сан кестесі;

“лего” конструкторының жинағы;

0-ден 20-ға дейінгі сандық сәуле;

әрбір жұп оқушыға арналған екі ойын текшесі;

ламинатталған парақ қағаздар;

маркерлер;

1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшалар.

Тірек сөздер

Екі таңбалы сандарды салыстыру,

Сабақтың мақсаты:

Сабақ екі таңбалы сандарды салыстыру дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар бір таңбалы сандарды сандық сәуле бойынша салыстыра біледі. Бұл сабақта оқушылар мысалдар арқылы 20 көлеміндегі бір таңбалы сандарды екі таңбалы сандармен, екі таңбалы сандарды екі таңбалы сандармен салыстыру дағдысын дамытуға мүмкіндік алады.

Сабаққа байланысты деректі материалдар



Сабаққа қатысты ескертпелер


Кіріспе тапсырма.

1-қадам. Оқушыларға жұппен 11-ден 20-ға дейінгі екі таңбалы сандарды ойлап және оны қағазға жазғызамын.

2-қадам. Жұптарды топқа біріктіріп және оқу-шыларға оларды өзара салыстырғызамын. Олар салыстыру нәтижесін ламинатталған беттерге жаза алады.

3-қадам. Оқушыларға болжауы бойынша дәлел табуды ұсынамын. Олар дәлелдеу құралын өз беттерінше таңдай алады. Ресурстар нұсқасы ретінде мыналарды алуға болады: “лего” текшелерінің конструкторы, 0-ден 20-ға дейінгі сандық сәуле.

Таңдап алынған ресурстарға байланысты орындалатын тапсырманы талдау сценарийі дамиды.

Оқушылар бір-біріне әрбір модельдегі ондықтар және бірліктер санын сәйкестендіре отырып, санның графикалық моделін көрсете алады. Сандық сәулені таңдап алған соң, сандардың онда орналасуына және нөлден қандай қашықтықта тұруына байланысты сандардың қайсысы артық болатыны туралы қорытынды жасайды.

4-қадам. Берілген ресурстар үнемі қолымызда бола бермейтін болғандықтан, оқушыларды екі таңбалы сандарды өзара салыстыруға көмегін тигізетін ереже немесе іс-әрекет алгоритмін құрастырып шығару қажет деген қорытындыға келтіру.

5-қадам. Оқушыларға екі таңбалы сандарды салыстыру кезінде қалай әрекет ету керектігін көрсететін ережені жұппен құрастырады.

6-қадам. Құрастырылған ережелерді талдату. Оқушыларға екі таңбалы сандарды салыстыру үшін барлығы бірдей қолдануға алатындай етіп, нұсқау-лықты жасап шығуды ұсынамын.

Бұл ереже шамамен мынадай мағынада болу керек: екі таңбалы сандарды салыстыру үшін ондықтар разрядынан бастап салыстырту. Егер ондықтар разрядындағы сандар бірдей болса, онда бірліктер разрядын салыстыр. Салыстыру нәтижесін “<”, “>” немесе “=” белгілерін қолданып жаздырту.

Қарындаштар. Берілген тапсырманы жалпы сыныппен ұйымдастырамын. Оқушыларға оқулықтағы иллюстрацияны қарауды және қойылған сұрақтар-ға жауап беруді ұсынамын. Оларға өз жауаптарын ламинатталған қағаз бетінде жазып және өзара тексеру кезінде барлық сыныптағы оқушыларға көрсетіп беру керектігін ескертемін.

Жауабы:

Қарлығашта 14, ал Асхатта 17 қарындаш. Асхаттың қарындашы артық. 3-ке артық.

Тақтамен жұмыс: жемістер санын анықтап, ( >= <) белгісін қояды

а)15 > 11; ә) 12<17; б) 8 < 17; в) 20 > 11 (4 оқушы шығады)

«Смайлик» арқылы бағалау

- Сендер бір-біріңе қалай көмектесесіңдер? Топпен жұмыс істеудің пайдасы қандай?

Мәшинелер жарысы. Оқушыларға тапсырманы өз бетінше орындап, нәтижесін ламинатталған қағаз бетінде жазғызып, ал содан кейін жұппен өзара тексертемін.



Жауабы:

а) 15 > 12; ә) 13<19; б) 9 < 18; в) 20 > 10.

«Смайликті» дәптеріне жабыстырып бағалайды.


1) 90 беттегі текшелердің санын берілген санмен салыстыру:

2) бос орынға тиісті белгілерді жазу.



Орындап көр. Оқушылармен жұппен ойын ұйымдастырамын.

Ойынды ұйымдастыру үшін әрбір оқушы жұбына төрт ойын картасы немесе нүктелері бар төрт ойын текшесі, 1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшалар қажет. Ойынның ережесі:

Әр ойыншы екі текшені лақтырып және текшелерде түскен нүктелер санының қосындысын табады.

Ол алынған қосындыны парақшаның көмегімен сәйкес санды көрсетіп белгілейді. Осыдан кейін текшелерді екінші ойыншы лақтырады.

Ойыншылар алынған сандарды өзара салысты-рып, түскен сандардың қайсысы артық немесе кем екенін анықтайды.

Шыққан нәтижелер салыстыру белгілерінің кө-мегімен көрсетіледі.

Ойынды бес рет қайталатуға болады.

Оқушылар жұппен қалай ойнайтынан бақылаңыз. Бағалау үшін бақылау нәтижесін қолданыңыз.

Шығарып көр.

І жұп. Оқушыларға әр жолдан ең үлкен немесе ең кіші санды тапсырмаға сәйкес таңдап алады. Өзара салыстырады.

ІІ жұп.1 ондық және 7 бірліктен тұратын саннан 1-ге артық санды ата. 1 ондық және 6 бірліктен тұратын саннан 1-ге кем санды ата. Салыстырады.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сөйлеу кезінде “артық”, “кем”, “тең” сөздерін қолдану дағдысын бекітуге арналған ойын ұйымдастырамын. Тірек сөздермен әмір беретінімді айтамын.

“Артық!” деп әмір бергенде — оқушылар аяқтарының ұшына тұрып, қолын жоғары көтереді.

Кем!” деп әмір бергенде — оқушылар жүрелеп отырады да, тізесін қолымен құшақтайды.

Тең!” дегенде — оқушылар қолдарын жанына қойып түзу тұрады.

Қар қиыршықтарын боя. Оқушылар бір қатардағы сандарды салыстырып, олардың қайсысы артық немесе кем екенін анықтайды. Оқушылар ең үлкен саны бар қар қиыршықтарын көк түспен, ал ең кішісін сарымен бояйды.

Жауабы:

а) ең үлкен — 20, ең кіші — 3; ә) ең үлкен — 16, ең кіші — 9; б) ең үлкен — 19, ең кіші — 8.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

екі таңбалы сандарды салыстыруды;

бір таңбалы сандарды салыстыруды;

екі таңбалы сандарды 11-ден 20-ға дейін тура және кері санауды;

сандық сәуледегі санның орнын анықтауды;

оның реттік нөмірін атауды, оқуды, жазуды;

11-ден 20-ға дейінгі сандардың құрастырылуын меңгереді.

Оқушылардың бұл дағдыны қандай деңгейде

меңгергенін білу үшін, мына сұрақтарды қоямын:

Екі таңбалы сандарды қалай салыстырады?

Данада — 15, ал Динарада — 14 стикер бар. Қайсысында стикер кем? Неліктен?

1 ондық және 1 бірлігі бар саннан 1-ге артық санды ата.

2 ондық және 0 бірлігі бар санан 1-ге кем санды ата.

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткіземін



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!