400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Екінші анам - Ұстазым

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздың оқушы өміріндегі маңызы, менің өз тәжірибем
Материалдың қысқаша нұсқасы

Екінші анам – Ұстазым!

Мен – Алекул Нұрдәулет, 11-сынып оқушысымын. Бүгін сіздермен 8-сыныптан басталған өмірімнің жаңа кезеңі және сол кезде қолдау білдіріп, анамдай қамқорлық көрсеткен бір ерекше жан жайлы бөліскім келеді.

Орта буын – нағыз жасөспірімдік шақ. Өмірдің ақ пен қарасын толық ажырата алмайтын, сенгіш әрі албырт кез. 2021 жылы 8-сыныпта оқып жүргенімде белгілі бір жағдайларға байланысты Ақтөбе қаласына қоныс аудардым. Бұл – мен үшін мүлде жаңа қала, бейтаныс адамдар. Жанымда тек ағам Нұрлан ғана. Барлық тума-туыстарым, жақындарым Алматыда еді. Анамның еркесі болып жүрген маған бұл өте үлкен сынақ болды.

Дегенмен Ақтөбенің адамдары маған ерекше жылулық танытты. Әл-Фараби атындағы No:21 мамандандырылған гимназиядағы мұғалімдерімнің мейірімі бөлең. Соның ішінде жүрегіме жақын жандардың бірі – Салтанат апай. Анамнан жырақта жүру мен үшін оңай емес еді. Көңілімді сағыныш билеп, көзіме жас та іркілетін. Сол сәттерде Салтанат апай жанымнан табылып, ұстаздық қана емес, аналық мейірімін көрсете білді.

Бұрын “ұстаз – екінші ана” деген сөздің мәнін түсіне бермейтін едім. Ал Салтанат апайым маған сол сөздің шынайы мағынасын сезіндіре алды. Ағам әскери ұшқыш болғандықтан, іс-сапарларда жиі жүретін. Жалғызсырап отырған кездерімде Салтанат апайым: «Балам, бос болсаң келсеңші, манты пісіріп жатырмын», – деп шәйге шақыратын. Бұл сөздер менің жүрегімді елжіретіп, жылы үйдің, аналық мейірімнің иісін еске салатын.

Апайымның қызы – Інжу менің сыныптасым әрі сырласым болғандықтан, үйіне еркін барып, әңгімелесіп, өзімді жайлы сезінетінмін. Ол отбасы мені шын көңілмен қабылдады. Ағамыз: «О, алматылық жігіт келді!» – деп қалжыңдап, үйге ерекше бір қуаныш сыйлайтын.

Қазір Алматыға қайта оралдым. Өз мектебімде оқып, анамның жанында жүргеніме қуансам да, Салтанат апайымның орнын ешкім баса алмайтынын түсіндім. Оны шын сағынамын. Сол сағыныш сезімімді айтып жеткізгім келді. Апайыма деген алғысымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!

Мен Ақтөбеде жүргенде туған жерімнің қадірін терең түсіндім. Ал жастық шағымда осындай жүрегі кең, мейірімі мол адамдарды жолықтырғаныма шексіз қуаныштымын.



Нұрдәулет АЛЕКУЛ,

Рахат орта мектебінің

11 «Б» сынып оқушысы

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Рахат ауылы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 сәуір
133
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі