Материалдар / Екіншіге барамын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Екіншіге барамын

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналады. Бірінші сынып оқушыларының алған білімдері мен қабілеттерін есепке алу, жүйелеу, қорытындылау мақсатымен өткізіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2018
480
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Екіншіге барамын

Мақсаты: 1.Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту.

2.Балалардың ойлау қабілеттерін ашу. Еркін сөйлеуге, өзін танытуға, алғырлыққа, жылдамдыкқа өз бетінше жұмыс жасауға қабілеттерін арттыра түсу.

3.Білуге үйренуге деген қызығушылығын арттыру, жарысуға, жарысты жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыта отырып, дарынды озық болуға тәрбиелеу.

Барысы:

Мұғалім:

-Құрметті қонақтар, ата-аналар! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер!

-Алдарыңызда тұрған балалар қоңыр күзде сыңғырлаған қоңырау үнімен мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп - кішкентай балдырғандар еді. Енді міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бірінші сыныпты аяқтап, екінші сыныпқа өткелі тұр. Талаптарыңа нұр жаусын деп, ертеңгілікті ашуға рұқсат етіңіздер.
Ән ұраным – жан ұраным
Айтар әнім сөйлер сөзім
Мәңгі - бақи шырқалады
Республикам - Әнұраны.

Әнұран орындалады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1-оқушы:

Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз – оқушы баламыз

2-оқушы:

Мектеп - үлкен бағдаршам.
Ұстаз - шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.
3-оқушы:

Ұстаздарды мақтаймын,

Сенімдерін ақтаймын.

Біздікіндей мектепті

Әлем шарлап таппаймын.

4-оқушы: 

Тақпағымды жаттаймын,

Сабағымды баптаймын.

Біздікіндей мектепті

Ешбір жерден таппаймын.

5-оқушы:

Қару-жарақ – сабағым,

Қалам-парақ – садағым.

Жалқау менен наданды

Білімменен қададым.

6-оқушы:

Мектебім, менің мектебім,

Ақылсыздан шеттедім.

Білімдімен дос болып,

Сенен аттап өтпедім.

7-оқушы:

Мен оқушы-баламын,

Оқып, білім аламын.

Мектеп-ұям өзіңе,

Арналады бал әнім.

«Мектебім» әні

8-оқушы:

Салтанаты бек керім,

Міне, сынып-мектебім.

Ұстаздарым аялы,

Достарым да көп менің.

9-оқушы:

Міне, мен де
Үлкен болдым
Жасым толды жетіге
Кітаптағы ертектерді
Енді оқимын шетінен.
10- оқушы:

Кешегі сәби балаңыз,
Оқушы, міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына,
Енді қайық саламыз.
11оқушы:

Мектеп деген жақсы екен
Қызығы мол думанды.
Жақсы көрем бәрінен,
Әдемілеп жазғанды.
12- оқушы:

Оқуды көп оқимыз
Қызығына тоймаймыз.
Әріптерді үйреніп,
Өлең айтып би билеп,
Өнерден де қалмаймыз.
13- оқушы:

Бар білімді менгерген
Ғалым болғым келеді
Жетпіс өнер меңгерген
Дарын болғым келеді
14 -оқушы: 

Егемен елдің ұлымын
Ертеңгі күннің нұрымын
Отанын сүйген азамат
Болатындардың бірімін

Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, қиындығымызға бірге төзіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі би сіздерге арналады.

Ән:

15-оқушы:

Ұстаз - ұлы есім. Батырды да, дананы да туған ана десек, сол батырды да, дананы да тәрбиелеген ұстаз дер едім. Ең алдымен қолыңнан жетектеп жол сілтейтін ұстаз емес пе? Сондықтан ұстаздарға мың алғыс!

16-оқушы:

Ұстаздар - ау сізге теңдес бар ма жан,
Өнерің мен біліміңе таң қалам.
Осы өмірде бәрі ұстаздан басталып,
Ұстаздардан жаралғандай бар ғалам.
17- оқушы:

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой, Алла-ай.
18- оқушы:

Ел сенімін ақтайды деп,
Деп ұстазым мақтайды.
Ұстазымның әр сөзін,
Көкейіме сақтаймын.
19- оқушы:

Ақылшым асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұстаттың.
20- оқушы:

Өз үлгіңді ұстаймын
Айтқаныңнан шықпаймын
Мен балапан құстаймын
Баулыдың сен мұғалім
21 -оқушы:

Бізге тәртіп үйреткен
Ән салдырып билеткен
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен, суреттермен
Рақмет сізге, ұстазым!

22- оқушы: 

Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам болып шығармыз
Таза сәби жүрекпен
Айтамыз сізге мың алғыс
Ән:

Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Бүлдіршінің ортада,
Таланттарын табайық,
Қайсысы күйші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер
зерек, кім тапқыр,
Талаптарын ашайық.
Мұғалім:Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жана ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда- дегендей ойын «жарыс» түрінде өтеді.

Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді:

«Ойшылдар», «Тапқырлар» және «Алғырлар» .

I - кезең: «Өткел» - сұрақтарға жауап беру (Қай топ жылдам жауап береді)

1. Жуан дауысты дыбыстарды кім атайды? (А,О,Ы,Ұ)

2. Жіңішке дауысты дыбыстарды кім атайды? (Ә,Ө,І,Ү,Е)

3. Әліпбиде қанша әріп бар? (42)

4. Сөйлем неден құралады? (Сөзден)

5. Үш биді кім атайды? (Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би)

6. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)

7. Қазақтан шыққан ғарышкерлер кімдер? (Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев)

8.«Жиен ел болмайды, желке ас болмайды» деген мақалдағы «жиен» кім?

9. «Үйдің жақсы болуы - ағасынан, жігіттің  жақсы болуы – нағашыдан» деген мақалдағы «нағашы» кім?

10. Кім жеті атасын жаңылмай атай алады?

II – кезең: : «Асу»

- Математика - ғылымдардың патшасы дейді. Ал математика пәнінің негізгі мақсаты – сендерге есеп шығаруды үйрету. Ертең өскенде талай өмірлік есептермен кездесесіңдер. Оларды оңай шығару үшін қазірден бастап қарапайым есептерді шеше білуіміз қажет. Есептер шығаруды білеміз бе?

1.Математикалық тапсырма:

- Аулада қаздар жүрді. Дана 6 аяқ санады. Аулада қанша қаз бар?

- Арайда 2 гүл, Әйгерімде 2 гүл, Абзалда 2 гүл, Райханда 2 гүл. Төртеуінде неше гүл?

- Апам ала сиырын сауды. Ол 3 литр сүтті бидонға құйды. Сонда шелекте 4 литр сүт қалды. Ала сиыр қанша литр сүт берген?

- Кітап 20 теңге тұрады. Сәуле осы кітапты сатып алайын десе, 4 теңге жетпейді. Сәуленің неше теңгесі бар?

- 1 ала мысық, 2 дара мысық, 3 ала мысық, 4 сары мысық, 5 тарғыл мысық, барлығы қанша мысық?

- Аспандағы 10 тырна, жерде жатқан 10 тырма, су ағатын 10 тұрба, бәрін қосса нешеу?

- Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар?

2.Есепті жазбаша шығару:

а) Автобуста 30 жолаушы, ал троллейбуста автобусқа қарағанда 10 жолаушы артық келе жатыр. Троллейбуста неше жолаушы келе жатыр?

ә) Айгүл екі күнде кітаптың 9 бетін оқыды. Бірінші күні ол 4 бет оқыды. Екінші күні ол неше бет оқыды?

б) Біздің мектептен 100 оқушы жазғы лагерьге барады. Олардың 60-ы ер балалар. Қыз бала нешеу?


III – кезең: «Бекет»

Грамматикалық тапсырма:

1. Буындардан сөз құрау: шәкірт, ұстаз, парта, қарындаш, өшіргіш,

2. Сөздерді тасымалданатын және тасымалданбайтын 2 топқа бөлу: мектеп, бор, бала, қарт, қалам, түс, қағаз, су, дәптер, орын, тақта, жұрт, сабақ, әке, оқушы, ана.

ІV– кезең: «Кім жылдам?» Мақал-мәтелдер сайысы

1. Оқу-білім бұлағы, ...

2. Еңбек түбі-береке, ...

3. Оқусыз білім жоқ, ...

4. Бірлік болмай, ...

5. Әдепті бала-арлы бала, ...

6. Батыр туса – ел ырысы, ...

7. Ананың сүті-бал, ...

8. Досы көпті жау алмайды, ...

9.Тіл қаруы –сөз, ...

10. Еңбектің наны тәтті, ...

V – кезең: «Белес» Жатқа білетін өлеңдер айту (қай топ көп біледі).

VI – кезең: «Қорыту»

23-оқушы:Алты жасқа біздей толған баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата-ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз.

24-оқушы:Талаптың мініп алып пырағына,
Білімнің май тамызып шырағына.
Алдымнан ақыл сарай есік ашып
Жету мақсат - іздеген мұратыма.

25-оқушы:Парасат пен ізгілік бойымызда,
Ата-баба өсиеті ойымызда.
Бақыт құсы самғасын көгімізде,
Ұшырған бүгінгі қуанышты тойымызда.
Мұғалім: Олай болса балалар мына сұраққа жауап берейкші. Осы біздер қандаймыз?

1 - оқушы: Талабы биік таудаймыз.

2 - оқушы: Мың бұралған бишіміз.

3 - оқушы: Күмбірлетер күйшіміз.

4 - оқушы: Біз қызықпыз, қызықпыз.

Сәл еркелеу бұзықпыз.

5 - оқушы: Біз шеберміз.

6 - оқушы: Ақылдымыз.

7 - оқушы: Үлкенге ізеттіміз.

8 - оқушы: Кішіге қамқормыз.

9 - оқушы: Көп оқимыз.

10-оқушы: Білімдіміз.

Барлығы: Біз - қазақ елінің азаматымыз!

Балаларға мадақтама тапсыру.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!