400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Екі университет – бір мақсат: ғылым мен білімнің сабақтастығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Сүлейман Демирел атындағы университет арасындағы ғылыми ынтымақтастық аясында ұйымдастырылған екі апталық ғылыми-зерттеу тәжірибесі баяндалады. Тәжірибе барысында магистранттардың зерттеу әдіснамасы, академиялық жазылым және ғылыми мақала дайындау бойынша алған білімдері мен жетілдірген дағдылары сипатталады. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу тәжірибесінің диссертациялық жұмысты дамытудағы маңызы және жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықтың жас зерттеушілерге беретін мүмкіндіктері көрсетіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Екі университет – бір мақсат: ғылым мен білімнің сабақтастығы


Бүгінгі таңда жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми ынтымақтастық жас зерттеушілердің кәсіби дамуына үлкен мүмкіндік береді. Соның бір жарқын үлгісі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Сүлейман Демирел атындағы университеттің (SDU University) ғылыми серіктестігі. 2026 жылдың 19–30 қазан аралығында ҚазҰУ магистранттары екі апталық ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өтті.

Тәжірибенің алғашқы күні Қаскелең қаласындағы университетте басталды. Университет ұжымы бізді жылы қарсы алып, оқу орнының инфрақұрылымымен, ғылыми-зерттеу орталығымен таныстырды. Заманауи білім беру кеңістігі мен жас зерттеушілерге жасалған жағдай бізге ерекше әсер қалдырды.

Бірінші аптада Алматы қаласының орталығында орналасқан SDU Almaty Hub орталығында офлайн дәрістер мен семинарлар өткізілді. Ғылыми зерттеуді жоспарлау, зерттеу этикасы, академиялық жазылым, әдеби шолу жасау және халықаралық журналдарда мақала жариялау бойынша құнды мәліметтер алдық.

Екінші аптада тәжірибе онлайн форматта жалғасып, зерттеу әдіснамасы, сұхбат сұрақтарын құрастыру және білім берудегі заманауи теориялар қарастырылды. Назарбаев университетнің бітірген түлегінің дәрісіне қатысуымыз да ғылыми көкжиегімізді кеңейте түсті.

Мен үшін бұл тәжірибенің маңызы ерекше болды. «Ағылшын тілін оқыту үдерісінде ана тілінің интерференциялық ықпалын төмендету әдістемесі» тақырыбындағы ғылыми мақаламды дайындауда алған білімім әдебиеттерді жүйелеуге, зерттеу әдістерін таңдауға және мақала құрылымын жетілдіруге көмектесті. Сонымен қатар ҚазҰУ-да Марина Жамбылқызы жүргізетін «Scientific Discourse» пәні ғылыми мәтін құрастыру, академиялық жазылым және дәйексөз келтіру бойынша нақты бағыт берді.

Екі университет арасындағы осындай ынтымақтастық теориялық білім мен практикалық тәжірибені ұштастырып, болашақ мамандардың ғылымға деген қызығушылығын арттырады. Бізге осындай мүмкіндік ұсынған екі университеттің ұжымына және өз тәжірибесімен бөліскен оқытушыларға алғысымызды білдіреміз.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Филология ғылымдарының докторы, доцент:Шайкенова Л.М.,

Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының

2-курс магистранты ЕРКІН А.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қараша
34
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі